Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 08.01.2024 № 7 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.01.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы А. К. Ғалымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жұмағұлов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығымен бекітілген нысан |
Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім
Ескерту. Келісімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Астана қаласы 20__жылғы "____"____
Бұдан әрі "Оператор" деп аталатын _____________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін (-уші) _____________________________ тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі "Білім беру ұйымы" деп аталатын _____________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін (-уші) _____________________________ тұлғасында екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Білім беру ұйымымен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы осы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-тарау. 1. Осы келісімнің мәні
Ескерту. 1-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Білім беру ұйымы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) шеңберінде пайдасына білім беру жинақтау салымы туралы шарттар немесе білім беру жинақтау сақтандыруы туралы шарттар жасалған салымшылар немесе пайда алушылар үшін Заңмен көзделген білім беру бағдарламалары бойынша қызметтерді көрсетеді, ал оператор МБЖЖ қатысушыларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады және оның МБЖЖ бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2. Білім беру ұйымы білім беру жинақтау салымындағы немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері қаражатының өз мақсатында пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
2-тарау. Өзара іс-қимыл шарттары мен тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Салымшының не оның заңды өкілінің, сақтанушының немесе пайда алушының не оның заңды өкілінің өтініші бойынша білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда үлеспен (әр академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (барлық оқу мерзімі үшін) әр академиялық кезең немесе оқу жылы басталғанға дейін төленеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Білім беру ұйымы:
1) білім беру жинақтау салымдары немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері есебінен оқитындардың есебін жүргізетін және сол бойынша операторға мәліметтер беретін жауапты тұлғаны белгілейді;
2) салымдары немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері есебінен оқитындардың жеке есебін жүргізеді;
3) салымшының немесе пайда алушының оқуға қабылдануы, ауыстырылуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, білім беру ұйымына қайта қабылдануы, одан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруіне байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қатысушы банкті немесе қатысушы-сақтандыру ұйымын және операторды хабардар етеді;
4) салымшының немесе пайда алушының, сақтанушының немесе қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының сұрауы бойынша анықтама берілетін күнгі қажетті академиялық кезеңге немесе оқудың толық құны жөнінде анықтама береді;
5) салымшы немесе пайда алушы басқа білім беру ұйымына ауысқан жағдайда оны қабылдаушы білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығын аударады, әрі үш жұмыс күні ішінде бұл жөнінде операторға хабарлайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Тараптардың құқықтары және жауапкершілігі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Білім беру ұйымының құқықтары:
1) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан қатысушы банктердің немесе қатысушы-сақтандыру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберінде басқа да ақпаратты талап ету;
2) техникалық мүмкіндіктер бар болған жағдайда меншікті ақпараттық жүйені оператордың ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Оператордың құқықтары:
1) Заңда және (немесе) ынтымақтастық туралы келісімде білім беру ұйымына қойылған талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда білім беру ұйымын жауапқа тарту үшін шара қолдану;
2) білім беру ұйымынан білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың жасалуына, қолданысына, білім беру қызметтерінің құны мен төлеміне, білім алушының үлгеріміне қатысты қажетті мәліметтерді сұрату.
7. Білім беру ұйымының міндеттері:
1) оператордың сұратуы бойынша семестрлік негізде білім беру ұйымында оқитын салымшы немесе пайда алушы туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
2) салымшы немесе пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда оның шығарылуы туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салымшының білім беру жинақтау салымына немесе бес жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының банктік шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аудару;
3) білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударылған қаражатты тікелей салымшыға немесе пайда алушыға (сақтанушыға) бермеу.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Оператордың міндеті:
1) білім беру ұйымының сұрауы бойынша сол білім беру ұйымында білім алушының атында тіркелген білім беру жинақтау салымы туралы шарттың немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша шарттардың болуы не болмауы жөнінде мәлімет беру.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты.
10. Осы Келісімнен немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген даулар, не келіспеушіліктер екі жаққа да қолайлы шешімге келу мақсатында келіссөздер өткізу арқылы шешіледі.
11. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.
5-тарау. Құпиялылық
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Тараптар осы Келісімнің аясында алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардың қоспағанда екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.
6-тарау. Форс – мажор
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда: осы Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе жарым-жартылай орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.
14. Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей бұл жайында екінші тарапқа хабарлау тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген мәселе уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.
15. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл тарапты шарттың міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.
7-тарау. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ондағы міндеттемелер толық орындалғанша қолданылады.
17. Осы Келісім Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және Келісімде қарастырылған талаптар бойынша бұзылуы мүмкін.
18. Келісімнің мерзімінен бұрын бұзылуына тараптардың Келісімі негізінде, немесе Келісімде қарастырылған талаптар сақталып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша рұқсат беріледі.
19. Тараптар екінші тарапқа кем дегенде 50 (елу) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлау арқылы бір жақты соттан тыс тәртіпте Келісімнің бұзылу рәсімін бастауға құқылы.
20. Білім беру ұйымы Заңының талаптарын үнемі бұзған жағдайда Оператор 10 (он) күн бұрын мүдделі тараптарға алдын ала хабарлама жолдап, бір жақты соттан тыс тәртіпте Келісімді бұзуға құқылы.
8-тарау. Қорытынды ережелер
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Тараптар хат-хабар жіберу бойынша шығындарды өздері өтейді. Электронды құжаттар айналымы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақталған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық сандық қолтаңба арқылы жүзеге асыра алады.
22. Осы Келісімді жасау кезінде Тараптар өзара келісу бойынша бұл білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына нақтылау сипатында өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
23. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісім жасалып, қол қою арқылы енгізіледі.
24. Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап мұндай өзгерістер туралы екінші тарапқа 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
25. Келісімде реттелмеген бөлімде тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
26. Осы Келісім әр тарапқа бір данадан, бірдей заңды күші бар екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған. Осы Келісімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі мәнде оқылу мүмкіндігі туындаған жағдайда Келісімнің мемлекеттік тілде жазылған нұсқасы басым мәнге ие болады.
27. Келісімге қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері
Ескерту. 9-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.12.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оператор |
Білім беру ұйымы |