Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 қаңтарда № 33897 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 37), 37-1) және 39) тармақшаларына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарты;

      2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шарты;

      3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы банк арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім;

      4) осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім бекітілсін;

      5) осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім.

      2. Осы бірлескен бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
__________Г. Бейсембаев
      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
__________С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 9 қаңтардағы
№ 4 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ 7 Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша

Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт

Астана қаласы

"___" ______ 20___ ж.

      Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын ___________________________________

      (банктің атауы)

      (бұдан әрі - "қатысушы банк") атынан_________________________________________

      (тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен

      _________ негізінде әрекет етуші___________________________________________

      деректемелері) (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      бір тараптан және азамат (азаматша)__________________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))

      (бұдан әрі – "Салымшы") не оның заңды өкілі (бұдан әрі - Заңды өкіл)

      ________________ екінші тараптан "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы"

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))

      Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы

      Білім беру жинақтау салымы туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1-тарау. Шартта пайдаланылатын ұғымдар

      1. Шартта мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) банктік шот - клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасының қозғалысын, сондай-ақ клиентке банк қызметін көрсету бойынша клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастарды көрсету және есепке алу тәсілі;

      2) банктік шотты тікелей дебеттеу - банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақша жөнелтушіден ақшаны алып қоюы және ақша жөнелтушінің осындай алып қою туралы алдын ала рұқсатының негізінде оларды бенефициардың пайдасына беруі;

      3) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі - салым) – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;

      4) білім беру жинақтау салымы туралы шарт - салымшының қатысушы банкпен жасасқан білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;

      5) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - бірыңғай тізілім) - оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;

      6) білім беру қызметтері - білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі;

      7) білім беру саласындағы уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;

      8) білім беру ұйымы - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;

      9) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, Ұлттық пошта операторы;

      10) мемлекет сыйлықақысы - білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есеп сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;

      11) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі - МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарды) тартуына және оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық табысты және мемлекет сыйлықақысын есептеуге негізделген білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;

      12) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) - білім беру саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;

      12-1) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;

      13) салымшы - салым шартының тарабы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы.

      14) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі - нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;

      15) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың мәні және жалпы шарттары

      2. Шарттың мәні қатысушы банктің салымшы атына теңгеде салым ашуы, салымға қатысушы банктің сыйақысын есепке жазуы және бюджеттен алынған мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуы, сондай-ақ нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке жатқызуы болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2-1. Шарт заң актілерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерінде белгіленген талаптарға сай жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда) жасалады.

      Ескерту. 2-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      3. Шарттың мерзімі ___________ ай (кемінде отыз алты ай).

      4. Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық ___________ % -ды құрайды, Шарт бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (дәйекті жылдық тиімді, салыстырмалы түрде есептелетін сыйақы мөлшерлемесі) ___________ %. Сыйақыны есептеу кезінде күндердің нақты саны ескеріледі (күнтізбе бойынша), бұл ретте жыл үш жүз алпыс бес күн ретінде алынады.

      5. Қатысушы банктің сыйақысы Шарттың қолдану мерзімі ішінде ай сайын есепке жазылады және салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      6. Шартқа қол қоя отырып, салымшы/заңды өкіл операторға банктік құпияны және нысаналы жинақтар құпиясын (бар болса) ашуға келісімін береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      7. Бір салымшының атынан және оның пайдасына бір ғана Шарт жасалады.

      8. Салымшы/заңды өкіл салымды басқа қатысушы банкке аудару кезінде ағымдағы шоттан қаражат алуды жүзеге асырмауға міндеттенеді.

      9. Салымға енгізілетін минималды бастапқы біржолғы жарна республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерін құрайды.

      10. Тараптар қол қойған Шарт бірыңғай тізілімде тіркелуге жатады. Оператор салымшының Шарттың және Заң талаптарына сай келмеуіне байланысты оны бірыңғай тізілімде тіркеуден бас тартқан жағдайда Шарт бұзылады, жинақ шоты жабылады, енгізілген бастапқы жарна сомасы сыйақыны есепке жазбай/төлемей және қатысушы банктің қандай да бір комиссияларын шегерместен, салымшының/заңды өкілдің бірінші талабы бойынша қайтарылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      11. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес салымшының банктік шотына үшінші тұлғалардан жарналар қабылданады.

      12. Салым қаражатын нысаналы мақсатта алу жағдайларын (ақшаны білім беру ұйымына бөліктермен аудару) және нысаналы жинақ төлемдерді уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына қайтаруды қоспағанда, салымшының банктік шотынан ақшаны ішінара алуға жол берілмейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      13. Білім беру ұйымына шарттық негізде түскен кезде қатысушы банк салым сомасын салымшының (18 жасқа толмаған салымшының заңды өкілінің) тапсырмасы негізінде үлестермен (әрбір академиялық кезеңге немесе оқу жылына) немесе толық көлемде бір рет (оқудың барлық мерзіміне) аударады.

3-тарау. Мемлекет сыйлықақысы

      14. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген Шарт бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.

      15. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу кемінде бір жыл болған салымға жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша ондағы нақты жинақталған қалдық сомаға жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы Шарттың қолданылу мерзімінде есепке жазылады.

      16. Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке аударылған салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу бастапқы білім беру жинақтау салымы туралы шартының жасалған күні ескеріле отырып жүргізіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      17. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталға айналады).

      18. Мемлекет сыйлықақысы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есептеледі.

      19. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы:

      1) Шарттың 14-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі аяқталған жағдайда;

      2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;

      3) салымшы қайтыс болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап;

      4) Заңның 11-бабының 7-тармағына сәйкес салымдағы қаражат шетелдің білім беру ұйымына аударылған сәттен бастап тоқтатылады.

      20. Мемлекеттің есептеген сыйлықақысын қатысушы банк оператордың мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы анықтама-үзіндісі бойынша оператордан көрсетілген анықтаманы алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мына жағдайларда:

      1) салымшының бастамасы бойынша Шарт бұзылған немесе мерзімінің аяқталуына байланысты салым Шарты бойынша міндеттемесі нысаналы мақсатын сақтамай тоқтатылғанда;

      2) егер күнтізбелік үш жыл ішінде салымшы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаса не басқа білім беру ұйымына оқуға түспесе, салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткенде;

      3) Заңда белгіленген мерзімге жетпей мемлекет сыйлықақысының төлену фактісі анықталғанда;

      4) салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанда;

      5) мемлекет сыйлықақысының артық есептелу фактісі анықталғанда бюджетке қайтаруы тиіс.

      21.Үшінші тұлғалардың салымдарынан аудару кезінде салымға түскен мемлекет сыйлықақысы Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайларда бюджетке қайтаруға жатады.

      22. Салымшы қайтыс болғанда не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, салым:

      1) оның мұрагерлерімен кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға жіберіледі (қайта ресімдеу);

      2) мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, оның мұрагерлеріне Шартты бұзу талаптары бойынша төленеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      22-1. Сот әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған немесе денсаулық жағдайына байланысты салымшының оқуды жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін қоспағанда, салым:

      1) салымшымен/заңды өкілмен кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға жіберіледі (қайта ресімдеу);

      2) мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, салымшыға/заңды өкілге Шартты бұзу талаптары бойынша төленеді.

      Бұл ретте, қатысушы банк есептелген нысаналы жинақ төлемдерін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген оқиғалардың басталғанын растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударады.

      Ескерту. 3-тарау 22-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      23. Қатысушы банк:

      1) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде бюджетке қайтарылуы тиіс мемлекет сыйлықақысының сомасын салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шотынан банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы алып қоюға;

      1-1) Шартты бұзған кезде, одан әрі уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аудару үшін, қайтарылуы тиіс нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын (бар болса) салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шотынан банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы алып қоюға;

      2) салымшыдан/заңды өкілінен Шарт шеңберінде қажетті құжаттарды ұсынуын талап етуге;

      3) салымшының банктік шотына қате аударылған ақшалай соманы салымшының келісімінсіз алып қоюға;

      4) ұсынылған енгізу кезеңділігін және салымға қосымша жарнаның мөлшерін есептеуге;

      5) қатысушы банктің салымшының банктік шоты бойынша операциялар жасаған қызметі үшін комиссиялық сыйақыны, айырбастауға байланысты шығыстарды, қатысушы банктің шот бойынша операция күні не жүргізген кездегі қолданыста болған тарифтеріне сәйкес, бұл ретте тікелей мемлекеттің сыйлықақы сомасынан және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерінен ұстамай, өндіріп алуға құқылы.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      24. Салымшы/заңды өкіл:

      1) салымға ақша енгізуге, оның ішінде қатысушы банк ұсынған тәртіпте және мерзімдерде;

      2) салымның жай-күйі туралы толық ақпарат алуға;

      3) салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде бір жылда бір реттен асырмай аударуды жүзеге асыруға;

      4) Шарт бойынша мемлекет сыйлықақысын алуға;

      5) қатысушы банк Заңның талаптарына сай келмейді деп танылғанда және қатысушы банк пен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бұзылған жағдайда салымда жинақталған қаражат сомасын қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен, сондай-ақ есептелген нысаналы жинақ төлемдерімен (бар болса) бірге кез келген басқа қатысушы банкке аударуға;

      6) жинақталған қаражат сомасын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы бірыңғай тізілімде тіркелген салымға аударуға;

      7) шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысы мен қатысушы банктің сыйақысын, сондай-ақ есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке алғандағы жинақталған салым қаражатынан оқу ақысын төлеуді жүзеге асыруға;

      8) салымшыға білім беру гранты тағайындалған жағдайда:

      қатысушы банктің сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын әрі қарай есептеумен салымда қаражат жинақтауды жалғастыруға;

      салымдағы қаражатты, есептелген нысаналы жинақ төлемдерді (бар болса) қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға аударуға;

      нысаналы жинақ төлемдері есебінен қалыптастырылған салым қаражатын (бар болса) уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударуға;

      салымдағы қаражатты, білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударуға;

      салымның қаражатын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, қатысушы банктің капиталға айналған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға;

      9) оқудың барлық кезеңдері үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленгеннен кейін салымда қаражат қалған жағдайда, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, салымшы/заңды өкіл аталған соманы қатысушы банктің сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға құқылы.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      25. Қатысушы банк:

      1) Шарт жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ салымшының атына оператор арқылы ашылған қолданыстағы білім беру жинақтау салымы туралы шартының немесе салымшы мен пайда алушы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау сақтандыруы шартының жоқтығын тексереді;

      2) салымшының банк шотына ақша қабылдайды;

      3) ай сайынғы капиталдандыруды есепке ала отырып, салымшыға ай сайын салым сомасына сыйақы есептейді;

      4) мемлекет сыйлықақысы, нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) түскен жағдайда екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес оларды салымшының банк шотына есепке жазады;

      5) салымшы/заңды өкіл білім беру ұйымына не шетелдік білім беру ұйымына қабылдану туралы растау құжаттарын және ақша аудару туралы тиісті тапсырманы ұсынған жағдайда бір жұмыс күні ішінде салымшының тапсырмасына сәйкес мөлшерде салым қаражатын тиісті білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының банктік шотына аударады;

      6) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде оператордан мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтаманы алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оператор арқылы мемлекет сыйлықақысын бюджетке аударады;

      7) салымшының/заңды өкілдің бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда немесе нысаналы мақсатын сақтамай мерзімнің өтуіне байланысты Шарт бойынша міндеттемелер тоқтатылған салымның негізгі сомасын және есептелген сыйақыны, есептелген нысаналы жинақ төлемдерді (бар болса) қоспағанда, салымшыға/заңды өкілге қатысушы банктің сыйақы мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерде төлейді;

      8) салымшының/заңды өкілдің бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда немесе нысаналы мақсатын сақтамай мерзімнің өтуіне байланысты Шарт бойынша міндеттемелер тоқтатылған есептелген нысаналы жинақ төлемдерін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударады;

      9) салым қаражатын басқа қатысушы банкке немесе үшінші тұлғаның салымына аудару процесінде салымшыға/заңды өкілге қолма-қол ақшаны бермейді;

      10) салымдар бойынша барлық шығыс операцияларын оператордан растама алғаннан кейін жүзеге асырады;

      11) салым қаражатын басқа қатысушы банкке аудару кезінде төлем тапсырмасында есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын көрсетеді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      26. Салымшы/заңды өкіл:

      1) ақшаны ұлттық валюта - теңгемен енгізеді;

      2) салым қаражатынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың түпнұсқасын не көшірмесін ұсынады;

      3) салым қаражатынан шетелдік білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке оқуға қабылдану туралы растау құжаттарын (білім беру қызметін көрсету туралы шарт, инвойс) нотариалды куәландырылған қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынады;

      4) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін салымшыға білім беру гранты тағайындалуына байланысты салым қаражаты алынатын жағдайда "Жоғары және (немесе) жоғары оқуынан кейн білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысандарға сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру грантын беру туралы куәлікті немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім грантын беру туралы куәлікті ұсынады;

      5) салымшының қаза болуына, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тануы не қайтыс болды деп жариялауы немесе оның денсаулық жағдайы салдарынан оқуын жалғастыра алмауына байланысты салым қаражатын алу жағдайында растау құжаттарын ұсынады;

      6) барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленуіне байланысты салымда қалған қаражатты алу жағдайында білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының растау құжатын ұсынады;

      7) салымшының тұрғылықты орны, жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері өзгерген жағдайда өзгеріс енгізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бұл туралы қатысушы банкке еркін нысанда хабарлайды;

      8) мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке аудармайды;

      9) салым қаражатын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке және үшінші тұлғаның атындағы салымға аудару кезінде салым қаражатын алмайды;

      10) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар болғанда салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шоттарынан бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын алуына келісімін береді;

      11) Шартты бұзған кезде салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шотынан уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына қайтарылуға жататын тиіс нысаналы жинақ төлемдерінің есептелген сомасын алуға келісім береді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

5-тарау. Шартты өзгерту шарттары және бұзу тәртібі

      27. Салымшының/заңды өкілдің/енгізушінің ақшаны енгізуі Шартқа қосымша келісімге қол қою қажеттілігінсіз, кез келген уақытта жүзеге асырылады.

      28. Салымшы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда қатысушы банк Шарттың нақты бұзылу күніне дейін күнтізбелік он күн бұрын салымшыны бұл туралы жазбаша ескертіп, Шартты біржақты тәртіппен бұзады. Бұл жағдайда салым салымшыға/заңды өкілге оның бірінші талабы бойынша төленеді, мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес оператордың анықтама-үзіндісі бойынша бюджетке оператор арқылы қайтарылады, нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына қайтарылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      29. 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған салымшының заңды өкілдерінің бастамасы бойынша Шарттың мерзімінен бұрын бұзылуына қатысушы банкке кәмелетке толмаған салымшының атынан заңды өкілі болу құқығын куәландыратын құжат (қорғаншылық және қамқоршылық органдары берген құжат және басқалар) ұсынылған кезде жол беріледі.

      30. Салым "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналасқан депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерді міндетті кепілдендірудің нысаны болып табылады.

      Қатысушы банк _____ жылғы "___"_____ №_____ куәліктің негізінде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

      Егер қатысушы банк Ұлттық пошта операторы болып табылған жағдайда, салымның сақталуы "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны мемлекеттiк бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      31. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруіне байланысты депозиттерді кепілдендіру шарттары өзгерген жағдайда Шартқа, Шартты ұзарту жағдайларын қоса алғанда, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып кепілдендіру шарттары қолданылады.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      32. Шарттың 25-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындау кезінде қатысушы банк салымшыға мерзімі өткен әр күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының мөлшерінен 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын және салымшының тұрақсыздық айыппұлымен өтелмеген шығынын өтейді.

      33. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда айыпты Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке тартылады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      34. Салымшының білім беру кредиті бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін қатысушы банктің алдындағы жауапкершілігі қатысушы банк пен салымшы арасында жасалатын банктік қарыз шартында белгіленеді.

      35. Тұрақсыздық айыппұлы (өсімпұл, айыппұл) сомасын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

7-тарау. Құпиялылық

      36. Тараптар Шарттың шеңберінде алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

8-тарау. Форс-мажор

      37. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда Шартқа қол қойылғаннан кейін басталған және Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе жарым-жартылай орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      38. Шарттың 37-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған Тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл жайында екінші Тарапқа хабарлауы тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген фактілер уәкілетті ұйымдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      39. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл Тарапты шарттық міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

9-тарау. Дауларды қарау тәртібі

      40. Шартты жасасу және орындау процесінде туындайтын немесе оған қатысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар он күндік мерзімде бірлесіп қарауға міндеттенеді. Туындаған даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

10-тарау. Қорытынды ережелер

      41. Шарт қатысушы банкке салымның бастапқы сомасы (минималды бір жолғы жарна) енгізілген сәттен бастап күшіне енеді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      42. Егер салым салымшымен/заңды өкілмен оны орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін талап етілмесе және/немесе Тараптардың бірде біреуі оның қолданысын тоқтатуға ниет білдірмесе, онда қатысушы банктің қарастыруы бойынша Шарт мерзімі салымды орналастыру мерзімін ұзарту күніне осы салым түріне қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақыны есептеумен оның қолданылу мерзіміне автоматты түрде және сол шарттарда ұзартылады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      43. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және қол қою жолымен жүргізіледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      44. Шартта көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті Тарап екінші Тарапты бұл өзгерістер туралы жеті жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      45. Шартпен реттелмейтін бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      46. Шарт бірдей заңды күші бар төрт данада Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      47. Шартқа қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Қатысушы банк
___________________________
(банктің атауы)
___________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы)
___________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы, мөрі (бар болса))

Салымшы/Заңды өкіл
___________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))
___________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы)
___________________________
(қолы)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 9 қаңтардағы
№ 4 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ 7 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша

Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шарты

Серия № ______________

"___"________ 20___ж.

      Бұдан әрі "Қатысушы-сақтандыру ұйымы" деп аталатын

      "________________________________________________________________________"

      (сақтандыру ұйымының толық атауы және орналасқан жері)

      атынан жарғының, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган 20__ ж. ________ __ берген № _____ лицензияның және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қатысушы-сақтандыру ұйымы бекіткен "мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру" сыныбы бойынша Сақтандыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде әрекет етуші _____________________________________________________________________ бір тараптан

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      және бұдан әрі "Сақтанушы, Сақтандырылушы" деп аталатын азамат (азаматша)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері)

      жеке басты куәландыратын құжат____________________________________________,

      (серия, нөмірі)

      ________________________________ берген екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп

      (кіммен) (берілген күні)

      "Тараптар" деп аталып, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бұдан әрі "Пайда алушы" деп аталатын азамат (азаматша)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері,

      резиденттік белгісі және экономика секторының коды)

      пайдасына төмендегілер туралы осы білім беру жинақтау сақтандыруы шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Шарттың мәні Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу, ал Қатысушы сақтандыру ұйымының сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде пайда алушының пайдасына сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесі болып табылады.

      Сақтандыру объектісі Сақтанушының (Пайда алушының) сақтандыру арқылы қорғау мерзімі аяқталғанға дейін Сақтандырылушының өмір сүруімен, қайтыс болуымен немесе сақтандырылушыға сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуімен байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.

      2. Шарт жазбаша нысанда жасалады.

      Электрондық нысанда шарт жасасу кезінде Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) мен Қатысушы-сақтандыру ұйымы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабына сәйкес айқындалады.

      Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және Сақтанушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректері бар Сақтанушының өтініші шарт жасасу үшін негіз болып табылады.

      3. Жеке деректерді жинауға және өңдеуге, Қатысушы - сақтандыру ұйымының және оператордың сақтандыру, нысаналы жинақтар (бар болса) құпиясын ашуға келісімді Сақтанушы (Заңды өкіл) Шарт жасасқанға дейін сақтандыруға өтінішті ресімдеу кезінде береді.

      Қатысушы - сақтандыру ұйымы мен оператор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректердi таратуға, Сақтанушы мен Сақтандырылушының сақтандыру, нысаналы жинақтар (бар болса) құпиясын ашуға жауапты болады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      4. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері Заңмен белгіленеді.

      4-1. Шартта мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;

      2) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі - нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;

      3) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы.

      Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі, сақтандыру сомасының, сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері, Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу тәртібі және мерзімі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      5. Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп - бөліп төлеген кезде – бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және қоса алғанда, _____жылғы "__" _______ дейін қолданылады.

      6. Сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі: _____жылғы "__" _______ бастап _____ жылғы "__" _______ дейін.

      7. Шарт бойынша сақтандыру сомасы ______________ теңгені құрайды.

      8. Сақтандыру аумағы: бүкіл әлем.

      9. Қатысушы-сақтандыру ұйымына төлеу үшін сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері _______________________ теңгені құрайды. (сандармен және жазумен)

      9-1. Қатысушы-сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу Сақтанушының өз қаражаты есебінен және Пайда алушының нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      10. Қатысушы-сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу:

      бір рет (сақтандыру сыйлықақысы) - ____ жылғы "__" ________ дейінгі мерзімде;

      бөліп төлеу (сақтандыру жарналары) - ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жылына бір рет.

      Сақтандыру жарналарын төлеу "__" ________ кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

3-тарау. Шарт бойынша сақтандыру жағдайы

      11. Сақтандыру жағдайы дегеніміз:

      1) Сақтандырылушының сақтандыру арқылы қорғалу мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруі;

      2) Сақтандырылушы сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып танылуы;

      3) Шарттың 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде Сақтанушының қайтыс болуы.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      12. Егер 11-тармақтың 3) тармақшасында көзделген сақтандыру жағдайы мыналар салдарынан орын алса, Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатылады:

      1) Шарт қолданысының алғашқы 2 (екі) жылында өзіне-өзі қол жұмсау;

      2) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті ластанудың әсері;

      3) әскери іс-қимылдар;

      4) азаматтық соғыс, халық толқулары, кез келген тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер;

      5) медициналық мекеменің білікті дәрігері тағайындаған дәрілік заттарды қолдануды қоспағанда, сақтанушының есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануы (медициналық куәландыру/сараптама жүргізген ұйымдардың қорытындысы болған жағдайда);

      6) қажетті қорғаныс жағдайында және аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының (Сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған немесе оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттері;

      7) алкогольдік (есірткілік) масаңдық, оның ішінде алкогольдік (есірткілік) масаңдық күйінде көлік жүргізу;

      8) Сақтанушының (Сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептi байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып танылған әрекеттерi;

      9) Сақтандырылушының кәсіпқой спорт түрлерімен немесе қауіпті спорт түрлерімен айналысуы (қысқы, су асты, ат спорты, авто және мотоцикл жарыстары, авиация, күштемелі спорт түрлері, жартасқа өрмелеу, альпинизм, дельтапландар, парашютпен секіру, шығыс, жауынгерлік және спорттық жекпе-жек түрлері, мұз астында және үңгірде сүңгу, жабдықсыз сүңгу) немесе осы сияқты жаттығулар, сондай-ақ трюктерді орындау, физикалық зақымдану қаупінің жоғарылауымен, өмірге қауіп төндірумен байланысты кез келген жарыстарға қатысу) (Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыруға қабылданған кезде немесе сақтандырудың қолданылу мерзімі ішінде бұл ақпаратты Сақтандырушыдан жасырған және сақтандыру шартында өзгеше көзделмеген жағдайда);

      10) авиакомпанияның лицензиясы бар жолаушылар әуе кемесiнде (растайтын құжаттар болған кезде) жолаушы ретiнде ұшуды қоспағанда, ұшу аппараттарында ұшу;

      11) онкологиялық ауру немесе қатерлі ісіктің (онкологиялық ауру) пайда болуымен байланысты ауру, егер сақтандыру жағдайы сақтандыру шартының алғашқы екі жылы ішінде орын алса;

      12) АИТВ-инфекциясы (ЖИТС) немесе АИТВ-инфекциясымен (ЖИТС) байланысты ауру.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      13. Шарттың 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушы Қатысушы-сақтандыру ұйымына Шарттың 36-тармағында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік берілген кезеңде сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады.

      Сақтанушыға берілген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік жойылған (мүгедектікті оңалту) сәттен бастап Сақтанушы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуді қайта бастауға міндетті. Бұл ретте Шарт бойынша сақтандыру сомасы өзгеріссіз қалады.

4 -тарау. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      14. Пайда алушы Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаға (бұдан әрі - білім беру ұйымы) немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаға (бұдан әрі - шетелдік білім беру ұйымы) оқуға қабылданған жағдайда Сақтанушы (Пайда алушы) Қатысушы-сақтандыру ұйымына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға өтініш;

      2) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтеріне ақы төлеу кезінде білім беру қызметтерін көрсету шартының көшірмесі;

      3) шетелдiк бiлiм беру ұйымына бiлiм беру қызметiне ақы төлеу кезiнде қазақ не орыс тiлiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы бар оқуға қабылданғаны туралы растайтын құжаттар (бiлiм беру қызметiн көрсету туралы шарт, инвойс);

      4) Пайда алушының банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, шетелдік білім беру ұйымына білім беру қызметіне ақы төлеу мақсатында ғана осы тұлғаның атына "эскроу-шот" режиміндегі банктік шот ашу және сақтандыру төлемі сомасын осы шотқа аудару үшін қажетті құжаттар.

      Пайда алушыға білім беру гранты тағайындалған жағдайда Сақтанушы (Пайда алушы) Қатысушы-сақтандыру ұйымына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға не Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және сақтандыру төлемін білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерін төлеу үшін жұмсауға не мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын аударуға, үшінші тұлғаның пайдасына Шартты төлеуге өтініш;

      2) есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына аударуды жүзеге асыруға өтініш;

      3) "Жоғары және (немесе) жоғары оқуынан кейн білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысандарға сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім грантын беру туралы куәлік.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      14-1. Шарт бойынша есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын (бар болса), Пайда алушыға білім гранты тағайындалған жағдайда, Сақтанушы, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда - пайда алушы не оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда:

      1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында пайдалану үшін уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына аударуға немесе аудару кезіндегі валюталар бағамы бойынша АҚШ долларында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған Пайда алушының нысаналы жинақтау шотына қайтаруға;

      2) білім берудің басқа деңгейлерін алу мақсатында Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және Шарт бойынша сақтандыру төлемін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға құқылы.

      Ескерту. 4-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      15. Білім беру ұйымына шарт негізінде қабылданған кезде сақтандыру төлемін Қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтанушының/Пайда алушының (18 жасқа толмаған пайда алушының заңды өкілі) өтініші негізінде үлестермен (әр академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (барлық оқу кезеңі үшін) білім беру ұйымына жүзеге асырады.

      16. Мерзімді түрде төлемдерді жүзеге асыру кезінде Сақтанушы Шарт бойынша мерзімді төлемдерді индексациялауға құқылы.

      Мерзімді түрде жүргізілетін төлемдерді индекстеу мөлшерлемесі __________________ пайызды құрайды. (санмен және сөзбен)

      17. Қатысушы-сақтандыру ұйымы білім беру ұйымының банктік шотына сақтандыру төлемін аударуды Сақтанушы/Пайда алушы Қатысушы-сақтандыру ұйымына сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жазбаша өтінішті берген және Шартың 14-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      18. Пайда алушы шетел білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда сақтандыру төлемі Шарттың 17-тармағында белгіленген мерзімде "эскроу шот" режимінде банк шотына ақша сомасын аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      19. "Эскроу шот" режимінде банк шотын ашуға арналған шығыстар Қатысушы-сақтандыру ұйымының қаражаты есебінен төленеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      20. Сақтандыру төлемiнiң сомасы Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн оқудың бүкiл кезеңi үшiн бiлiм беру қызметiне ақы төлеу сомасынан асып кеткен жағдайда артық сома мөлшеріндегі сақтандыру төлемi, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, Пайда алушыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкіліне төленуі тиіс.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      21. Білім беру ұйымынан немесе шетелдік білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда Қатысушы - сақтандыру ұйымы Сақтанушыға (Пайда алушыға) үш жылдан аспайтын мерзімге сақтандыру төлемдерін төлеу мерзімін кейінге қалдырады.

      Қатысушы - сақтандыру ұйымы мына жағдайларда бюджетке қайтаруға жататын есепке жатқызылған мемлекет сыйлықақысын және уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтарылуға жататын есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) шегере отырып, сатып алу сомасын:

      1) Пайда алушы шығарылған білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қалпына келтірілмегенде;

      2) басқа білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қабылданбағанда төлейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      22. Пайда алушы қайтыс болғанда не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда Сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерлері:

      1) Пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғамен ауыстыруға;

      2) есептелген мемлекеттік сыйлықақыны сақтай отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын алуға құқылы.

      Бұл ретте есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      22-1. Сот әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған немесе денсаулық жағдайына байланысты Пайда алушының оқуды жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерлері:

      1) Пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғамен ауыстыруға;

      2) есептелген мемлекеттік сыйлықақыны сақтай отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын алуға құқылы.

      Бұл ретте, Қатысушы - сақтандыру ұйымы есептелген нысаналы жинақ төлемдерін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген оқиғалардың басталғанын растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған Пайда алушынының банктік шотына аударады.

      Ескерту. 4-тарау 22-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      23. Шарттың 22-тармағында көзделген жағдай басталған кезде Сақтанушы, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда – Пайда алушының қамқоршысы не Пайда алушы қайтыс болған жағдайда – Сақтанушының мұрагерлері Қатысушы- сақтандыру компаниясына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) мемлекеттік сыйлықақыны сақтай отырып, сатып алу сомасын алуға не Пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғамен алмастыруға өтініш;

      2) Пайда алушының қайтыс болу фактісін растайтын, соттың әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялауы не Пайда алушының денсаулық жағдайына байланысты оқуын жалғастыруға қабілетсіздігі туралы құжат.

      24. Шарттың қолданылу кезеңі ішінде Сақтандырылушы қайтыс болғанда және бұл Шарт талаптарына сәйкес сақтандыру жағдайы болып табылмайтын жағдайда Шарт Сақтандырылушы қайтыс болған күннен бастап бұзылады, ал Сақтандырылушының мұрагерлері, сатып алу сомасын, ол болған жағдайда, алуға құқылы. Бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылуға жатады, нысаналы жинақ төлемдер сомасы (бар болса) уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтарылуға жатады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

5-тарау. Шарт бойынша төлем шарттары және сатып алу сомасының мөлшері

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      25. Сақтандырушы сатып алу сомасын, ол болған жағдайда, Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы өтініш беру арқылы немесе Қатысушы-сақтандыру ұйымының бастамасы бойынша Шарт бұзылған жағдайда алуға құқылы. Бұл ретте мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылуға жатады, нысаналы жинақ төлемдер сомасы (бар болса) уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтарылуға жатады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      26. Сатып алу сомасын алу үшін, егер бар болса, Сақтанушы мыналарды ұсынуы тиіс:

      1) жазбаша өтініш;

      2) Сақтанушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) егер ол қағаз жеткізгіште ресімделсе, Шарттың түпнұсқасы немесе телнұсқасы.

      27. Сақтанушыға төленуге жататын сатып алу сомасының мөлшері Сақтанушының Шартты бұзу туралы өтініші келіп түскен күнгі жағдай бойынша есептеледі.

      28. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сатып алу сомасын, егер бар болса, Шарттың 26-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлейді.

      29. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сатып алу сомасын төлеу кезінде, егер бар болса, мерзімінен бұрын тоқтатылған күнге дейін мерзімі өткен сақтандыру жарналары бойынша Сақтанушының берешегі көлеміндегі ақша сомасын, Шартты бұзу күніне мемлекет сыйлықақысының есептелген сомасын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса), сондай-ақ Сақтанушының Қатысушы-сақтандыру ұйымы алдындағы кез келген басқа берешекті, оның ішінде айырбастауға байланысты шығыстарды ұстап қалуға құқылы.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      30. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:

      1) Сақтанушыдан Шартқа сәйкес өзіне алған міндеттемелердің орындалуын талап етуге;

      2) сақтандыру төлемінен бас тартуға:

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қағидаларда көзделген негіздер бойынша;

      сақтандыру жағдайы болып табылмайтын себептер бойынша Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда;

      Сақтанушы денсаулық жағдайы, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған ақпарат берген жағдайда;

      егер оқиға Сақтанушымен Шарт бойынша сақтандыру қорғауы қолданыста болмаған кезеңде орын алса;

      Қатысушы-сақтандыру ұйымына Сақтанушының қайтыс болу себебін растайтын құжаттар ұсынылмаған және (немесе) Сақтандырылушының қайтыс болу себебі анықталмаған, оның ішінде жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкiлдерiнiң жазбаша өтiнiшi немесе сол адам тірі кезінде берген жазбаша өсиетi негізінде патологоанатомиялық сараптаманы жүргізуден бас тартқан жағдайда.

      Шарттың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда Қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекеттік сыйлықақыны бюджетке және есептелген нысаналы жинақ төлемдерді (бар болса) уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтара отырып, сатып алу сомасын төлейді.

      3) осы Шартта көрсетілген құжаттармен расталған мәліметті тексеру үшін мемлекеттік деректер қорынан алынған электрондық мәліметті/ақпаратты пайдалануға құқылы.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      31. Сақтандырушы:

      1) Қатысушы-сақтандыру ұйымынан Шартқа сәйкес өзіне алған міндеттемелердің орындалуын талап етуге;

      2) Шарт бойынша толық ақпарат алуға;

      3) есептелген мемлекет сыйлықақысын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, сатып алу сомасын ала отырып Шартты бұзуға;

      4) Қатысушы-сақтандыру ұйымы Қатысушы-сақтандыру ұйымы мен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді Заңның талаптарына сәйкес келмейді деп танып, оны бұзған жағдайда сатып алу сомасын есептелген мемлекет сыйлықақысымен және есептелген нысаналы жинақ төлемдерімен (бар болса) қоса кез келген басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуға;

      5) Пайда алушыға білім беру грантын тағайындаған жағдайда Сақтанушы (Сақтанушы қайтыс болған жағдайда - Пайда алушы немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі):

      инвестициялық кіріс пен есептелген мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, есептелген Шарт бойынша сақтандыру төлемін, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, алуға;

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және басқа білім деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерін төлеуге Шарт бойынша сақтандыру төлемін бағыттауға;

      инвестициялық кіріс пен есептелген мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын (жасалған) сақтандыру шартына төлеуге аударуға құқылы;

      6) өтініш бойынша бұрын Шартқа есептелген нысаналы жинақ төлемдері сомасының бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына аударуға құқылы.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      32. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:

      1) Пайда алушының Заңда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн, сондай-ақ Пайда алушының пайдасына жасалған қолданыстағы сақтандыру шартының немесе Пайда алушы мен салымшы бiр тұлға болып табылатын білім беру жинақтау салымы туралы шарттың болмауын тексереді;

      2) Қатысушы-сақтандыру ұйымы Қатысушы-сақтандыру ұйымы мен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді Заңның талаптарына сәйкес келмейді деп танып, оны бұзған жағдайда бұл туралы Сақтанушыны 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

      3) Шартта белгiленген мерзiмде сақтандыру жарнасын (бiрiншiсiн қоспағанда) алмаған жағдайда Сақтанушыға кезектi сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабарлайды. Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу қажеттігі туралы хабарлама хабарламаның жіберілгенін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен жіберіледі;

      4) Сақтанушының бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысын және уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтарылуға жататын есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, Шарт бойынша сатып алу сомасын төлейді;

      5) Сақтанушы басқа Қатысушы- сақтандыру ұйымымен білім беру жинақтау сақтандыру шартын жасасқан жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысын және есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке ала отырып, сатып алу сомасын басқа Қатысушы-сақтандыру ұйымына аударады;

      6) білім беру ұйымына сақтандыру төлемін, сатып алу сомасын және есептелген мемлекет сыйлықақысын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аудару барысында немесе үшінші тұлғаның пайдасына сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушыға (Пайда алушыға) ақшаны қолма-қол ақша түрінде бермейді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      33. Сақтанушы (Пайда алушы):

      1) Шарт жасасуға өтініште сақтандыру жағдайының болу ықтималдығын айқындау үшiн айтарлықтай маңызы бар өзiне белгiлi барлық ақпаратты көрсетеді және ұсынылған мәлімет үшiн жауапты болады;

      2) сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) Шартта белгiленген мерзiмдерде және шарттарда қолма-қол немесе қолма-қол емес ақшалай нысанда төлейді;

      3) Шартта белгіленген жағдайларда және көлемде Қатысушы-сақтандыру ұйымына құжаттарды береді;

      4) сақтандыру төлемінің мөлшері оқудың барлық кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге толық сомадан асып кеткен жағдайда, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін артылған сома мөлшерінде сақтандыру төлемін алуға білім беру ұйымының немесе шетелдік білім беру ұйымының растайтын құжатын ұсынады;

      5) Пайда алушы оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімдеген, қайта қабылданған, білім беру ұйымынан немесе шетелдік білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқу бітіруіне байланысты шығарылған жағдайда оған қатысты растайтын құжаттарды 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады;

      6) Шарт бұзылған күнге мемлекет сыйлықақысының пайдаланылған сомасын, нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын (бар болса) жоғарыда көрсетілген сома сатып алу сомасынан асып кеткен жағдайда қайтаруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      34. Сақтанушы (Пайда алушы) Қатысушы-сақтандыру ұйымын сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге және Сақтанушы қайтыс болған жағдайда – жағдай басталған күннін бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік берілген жағдайда сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жағдайдың басталғанын растайтын құжаттарды қағаз немесе электрондық форматта ұсынуға міндетті.

      35. Шарттың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген "сақтандырылушының сақтандыру арқылы қорғалу мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруі" сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сақтанушы/Пайда алушы Қатысушы- сақтандыру ұйымына Шарттың 14-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуға міндетті.

      36. Шарттың 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген "сақтандырылушының сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып танылуы" сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сақтанушы/Пайда алушы мына құжаттарды Қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынуға міндетті:

      1) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға туралы хабарлама;

      2) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бірінші немесе екінші топтағы мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;

      3) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының көшірмесі (медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілгенге дейін берілген);

      4) ауру тарихынан үзінді;

      5) егер құқық қорғау органдары сақтандырылушының басынан өткен оқиға (жазатайым оқиға) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қараса, Қатысушы-сақтандыру ұйымы құқық қорғау органдарынан сақтанушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргенін тіркеу фактісі туралы анықтаманы, ал сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген жағдайда – қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны немесе сот үкімін талап етуге құқылы.

      37. Шарттың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген "Шарттың 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде Сақтанушының қайтыс болуы" сақтандыру жағдайы туындаған кезде Пайда алушы (Заңды өкіл) Қатысушы-сақтандыру ұйымына мына құжаттарды ұсынады:

      1) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға туралы хабарлама;

      2) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарлама;

      3) Сақтанушының қайтыс болуы туралы медициналық анықтаманың көшірмесі (қайтыс болу себебін көрсете отырып);

      4) ауру тарихынан үзінді;

      5) егер құқық қорғау органдары Сақтандырылушының басынан өткен оқиға (жазатайым оқиға) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қараса, Қатысушы-сақтандыру ұйымы құқық қорғау органдарынан Сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргенін тіркеу фактісі туралы анықтаманы, ал сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген жағдайда - қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны не сот үкімін талап етуге құқылы;

      6) осы құжатты берген заңды тұлғаның мөрімен және қолымен куәландырылған химиялық-токсикологиялық зерттеу нәтижелері бар сот-медициналық сараптама немесе өлімнің себептері мен жағдайлары туралы патоанатомиялық зерттеу қорытындысының көшірмесі (егер сараптама немесе зерделеу Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделсе).

      Пайда алушы (Заңды өкіл) сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Пайда алушыдан (Заңды өкілден) сақтандыру жағдайы туралы хабарламаны алған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру жағдайы басталған кезде Пайда алушыға (Заңды өкілге) құжаттардың жетіспейтіні туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

7-тарау. Шартты өзгерту және бұзу шарттары

      38. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізіледі және жазбаша нысанда ресімделуі тиіс.

      39. Сақтанушы:

      1) Пайда алушыны ауыстырған;

      2) Сақтанушының (Сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушының дербес деректерін өзгерткен;

      3) сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері мен төлеу мерзімдерін өзгерткен (сақтандыру жарналары - сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу кезінде);

      4) Қатысушы-сақтандыру ұйымының келісімімен Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өзге де өзгерістер болған жағдайларда Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш жіберуге құқылы.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      40. Сақтанушының Шартқа өзгерістер енгізу туралы өтініші оны Қатысушы- сақтандыру ұйымы қабылдағаннан және ол барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      41. Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шартқа қандай да бір өзгертулер енгізумен келіспеген жағдайда, ол Сақтанушының өтінішін және (немесе) қосымша құжаттарды, егер олар сұратылған болса, алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Сақтанушыға тиісті бас тартуды жібереді. Бұл ретте, сондай-ақ Қатысушы-сақтандыру ұйымына сұратылған құжаттардың қайсыбірі ұсынылмаған жағдайда, келісімге қол жеткізілді деп есептелмейді және Шартқа өзгерістер енгізілмейді. Келісім бұрынғы шарттарда қолданысын жалғастырады.

      42. Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шарттың қолданылуының әрбір жылдығында сақтандыру сомасының мөлшерін, Шартқа қосымшаға сәйкес сатып алу сомаларын сақтандырудың өткен жылға нақты алынған сақтандыру жарналарын (аванстық төлемдерді қоса алғанда) негізге ала отырып, Қағидаларда белгіленген тәртіппен, қайта есептеуді жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      43. Қатысушы сақтандыру ұйымы енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және (немесе) Сақтанушының жеке кабинетінде орналастыра отырып, Қағидалардың шарттарын толықтыруға немесе өзгертуге құқылы.

      Сақтанушы Қағидаларға енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда Қағидалар орналастырылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде Шартты бұзу туралы өтінішпен Қатысушы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.

      44. Сақтанушы Қатысушы-сақтандыру ұйымын алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, Шартты кез келген уақытта бұзуға құқылы.

      Сақтандыру сыйлықақысы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 842-бабына сәйкес қайтарылады.

      45. Сақтанушы (Пайда алушы) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен оның заңды өкілі Шарт бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шартты іс жүзінде бұзу күнінен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде Сақтанушыны хабардар ете отырып, біржақты тәртіппен Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Шарт бойынша сатып алу сомасы Сақтанушыға бірінші талап ету бойынша төленеді, оператордың өтініші бойынша мемлекет сыйлықақысы оператор арқылы бюджетке қайтарылады, нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтарылады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      46. 18 жасқа толмаған кәмелетке толмаған Пайда алушының заңды өкілінің бастамасы бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзуға Қатысушы-сақтандыру ұйымына кәмелетке толмаған Пайда алушының атынан заңды өкілдік ету құқығын куәландыратын құжаттарды (қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан құжаттар) ұсынған кезде жол беріледі.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      47. Тараптар қол қойған Шарт білім беру сақтандыру шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатады. Сақтанушының/Пайда алушының Заңның және Шарттың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты оператор Шартты білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркеуден бас тартқан жағдайда Шарт оператордың тіркеуден бас тарту туралы хабарламасын алған күннен бастап бұзылады, Сақтанушы төлеген ақша сомасын Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шарт бұзылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ешқандай комиссиялық алымдарсыз төлейді.

8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      48. Сақтандыру төлемі Шартта белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтанушыға/Пайда алушыға мерзімі өткен әрбір күнге сақтандыру төлемінің сомасынан 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      49. Сақтанушы сақтандыру жарнасын (біріншісін қоспағанда) хабарламада көрсетілген мерзімде төлемеген жағдайда, Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шарт бойынша кірістілік мөлшерлемесінің, төленбеген сақтандыру жарнасы мен 365-ке (үш жүз алпыс бес) мерзімі өткен күндер санының көбейтіндісіне қатынасы ретінде есептелген тұрақсыздық айыбын талап етуге құқылы не Шарт азайтылған сақтандыру сомасы шегінде өз қолданысын жалғастырады.

      50. Тараптар Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.

      51. Тұрақсыздық айыбының (өсімпұл, айыппұл) сомасын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

9-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      52. Шартты жасау және орындау үдерісінде туындайтын немесе оған байланысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар келіссөздер арқылы бірлесіп қарауға міндеттенеді. Туындаған даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.

10-тарау. Қорытынды ережелер

      53. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте, жағдайларда және нысанда енгізіледі.

      54. Шартта көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, тиісті тарап басқа тарапты жеті жұмыс күні ішінде мұндай өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

      54-1. Тараптардың келісімі бойынша Шарт Сақтанушының жағдайын жақсартатын және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      Ескерту. 10-тарау 54-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      55. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қағидаларды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

      56. Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалған.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      57. Шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөліктері болып табылады.

11-тарау. Сақтандыру агенті

Сақтандыру агенті
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)/атауы):


БСН/ЖСН:
______________________________


________________________________
Орналасқан жері (заңды тұлға үшін)
________________________________
Комиссиялық сыйақы:
________________________________


Телефон (ұялы):
______________________________
______________________________


12-тарау. Тараптардың мекенжайлары және деректемелері

Қатысушы-сақтандыру ұйымы

Сақтанушы

_______________________________
_______________________________
_______________________________
Қолы__________________________
_______________________________

_____________________________
_____________________________
Қолы________________________

  Білім беру жинақтау
сақтандыруының
үлгілік шартына
қосымша

Сатып алу сомаларының кестесі *

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Сақтандыру жылы

Сатып алу сомасының мөлшері, теңге





      * Сатып алу сомасының мөлшері көрсетілген күндерге дейін барлық сақтандыру жарналарының толық төленгені ескеріле отырып, әрбір сақтандыру жылының аяқталу күніне қалыптасқан жағдай бойынша осы қосымшада көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 9 қаңтардағы
№ 4 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ 7 Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы банк арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім

Астана қаласы

"___" ____20___ ж.

      Бұдан әрі "оператор" деп аталатын ______________________________________атынан

      (оператордың атауы)

      _______________________________________________________ негізінде әрекет етуші

      (тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)

      ______________________________________________________ бір тараптан, бұдан әрі

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      "қатысушы банк" деп аталатын _______________________________________________

      (банктің атауы)

      атынан __________________________________________________________________

      (тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)

      негізінде әрекет етуші ______________________________________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

1-тарау. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар

      1. Келісімде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) банктік шот – клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасының қозғалысын, сондай-ақ клиентке банк қызметін көрсету бойынша клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастарды көрсету және есепке алу тәсілі;

      2) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі - салым) – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;

      3) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі – салым шарты) – салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;

      4) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;

      5) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі;

      6) білім беру саласындағы уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;

      7) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;

      8) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;

      9) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;

      10) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетіспеген сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;

      11) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, Ұлттық пошта операторы;

      12) мемлекет сыйлықақысы - білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;

      13) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарды) тартуына және оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық табысты және мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;

      14) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – білім беру саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;

      14-1) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;

      15) салымшы – салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы;

      16) салымшылардың басым санаты – Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес көтермеленген мемлекет сыйлыақысы есептелетін азаматтар санаты;

      17) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі - нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;

      18) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

2-тарау. Келісімнің мәні

      2. Қатысушы банк салымшылардан немесе енгізушілерден салымдарды қабылдайды, салымшылардың банктік шоттарына сыйақыны есепке жазады және мемлекет сыйлықақысын, нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке жазады, ал оператор білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымдарға есептелуге жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны қатысушы банкке ұсынады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

3-тарау. Ынтымақтастықтың шарттары және тәртібі

      3. Салым шарты кемінде үш жылға жасалады, ол аяқталғаннан кейін салым шартының қолданылу мерзімі автоматты түрде сол мерзімге немесе тараптардың келісімімен өзге мерзімге ұзартылады не қалған ақша аударыла отырып, салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкпен жасалады. Салымдар теңгемен ашылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      4. Бір салымшының атынан немесе оның пайдасына бір ғана салым шарты жасалады.

      5. Салымшының салым шартының және Заңның талаптарына сай келмеуіне байланысты оператор салым шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеуден бас тартқан жағдайда салым шарты бұзылады, жинақ шоты жабылады, енгізілген бастапқы жарна сомасы сыйақыны есепке жазбай және төлемей, салым шарты мерзімінен бұрын бұзылғаны үшін комиссия ұстамай, салымшыға және (немесе) заңды өкілге бірінші талабы бойынша төленеді.

      6. Оператор жасалған әрбір салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуды жыл сайынғы негізде жүзеге асырады. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салым шартына жүргізіледі.

      7. Мемлекет сыйлықақысын алғаннан кейін қатысушы банк екі жұмыс күні ішінде сыйлықақыны салымшылардың банктік шоттарына есепке жазады. Салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады). Мемлекет сыйлықақысын уақтылы есепке жатқызбаған жағдайда қатысушы банк салымшыға мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының мөлшерінен 0,1 % мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      8. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген салым шарты бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына, жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепке жазылады. Мемлекет сыйлықақысы салым шартының қолданылу мерзіміне, бірақ мемлекет сыйлықақысы есептелген бірінші жылдан бастап жиырма жылға дейін ғана есепке жазылады.

      9. Мемлекет сыйлықақысы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есептеледі. Заңдағы мемлекет сыйлықақысының мөлшері өзгерген жағдайда оператор қатысушы банктерді жазбаша түрде хабардар етеді.

      10. Салымшылардың басым санатына арналған мемлекет сыйлықақысы тиісті жылы салымшының басым санатқа жататыны расталатын айлар үшін есепке жазылады.

      11. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:

      1) нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;

      2) салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде салымшы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаған не басқа білім беру ұйымына оқуға түспеген;

      3) жинақтау мерзімі Заңда белгіленген мерзімге жетпей тұрып салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының төлену фактісі анықталған жағдайларда бюджетке қайтарылуға жатады.

      12. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы "Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 33245 болып енгізілді) бекітілген мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес бюджетке қайтаруға жатады.

      13. Мемлекеттің сыйлықақыны артық есептеу фактісі анықталған жағдайда мемлекет сыйлықақысының артық есептелген сомасы бюджетке қайтаруға жатады.

      14. Келісімнің 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 12, 13-тармақтарында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде олар туралы қатысушы банкке хабарлайды.

      15. Салым қаражаты барлық оқу кезеңі үшін оқу ақысын төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда салымшы жинақтау мерзімі аяқталған кезде "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32398 болып тіркелген) және "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33581 болып тіркелген) бекітілген қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларына сәйкес білім беру кредиттерін алу үшін қатысушы банкке жүгінуге құқылы.

      Білім беру кредиті салымшыға жинақталған соманың мөлшері оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кемінде елу пайызын құраған жағдайда мемлекет уәкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі.

4-тарау. Білім беру жинақтау салымын аудару шарттары

      16. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі салымның ақшасын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде жылына бір рет қана аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      Қаражатты бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке салымшы тарапынан қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы шарттың талаптарын бұзу болып есептелмейді, бұл ретте мемлекет сыйлықақысы бастапқы салым шартының жасалу күні ескеріле отырып есепке жазылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      17. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі жинақталған қаражат сомасын есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен бірге, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымға аударуға құқылы. Үшінші тұлғалардың салымдарынан аудару кезінде түскен мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда қайтаруға жатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      17-1. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі бұрын салымға есептелген нысаналы жинақ төлемдері сомасының бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударуға құқылы.

      Ескерту. 4-тарау 17-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      18. Салымды аударуды жүзеге асыру үшін салымшы аударудың тараптары болып табылатын қатысушы банктерге жүгінеді. Қатысушы банктер оператормен келіскеннен кейін салымды аударуды жүзеге асырады.

      19. Бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке аудару және үшінші тұлғаның атына аудару кезінде салымшыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкіліне қаражат берілмейді.

      20. Мемлекет сыйлықақысының есептелуіне байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке және үшінші тұлғаның атына аударуға жол берілмейді.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      21. Қатысушы банк:

      1) оператордан әрбір жасалған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақыларының мөлшері туралы мәліметтерді ұсынумен мемлекет сыйлықақысының уақтылы есепке жатқызылуын талап етуге;

      2) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан білім беру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберіндегі өзге де ақпаратты талап етуге;

      3) салымшылар, банк шоттарының жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен оның сомасы, есептелген нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) туралы мәліметтерді алмасу жұмысын оңтайландыру мақсатында оператормен тиісті ақпараттық жүйені интеграциялауға;

      4) салым шартын жасасу кезінде салым шартының талаптарын, қатысушы банк сыйақысының мөлшері және мемлекет сыйлықақысының төлену және қайтарылу тәртібін түсіндіруге құқылы.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      22. Оператор:

      1) қатысушы банктен салым шартының жасалуына, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына, есептелген нысаналы жинақ төлемдеріне (бар болса), білім беру қызметтерінің құны мен төленуіне, білім алушының мәртебесіне, білім беру ұйымындағы, оның ішінде шетелдік білім беру ұйымдарындағы төлеміне қатысты қажетті мәліметтерді сұратуға;

      2) жасалған салым шарттарын тіркеуді және олардың есебін жүргізуді жүзеге асыруға;

      3) қатысушы банктің немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақылары сомасының бюджетке толық және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуге;

      4) қатысушы банк Заңның 15-бабының 2-тармағында қойылған талаптарды орындамаған жағдайда Келісімді орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға, сондай-ақ салымшылардың ақшасын салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкке аударуды талап етуге құқылы.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      23. Қатысушы банк:

      1) Ұлттық пошта операторын қоспағанда, Заңның 15-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін растайды.

      Заңның 15 - бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптары Ұлттық пошта операторына қолданылмайды;

      2) Заңда көрсетілген талаптарды ескере отырып, салым шарттарын жасасады;

      3) оператор салым шартын тіркеуі үшін салым шарты жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні сағат 17:00-ден кешіктірмей операторға электрондық түрде не пошта арқылы мына деректерді жібереді:

      салымшының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);

      салым шартының нөмірін;

      салым шартының жасалу күнін;

      салым шарты бойынша жинақ шотының нөмірін;

      салым шарты бойынша бастапқы жарнаның сомасын;

      өңір және банктің бөлімшесін;

      4) салыстырып тексеру мақсатында оператордың сұратуы бойынша мына құжаттардың/мәліметтердің көшірмелерін қағаз немесе электронды форматта:

      салымшының жеке куәлігін;

      салым шартын;

      салымшының оқуын растауды;

      салым қаражатын білім беру ұйымының банк шотына аудару негіздемесін;

      бұрын салымға есептелген нысаналы жинақ төлемдері сомасының бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аудару негіздемесін;

      мемлекет сыйлықақысының, есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің (бар болса) төленуімен салымдарды алуға негіздемені ұсынады;

      5) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың онына дейін операторға салымшылар (банк шоттарының жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы), мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы, есептелген нысаналы жинақтау төлемдері және нысаналы пайдалануы (бар болса) туралы мәліметтерді Келісімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ұсынады;

      6) салымдар бойынша сыйақыны уақтылы және толық көлемде есепке жазады;

      7) салым шартын жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сай келетінін, сондай-ақ оператор арқылы салымшының атына ашылған қолданыстағы басқа салым шартының немесе салымшы мен пайда алушы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау сақтандыру шартының жоқтығын тексереді;

      8) Келісімнің 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларда оператордан анықтама-үзінді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде операторға мемлекет сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады;

      9) салымшының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің бастамасымен салым шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда немесе нысаналы мақсатын сақтамай мерзімнің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына байланысты есептелген нысаналы жинақ төлемдерін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударады;

      10) оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды салымдарға есепке жатқызады;

      11) уәкілетті оператордан нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды салымдарға есепке жатқызады;

      12) салымшы білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қабылданғандығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайға бір жұмыс күні ішінде салымнан қаражатты тиісті білім беру ұйымының (шетелдік білім беру ұйымының) банктік шотына аударады;

      13) операторға хабарлай отырып, білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қаражат аудару бойынша барлық шығыс операцияларын жүргізеді;

      14) салым бойынша операцияларды жүзеге асырғаны үшін тікелей мемлекет сыйлықақысынан және нысаналы жинақ төлемдерінен (бар болса) комиссия ұстамайды;

      15) мемлекет сыйлықақысын есепке жазу үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қаңтарына дейін операторға ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әрбір салымшының салымындағы нақты жинақталған қалдық сомасы туралы ақпарат береді.

      Осы тармақта көрсетілген мәліметтер/ақпараттар мемлекеттік деректер қорларында болған жағдайда оператор мұндай мәліметтерді/ақпараттарды өз бетінше алуға құқылы.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      24. Оператор:

      1) қатысушы банк ұсынған Заң талаптарына сәйкес келетін салым шарттарын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркейді және оларға тіркеу нөмірін береді;

      2) қатысушы банкке бір жұмыс күні ішінде салымшының атында тіркелген салым шартының немесе салымшы мен пайда алушы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау сақтандыру шартының бары не жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады;

      3) қатысушы банктен салымның жабылуы туралы құжаттарды не салымшының шетелдік білім беру ұйымына қабылдануы туралы растау құжаттарын алғаннан кейін салым шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінен шығарады;

      4) салымға есепке жатқызуға жататын мемлекет сыйлықақыларының сомаларын есептеуді жүзеге асырады және оны тиісінше қатысушы банкке ұсынады;

      5) қатысушы банктің мемлекет сыйлықақыларының сомасын салымдарға есепке жазу мерзімдерін сақтауын мониторингілеуді жүзеге асырады;

      6) білім беру саласындағы уәкілетті органдардан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасалған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, мемлекет сыйлықақысын қатысушы банкке есептеуді жүргізеді;

      7) бір жылда екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында қатысушы банктің Заңмен МБЖЖ-ға қатысу үшін қойылатын талаптарды орындауы туралы мәліметті жариялайды;

      8) Заңмен және (немесе) ынтымақтастық туралы келісіммен оларға қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салымшыны, қатысушы банкті, білім беру ұйымын жауапкершілікке тарту үшін шаралар қолданады;

      9) салымшыға, қатысушы банкке бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-көшірмені береді;

      10) Заңда белгіленген жағдайларда қатысушы банктің немесе білім беру ұйымының бюджетке мемлекет сыйлықақыларының сомасын толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;

      11) салымшының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда салымшымен салым шартын бұзу қажеттілігі туралы қатысушы банкті хабардар етеді.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      25. Тараптар Келісім бойынша қабылдаған міндеттерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікті тартады.

      26. Өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.

      27. Егер тараптар келіссөздер арқылы өзара қолайлы келісімге келе алмаса, бұл тараптардың Келісімге байланысты және қатысты туындайтын дауларды (келіспеушіліктерді) Қазақстан Республикасының соттарында қарау туралы келісімге келгенін білдіреді.

7-тарау. Құпиялылық

      28. Тараптар Келісімнің шеңберінде алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардың қоспағанда екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.

8-тарау. Форс-мажор

      29. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      30. Келісімнің 29-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты байланысты Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл туралы екінші тарапқа хабарлауы тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген фактілер уәкілетті ұйымдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      31. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл тарапты шарттың міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.

9-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі

      32. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      33. Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Келісімде көзделген шарттарда бұзылуы мүмкін.

      34. Келісімді мерзімінен бұрын бұзуға тараптардың Келісімі бойынша не Келісімде және Заңда көзделген шарттарды сақтай отырып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша жол беріледі.

      35. Тараптар кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын басқа тарапты жазбаша түрде хабардар ете отырып, бір жақты соттан тыс тәртіппен Келісімді бұзу рәсіміне бастамашылық етуге құқылы.

10-тарау. Қорытынды ережелер

      36. Тараптар хат-хабарды жөнелту бойынша шығыстарды дербес жүргізеді. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен жүзеге асыра алады.

      37. Келісім жасалған жағдайда тараптар екі жақты келісім бойынша нақтылау сипатында, осы қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына қайшы келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      38. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және оларға қол қою арқылы жүзеге асырылады.

      39. Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап ақпарат өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде басқа тарапты мұндай өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

      40. Келісіммен реттелмеген бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

      41. Келісім бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

      42. Келісімге барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.

11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Оператор
___________________________
(оператордың атауы)
___________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы)
___________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы, мөрі (бар болса))

Қатысушы банк
__________________________
(банктің атауы)
__________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы)
__________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы, мөрі (бар болса))

  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы банк
арасындағы Мемлекеттік
білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық
туралы үлгілік келісіміне
1 - қосымша
  Нысан

Білім беру жинақтау салымдары бойынша қатысушы банк _____________________________ (қатысушы банктің атауы) 20__ жылғы "___" _________ бойынша мәліметтері

      Ескерту. Үлгілік келісімді 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Салымшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі

Салым шартының№

Салымның ашылу күні

Салымды орналастыру мерзімі, ай

% салым бойынша мөлшерлеме

Нысаналы жинақ төлемдерінің (бар болса) мөлшері, теңге

Салымның жалпы сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









      ___________________ _________________ ________________________________

      (лауазымы)                         (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы банк
арасындағы Мемлекеттік
білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық
туралы үлгілік келісіміне
2 - қосымша

      Нысан

Білім беру жинақтау салымдарын білім беру ұйымдарына аудару бойынша қатысушы банк ________________________ 20__ жылғы (қатысушы банктің атауы) "___" ___________ жағдай бойынша мәліметтері

      Ескерту. Үлгілік келісімді 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Салымшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі

Білім беру ұйымының атауы

Салымдар аударылатын білім беру ұйымының шотының №

Салымшының оқу курсы

Оқудың толық құны, теңге

Аударылған салым сомасы, теңге

Аударылған күні

барлығы

оның ішінде нысаналы жинақ төлемдері (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










      ___________________       ___________________       __________________________

      (лауазымы)                         (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы банк
арасындағы Мемлекеттік
білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық
туралы үлгілік келісіміне
3 - қосымша

      Нысан

Білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бұзылуы бойынша қатысушы банк _____________________________ (қатысушы банктің атауы) 20__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша мәліметтері

      Ескерту. Үлгілік келісімді 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Салымшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі

Салым шартын бұзу күні

Салым шартын бұзу негіздері

Қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысының сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

1






      ____________________       ______________             ____________________

      (лауазымы)                         (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 9 қаңтардағы
№ 4 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ 7 Бірлескен бұйрыққа
4-қосымша

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім

Астана қаласы

"___" ____20___ ж.

      Бұдан әрі "оператор" деп аталатын _____________________________________ атынан

      (оператордың атауы)

      _______________________________________________________ негізінде әрекет етуші

      (тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)

      _____________________________________________________ бір тараптан, бұдан әрі

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      "қатысушы-сақтандыру ұйымы" деп аталатын __________________________________

      (сақтандыру ұйымының атауы)

      атынан ___________________________________________________________________

      (тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)

      негізінде әрекет етуші ______________________________________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

1-тарау. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар

      1. Келісімде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) білім беру жинақтау сақтандыруы – сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде, оның ішінде білім беру жинақтау сақтандыруы шартында белгіленген кезең өткеннен кейін, қайсысы бірінші басталатынына қарай, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын өмірді жинақтау сақтандыруы;

      2) білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;

      3) білім беру жинақтау сақтандыруы шарты (бұдан әрі – сақтандыру шарты) – өмірді жинақтау сақтандыруы шарты, оған сәйкес бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (қатысушы-сақтандыру ұйымы) сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде сақтандыру төлемін, оның ішінде есепке жазылған инвестициялық табысты негізге ала отырып есептелген сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді;

      4) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі;

      5) білім беру саласындағы уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;

      6) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;

      7) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;

      8) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;

      9) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетіспеген сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;

      10) қатысушы-сақтандыру ұйымы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан заңды тұлға;

      11) мемлекет сыйлықақысы – білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;

      12) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарды) тартуына және оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық табысты және мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;

      13) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) – білім беру саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;

      13-1) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;

      14) пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

      15) пайда алушылардың басым санаты – Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес көтермеленген мемлекет сыйлыақысы есептелетін азаматтар санаты;

      16) сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы – сақтандыру шарты бойынша сыйлықақыны (жарналарды), инвестициялық табысты, өткен кезеңдердегі есепке жазылған мемлекет сыйлықақыларын ескере отырып, сақтандыру шарты бойынша қалыптасқан сақтандыру резервін негізге ала отырып айқындалатын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін мемлекет сыйақысын есептеу үшін қабылданатын сома;

      17) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі (бұдан әрі – сақтандыру төлемі) – сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде не сақтандыру шартында айқындалған мерзім басталған кезде, пайдасына сақтандыру шарты жасалған адамның білім алу қызметтеріне (пайда алушыға) ақы төлеу үшін сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысын (жарналарын), инвестициялық табысты, мемлекет сыйлықақысын қамтитын және қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін ақша сомасы;

      18) сақтанушы – пайда алушының ата-анасы, қамқоршысы, заңды өкілі болып табылатын және қатысушы-сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасқан адам (Заңға сәйкес сақтанушы сақтандырылушы болып табылады);

      19) сатып алу сомасы – сақтанушының сақтандыру шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде алуға құқығы бар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын ақша сомасы;

      20) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі – нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;

      21) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

2-тарау. Келісімнің мәні

      2. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтанушылардан сақтандыру сыйақысын (бөліп төлеу арқылы сақтандыру сыйақысын төлеу кезінде сақтандыру жарналарын) қабылдайды, сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына инвестициялық табысты есепке жазады және мемлекет сыйлықақысын, нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке жазады, ал оператор білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелген сақтандыру шарттарына есептелуге жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын толық есептеуді жүзеге асырады және оны қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

3-тарау. Ынтымақтастықтың шарттары және тәртібі

      3. Сақтандыру шарты кемінде үш жылға жасалады. Сақтандыру шартының валютасы теңге болып табылады.

      4. Бір пайда алушының атынан немесе оның пайдасына бір ғана сақтандыру шарты жасалады.

      5. Пайда алушының сақтандыру шартының және Заңның талаптарына сай келмеуіне байланысты оператор сақтандыру шартын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізіліміне тіркеуден бас тартқан жағдайда сақтандыру шарты бұзылады, сақтандыру жарнасы немесе сақтандыру сыйлықақысының сомасы сыйақыны есепке жазбай және төлемей, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылғаны үшін комиссия ұстамай, сақтанушыға сақтандыру шартында белгіленген мерзімде қайтарылуға жатады.

      6. Оператор жасалған әрбір сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы-сақтандыру ұйымына мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуды жыл сайынғы негізде жүзеге асырады. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелген сақтандыру шартына жүргізіледі.

      7. Мемлекет сыйлықақысын алғаннан кейін қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде мемлекет сыйлықақысын сақтандыру шарттарына есепке жазады. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шарты бойынша есеп сомасына қосылады. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекет сыйлықақысын уақтылы есепке жатқызбаған жағдайда қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін сақтандыру шарты бойынша уақтылы есепке алынбаған мемлекет сыйлықақысының сомасынан 0,1 % мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      8. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген сақтандыру шарты бойынша есеп сомасына, жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепке жазылады. Мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне, бірақ мемлекет сыйлықақысы есептелген бірінші жылдан бастап жиырма жылға дейін ғана есепке жазылады.

      9. Мемлекет сыйлықақысы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есептеледі. Заңдағы мемлекет сыйлықақысының мөлшері өзгерген жағдайда оператор қатысушы-сақтандыру ұйымдарын жазбаша түрде хабардар етеді.

      10. Пайда алушылардың басым санатына арналған мемлекет сыйлықақысы тиісті жылы пайда алушының басым санатқа жататыны расталатын айлар үшін есепке жазылады.

      11. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:

      1) инвестициялық кіріс және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сатып алу сомасының басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты шарт бұзылған жағдайды қоспағанда, сақтандыру шарты сақтанушының бастамасы бойынша бұзылған немесе нысаналы мақсаты сақталмай мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;

      2) пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде пайда алушы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаған не басқа білім беру ұйымына оқуға түспеген.

      12. Пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы "Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 33245 болып енгізілді) бекітілген мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес бюджетке қайтаруға жатады.

      13. Мемлекеттің сыйлықақыны артық есептеу фактісі анықталған жағдайда мемлекет сыйлықақысының артық есептелген сомасы бюджетке қайтаруға жатады.

      14. Келісімнің 11-тармағының 2) тармақшасында, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде олар туралы қатысушы-сақтандыру ұйымына хабарлайды.

      15. Сақтандыру төлемі барлық оқу кезеңі үшін оқу ақысын төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда пайда алушы жинақтау мерзімі аяқталған кезде "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32398 болып тіркелген) және "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33581 болып тіркелген) бекітілген қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларына сәйкес білім беру кредиттерін алу үшін қатысушы банкке жүгінуге құқылы.

      Білім беру кредиті пайда алушыға жинақталған соманың мөлшері оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кемінде елу пайызын құраған жағдайда мемлекет уәкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі.

4-тарау. Сатып алу сомасын аудару шарттары

      16. Сақтанушы сатып алу сомасын сақтандыру шарты бойынша инвестициялық табысын, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке ала отырып, бірақ сақтандыру шарты жасалған күннен бастап екі жылдан ерте емес, бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      Қаражатты бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аудару сақтанушы тарапынан қатысушы-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасындағы сақтандыру шартының талаптарын бұзу болып есептелмейді, бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы бастапқы сақтандыру шартының жасалу күндері ескеріле отырып есепке жазылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      17. Сатып алу сомасын аударуды жүзеге асыру үшін сақтанушы аударудың тараптары болып табылатын қатысушы-сақтандыру ұйымдарына жүгінеді. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары оператормен келіскеннен кейін сатып алу сомасын аударуды жүзеге асырады.

      18. Бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушыға аудару және үшінші тұлғаның атына аудару кезінде сақтанушыға қаражат берілмейді.

      19. Мемлекет сыйлықақысының есептелуіне байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушыға және үшінші тұлғаның атына аударуға жол берілмейді.

      19-1. Сақтанушы (пайда алушы) бұрын сақтандыру шартына есептелген нысаналы жинақ төлемдері сомасының бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған пайда алушының банктік шотына аударуға құқылы.

      Ескерту. 4-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      20. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:

      1) оператордан әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақыларының мөлшері туралы мәліметтерді ұсынумен мемлекет сыйлықақысының уақтылы есепке жатқызылуын талап етуге;

      2) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан білім беру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберіндегі өзге де ақпаратты талап етуге;

      3) сақтанушылар және (немесе) пайда алушылар туралы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен оның сомасы, есептелген нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) туралы мәліметтерді алмасу жұмысын оңтайландыру мақсатында оператормен тиісті ақпараттық жүйені интеграциялауға;

      4) сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру шартының талаптарын, инвестициялық табыстың мөлшері және мемлекет сыйлықақысының төлену және қайтарылу тәртібін түсіндіруге құқылы.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      21. Оператор:

      1) қатысушы-сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартының жасалуына, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына, есептелген нысаналы жинақ төлемдеріне (бар болса), білім беру қызметтерінің құны мен төленуіне, білім алушының мәртебесіне, білім беру ұйымындағы, оның ішінде шетелдік білім беру ұйымдарындағы төлеміне қатысты қажетті мәліметтерді сұратуға;

      2) жасалған сақтандыру шарттарын тіркеуді және олардың есебін жүргізуді жүзеге асыруға;

      3) қатысушы-сақтандыру ұйымының немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақылары сомасының бюджетке толық және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуге;

      4) қатысушы-сақтандыру ұйымы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында қойылған талаптарды орындамаған жағдайда Келісімді орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға, сондай-ақ сақтанушылардың сатып алу сомаларын сақтанушының таңдауы бойынша басқа басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуды талап етуге құқылы.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      22. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:

      1) Заңның 18-1-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін растайды;

      2) Заңда көрсетілген талаптарды ескере отырып, сақтандыру шарттарын жасасады;

      3) оператор сақтандыру шартын тіркеуі үшін сақтаyдыру шарты жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні сағат 17:00-ден кешіктірмей операторға электрондық түрде не пошта арқылы мына деректерді жібереді:

      сақтанушының, пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);

      сақтандыру шартының нөмірін;

      сақтандыру шартының жасалу күнін;

      сақтандыру шарты бойынша бастапқы сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру сыйлықақысының сомасын;

      4) салыстырып тексеру мақсатында оператордың сұратуы бойынша мына құжаттардың/мәліметтердің көшірмелерін қағаз немесе электронды форматта:

      сақтанушының, пайда алушының жеке куәлігін;

      сақтандыру шартын;

      пайда алушының оқуын растауды;

      сақтандыру төлемін білім беру ұйымының банк шотына аудару негіздемесін;

      бұрын салымға есептелген нысаналы жинақ төлемдері сомасының бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған пайда алушының банктік шотына аудару негіздемесін;

      мемлекет сыйлықақысының, есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің (бар болса) төленуімен сақтандыру төлемін алуға негіздемесін ұсынады;

      5) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың онына дейін операторға сақтанушылар, пайда алушылар, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы, есептелген нысаналы жинақтау төлемдері және нысаналы пайдалануы (бар болса) туралы мәліметтерді Келісімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ұсынады;

      6) сақтандыру шарты бойынша инвестициялық табысты уақтылы және толық көлемде есепке жазады;

      7) сақтандыру шартын жасасу кезінде пайда алушының Заңда белгіленген талаптарға сай келетінін, сондай-ақ оператор арқылы пайда алушының атына ашылған қолданыстағы басқа сақтандыру шартының немесе пайда алушы мен салымшы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау салымы туралы шартының жоқтығын тексереді;

      8) Келісімнің 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларда оператордан анықтама-үзінді алған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде операторға мемлекет сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады;

      9) сақтанушының (пайда алушының) бастамасымен сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда есептелген нысаналы жинақ төлемдерін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған пайда алушының банктік шотына аударады;

      10) оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды сақтандыру шарттарына есепке жатқызады;

      11) уәкілетті оператордан нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды сақтандыру шартына есепке жатқызады;

      12) сақтанушы немесе пайда алушы білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қабылданғандығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайға бес жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін тиісті білім беру ұйымының банктік шотына, ал шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда пайда алушының атына ашылған "эскроу шотқа" аударады;

      13) операторға хабарлай отырып, білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына пайда алушның атындағы "эскроу-шот" режиміндегі банктік шотқа қаражат аудару бойынша барлық шығыс операцияларын жүргізеді;

      14) сақтандыру төлемі бойынша операцияларды жүзеге асырғаны үшін тікелей мемлекет сыйлықақысынан және нысаналы жинақ төлемдерінен (бар болса) комиссия ұстамайды;

      15) мемлекет сыйлықақысын есепке жазу үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қаңтарына дейін операторға ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әрбір пайда алушының сақтандыру шарты бойынша есеп сомасының мөлшерлері туралы ақпарат береді.

      Осы тармақта көрсетілген мәліметтер/ақпараттар мемлекеттік деректер қорларында болған жағдайда оператор мұндай мәліметтерді/ақпараттарды өз бетінше алуға құқылы.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      23. Оператор:

      1) қатысушы-сақтандыру ұйымы ұсынған Заң талаптарына сәйкес келетін сақтандыру шарттарын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркейді және оларға тіркеу нөмірін береді;

      2) қатысушы-сақтандыру ұйымына бір жұмыс күні ішінде пайда алушының атында тіркелген сақтандыру шартының немесе пайда алушы мен салымшы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау салымы туралы шартының бары не жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады;

      3) қатысушы-сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартының жабылуы туралы құжаттарды не пайда алушының шетелдік білім беру ұйымына қабылдануы туралы растау құжаттарын алғаннан кейін сақтандыру шартын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінен шығарады;

      4) сақтандыру шартына есепке жатқызуға жататын мемлекет сыйлықақыларының сомаларын есептеуді жүзеге асырады және оны тиісінше қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады;

      5) қатысушы-сақтандыру ұйымының мемлекет сыйлықақыларының сомасын сақтандыру шарттарына есепке жазу мерзімдерін сақтауын мониторингілеуді жүзеге асырады;

      6) білім беру саласындағы уәкілетті органдардан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, мемлекет сыйлықақысын қатысушы-сақтандыру ұйымына есептеуді жүргізеді;

      7) бір жылда екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында қатысушы-сақтандыру ұйымының Заңмен МБЖЖ-ға қатысу үшін қойылатын талаптарды орындауы туралы мәліметті жариялайды;

      8) Заңмен және (немесе) ынтымақтастық туралы келісіммен оларға қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сақтанушыны, қатысушы-сақтандыру ұйымын, білім беру ұйымын жауапкершілікке тарту үшін шаралар қолданады;

      9) сақтанушыға, пайда алушыға, қатысушы-сақтандыру ұйымына бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-көшірмені береді;

      10) Заңда белгіленген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының немесе білім беру ұйымының бюджетке мемлекет сыйлықақыларының сомасын толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;

      11) пайда алушының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда сақтанушымен сақтандыру шартын бұзу қажеттілігі туралы қатысушы-сақтандыру ұйымын хабардар етеді.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      24. Тараптар Келісім бойынша қабылдаған міндеттерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікті тартады.

      25. Өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.

      26. Егер тараптар келіссөздер арқылы өзара қолайлы келісімге келе алмаса, бұл тараптардың Келісімге байланысты және қатысты туындайтын дауларды (келіспеушіліктерді) Қазақстан Республикасының соттарында қарау туралы келісімге келгенін білдіреді.

7-тарау. Құпиялылық

      27. Тараптар Келісімнің шеңберінде алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардың қоспағанда екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.

8-тарау. Форс-мажор

      28. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      29. Келісімнің 28-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты байланысты Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл жайында екінші тарапқа хабарлау тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген фактілер уәкілетті ұйымдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      30. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл тарапты шарттың міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.

9-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі

      31. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      32. Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Келісімде көзделген шарттарда бұзылуы мүмкін.

      33. Келісімді мерзімінен бұрын бұзуға тараптардың Келісімі бойынша не Келісімде және Заңда көзделген шарттарды сақтай отырып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша жол беріледі.

      34. Тараптар кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын басқа тарапты жазбаша түрде хабардар ете отырып, бір жақты соттан тыс тәртіппен Келісімді бұзу рәсіміне бастамашылық етуге құқылы.

10-тарау. Қорытынды ережелер

      35. Тараптар хат-хабарды жөнелту бойынша шығыстарды дербес жүргізеді. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен жүзеге асыра алады.

      36. Келісім жасалған жағдайда тараптар екі жақты келісім бойынша нақтылау сипатында, осы қатысушы-сақтандыру ұйымы мен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына қайшы келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      37. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және оларға қол қою арқылы жүзеге асырылады.

      38. Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап ақпарат өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде басқа тарапты мұндай өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

      39. Келісіммен реттелмеген бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

      40. Келісім бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

      41. Келісімге барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.

11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Оператор
___________________________
(оператордың атауы)
___________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы)
___________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы, мөрі (бар болса))

Қатысушы-сақтандыру ұйымы
_________________________
(сақтандыру ұйымының атауы)
__________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы)
__________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы, мөрі (бар болса))

  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы-
сақтандыру ұйымы арасындағы
Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
ынтымақтастық туралы
үлгілік келісіміне
1 - қосымша

      Нысан

Білім беру жинақтау сақтандыруы шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы _____________________________ (қатысушы-сақтандыру ұйымының атауы) 20__ жылғы "___" _________ бойынша мәліметтері

      Ескерту. Үлгілік келісімді 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Сақтандыру шартының №

Сақтандыру шартының жасалған күні

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы, теңге

Сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) өлшемі, теңге

Нысаналы жинақ төлемдерінің (бар болса) мөлшері, теңге

Сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










      _______________       _______________                  _________________________

      (лауазымы)             (қолы)                   Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы-
сақтандыру ұйымы арасындағы
Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
ынтымақтастық туралы
үлгілік келісіміне
2 - қосымша
  Нысан

Білім беру жинақтау сақтандыруы шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін білім беру ұйымдарына аудару бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы _____________________________ (қатысушы-сақтандыру ұйымының атауы) 20__ жылғы "___" _________ бойынша мәліметтері

      Ескерту. Үлгілік келісімді 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Білім беру ұйымының атауы

Сақтандыру төлемдері аударылатын білім беру ұйымының шотының №

Пайда алушының оқу курсы

Оқудың толық құны, теңге

Аударылған сақтандыру төлемдерінің сомасы, теңге

Аударылған күні

барлығы

оның ішінде нысаналы жинақ төлемдері (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











      _______________ ___________________ _____________________________

      (лауазымы)             (қолы)             Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы-
сақтандыру ұйымы арасындағы
Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
ынтымақтастық туралы
үлгілік келісіміне
3 - қосымша
  Нысан

Білім беру жинақтау сақтандыруы шарттардың бұзылуы бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы ______________________________ (қатысушы-сақтандыру ұйымының атауы) 20__ жылғы "___" _________ бойынша мәліметтері

      Ескерту. Үлгілік келісімді 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Сақтандыру шартын бұзу күні

Сақтандыру шартын бұзу негіздері

Қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысының сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

1






      _______________ ________________ __________________________

      (лауазымы)             (қолы)             Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 9 қаңтардағы
№ 4 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ 7 Бірлескен бұйрыққа
5-қосымша

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Астана қаласы

20__жылғы "____"____

      Бұдан әрі "оператор" деп аталатын ______________________________________атынан

      (оператордың атауы)

      ______________________________________________________ негізінде әрекет етуші

      (тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)

      ______________________________________________________ бір тараптан, бұдан әрі

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      "Білім беру ұйымы" деп аталатын ____________________________________________

      (білім бері ұйымының атауы)

      атынан ___________________________________________________________________

      (тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)

      негізінде әрекет етуші _______________________________________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

1-тарау. Осы Келісімнің мәні

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Білім беру ұйымы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) шеңберінде пайдасына білім беру жинақтау салымы туралы шарттар немесе білім беру жинақтау сақтандыруы туралы шарттар жасалған салымшылар немесе пайда алушылар үшін Заңмен көзделген білім беру бағдарламалары бойынша қызметтерді көрсетеді, ал оператор МБЖЖ қатысушыларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады және оның МБЖЖ бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      2. Білім беру ұйымы білім беру жинақтау салымындағы немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері қаражатының өз мақсатында пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Ынтымақтастықтың шарттары және тәртібі

      3. Салымшының не оның заңды өкілінің, сақтанушының немесе пайда алушының не оның заңды өкілінің өтініші бойынша білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда үлеспен (әр академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (барлық оқу мерзімі үшін) әр академиялық кезең немесе оқу жылы басталғанға дейін төленеді.

      4. Білім беру ұйымы:

      1) білім беру жинақтау салымдары немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері есебінен оқитындардың есебін жүргізетін және сол бойынша операторға мәліметтер беретін жауапты тұлғаны белгілейді;

      2) салымдары немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері есебінен оқитындардың жеке есебін жүргізеді;

      3) салымшының немесе пайда алушының оқуға қабылдануы, ауыстырылуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, білім беру ұйымына қайта қабылдануы, одан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруіне байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қатысушы банкті немесе қатысушы-сақтандыру ұйымын және операторды хабардар етеді;

      4) салымшының немесе пайда алушының, сақтанушының немесе қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының сұрауы бойынша анықтама берілетін күнгі қажетті академиялық кезеңге немесе оқудың толық құны жөнінде анықтама береді;

      5) салымшы немесе пайда алушы басқа білім беру ұйымына ауысқан жағдайда оны қабылдаушы білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығын аударады, әрі үш жұмыс күні ішінде бұл жөнінде операторға хабарлайды.

3-тарау. Тараптардың құқықтары және жауапкершілігі

      5. Білім беру ұйымы:

      1) оператордан ынтымақтастық туралы келісім жасасқан қатысушы банктердің немесе қатысушы-сақтандыру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберінде басқа да ақпаратты талап етуге;

      2) техникалық мүмкіндіктер бар болған жағдайда меншікті ақпараттық жүйелерін оператордың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз етуге құқылы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      6. Оператор:

      1) Заңда және осы Келісімде білім беру ұйымына қойылған талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда білім беру ұйымын жауапқа тарту үшін шара қолдануға;

      2) білім беру ұйымынан білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың жасалуына, қолданысына, білім беру қызметтерінің құны мен төлеміне, білім алушының үлгеріміне қатысты қажетті мәліметтерді сұрауға құқылы.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      7. Білім беру ұйымы:

      1) оператордың сұратуы бойынша семестрлік негізде білім беру ұйымында оқитын салымшы немесе пайда алушы туралы қажетті мәліметтерді Келісімнің қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады;

      2) салымшы немесе пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда оның шығарылуы туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салымшының білім беру жинақтау салымына немесе бес жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының банктік шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады;

      3) білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударылған қаражатты тікелей салымшыға немесе пайда алушыға (сақтанушыға) не оның заңды өкіліне бермейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      8. Оператор білім беру ұйымының сұрауы бойынша сол білім беру ұйымында білім алушының атында тіркелген білім беру жинақтау салымы туралы шарттың немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша шарттардың болуы не болмауы туралы мәлімет береді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      9. Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты.

      10. Осы Келісімнен немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген даулар, не келіспеушіліктер екі жаққа да қолайлы шешімге келу мақсатында келіссөздер өткізу арқылы шешіледі.

      11. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.

5-тарау. Құпиялылық

      12. Тараптар осы Келісімнің аясында алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардың қоспағанда екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.

6-тарау. Форс – мажор

      13. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда: осы Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе жарым-жартылай орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.

      14. Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл туралы екінші тарапқа хабарлауы тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген фактілер уәкілетті ұйымдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      15. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл тарапты шарттың міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.

7-тарау. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      16. Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ондағы міндеттемелер толық орындалғанша қолданылады.

      17. Осы Келісім Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және Келісімде қарастырылған талаптар бойынша бұзылуы мүмкін.

      18. Келісімнің мерзімінен бұрын бұзылуына тараптардың Келісімі негізінде, немесе Келісімде қарастырылған талаптар сақталып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша рұқсат беріледі.

      19. Тараптар екінші тарапқа кем дегенде 50 (елу) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлау арқылы бір жақты соттан тыс тәртіпте Келісімнің бұзылу рәсімін бастауға құқылы.

      20. Білім беру ұйымы Заңының талаптарын үнемі бұзған жағдайда Оператор 10 (он) күн бұрын мүдделі тараптарға алдын ала хабарлама жолдап, бір жақты соттан тыс тәртіпте Келісімді бұзуға құқылы.

8-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Тараптар хат-хабар жіберу бойынша шығындарды өздері өтейді. Электронды құжаттар айналымы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақталған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық сандық қолтаңба арқылы жүзеге асыра алады.

      22. Осы Келісімді жасалған жағдайда тараптар екі жақты келісім бойынша нақтылау сипатында, осы қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына қайшы келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      23. Осы Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісім жасалып, қол қою арқылы енгізіледі.

      24. Осы Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап мұндай өзгерістер туралы екінші тарапқа 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

      25. Осы Келісімде реттелмеген бөлімде тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.

      26. Осы Келісім бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      27. Осы Келісімге қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері

Оператор
___________________________
(оператордың атауы)
___________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы)
___________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы, мөрі (бар болса))

Білім беру ұйымы
__________________________
(Білім беру ұйымының атауы)
___________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы)
___________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы, мөрі (бар болса))

  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен білім беру
ұйымы арасындағы
Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
ынтымақтастық туралы
үлгілік келісіміне
қосымша
  Нысан

Білім беру ұйымында ______________________________________ (білім беру ұйымының атауы) оқитын салымшы немесе пайда алушы туралы 20__ жылғы "___" _________ бойынша мәліметтер

      Ескерту. Үлгілік келісім қосымшамен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.11.2024 № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.11.2024 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Салымшының немесе пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Салымшының немесе пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Қабылдау күні

Оқу нысаны (грант, ақылы)

Шығарылған күні

Академиялық демалыс кезеңі

Оқуды аяқтау күні

Бір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін оқу құны, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









      _______________       _________________             ________________________

      (лауазымы)             (қолы)                   Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

 
  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 9 қаңтардағы
№ 4 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ 7 Бірлескен бұйрыққа
6-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8386 болып тіркелген);

      2. "Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10610 болып тіркелген);

      3. "Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 452 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15847 болып тіркелген);

      4. "Білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 198 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31272 болып тіркелген);

      5. Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 20 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31739 болып тіркелген);

      6. "Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 31 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31834 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады