"Білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 198 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 желтоқсанда № 31272 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 08.01.2024 № 7 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.01.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 8386 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысаны бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім";

      Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласы 20__жылғы "____"____

      Бұдан әрі "Оператор" деп аталатын _____________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін (-уші) _____________________________ тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі "Білім беру ұйымы" деп аталатын _____________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін (-уші) _____________________________ тұлғасында екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Білім беру ұйымымен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы осы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. 1. Осы келісімнің мәні";

      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Білім беру ұйымы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) шеңберінде пайдасына білім беру жинақтау салымы туралы шарттар немесе білім беру жинақтау сақтандыруы туралы шарттар жасалған салымшылар немесе пайда алушылар үшін Заңмен көзделген білім беру бағдарламалары бойынша қызметтерді көрсетеді, ал оператор МБЖЖ қатысушыларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады және оның МБЖЖ бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Білім беру ұйымы білім беру жинақтау салымындағы немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері қаражатының өз мақсатында пайдаланылуын қамтамасыз етеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Өзара іс-қимыл шарттары мен тәртібі";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салымшының не оның заңды өкілінің, сақтанушының немесе пайда алушының не оның заңды өкілінің өтініші бойынша білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда үлеспен (әр академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (барлық оқу мерзімі үшін) әр академиялық кезең немесе оқу жылы басталғанға дейін төленеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Білім беру ұйымы:

      1) білім беру жинақтау салымдары немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері есебінен оқитындардың есебін жүргізетін және сол бойынша операторға мәліметтер беретін жауапты тұлғаны белгілейді;

      2) салымдары немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері есебінен оқитындардың жеке есебін жүргізеді;

      3) салымшының немесе пайда алушының оқуға қабылдануы, ауыстырылуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, білім беру ұйымына қайта қабылдануы, одан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруіне байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қатысушы банкті немесе қатысушы-сақтандыру ұйымын және операторды хабардар етеді;

      4) салымшының немесе пайда алушының, сақтанушының немесе қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының сұрауы бойынша анықтама берілетін күнгі қажетті академиялық кезеңге немесе оқудың толық құны жөнінде анықтама береді;

      5) салымшы немесе пайда алушы басқа білім беру ұйымына ауысқан жағдайда оны қабылдаушы білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығын аударады, әрі үш жұмыс күні ішінде бұл жөнінде операторға хабарлайды.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тараптардың құқықтары және жауапкершілігі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Білім беру ұйымының құқықтары:

      1) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан қатысушы банктердің немесе қатысушы-сақтандыру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберінде басқа да ақпаратты талап ету;

      2) техникалық мүмкіндіктер бар болған жағдайда меншікті ақпараттық жүйені оператордың ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Білім беру ұйымының міндеттері:

      1) оператордың сұратуы бойынша семестрлік негізде білім беру ұйымында оқитын салымшы немесе пайда алушы туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;

      2) салымшы немесе пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда оның шығарылуы туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салымшының білім беру жинақтау салымына немесе бес жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының банктік шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аудару;

      3) білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударылған қаражатты тікелей салымшыға немесе пайда алушыға (сақтанушыға) бермеу.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Оператордың міндеті:

      1) білім беру ұйымының сұрауы бойынша сол білім беру ұйымында білім алушының атында тіркелген білім беру жинақтау салымы туралы шарттың немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша шарттардың болуы не болмауы жөнінде мәлімет беру.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Құпиялылық";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Форс – мажор";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Қорытынды ережелер";

      9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері

Оператор
_____________________________
_____________________________
Лауазымы
тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), қолы
мөр орны

Білім беру ұйымы
_____________________________
_____________________________
Лауазымы
тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), қолы
мөр орны

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады