Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін және тексеру парағының нысанын бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 сәуірде № 8400 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 593 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. № 593 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 131415-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бекітілсін:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекелді бағалау дәрежесінің критерийлері;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметтің бақылау парағының нысаны.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Министр                                          Б.Имашев

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің    
2013 жылғы 26 ақпандағы 
№ 62 бұйрығына     
1-қосымша       

Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды
орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлері

      1. Осы Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектісінің тәуекел көрсеткіштерін дәрежелері бойынша анықтау үшін әзірленген.
      2. Осы Критерийлерде мына түсініктер қолданылған:
      1) тәуекелді бағалау критерийлері - жеке сот орындаушылары атқарушылық іс әрекетті жүзеге асыру нәтижесінде оның салдарының дәрежесі есебімен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүддесіне нұқсан келтіру мүмкіндігі;
      2) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері - бақылау субъектісін түрлі тәуекел дәрежелерін жатқызуға мүмкіндік беретін оның тікелей қызметімен байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
      3) тәуекелдерді бағалау жүйесі - сот актілерін жеке атқару саласында бақылау субъектісін тексеруді жоспарлау мақсатында уәкілетті орган өткізетін іс-шаралар кешені;
      4) бақылау субъектісі - «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға.
      3. Бақылау субъектісі қызметінің тәуекелін бағалау оның жұмыс өтілі, тексеру нәтижелері, жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер нәтижесінде анықталған бұзушылықтар есебімен жүргізіледі. Субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша тексеріс нәтижелері есебінен бөлу оның қызмет тәуекелінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі.
      4. Тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін сыныптастыру:
      1) тәуекел дәрежесі жоғары субъектілер - жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес сот орындаушылары;
      2) тәуекел дәрежесі орташа субъектілер – атқарушылық іс жүргізу саласында 3-5 жыл жұмыс тәжірибесі бар жеке сот орындаушылары;
      3) тәуекел дәрежесі болмашы субъектілер - атқарушылық іс жүргізу саласында 5 жыл және одан жоғары жұмыс тәжірибесі бар жеке сот орындаушылары.
      5. Бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесі жеке сот орындаушысы ретінде оның қызметі нәтижесінде сапалы критерийлерге байланысты қайта бөлінеді.
      Тәуекелді бағалау бар ақпараттарды жүйелі түрде қолдану жолымен жүргізіледі.
      6. Бақылау субъектісінің балы келесі критерийлерге сәйкес беріледі:
      1) жойылмайтын атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама нормаларының бұзушылықтарының болуы - 5 балл;
      2) жеке сот орындаушысына қатысты прокурорлық әрекет ету актісінің болуы - 3 балл;
      3) жеке сот орындаушысына қатысты сот тәртібінде жойылған, кейін заңды күшіне енген атқарушылық әрекеттің, жеке сот ұйғарымдарының болуы - 3 балл;
      4) жеке сот орындаушысының кеңсесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығымен бекітілген іс жүргізу ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6628 нөмірімен тіркелген) қадағаланбауы - 3 балл;
      5) Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 307 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталу талаптарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6629 нөмірімен тіркелген) қадағаланбауы - 2 балл;
      6) азаматтық-құқықтық жауапкершілік келісімшартының болмауы – 5 балл;
      7) жеке сот орындаушысының Кәсіби ар-намыс кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жазасының болуы - 2 балл;
      8) Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығымен бекітілген атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6630 нөмірімен тіркелген) бұзу туралы – 5 балл;
      9) жеке сот орындаушысының көмекшісімен еңбек шартының болмауы - 2 балл;
      10) атқарушылық іс-әрекеттерді жасау кезінде жеке сот орындаушыларының қызметіне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың негізді шағымының болуы - 1 балл;
      11) жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жүзеге асырылмауы - 1 балл;
      12) Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6625 нөмірімен тіркелген) талаптарын қадағаланбауы - 2 балл;
      7. Әрбір тәуекел критерийі бойынша шекті көлемі бар тиісті балдар беріледі.
      8. Тәуекел критерийлерінің балдары барлық критерийлер бойынша жалпы қорытындысын анықтау үшін қосылды.
      9. Барлық тәуекел критерийлері бойынша сандық қорытындысы бақылау субъектісін тәуекел дәрежелері бойынша сараланады.
      10. Тексеріс субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу мынадай түрде жүзеге асырылады:
      1) тәуекелдің жоғарғы дәрежесі – 25 балдан жоғары;
      2) тәуекелдің орташа дәрежесі – 10-нан 25 балға дейін;
      3) тәуекелдің төменгі дәрежесі – 10 балға дейін.
      11. Жоспарлы тексерістерді жүргізу мерзімділігі:
      1) жарты жылда 1 рет – тәуекел дәрежесі жоғары субъектілер;
      2) жылына 1 рет - тәуекел дәрежесі орташа субъектілер;
      3) 2 жылда 1 рет - тәуекел дәрежесі төмен субъектілер.
      12. Жоспарлы тексеріс бір тәуекел тобының ішінде ең көп балл жинаған бақылау субъектісіне жүргізіледі.
      13. 1 жылға дейін жұмыс өтілі бар бақылау субъектілеріне тексеріс олар тіркеуден өткен, жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындалған кезден бастап бір жыл ішінде жүргізіледі.
      Тексеріс нәтижесі бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бақылау жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің    
2013 жылғы 26 ақпандағы 
№ 62 бұйрығына    
2-қосымша      

нысан

Жеке негізде (жеке сот орындаушыларының) атқарушылық
құжаттарды орындау қызметінің
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексерісті тағайындаған орган _______________________________________
Тексеріс белгілеу актісі ____________________________________________
                                            (күні, №)

Тексеріс жүргізілетін бақылау субъектісінің аты, әкесінің аты, тегі _____________________________________________________________________
Жеке идентификациялық нөмір (ЖИН) ___________________________________
Тексеріс жүргізілетін жердің мекенжайы ______________________________
Тексеріс жүргізілген кезең __________________________________________
Тексеріс жүргізу мерзімі ____________________________________________
                             (тексеріс жүргізу үшін кеткен күндер)

Тексерістің басталған және аяқталған кезі ___________________________
                                                  (күні, уақыты)

Талаптар тізбесі

Ия

Жоқ

1

Жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс-әрекетті жасау кезінде «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның талаптарын сақтауы



2

Жеке сот орындаушысының кеңсесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығымен бекітілген іс жүргізу ережесін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6628 нөмірімен тіркелген) сақтауы



3

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 307 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталу талаптарын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6629 нөмірімен тіркелген) сақтауы



4

Жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы



5

Жеке сот орындаушысының Кәсіби ар-намыс кодексін сақтауы



6

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығымен бекітілген атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6630 нөмірімен тіркелген) сақтауы



7

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6625 нөмірімен тіркелген) талаптарын сақтауы



8

Жеке сот орындаушысының әрбір көмекшісімен еңбек шартының болуы



9

Жеке сот орындаушысына қатысты прокурорлық әрекет ету актісінің болмауы



10

Жеке сот орындаушысына қатысты сот тәртібінде жойылған, кейін заңды күшіне енген атқарушылық әрекеттің, жеке сот ұйғарымдарының болмауы



11

Атқарушылық іс-әрекеттерді жасау кезінде жеке сот орындаушыларының қызметіне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың негізді шағымының болмауы



12

Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру



Лауазымды тұлғалар:
_________________________________________________________________
      (аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы)             (қолы)
__________________________________________________________________
      (аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы)             (қолы)

Бақылау субъектісі:
__________________________________________________________________
      (аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы)             (қолы)

Ескерту: бірнеше парақта жазылған тексеру парағын тексерісті жүзеге асырған орган тігіп, нөмірлейді.

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере деятельности по исполнению исполнительных документов на частной основе (частных судебных исполнителей)

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 февраля 2013 года № 62. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2013 года № 8400. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 593

     Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции РК от 26.11.2015 № 593 (вводится в действие с 01.01.2016).

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об органах юстиции», статьями 131415 Закона Республики Казахстан «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить:
      1) критерии степени оценки риска в сфере деятельности по исполнению исполнительных документов на частной основе (частных судебных исполнителей) согласно приложению 1 к настоящему приказу;
      2) форму проверочного листа деятельности по исполнению исполнительных документов на частной основе (частных судебных исполнителей) согласно приложению 2 к настоящему приказу.
      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан Ешмагамбетова Ж.Б.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Имашев

Приложение 1       
к приказу Министра юстиции
Республики Казахстан   
от 26 февраля 2013 года № 62

Критерии оценки степени рисков
в сфере деятельности по исполнению исполнительных документов на частной основе (частных судебных исполнителей)

      1. Настоящие Критерии оценки степени рисков в сфере деятельности по исполнению исполнительных документов на частной основе (частных судебных исполнителей) (далее - Критерии) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан» для определения показателей риска субъекта контроля, осуществляющих деятельность частного судебного исполнителя к степеням риска.
      2. В настоящих Критериях использованы следующие понятия:
      1) критерии оценки риска – вероятность причинения вреда законным интересам физических, юридических лиц, государства в результате осуществления исполнительных действий частными судебными исполнителями с учетом степени тяжести его последствий;
      2) критерии оценки степени риска - совокупность количественных и качественных показателей, связанных с непосредственной деятельностью субъекта контроля, позволяющих отнести его к различным степеням риска;
      3) система оценки рисков - комплекс мероприятий, проводимых уполномоченным органом, с целью планирования проверок субъекта контроля в сфере частного исполнения судебных актов;
      4) субъект контроля – физическое лицо, осуществляющее деятельность частного судебного исполнителя в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей».
      3. Оценка риска деятельности субъекта контроля проводится с учетом стажа его работы, результатов проверок, выявленных нарушений в результате плановых и внеплановых проверок. Отнесение субъектов по степеням риска с учетом результатов проверок проводится в соответствии с качественными показателями риска его деятельности.
      4. Классификация субъектов контроля в зависимости от степени риска:
      1) субъекты высокой степени риска - частные судебные исполнители, с опытом работы менее 1 года;
      2) субъекты средней степени риска – частные судебные исполнители, с опытом работы в сфере исполнительного производства от 3-5 лет;
      3) субъекты незначительной степени риска – частные судебные исполнители, с опытом работы в сфере исполнительного производства от 5 лет и выше.
      5. Степень риска субъекта контроля распределяется в зависимости от набранных баллов.
      6. Баллы субъекта контроля присваиваются согласно следующим критериям:
      1) наличие нарушений требований законодательства об исполнительном производстве при исполнении судебных актов – 5 баллов;
      2) наличие акта прокурорского реагирования в отношении частного судебного исполнителя – 3 балла;
      3) наличие вступивших в законную силу отмененных исполнительных действий в судебном порядке, частных определений суда в отношении частного судебного исполнителя – 3 балла;
      4) не соблюдение правил делопроизводства в конторе частного судебного исполнителя, утвержденного приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 306 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6628) – 3 балла;
      5) не соблюдение требований к местонахождению и оборудованию конторы частного судебного исполнителя, утвержденных приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 307 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6629) – 2 балла;
      6) отсутствие договора гражданско-правовой ответственности – 5 баллов;
      7) наличие дисциплинарного взыскания за нарушение Кодекса профессиональной чести частного судебного исполнителя – 2 балла;
      8) нарушение правил реализации арестованного имущества при исполнении исполнительных документов, утвержденного приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 308 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6630) – 5 баллов;
      9) отсутствие трудового договора с помощником частного судебного исполнителя - 2 балла;
      10) наличие жалоб физических и юридических лиц на действия (бездействия) частного судебного исполнителя при совершении исполнительных действий, доводы, которых обоснованны – 1 балл;
      11) не осуществление приема физических и юридических лиц – 1 балл;
      12) не соблюдение требований Правил прохождения стажировки у частного судебного исполнителя, утвержденного приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 303 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6625) – 2 балла.
      7. По каждому критерию риска присваиваются соответствующие баллы, имеющие предельный размер.
      8. Баллы по критериям риска суммируются для определения общего суммарного итога по всем критериям.
      9. Результаты суммарного итога по всем критериям риска используются для дифференциации субъекта контроля по степеням риска.
      10. Распределение проверяемых субъектов по степеням рисков осуществляется следующим образом:
      1) высокая степень риска – от 25 и выше баллов;
      2) средняя степень риска – от 10 до 25 баллов;
      3) незначительная степень риска – до 10 баллов.
      11. Периодичность проведения плановых проверок:
      1) 1 раз в полгода - субъекты высокой степени риска;
      2) 1 раз в год - субъекты средней степени риска;
      3) 1 раз в 2 года - субъекты незначительной степени риска.
      12. Плановой проверке внутри одной группы риска подлежит субъект контроля, набравший наибольшее количество баллов.
      13. Субъекты контроля со стажем работы до 1 года подлежат проверке в течение года с момента их учетной регистрации, вступления в должность частного судебного исполнителя.
      По результатам проверки осуществляется оценка степени риска субъектов контроля.

Приложение 2       
к приказу Министра юстиции
Республики Казахстан  
от 26 февраля 2013 года № 62

форма     

ПРОВЕРОЧНЫЙ ЛИСТ
деятельности по исполнению исполнительных документов на частной основе (частных судебных исполнителей)

      Орган, назначивший проверку ___________________________________
      Акт о назначении проверки _____________________________________
                                                 (№, дата)
      Фамилия, имя, отчество, проверяемого субъекта контроля
      _______________________________________________________________
      Индивидуальный идентификационный номер (ИИН) __________________
      Адрес, местонахождение, где проводится проверка _______________
      Период, охваченный проверкой __________________________________
      Срок проведения проверки ______________________________________                            (дни, затраченные для проведения проверки)
      Начало и окончание проведения проверки ________________________
                                                  (дата, время)

Перечень требований

Да

Нет

1

Соблюдение частными судебными исполнителями требований Закона Республики Казахстан «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» при совершении исполнительных действий



2

Соблюдение Правил делопроизводства в конторе частного судебного исполнителя, утвержденного приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 306 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6628)



3

Соблюдение требований к местонахождению и оборудованию конторы частного судебного исполнителя, утвержденных приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 307 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6629)



4

Наличие договора страхования гражданско-правовой ответственности частного судебного исполнителя



5

Соблюдение частными судебными исполнителями Кодекса профессиональной чести частного судебного исполнителя



6

Соблюдение правил реализации арестованного имущества при исполнении исполнительных документов, утвержденного приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 308 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6630)



7

Соблюдение требований Правил прохождения стажировки у частного судебного исполнителя, утвержденного приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 303 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6625)



8

Наличие трудового договора, с каждым помощником частного судебного исполнителя



9

Отсутствие акта прокурорского реагирования в отношении частного судебного исполнителя



10

Отсутствие вступивших в законную силу отмененных исполнительных действий в судебном порядке, частных определений суда в отношении частного судебного исполнителя



11

Отсутствие обращений физических и юридических лиц на действия (бездействия) частного судебного исполнителя



12

Осуществление приема граждан



      Должностные лица:
___________________________________ _______________ ______________
(Фамилия, имя, отчество, должность)  (подпись)
___________________________________ _______________ ______________
Фамилия, имя, отчество, должность)    (подпись)

      Субъект контроля:
___________________________________ _______________ ______________
(Фамилия, имя, отчество, должность)    (подпись)

      Примечание: проверочный лист, изложенный на нескольких листах,
прошнуровывается и пронумеровывается органом, осуществляющим
проверку.