"Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 307 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6629 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 100 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 100 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына174-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. «Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуіріндегі № 01-01-31/146 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6247 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                      Д. Құсдәулетов 

Қазақстан Республикасы     
Әділет министрі міндетін   
      атқарушының          
2010 жылғы 3 қарашада     
№ 307 бұйрығымен        
бекітілген          

Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар

      1. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына174-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Кеңсенің жабдықталуы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрінің 2006 жылғы 8 ақпанындағы № 35 бұйрығымен бекітілген өрт қауіпсіздігі Ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылуы қажет (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6247 тіркелген).
      3. Кеңсе жеке тұрған үлгілік ғимараттарда немесе ғимаратқа жапсарлас бейімді үй-жайларда орналасады. Кеңсеге бөлек кіру есігі болған кезде, кеңселердің тұрғын үй ғимараттарында орналасуына рұқсат етіледі. Кеңселердің ғимараттар жертөлелерінде орналасуына жол берілмейді. Кеңсеге кірген кезде мүгедектер үшін пандустарды көздеу қажет.
      4. Кеңсе жеке сот орындаушысының қызметі үшін анықтаған атқарушы округтың аумағында еркін қатынау үшін ашық орында орналасуы және азаматтарды қабылдау үшін жарамды болуы тиіс. Кеңседе азаматтардың күтуі және оларды қабылдау үшін отыратын орындар көзделуі тиіс. Сонымен қатар азаматтардың күту орындары жеке сот орындаушысының кабинетінен бөлек орналасады.
      5. Бір атқарушылық округте қызметін жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының аумақтық органның рұқсатымен жалпы кеңсесі болуы мүмкін, осымен бірге әрбір жеке сот орындаушысы өз өкілеттіктерін өз атынан жүзеге асырады.
      6. Кеңсенің үй-жай алаңы қажетті кеңсе жиһазы мен жабдығын еркін орналастыруды қамтамасыз етуі қажет және әрбір жеке сот орындаушысына 12м2 кем болмауы тиіс.
      7. Жеке сот орындаушысының жұмыс орны негізгі үй-жайда кеңсе үстелін, компьютер не ноутбукты, принтерді қамтуы тиіс. Кеңседе көшіру аппараты және сканер болуы тиіс. Принтер, көшіру аппараты және сканер осы техника функцияларын көздейтін бір жабдыққа жинақталуы мүмкін. Құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды сақтау үшін үй-жайда сейф болуы тиіс.
      8. Жеке сот орындаушылардың кеңсесінде және құрал-жабдықтары орналасқан жерде талаптарды сақтамау уәкілетті органның (аумақтық органның) сотқа жеке сот орындаушысының іс әрекетін кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтата тұру бойынша талап арыз келтіруіне негіз бола алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады