«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайы талаптарында:
5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариустың үй-жайы орналасқан ғимарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.».
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев