"Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгеріс енгізу таралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 23 сәуірде № 8430 тіркелді

      «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайы талаптарында:
      5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нотариустың үй-жайы орналасқан ғимарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.».
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                              Б. Имашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады