Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 23 сәуірде № 8434 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 27.04.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Нұрғожаева Т. А.):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің директоры (Нұрғожаева Т.А.) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жұмағұлов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілді

Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері
бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы қағидалар

      1. Осы білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін анықтау тәртібін (бұдан әрі – кепілдік мөлшерін анықтау) белгілейді.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

      1) кепілдікті міндеттеме – ұйымның кредитор алдында келісімде көзделген тәртіп пен шарттарда айқындалған кепiлдiк мөлшерi шегiнде кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелердi орындағаны үшін жауап беру мiндеттемесi;

      2) қарыз алушы - кредитор тарапынан кредит берілген жеке тұлға;

      3) білім беру кредиті - қаржы ұйымдары мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;

      4) қаржы ұйымы - қарыз операцияларын жүргiзуге лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрі - кредитор);

      5) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Білім беру кредиттері бойынша кепілдіктің мөлшерін анықтау тәртібі

      3. Кепілдік мөлшері Кепілдік туралы өтінім берілген күнге дейінгі академиялық мерзімдегі (семестр) білім алушының үлгеріміне байланысты. Егер бұрынғы академиялық мерзімдегі (семестр) үлгерім туралы ақпарат болмаған жағдайда қабылдау емтихандарының қорытындысы не ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) нәтижелері пайдаланады. Егер білім алушының бұрынғы академиялық мерзім (семестр) үшін немесе бірнеше бұрынғы академиялық мерзімдер (семестр) үшін оқу ақысы бойынша қарыздары бар болса, оның үлгерімі кепілдік алуға өтініш түскен күнге соңғы академиялық мерзімнің (семестр) қорытындылары бойынша есептеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Есепке төмендегі үлгерім алынады:

      1) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламалары бойынша:

      оқуға түсушілер (талапкерлер) үшін ҰБТ/КТ сертификатына немесе оқуға түсу емтихандарының нәтижелеріне сәйкес;

      білім алушылар (студенттер) үшін транскрипте белгіленген Grade Point Average (бұдан әрі - GPA) негізінде соңғы академиялық мерзім (семестр) бойынша жоғары оқу орны берген анықтамаға сәйкес.

      2) жоғары білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша:

      оқуға түсушілер (талапкерлер) үшін ҰБТ/КТ сертификатына сәйкес;

      білім алушылар үшін жоғары оқу орынның соңғы академиялық мерзім (семестр) бойынша транскрипте белгіленген Grade Point Average (бұдан әрі - GPA) негізіндегі анықтамасына сәйкес. GPA болмаған жағдайда бес балдық жүйе бойынша үлгерімнің орташа арифметикалық балы есепке алынады.

      5. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға оқуға түсушілердің үлгерімі ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша (екі пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы) арнайы (шығармашылық) емтихандардың қорытындылары есепке алына отырып есептеледі. Арнайы (шығармашылық) емтихандардың саны – екі.

      6. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) магистратураға оқуға түсушілердің үлгерімі қабылдау емтихандары қорытындыларының пайыздық мазмұндағы орташа арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі. Қабылдау емтихандары әртүрлі білімді бағалау жүйелері (әріптік жүйе, пайыздық мазмұнда, дәстүрлі жүйе, балдардың цифрлік баламасы) бойынша бағаланған жағдайда үлгерім әр емтихан бойынша пайыздық мазмұнда бөлек есептеліп, алынған қорытындылардың орташа арифметикалық мәні анықталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Жоғары білімі бар азаматтар қысқа мерзімді оқу түрлеріне түсетін жағдайда үлгерім жоғары білім туралы дипломға қосымшадағы қорытынды бағалардың арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқа мерзімді оқу бағдарламалары бойынша мәндес мамандықтарға түсетін жағдайда үлгерім кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша есептеледі.

      9. Білім алушылардың (студенттердің) оқу жетістіктері (білімі, қабілеті, дағдылары мен біліктілігі) осы Қағидаларға "Төрт балдық жүйе бойынша цифрлік баламаға сай білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі" 1-қосымшаға сәйкес кестенің негізінде бағаланады.

      10. Кепілік мөлшері білім беру кредиттеріне кепілдік берудің тиісті бағдарламаларына байланысты осы Қағидаларға "Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау" 2-қосымшаға сәйкес 1-8 кестелері негізінде анықталады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламалары мынадай төлемдерді көздейді:

      1) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру қызметтері үшін;

      2) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде қызмет ететін білім беру курстары және/немесе шетелдік ЖОО-лардың қызметтері үшін;

      3) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру қызметтері үшін;

      4) алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда үлгерімі жоғары студенттерге білім беру қызметтері үшін жүзпайыздық кепілдікпен;

      6) ЖОО-лардың қатысуымен жүзпайыздық кепілдікпен Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда білім беру қызметтері үшін;

      7) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерін Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жүз пайыздық кепілдікпен;

      8) Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда білім беру қызметтерін көп балалы, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардағы, жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған, мүгедек не ата-анасы мүгедек немесе зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттар үшін жеңілдікті шарттармен жүз пайыздық кепілдікпен.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламалары бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға әр қайсысы бір академиялық кезең (семестр немесе жыл) үшін оқудың құнынан аспайтын бөлек транштармен беріледі, білім беру кредиті қолма-қол ақшасыз тәртіппен оқу орынның есепшотына аударылады. Осы қағидалардың 11-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға ЖОО-да оқудың барлық кезеңіне беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 1-кестенің негізінде белгіленеді.

      14. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 2-кестенің негізінде белгіленеді.

      Осы кепілдік беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметтерінің құнына анықтама-шотта (инвойста) шығын туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда оқу орнында тұру және тамақтану, сақтандыру шығындары кіреді.

      15. Осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 3-кестенің негізінде белгіленеді.

      16. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Осы Қағидалардың 11-тармағының 5) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері тұрақты шама болып табылады және білім беру кредиті сомасының 100 % (жүз пайызын) құрайды.

      Білім беру кредитінің мөлшері тұрақсыз шама болып табылады және қарыз алушының үлгеріміне қарай осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 5-кестенің негізінде өзгереді.

      18. Осы Қағидалардың 11-тармағының 6) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 2-қосымшасына сәйкес 6-кестенің негізінде тиісті транш бойынша негізгі қарыз сомасының 100 % (жүз пайызын) құрайды.

      19. Осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға "Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау" 2-қосымшаға сәйкес 7-кестенің негізінде негізгі қарыз сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды.

      Бұл бағдарлама Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде шарт жасасқан және жинақтаған сомасы оқудың ақысын толық төлеуге қажетті соманың кемінде елу пайызын құрайтын қарыз алушыларға қатысты қолданылады.

      Ескерту. Қағида 19-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Осы Қағидалардың 11-тармағының 8) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға "Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау" 2-қосымшаға сәйкес 8-кестенің негізінде білім беру кредитін нақты пайдалану мерзімі ішінде аударылған кредиттік желі мен сыйақының сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды.

      Жеңілдікті білім беру кредиттері Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде ақылы негізде оқитын және жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеріп жүрген, оның ішінде базалық медициналық білім, сондай-ақ магистратура бағдарламалары бойынша оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынылады.

      Ескерту. Қағида 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қаржы ұйымдары тарапынан білім
алушыларға ұсынылатын білім беру
кредиттері бойынша кепілдеменің
мөлшерін анықтау қағидаларына
1-қосымша

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлік баламасына сай келетін білім
алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың цифрлік баламасы

Пайыздық мазмұны

Әдеттегі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

5

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

4

В

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

3

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

2

  Қаржы ұйымдары тарапынан білім
алушыларға ұсынылатын білім беру
кредиттері бойынша кепілдеменің
мөлшерін анықтау қағидаларына
2-қосымша

Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1-кесте. ЖОО-ларда және жоғары оқу орнынан кейін білім беретін ұйымдарда оқу ақысын төлеу мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

Кепілдеме пайыз мөлшерін анықтау параметрлері

50 %

65 %

80 %

95 %

ҰБТ (қазақ немесе орыс тілдері (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /кешенді тест нәтижелері бойынша үлгерім

50-ден 65 балға дейін

66-тен 80 балға дейін

81-нен 90-ға балға дейін

90 балдан жоғары

Емтихан сессиясының нәтижелері бойынша ағымдағы үлгерім (бес балдық жүйе)

3,5-нан 3,8 балға дейін

3,9-ден 4,2 балға дейін

4,3-ден 4,5 балға дейін

4,5 балдан жоғары

GPA

1,33-тен 1,99 дейін

2,00-ден 2,66 дейін

2,67-ден 3,66 дейін

3,66 балдан жоғары

Пайыздық мазмұндағы үлгерім

55-тен 64 дейін

65-тен 74 дейін

75-тен 89 дейін

90-нан 100 дейін


      2-кесте. Шетелдік ЖОО-ларда және білім беру курстарында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау көрсеткіштері

50 %

65 %

80 %

ЖОО-ларға оқуға түсетіндер үшін ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша үлгерім

4-тен 4,24 дейін

4,25-тен 4,74 дейін

4,75 және жоғары

GPA

2,67-тен 2,9 дейін

3-тен 3,33 дейін

3,34 және жоғары

Кредиттік жүйе бойынша пайыздық мазмұндағы үлгерім

75-тен 84 дейін

85-тен 89 дейін

90 және жоғары

Бес балдық жүйе бойынша үлгерім

4-тен 4,24 дейін

4,25-тен 4,74 дейін

4,75 және жоғары


      3-кесте. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параметрлері

50 %

65 %

80 %

95 %

2 пән бойынша – қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандары нәтижесіндегі үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін)

20-дан 25 балға дейін

26-тен 30 балға дейін

31-тан 35 балға дейін

35 балдан жоғары

білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша талапкерлер үшін 2 пән бойынша – қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандары нәтижесіндегі үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін),

25-дан 30 балға дейін

31-дан 40 балға дейін

41-тан 45 балға дейін

45-ен жоғары

3 пән бойынша – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандары нәтижесіндегі үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер)

30-дан 40 балға дейін

41-тан 50 балға дейін

51-ден 60 балға дейін

60-тан жоғары

білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша талапкерлер үшін 3 пән бойынша – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандары нәтижесінде үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер),

35-тен 45 балға дейін

46-тен 55 балға дейін

56-тен 65 балға дейін

65-тан жоғары

ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша үлгерім

30-дан 45 дейін

46-тен 55 дейін

56-тен 65 дейін

65 балдан жоғары

Емтихан сессиясы бойынша ағымдағы үлгерім (бес балдық жүйе)

3,5-тен 3,8 дейін

3,9-ден 4,2 дейін

4,3-ден 4,5 дейін

4,5 балдан жоғары

GPA

1,33-тен 1,99 дейін

2,00-ден 2,66 дейін

2,67-ден 3,66 дейін

3,66 балдан жоғары

Кредиттік жүйеге сәйкес пайыздық мазмұндағы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша үлгерім

55-тен 64 дейін

65-тен 74 дейін

75-тен 89 дейін

90-нан 100 дейін


      4-кесте. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5-кесте. Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан 100 % кепілдемемен үлгерімі жоғары студенттерге берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

Кепілдік пайызының мөлшері

100 %

Үлгерімге байланысты кредит сомасының мөлшері

70 %

85 %

100 %

ЖОО-ларға талапкерлер үшін ҰБТ (қазақ тілі немесе орыс тілі (білім алған тіл), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән)/кешенді тест нәтижелері бойынша үлгерім

70-тен 79 дейін

80-нен 89 дейін

90 және жоғары

GPA

2,00-ден 2,66 дейін

2,67-ден 3,33 дейін

3,34 және жоғары

кредиттік жүйе бойынша ЖОО-ларда білім алушылардың пайыздық мазмұндағы үлгерімі

65-тен 79 дейін

80-нен 89 дейін

90 және жоғары

ЖОО-ларда білім алушылардың бес балдық жүйе бойынша үлгерімі

3,75-тен 4,24 дейін

4,25-тен 4,74 дейін

4,75 және жоғары


      6-кесте. Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ЖОО-ның қатысуымен 100 % кепілдемемен үлгерімі жоғары студенттерге берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параментрлері

100%

100%

80 %

20 % ЖОО кепілдемесі

95 %

5 % ЖОО кепілдемесі

ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән/кешенді тест бойынша үлгерім

80-нен 90 балға дейін

90 балдан жоғары

Емтихан сессиясының нәтижелері бойынша ағымдағы үлгерім (бес балдық жүйе)

4,2-ден 4,5 балға дейін

4,5 балдан жоғары

GPA

2,67-ден 3,66 дейін

3,66 балдан жоғары

Пайыздық мазмұндағы үлгерім

75-тен 89 дейін

90-нан 100 дейін


      7-кесте. Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параметрлері

100%

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына түсетіндер үшін

ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім

30 балдан кем емес

2 пән – қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (негізгі орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін)

20 балдан кем емес

білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша түсушілер үшін 2 пән – қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін),

25 балдан кем емес

3 пән – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін)

30 балдан кем емес

білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша талапкерлер үшін 3 пән – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін)

35 балдан кем емес

жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін

ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім

50 балдан кем емес

Қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша үлгерім

50 балдан кем емес

Ағымдағы үлгерім

Емтихан сессиясы (бес балдық жүйе)

3,5 балдан кем емес

GPA қорытындысы бойынша

1,33 балдан кем емес

пайыздық мазмұнда

55 балдан кем емес


      8-кесте. Жеңілдікті шарттарда көп балалы, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған, мүгедек не ата-анасы мүгедек болып табылатын немесе зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттарға Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда білім беру қызметінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параметрлері

100%

ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім

65 балдан кем емес

Емтихан сессиясының қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерім (бес балдық жүйе)

Барлық оқу кезеңі үшін "жақсы" "өте жақсы" бағаларына сәйкес балама бағалар

GPA

Пайыздық мазмұндағы үлгерім


Об утверждении Правил определения размера гарантии по образовательным кредитам, предоставляемым обучающимся финансовыми организациями

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 марта 2013 года № 97. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2013 года № 8434. Утратил силу приказом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 27 апреля 2023 года № 189.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра науки и высшего образования РК от 27.04.2023 № 189 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 2012 года № 248 "Об утверждении Правил гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила определения размера гарантии по образовательным кредитам, предоставляемым обучающимся финансовыми организациями.

      2. Департаменту финансов и инвестиционных проектов (Нургожаева Т.А.):

      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на директора Департамента финансов и инвестиционных проектов (Нургожаева Т.А.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

Б. Жумагулов


  Утверждены
приказом Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 19 марта 2013 года № 97

Правила
определения размера гарантии по образовательным кредитам,
предоставляемым обучающимся финансовыми организациями
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения размера гарантии по образовательным кредитам, предоставляемым обучающимся финансовыми организациями (далее – Правила), разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 2012 года № 248 "Об утверждении Правил гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями" и определяют порядок определения размера гарантии по образовательным кредитам, предоставляемым обучающимся финансовыми организациями (далее – определение размера гарантии).

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) гарантийное обязательство – обязательство организации отвечать перед кредитором за исполнение обязательств заемщика по договору кредита в пределах размера гарантии, определенного в порядке и на условиях, предусмотренных соглашением;

      2) заемщик – физическое лицо, которому кредитором предоставлен образовательный кредит;

      3) образовательный кредит – деньги, предоставляемые заемщику финансовыми организациями для оплаты обучения на условиях срочности, платности и возвратности;

      4) финансовая организация – юридическое лицо, имеющее лицензию на проведение заемных операций (далее – кредитор).

      5) государственная образовательная накопительная система - система денежных накоплений для оплаты образовательных услуг, регулируемая законодательством Республики Казахстан и основанная на привлечении банками-участниками вкладов населения и начислении на них вознаграждений и премий государства.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок определения размера гарантии
по образовательным кредитам

      3. Размер гарантии зависит от успеваемости обучающегося за последний академический период (семестр) на день получения заявки на выдачу гарантии. В случае отсутствия информации об успеваемости за последний академический период (семестр) используются результаты вступительных экзаменов, либо результаты единого национального тестирования (далее - ЕНТ), либо комплексного тестирования (далее - КТ). В случае наличия задолженности обучающегося по оплате обучения за академический период (семестр) либо несколько академических периодов (семестр) успеваемость высчитывается по итогам последнего академического периода (семестр) на день получения заявки на выдачу гарантии.

      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. В расчет принимается успеваемость:

      1) по образовательным учебным программам технического и профессионального, послесреднего образования:

      для поступающих (абитуриентов), согласно сертификату ЕНТ/КТ;

      для обучающихся (студентов), согласно справки учебного заведения за последний академический период (семестр), исходя из среднеарифметического балла успеваемости;

      2) по образовательным учебным программам высшего образования:

      для поступающих (абитуриентов), согласно сертификату ЕНТ/КТ;

      для обучающихся (студентов), согласно справки ВУЗ-а за последний академический период (семестр), исходя из Grade Point Average (далее – GPA), указанного в транскрипте. В случае отсутствия GPA в расчет принимается среднеарифметический балл успеваемости по пятибалльной системе.

      5. Успеваемость поступающих на специальности, требующие специальной или творческой подготовки, исчисляется по результатам ЕНТ/КТ (по двум предметам: казахскому либо русскому языкам и истории Казахстана) с учетом результатов сдачи специальных (творческих) экзаменов. Количество специальных (творческих) экзаменов равно двум.

      6. Успеваемость поступающих на обучение в магистратуру в высшие учебные заведения (далее – ВУЗ) Республики Казахстан рассчитывается путем вычисления среднеарифметического значения результатов вступительных экзаменов в процентном содержании. В случае, если вступительные экзамены оценены разными системами оценки знаний (буквенная система, процентное содержание, пятибальная система, цифровой эквивалент баллов), то успеваемость рассчитывается отдельно по каждому экзамену в процентном содержании, и определяется среднеарифметическое значение полученных результатов.

      Сноска. Пункт 6 в редакции приказа и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. При поступлении граждан, имеющих высшее образование, на обучение с сокращенными сроками, успеваемость рассчитывается путем вычисления среднеарифметического значения итоговых оценок приложения к диплому о высшем образовании.

      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. При поступлении граждан, имеющих техническое и профессиональное, послесреднее образование, в ВУЗ-ына родственные специальности на обучение с сокращенными сроками на платной основе успеваемость рассчитывается по результатам КТ.

      9. Учебные достижения обучающихся оцениваются исходя из таблицы, согласно приложению 1 "Буквенная система оценки учебных достижений обучающихся, соответствующая цифровому эквиваленту по четырех балльной системе" к настоящим Правилам.

      10. Размер гарантии определяется, исходя из таблиц 1 – 8, согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам, в зависимости от соответствующих программ гарантирования образовательных кредитов.

      Сноска. Пункт 10 в редакции приказа и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Программы гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями, предусматривают оплату:

      1) образовательных услуг в ВУЗ-ах и организациях послевузовского образования, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан;

      2) образовательных курсов и/или услуг зарубежных ВУЗ-ов, осуществляющих свою деятельность за пределами Республики Казахстан;

      3) образовательных услуг в организациях технического и профессионального, послесреднего образования, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан;

      4) исключен приказом и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);

      5) образовательных услуг студентам, демонстрирующим высокую успеваемость в ВУЗ-ах, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан, под сто процентную гарантию;

      6) образовательных услуг в ВУЗ-ах, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан, под сто процентную гарантию с участием ВУЗ-ов;

      7) образовательных услуг в организациях технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского (магистратуры) образования Республики Казахстан, под сто процентную гарантию в рамках Государственной образовательной накопительной системы;

      8) образовательных услуг в ВУЗ-ах, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан, на льготных условиях для студентов и магистрантов из числа многодетных, неполных и малоимущих семей, сирот и оставшихся без попечения родителей, инвалидов либо родители которых являются инвалидами или достигли пенсионного возраста, под сто процентную гарантию.

      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. По программам гарантирования образовательных кредитов, указанным в подпунктах 1) - 7) пункта 11 настоящих Правил, образовательный кредит предоставляется заемщику отдельными траншами, каждый не более чем стоимость обучения за один академический период (семестр или год), образовательный кредит переводится в безналичном порядке на расчетный счет учебного заведения. По программе гарантирования образовательных кредитов, указанной в подпункте 8) пункта 11 настоящих Правил, образовательный кредит предоставляется заемщику на весь период обучения в ВУЗ-е.

      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. В случае, предусмотренном в подпункте 1) пункта 11 настоящих Правил, размер гарантии устанавливается в гарантийных обязательствах Гаранта перед кредитором отдельно по каждому заемщику, исходя из таблицы 1, согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам.

      14. В случае, предусмотренном в подпункте 2) пункта 11 настоящих Правил, размер гарантии устанавливается в гарантийных обязательствах Гаранта перед кредитором отдельно по каждому заемщику, исходя из таблицы 2, согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам.

      К стоимости образовательных услуг по данной программе гарантирования также относятся расходы по проживанию и питанию в учебном заведении, страховка при указании данных расходов в счет-справке (инвойсе).

      15. В случае, предусмотренном в подпункте 3) пункта 11 настоящих Правил, размер гарантии устанавливается в гарантийных обязательствах Гаранта перед кредитором отдельно по каждому заемщику, исходя из таблицы 3, согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам.

      16. Исключен приказом и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. В случае, предусмотренном в подпункте 5) пункта 11 настоящих Правил, размер гарантии является величиной постоянной и составляет 100% (сто процентов) от суммы основного долга.

      Размер суммы образовательного кредита является величиной переменной и меняется в зависимости от успеваемости заемщика, исходя из таблицы 5 согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам.

      18. В случае, предусмотренном в подпункте 6) пункта 11 настоящих Правил, размер гарантии составляет 100% (сто процентов) от суммы основного долга по соответствующему траншу, исходя из таблицы 6 согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам.

      19. В случае, предусмотренном в подпункте 7) пункта 11 настоящих Правил, размер гарантии составляет 100 % (сто процентов) от суммы основного долга, исходя из таблицы 7 согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам.

      Данная программа распространяется на заемщиков, заключивших договор вклада в рамках Государственной образовательной накопительной системы, при накоплении суммы не менее пятидесяти процентов от суммы, необходимой для оплаты обучения в полном объеме.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 19 в соответствии с приказом и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. В случае, предусмотренном в подпункте 8) пункта 11 настоящих Правил, размер гарантии составляет 100 % (сто процентов) от суммы кредитной линии и вознаграждения, начисленного в течение срока фактического использования образовательного кредита, исходя из таблицы 8 согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам.

      Льготные образовательные кредиты предоставляются гражданам Республики Казахстан, обучающимся на платной основе по очной форме обучения в организациях образования Республики Казахстан и осваивающим профессиональную учебную программу высшего образования, в том числе базового медицинского образования, а также по программам магистратуры.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 20 в соответствии с приказом и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам определения размера
гарантии по образовательным кредитам,
предоставляемым обучающимся
финансовыми организациями

Буквенная система оценки учебных достижений обучающихся,
соответствующая цифровому эквиваленту по четырех
балльной системе

Оценка по буквенной системе

Цифровой эквивалент баллов

Процентное содержание

Оценка по пятибалльной системе

А

4,0

95-100

5

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

4

В

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

3

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

2

  Приложение 2
к Правилам определения размера
гарантии по образовательным кредитам,
предоставляемым обучающимся
финансовыми организациями

Определение размера гарантии, рассчитываемой
от суммы основного долга

      Сноска. Приложение 2 с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Таблица 1. По программе гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями для оплаты образовательных услуг в ВУЗ-ах, а также в организациях послевузовского образования:

Параметры для определения размера процента гарантирования

50%

65%

80%

95%

Успеваемость по результатам ЕНТ (казахский или русский язык (язык обучения), история Казахстана, математика и предмет по выбору) / КТ

от 50 до 65 баллов

от 66 до 80 баллов

от 81 до 90 баллов

свыше 90 баллов

Текущая успеваемость по результатам экзаменационной сессии (пятибалльная система)

от 3,5 до 3,8 баллов

от 3,9 до 4,2 баллов

от 4,3 до 4,5 баллов

свыше 4,5 баллов

GPA

от 1,33 до 1,99

от 2,00 до 2,66

от 2,67 до 3,66

свыше 3,66 баллов

Успеваемость в процентном содержании

от 55 до 64

от 65 до 74

от 75 до 89

от 90 до 100


      Таблица 2. По программе гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями для оплаты образовательных курсов и образовательных услуг в зарубежных ВУЗ-ах:

Параметры для определения размера процента гарантирования

50 %

65 %

80 %

Успеваемость для поступающих в ВУЗ-ы по результатам ЕНТ/КТ

от 4 до 4,24

от 4,25 до 4,74

от 4,75 и выше

GPA

от 2,67 до 2,9

от 3 до 3,33

от 3,34 и выше

Успеваемость по кредитной системе в процентном содержании

от 75 до 84

от 85 до 89

от 90 и выше

Успеваемость по пятибалльной системе

от 4 до 4,24

от 4,25 до 4,74

от 4,75 и выше


      Таблица 3. По программе гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями для оплаты образовательных услуг в организациях технического и профессионального, послесреднего образования:

Параметры для определения размера процента гарантирования

50 %

65%

80 %

95 %

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 2 предметам - казахский или русский язык и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе основного среднего образования)

от 20 до 25 баллов

от 26 до 30 баллов

от 31 до 35 баллов

свыше 35 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 2 предметам - казахский или русский язык и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе основного среднего образования), поступающим по специальностям образования, права, экономики, медицины и фармацевтики

от 25 до 30 баллов


от 31 до 40 баллов

от 41 до 45 баллов


свыше 45 баллов



Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 3 предметам - казахский язык или русский язык, история Казахстана и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе общего среднего образования)

от 30 до 40 баллов

от 41 до 50 баллов

от 51 до 60 баллов

свыше 60 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 3 предметам - казахский или русский язык, история Казахстана и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе общего среднего образования), поступающим по специальностям образования, права, экономики, медицины и фармацевтики

от 35 до 45 баллов

от 46 до 55 баллов

от 56 до 65 баллов

свыше 65 баллов

Успеваемость по результатам ЕНТ/КТ

от 30 до 45 баллов

от 46 до 55 баллов

от 56 до 65 баллов

свыше 65 баллов

Текущая успеваемость по результатам экзаменационной сессии (пятибалльная система)

от 3,5 до 3,8 баллов

от 3,9 до 4,2 баллов

от 4,3 до 4,5 баллов

свыше 4,5

GPA

от 1,33 до 1,99 баллов

от 2,00 до 2,66 баллов

от 2,67 до 3,66 баллов

свыше 3,66 баллов

Успеваемость по результатам экзаменационной сессии по кредитной системе в процентном содержании

от 55 до 64

от 65 до 74

от 75 до 89

от 90 до 100


      Таблица 4. Исключена приказом и.о. Министра образования и науки РК от 30.12.2013 № 517 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Таблица 5. По программе гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями под 100% гарантию для оплаты образовательных услуг студентам, демонстрирующим высокую успеваемость, в ВУЗ-ах Республики Казахстан:

Размер процента гарантирования

100%

Размер суммы кредита в зависимости от успеваемости

70 %

85 %

100 %

Успеваемость для поступающих в ВУЗ по результатам ЕНТ (казахский или русский язык (язык обучения), история Казахстана, математика

и предмет по выбору)/КТ

от 70 до 79

от 80 до 89

от 90 и выше

GPA

от 2,00 до 2,66

от 2,67 до 3,33

от 3,34 и выше

Успеваемость обучающихся в ВУЗ-ах по кредитной системе в процентном содержании

от 65 до 79

от 80 до 89

от 90 и выше

Успеваемость обучающихся в ВУЗ-ах по пятибалльной системе

от 3,75 до 4,24

от 4,25 до 4,74

от 4,75 и выше


      Таблица 6. По программе гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями под 100% гарантию с участием ВУЗ-ов для оплаты образовательных услуг студентам, демонстрирующим высокую успеваемость, в ВУЗ-ах Республики Казахстан:

Параметры для определения размера процента гарантирования

100%

100%

80% гарантии

20% гарантии ВУЗ-а

95% гарантии

5% гарантии ВУЗ-а

Успеваемость по результатам ЕНТ (казахский или русский язык (язык обучения), история Казахстана, математика и предмет по выбору)/КТ

от 80 до 90 баллов

свыше 90 баллов

Текущая успеваемость по результатам экзаменационной сессии (пятибалльная система)

от 4,2 до 4,5 баллов

свыше 4,5 баллов

GPA

от 2,67 до 3,66

свыше 3,66 баллов

Успеваемость в процентном содержании

от 75 до 89

от 90 до 100


      Таблица 7. По программе гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями для оплаты образовательных услуг в организациях технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского (магистратуры) образования Республики Казахстан в рамках Государственной образовательной накопительной системы:

Параметры для определения размера процента гарантирования

100%

для поступающих в организации технического и профессионального, послесреднего образования

Успеваемость по результатам ЕНТ (казахский или русский язык (язык обучения), история Казахстана, математика и предмет по выбору)/ КТ

не менее 30 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 2 предметам - казахский или русский язык и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе основного среднего образования)

не менее 20 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 2 предметам - казахский или русский язык и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе основного среднего образования), поступающим по специальностям образования, права, экономики, медицины и фармацевтики

не менее 25 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 3 предметам - казахский язык или русский язык, история Казахстана и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе общего среднего образования)

не менее 30 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 3 предметам - казахский или русский язык, история Казахстана и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе общего среднего образования), поступающим по специальностям образования, права, экономики, медицины и фармацевтики

не менее 35 баллов

для поступающих в организации высшего и послевузовского (магистратуры) образования

Успеваемость по результатам ЕНТ (казахский или русский язык (язык обучения), история Казахстана, математика и предмет по выбору)/ КТ

не менее 50 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов

не менее 50 баллов

Текущая успеваемость

по результатам экзаменационной сессии (пятибалльная система)

не менее 3,5 баллов

по результатам GPA

не менее 1,33 баллов

в процентном содержании

не менее 55 баллов


      Таблица 8. По программе гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями для оплаты образовательных услуг в ВУЗ-ах, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан, на льготных условиях для студентов и магистрантов из числа многодетных, неполных и малоимущих семей, сирот и оставшихся без попечения родителей, инвалидов либо родители которых являются инвалидами или достигли пенсионного возраста:

Параметры для определения размера процента гарантирования

100%

Успеваемость по результатам ЕНТ (казахский или русский язык (язык обучения), история Казахстана, математика и предмет по выбору) / КТ

не ниже 65 баллов

Текущая успеваемость по результатам экзаменационной сессии (пятибалльная система)

Оценки, соответствующие эквиваленту оценки "хорошо" "отлично" за весь период обучения.

GPA

Успеваемость в процентном содержании