Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 27.04.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жыл 23 сәуірде № 8434 тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымдағы № 198-199 (27472-27473) "Казакстанская правда" газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларында:
2-тармақ:
мына мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі.";
3-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"3. Кепілдік мөлшері Кепілдік туралы өтінім берілген күнге дейінгі академиялық мерзімдегі (семестр) білім алушының үлгеріміне байланысты. Егер бұрынғы академиялық мерзімдегі (семестр) үлгерім туралы ақпарат болмаған жағдайда қабылдау емтихандарының қорытындысы не ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) нәтижелері пайдаланады. Егер білім алушының бұрынғы академиялық мерзім (семестр) үшін немесе бірнеше бұрынғы академиялық мерзімдер (семестр) үшін оқу ақысы бойынша қарыздары бар болса, оның үлгерімі кепілдік алуға өтініш түскен күнге соңғы академиялық мерзімнің (семестр) қорытындылары бойынша есептеледі.";
6 және 7-тармақтар мына редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) магистратураға оқуға түсушілердің үлгерімі қабылдау емтихандары қорытындыларының пайыздық мазмұндағы орташа арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі. Қабылдау емтихандары әртүрлі білімді бағалау жүйелері (әріптік жүйе, пайыздық мазмұнда, дәстүрлі жүйе, балдардың цифрлік баламасы) бойынша бағаланған жағдайда үлгерім әр емтихан бойынша пайыздық мазмұнда бөлек есептеліп, алынған қорытындылардың орташа арифметикалық мәні анықталады.
7. Жоғары білімі бар азаматтар қысқа мерзімді оқу түрлеріне түсетін жағдайда үлгерім жоғары білім туралы дипломға қосымшадағы қорытынды бағалардың арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі.";
10-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"10. Кепілік мөлшері білім беру кредиттеріне кепілдік берудің тиісті бағдарламаларына байланысты осы Қағидаларға "Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау" 2-қосымшаға сәйкес 1-8 кестелері негізінде анықталады.";
4) тармақ алынып тасталсын;
мына мазмұндағы 7), 8) тармақтармен толықтырылсын:
"7) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерін Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жүз пайыздық кепілдікпен;
8) Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда білім беру қызметтерін көп балалы, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардағы, жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған, мүгедек не ата-анасы мүгедек немесе зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттар үшін жеңілдікті шарттармен жүз пайыздық кепілдікпен.";
12-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламалары бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға әр қайсысы бір академиялық кезең (семестр немесе жыл) үшін оқудың құнынан аспайтын бөлек транштармен беріледі, білім беру кредиті қолма-қол ақшасыз тәртіппен оқу орынның есепшотына аударылады. Осы қағидалардың 11-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға ЖОО-да оқудың барлық кезеңіне беріледі.";
16-тармақ алынып тасталсын;
мына мазмұндағы 19, 20-тармақтармен толықтырылсын:
"19. Осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға "Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау" 2-қосымшаға сәйкес 7-кестенің негізінде негізгі қарыз сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды.
Бұл бағдарлама Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде шарт жасасқан және жинақтаған сомасы оқудың ақысын толық төлеуге қажетті соманың кемінде елу пайызын құрайтын қарыз алушыларға қатысты қолданылады.
20. Осы Қағидалардың 11-тармағының 8) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға "Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау" 2-қосымшаға сәйкес 8-кестенің негізінде білім беру кредитін нақты пайдалану мерзімі ішінде аударылған кредиттік желі мен сыйақының сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды.
Жеңілдікті білім беру кредиттері Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде ақылы негізде оқитын және жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеріп жүрген, оның ішінде базалық медициналық білім, сондай-ақ магистратура бағдарламалары бойынша оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынылады;
"Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын" 2-қосымшада:
4-кесте алынып тасталсын;
мынандай мазмұндағы 7,8 - кестелерімен толықтырылсын:
"7-кесте. Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:
Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параметрлері | 100% |
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына түсетіндер үшін | |
ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім | 30 балдан кем емес |
2 пән – қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (негізгі орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін) | 20 балдан кем емес |
білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша түсушілер үшін 2 пән – қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін), | 25 балдан кем емес |
3 пән – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін) | 30 балдан кем емес |
білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша талапкерлер үшін 3 пән – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін) | 35 балдан кем емес |
жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін | |
ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім | 50 балдан кем емес |
Қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша үлгерім | 50 балдан кем емес |
Ағымдағы үлгерім | |
Емтихан сессиясы (бес балдық жүйе) | 3,5 балдан кем емес |
GPA қорытындысы бойынша | 1,33 балдан кем емес |
пайыздық мазмұнда | 55 балдан кем емес |
8-кесте. Жеңілдікті шарттарда көп балалы, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған, мүгедек не ата-анасы мүгедек болып табылатын немесе зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттарға Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда білім беру қызметінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:
Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параметрлері | 100% |
ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім | 65 балдан кем емес |
Емтихан сессиясының қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерім (бес балдық жүйе) | Барлық оқу кезеңі үшін "жақсы" "өте жақсы" бағаларына сәйкес балама бағалар |
GPA | |
Пайыздық мазмұндағы үлгерім |
".
2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Нұрғожаева Т.А.):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің директорына (Нұрғожаева Т.А.) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін | |
атқарушы | Т. Балықбаев |