«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қазандағы «Казахстанская правда» газетінде № 279-280 (26340-26341) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қоса берілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Агенттіктің Заң департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және оның ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайлов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрі
Н. Қаппаров _________________
2012 жылғы 19 қазан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
С. Қайырбекова _________
2012 жылғы 17 қыркүйекте
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
С. Мынбаев __________
2012 жылғы 19 қараша
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің міндетін атқарушы
Г. Әбдіқалықова ___________
2012 жылғы «___» ________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Жәмішев _____________
2012 жылғы 7 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков __________
2012 жылғы 28 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрі
Ә. Исекешев ________________
2013 жылғы 11 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Жер ресурстарын басқару жөніндегі
агенттігінің төрағасы
Қ. Отаров ___________________
2013 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және сауда министрі
Б. Сағынтаев ________________
2013 жылғы 27 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі төрағасы
Г. Марченко _____________
2013 жылғы 13 маусым
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 136 бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының
2010 жылғы 09 шілдедегі
№ 173 бұйрығымен
бекітілді
Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін анықтайды.
2. Ереже жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік статистика органдарында қолданылады.
3. Осы Ережеде қолданылатын барлық түсініктер Заңда көрсетілген мазмұнда қолданылады.
2. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі
4. Респонденттер жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.
5. Статистикалық нысандарды ұсыну мерзімі және мекенжайы, респонденттердің тобы, статистикалық нысандарды бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен мерзімі олардың титулдық беттерінде көрсетіледі.
6. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларға жататын респонденттердің тобы (жаппай немесе іріктеме) байқау әдістерін ескере отырып, статистикалық бизнес-тіркелімнің, ауыл шаруашылығының
статистикалық тіркелімінің, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімінің, халықтың статистикалық тіркелімінің деректері бойынша анықталады.
7. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттер уәкілетті орган ұсынған толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесін алады.
8. Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ведомстволық статистикалық байқауларға жататын респонденттердің тобын анықтайды.
9. Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша респонденттер мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесін алады.
10. Статистикалық нысандарды өзінің тұрған жері бойынша заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, егер оларға заңды тұлғалардың статистикалық нысандарды тапсыру бойынша уәкілеттіктерді берген жағдайда, тапсырады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерде осындай уәкілеттіктер болмаған жағдайда, статистикалық нысандарды олардың орналасқан жерін көрсете отырып, өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бөлінісінде заңды тұлғалар ұсынады. Байқауды өткізу статистикалық әдіснамамен статистикалық нысандарды тек қана заңды тұлғалар немесе тек қана құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерінің ұсынуы көзделген жағдайда, статистикалық нысандар мемлекеттік статистика органдарына мемлекеттік статистика органдарының байқауды өткізудің статистикалық әдіснамасына сәйкес ұсынылады.
11. Бас компаниялары Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетел заңды тұлғаларының құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері статистикалық нысандарды міндетті түрде құрылымдық және оқшауланған бөлімшенің орналасқан жері бойынша ұсынады.
12. Есепті кезеңде құрылымдық бөлімше немесе объект жойылған жағдайда, оған қатысты барлық деректер статистикалық нысаннан алынып тасталады. Егер есептік кезеңде заңды тұлғаның қайта құру немесе құрылымы өзгерген жағдайда деректер заңды тұлғаның жаңа құрылымы бойынша келтіріледі.
Заңды тұлғаның банкротқа ұшыраған жағдайда есеп беретін заңды тұлға өзінің соңғы есепті кезеңінің қызметі туралы деректерді кезеңділігі жылдық статистикалық нысан бойынша алғашқы деректерді ұсынады.
Қайта құрылған заңды тұлғалар алғашқы статистикалық деректерді тіркелген күннен кейін есепті кезеңнің соңына дейін ұсынады. Егер қызметі болмаған жағдайда заңды тұлғалар осы Ереженің 19-тармағына сәйкес хат ұсына алады.
13. Үй шаруашылықтары алғашқы статистикалық деректерді аумақтық статистика органдарының қызметкерлеріне (интервьюерлеріне) тапсырады.
14. Шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері статистикалық нысандар бойынша тіркеу жазбаларын жүргізу арқылы жүзеге асырады. Шаруа (фермер) қожалықтары бойынша статистикалық байқаулар нәтижесінде алынған алғашқы статистикалық деректерді кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер Әкімдері Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес уәкілетті органға тапсырады.
Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері алғашқы статистикалық деректерді Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырады.
15. Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері хабарланатын мәліметтерді ұсынуға және оның дәйектілігіне жауапты тұлғалардың қолымен статистикалық нысандарды тапсырады. Статистикалық нысандар қажет болған жағдайда мөрмен куәландырылуы тиіс.
16. Хабарланатын мәліметті ұсынуға және оның дәйектілігіне жауапты және статистикалық нысандарға қол қоюға құқығы бар тұлғалар: статистикалық нысанды толтыру жөніндегі орындаушы, сонымен қатар басшылар - егер статистикалық нысанның мекенжай бөлігінде қарастырылған жағдайда.
17. Статистикалық нысандарды тапсыру мерзімі олардың титулдық беттерінде көрсетілген. Статистикалық нысандарды тапсыру күнін адресат тіркейді. Статистикалық нысандар почталық байланыс қызметтері арқылы жіберілген жағдайда, почталық кәсіпорынның штемпелінде көрсетілген жеткізу күні тапсыру күні болып табылады. Егер статистикалық нысанды тапсыру мерзімі жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, статистикалық нысанды тапсыру мерзімінің соңғы күні болып келесі жұмыс күні есептеледі.
18. Алғашқы статистикалық деректер келесі түрде ұсыныла алады:
1) қағаз түрінде, қолма қол түрде, пошта қызметі бойынша және ұсынылған күн пошталық кәсіпорынның мөрінде көрсетіліп жіберілген күн болып табылады;
2) электрондық цифрлік қолтаңбаны растау рәсімін сақтау байланыс арналары арқылы электронды түрде.
19. Егер респонденттің кезеңділігі айлық жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша бір айдан көп қызметі болмаған жағдайда статистикалық нысанның орнына қызметінің болмау себептерін, осы қызметтің қанша уақыт бойы жүзеге асырылмайтын мерзімдерін және осы Ережеге қосымшаға сәйкес өзінің негізгі сипаттамаларын көрсете отырып, аумақтық статистика органдарына хат ұсынуына болады.
20. Хатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін респондент жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын аумақтық статистика органына тапсырады.
21. Статистикалық нысандарды тапсыру мерзімін бұзу статистикалық нысандарда көрсетілген мерзімде оларды тапсырмау болып табылады.
22. Статистикалық ақпаратты түзу кезінде бұрмалаушылықтар, қателер, ағаттықтар анықталғанда уәкілетті органның аумақтық статистика органдары «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 12-бабының 12), 13) тармақшаларын және 13-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, респонденттерден бұдан бұрын ұсынылған деректері бойынша қосымша ақпаратты, сондай-ақ алғашқы статистикалық деректерден тұратын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді.
23. Респонденттер айлық және тоқсандық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша қателерді бір жұмыс күні ішінде, басқа кезеңділіктің статистикалық нысандары бойынша мемлекеттік статистика органдарының лауазымды тұлғалары хабарлама берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде түзетеді.
Респонденттер ведомстволық статистикалық байқаулардағы қателерді ведомстволық статистикалық байқау жүргізетін мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хабарландыруында көрсетілген мерзімде түзетеді.
24. Респондент қағаз тасығыштағы статистикалық нысанға түзетулер енгізген кезде, нысанға «түзетулерге сену» деген сөзді жазып, қолын және күнін қояды. Мекенжай бөлігіне басшы қол қоятын статистикалық нысанға түзетулер енгізілген жағдайда, респондент басшысының қолы қойылған түзетілген статистикалық нысанды ұсынады.
25. Қайтадан ұсынылған статистикалық нысан осы Ереженің 15, 16-тармақтарына сәйкес қол қойған тұлғалардың қол қоюымен тапсырылады.
Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасының
_________________ № _________
Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді
ұсыну ережесіне қосымша
Нысан
____________ облысының
(қаласы)_Статистика департаменті
Хат
Заңды (жеке) тұлғаның атауы, БСН (ЖСН) коды, ЭҚЖЖ, «_(атауы)_» (индексі_______, кезеңділігі_______) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша ____ ішінде ________ жағдайға байланысты қызмет жүрмейтінін хабарлайды.
Жоғарыда баяндалғанға сәйкес статистикалық нысан _______________ облысының (қаласы)_ Статистика департаментіне айынан __________ бастап ұсынылатын болады.
Басшының қолы
Бас бухгалтердің қолы
Мөр