"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 241 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 22 шілдеде № 8573 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.
      Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.»;
      111213 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
      1) 9 (10)-сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан;
      2) 11 (12)-сыныптардың білім алушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе мемлекеттік бітіру емтихандары.
      12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдірген бітірушілер, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.
      Тізбесін білім саласындағы уәкілетті орган анықтайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының, халықаралық мектептердің бітірушілері осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады.
      ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер қорытынды аттестаттауды білім беру ұйымында мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында өтеді.
      13. Халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылар, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, «Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 261 қаулысымен белгіленген жағдайларда ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өтеді.
      14. Білім алушыларды қорытынды атестаттауды қорытынды емтихан және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - емтихан комиссиясы) жалпы білім беру ұйымдарында өткізеді.
      Білім беру ұйымдарының басшылары басқаратын емтихан комиссияларының құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері, пән мұғалімдері кіреді.
      Емтихан комиссияларының саны мен жеке құрамы (кемінде 5 адам) жыл сайын 20 сәуірден кешіктірілмей білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы күшінде болады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Қорытынды аттестаттау өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан, 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін ҰБТ және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
      1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушыларына білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі;
      Тиісті оқу пәндері бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қайта қорытынды емтихандарды және 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары, сондай-ақ облыстық білім басқармаларының келісімімен аудандық және қалалық білім бөлімдері ағымдағы жылдың 25 маусымынан кешіктірмей белгілейді.
      2) үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10)-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
      3) үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11 (12)-сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің толық оқу курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
      Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін жалпы орта білімнің толық оқу курсын өткендігі туралы анықтама алған білім алушыларды білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі.»;
      22-тармақ алынып тасталсын;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
      1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы.
      2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі және мектептің қолдау хаты;
      3) үлгерім табельдері және білім алушының тәртібі.
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады.»;
      28-тармақ алынып тасталсын;
      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
      32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.»;
      5-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу тәртібі»;
      79 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «79. Кезекті емтиханнан «2» алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.
      80. Негізгі орта білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер республикалық мектеп-интернаттардың 9-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
      Білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын және өкілі басқаратын комиссия құрамына пән мұғалімдері, бағынысты ұйымдардың өкілдері қосылады. Комиссия мүшелерінің саны он бес адамнан кем болмауы керек.»;
      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «90. Аттестаттаудан өту үшін өтінішті, ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей беруге болады.
      Тұлғаны экстернат нысанында аттестаттауға жіберу туралы білім беру ұйымының бұйрығы оқу жылының аяғында қабылданады.».
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М. Әбеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Б. Жұмағұлов 

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 июня 2013 года № 241. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июля 2013 года № 8573

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 «Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5191, опубликованный в «Юридической газете» от 30 мая 2008 года № 81 (1481)), следующие изменения:
      в Типовых правилах проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в организациях образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования (далее - Правила), утвержденных указанным приказом:
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Из 5-8 (9), 10 (11) классов в следующий класс переводятся обучающиеся, имеющие годовые и итоговые оценки «3», «4», «5» по всем учебным предметам с учетом экзаменационных оценок.
      Обучающиеся 5-8 (9), 10 (11) классов, имеющие годовые оценки «5» по всем учебным предметам, в следующий класс переводятся без экзаменов.»;
      пункты 111213 и 14 изложить в следующей редакции:
      «11. Освоение образовательных учебных программ основного среднего, общего среднего образования завершается обязательной итоговой аттестацией обучающихся и проводится в форме:
      1) итоговых экзаменов для обучающихся 9 (10) классов;
      2) единого национального тестирования (далее - ЕНТ) или государственных выпускных экзаменов для обучающихся 11 (12) классов.
      12. Выпускники, желающие в текущем учебном году поступать в организации послесреднего или высшего образования, претенденты на получение аттестата об общем среднем образовании «Алтын белгі», аттестата об общем среднем образовании с отличием, призеры республиканских научных соревнований школьников и олимпиад по общеобразовательным предметам текущего года, проходят итоговую аттестацию в обязательном порядке в форме ЕНТ.
      Победители и призеры международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам последних трех лет, а также участники данных международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам текущего года, перечень которых определяется уполномоченным органом в области образования, выпускники автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы», международных школ освобождаются от сдачи ЕНТ с последующим получением сертификата ЕНТ, выданного на основании шкалы перевода итоговых оценок аттестата об общем среднем образовании по общеобразовательным предметам в баллы сертификатов ЕНТ согласно приложению 1-1 к настоящим Правилам.
      Выпускники, не пожелавшие участвовать в ЕНТ, сдают итоговую аттестацию в организациях образования в форме государственных выпускных экзаменов.
      13. Обучающиеся по линии международного обмена школьников за рубежом, республиканских музыкальных школ-интернатов, а также обучающиеся, не принявшие участие в ЕНТ по случаям, установленным постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2012 года № 261 «О некоторых вопросах итоговой аттестации обучающихся», итоговую аттестацию проходят в организациях образования в форме государственных выпускных экзаменов по предметам.
      14. Итоговая аттестация обучающихся проводится в общеобразовательных школах комиссией по проведению итоговых экзаменов и государственных выпускных экзаменов (далее – экзаменационная комиссия).
      В состав экзаменационных комиссий, возглавляемых руководителем организации образования, входят заместители руководителя организации образования, руководители методических объединений, учителя предметники.
      Количественный и персональный состав экзаменационной комиссии(не менее 5 человек) утверждается приказом руководителя организации образования ежегодно не позднее 20 апреля и действует в течение календарного года.»;
      пункт 16 изложить в следующей редакции:
      «16. Перечень учебных предметов, выносимых на итоговую аттестацию, и сроки проведения итоговых экзаменов для обучающихся 9 (10) классов, ЕНТ и государственных выпускных экзаменов для обучающихся 11 (12) классов определяются Министерством образования и науки Республики Казахстан (далее - Министерство).»;
      пункт 21 изложить в следующей редакции:
      «21. По результатам итоговой аттестации:
      1) обучающимся 9 (10) и 11 (12) классов при получении неудовлетворительных оценок по одному или двум предметам разрешается повторная итоговая аттестация по соответствующим учебным предметам в форме экзамена в организации образования.
      Сроки повторных итоговых экзаменов для обучающихся 9 (10) классов и государственных выпускных экзаменов для обучающихся 11 (12) классов по соответствующим учебным предметам устанавливают управления образования областей, городов Астана и Алматы, а также районные и городские отделы образования по согласованию с областными управлениями образования не позднее 25 июня текущего года.
      2) обучающиеся 9 (10) классов при получении неудовлетворительных оценок по трем и более предметам остаются на повторный год обучения;
      3) обучающимся 11 (12) классов, при получении неудовлетворительных оценок по трем и более предметам, выдается справка установленного образца о прохождении ими полного курса обучения общего среднего образования.
      По окончании следующего учебного года обучающимся, получившим справку о прохождении полного курса обучения общего среднего образования, разрешается повторная итоговая аттестация по соответствующим учебным предметам в форме экзамена в организации образования.»;
      пункт 22 исключить;
      пункт 25 изложить в следующей редакции:
      «25. Приказ об освобождении обучающихся от итоговой аттестации издается на основании следующих документов:
      1) заключения врачебно-консультативной комиссии поликлиники по месту жительства, составленного по представлению школьного врача (в сельской местности - районного педиатра);
      2) выписки из решения педсовета и ходатайства школы;
      3) табеля успеваемости и поведения учащегося.
      Документы, указанные в подпунктах 2) и 3) настоящего пункта, заверяются подписью руководителя и печатью организации образования.»;
      пункт 28 исключить;
      пункты 31 и 32 изложить в следующей редакции:
      «31. Досрочная итоговая аттестация обучающихся 9 (10), 11 (12) классов допускается в случае выезда обучающихся за границу для поступления на учебу либо на постоянное место жительства и проводится в форме итоговых экзаменов или государственных выпускных экзаменов не ранее, чем за 2 месяца до окончания учебного года.
      32. Вопрос о необходимости проведения итоговых экзаменов и государственных выпускных экзаменов в специальных коррекционных учреждениях для детей с ограниченными возможностями в развитии решается местными органами образования в соответствии с медицинским диагнозом.»;
      наименование раздела 5 изложить в следующей редакции:
      «5. Порядок проведения итоговых экзаменов и государственных выпускных экзаменов»;
      пункты 79 и 80 изложить в следующей редакции:
      «79. Обучающиеся 9 (10) и 11 (12) классов, получившие оценку «2» на очередном экзамене, допускаются к следующему экзамену.
      80. Для рассмотрения письменных экзаменационных работ обучающихся 9 классов республиканских школ-интернатов, претендующих на получение свидетельства об основном среднем образовании с отличием, приказом Министра образования и науки Республики Казахстан создается Республиканская комиссия по итоговой аттестации обучающихся (далее - Комиссия).
      В состав Комиссии, которая формируется и возглавляется представителями уполномоченного органа в области образования, включаются учителя-предметники, представители подведомственных организаций. Количество членов Комиссии составляет не менее пятнадцати человек.»;
      пункт 90 изложить в следующей редакции:
      «90. Заявление для прохождения аттестации подается не позднее 1 декабря текущего учебного года. Приказ о допуске лиц к аттестации в форме экстерната принимается в конце учебного года организациями образования.».
      4. Департаменту дошкольного и среднего образования (Жонтаева Ж.А.):
      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Абенова М.А.
      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жумагулов