Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 261 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.08.2017 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылар ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаса, мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында қорытынды аттестаттаудан өтуге және оқуын бітіретін жылы орта білімнен кейінгі немесе жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына кешенді тестілеу арқылы түсуге мүмкіндік беретін мынадай жағдайлар айқындалсын:

      1) денсаулық жағдайы;

      2) жақын туыстарының қайтыс болуы (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже);

      3) төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.05.2016 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың кешенді тестілеуге қатысу мүмкіндігі оқуын бітіретін жылы осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды куәландыратын құжаттар ұсынылғаннан кейін іске асырылады деп белгіленсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады