Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 159 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда 8608 тіркелді

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтарда «Заң газеті» газетінде № 5 (1428) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі – Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығы баға белгiлеу ұйымының (бұдан әрi – баға белгiлеу ұйымы) ақпараттық жүйесi – пайдалану мен қолдау көрсетудi баға белгiлеу ұйымы жүзеге асыратын бағалы қағаздарға баға белгiлеумен алмасу жүйесi;
      2) екiжақты баға белгiлеу – қаржы құралын сатып алу бағасын, сол сияқты сату бағасын да қамтитын баға белгiлеу;
      3) қаржы құралымен мәмiле орындау (мәмiле орындау) – осы мәмiле тараптарының одан туындайтын мiндеттемелердi орындауы арқылы қаржы құралымен мәмiле бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
      4) қор биржасын растау жүйесi (растау жүйесi) – қор биржасына қосылған тұлғаларға сауда жүйесiнде осы тұлғалар атынан, осы тұлғалардың тапсырмалары бойынша, не осы тұлғалардың немесе олардың клиенттерiнiң мүддесiне қаржы құралдарымен жасалған немесе жасалатын мәмiлелер туралы мәлiметтердi алуға мүмкiндiк беретiн және алынған мәлiметтердi өңдеу негiзiнде қор биржасына осындай мәмiлелерге растамалар беруге (жасалған немесе жасалатын мәмiлелер шарттарының олар жасалуы тиiс немесе жасалуы мүмкiн шарттарға сәйкестiгi туралы хабарламалар), не осындай мәмiлелердi растаудан бас тартуға мүмкiндiк беретiн қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенi;
      5) қор биржасының ресми тiзiмi (ресми тiзiм) – қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн және онда болатын қаржы құралдары және осы қаржы құралдарының эмитенттерi листинг талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тiзiмiнiң бөлiгi;
      6) қор биржасының сауда жүйесi – қор биржасының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және қажетті активтер мен рәсімдердің кешені, оларды пайдалана отырып осы қор биржасының мүшелері арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасалады;
      7) қор биржасының трейдері – осы қор биржасының сауда жүйесiн пайдалана отырып қор биржасының мүшесi атынан мәмiлелер жасауға және өзге iс-әрекеттердi орындауға уәкiлеттi жеке тұлға;
      8) лот – бұл:
      қаржы құралымен сауда жасау бiрлiгi;
      осы қаржы құралы бойынша өтiнiм мөлшерi тең немесе еселi қаржы құралының саны;
      9) маркет-мейкер – қор биржасы маркет-мейкер ретiнде таныған және өзiне қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға белгiлеудi жариялап отыру және ұстап тұру мiндеттемесін қабылдаған қор биржасының мүшесi;
      10) рұқсат ету бастамашысы – бастамасы бойынша қаржы құралдары қор биржасының сауда жүйесiнде немесе баға белгiлеу ұйымының ақпараттық жүйесiнде айналысқа жіберiлетiн ұйым;
      11) сауда алаңы – қор биржасының сауда жүйесінің басқа бөлiктерiнен сауда-саттыққа қатысушыларға және айналыстағы қаржы құралдарына қойылатын ерекше талаптарымен, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмiле жасасу мен оларды орындау талаптарымен өзгешеленетiн бөлiгi;
      12) сауда жүйесiндегi айналыс – қандай да болмасын қаржы құралының қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiленiң мәнi болу мүмкiндiгi;
      13) сауда күнi – қор биржасы барлық қаржы құралдары үшiн немесе олардың жеке топтары үшiн күнтізбелік күн шегінде белгілеген кезең, ол кезең ішінде қаржы құралдарымен мәмілелер оның сауда жүйесінде жасалуы мүмкін;
      14) сауда-саттыққа қатысушы – осы қор биржасының сауда жүйесiн пайдалана отырып мәмiлелер жасауға жіберiлген және ол ұйымдастырған сауда-саттыққа қатысатын қор биржасының мүшесi;
      15) сауда сессиясы – сауда күнiнiң бөлiгi;
      16) сауда-саттықты ұйымдастырушы – қор биржасы немесе баға белгiлеу ұйымы;
      17) төлемге қарсы жеткiзiлiм – мәмiленiң бiр тарабының қаржы құралын жеткiзу мiндеттемелерiн орындауы мәмiленiң екінші тарабының ақшаны және (немесе) өзге қаржы құралдарын жеткiзу жөнiндегi қарсы мiндеттемелерiн орындамаусыз мүмкiн болмайтын не мәмiле тарабының қаржы құралдарын жеткiзу мiндеттемелерiн орындауы оның ақшаны және (немесе) өзге қаржы құралдарын алу жөнiндегi қарсы талаптарын орындамаусыз мүмкiн болмайтын қаржы құралдарымен мәмiлелердi орындау әдiсi;
      18) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қор биржасының мүшелері Ереженің 6-тармағында көзделген талаптардан басқа:
      1) қор биржасы қаржы құралдарымен өткізетін сауда-саттықта мәмілелерді тек қана әділ және тең құқылы сауда принциптерімен, қор биржасының басқа мүшелерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің және инвесторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмей жасайды;
      2) қор биржасы қаржы құралдарымен өткізетін сауда-саттықта өзі жасаған мәмілелерді, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттемелерді уақтылы, толығымен және ең тиімді тәсілмен орындайды;
      3) өз қызметінде қор биржасының этика қағидаларын және қор биржасының басқа мүшелеріне (олардың клиенттеріне), өз клиенттеріне және қор биржасына қатысты адал бәсекелестік принциптерін басшылыққа алады, сондай-ақ олардың нарықтық мінез-құлқын өзгерту мақсатында оларға тікелей және жанама ықпал етпейді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қор биржасының ішкі құжаттарымен мүшелікті тоқтата тұру немесе тоқтату талаптары мен тәртібі көзделген. Баға белгілеу ұйымының ішкі құжаттарымен осы баға белгілеу ұйымының клиенттері жариялаған баға белгілеудің ақпараттық жүйесінен уақытша немесе тұрақты алып тастау талаптары мен тәртібі көзделген.
      Осының алдында брокерге және (немесе) дилерге бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны (бұдан әрі – лицензия) барлық қор биржаларында оның мүшелігін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға, барлық баға белгілеу ұйымдарының ақпараттық жүйесінен олар жариялап белгілеген бағаларының уақытша немесе тұрақты алып тастауға негіз болып табылады.
      Уәкілетті орган сауда-саттықты ұйымдастырушыны тиісті шешім қабылданған күні лицензия қолданылуының тоқтатыла тұрғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
      Қор биржасы уәкілетті органның көрсетілген хабарламасын алғаннан күннен бастап, мұның алдында оның жасаған мәмілелерін немесе оның мұның алдында туындаған міндеттемелерін орындау мақсатындағы осындай қатысуды қоспағанда, брокерді және (немесе) дилерді өзі жүргізіп отырған қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан шеттетеді.
      Қор биржасы уәкілетті органның шешімін көрсетілген брокерге және (немесе) дилерге жеткізгені туралы хабарламасын алған күннен бастап лицензиясы уақытша тоқтатылған немесе тоқтатылған брокердің және (немесе) дилердің мүшелігін тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
      Баға белгілеу ұйымы ақпарат жүйесінен лицензиясының қолданылуы уақытша тоқтатылған немесе тоқтатылған брокер және (немесе) дилер жариялаған барлық белгіленген бағаларды көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап алып тастайды.»;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Әрбір жеке қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесі қор биржасының мүшелері – бір немесе бірнеше брокерге және (немесе) дилерге беріледі.
      Қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге маркет-мейкер мәртебесін беру тәртібі мынадай талаптар мен рәсімдерді қамтиды:
      қор биржасының мүшесіне маркет-мейкер мәртебесін беру туралы мәселені қарау қор биржасының осы мүшесінің маркет-мейкер мәртебесін беру туралы жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады;
      қор биржасы маркет-мейкер мәртебесін беру туралы шешімді немесе осындай мәртебені беруден дәлелді бас тартуды осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде жазбаша хабарлама түрінде ресімдейді және осы өтінішті берген қор биржасының мүшесіне жібереді.»;
      мынадай редакциядағы 43-1 және 43-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «43-1. Қор биржасы мүшесінің маркет-мейкер мәртебесін беру туралы жазбаша өтініші мыналарды қамтиды:
      1) қор биржасының мүшесі – брокер және (немесе) дилер маркет-мейкер функцияларын орындауға ниетті қаржы құралының атауы (өзінің қор биржасындағы мүшелігінің санатына сай қор биржасы өткізетін сауда-саттықта мәмілелер жасауға құқылы қаржы құралдары қатарынан);
      2) қор биржасының мүшесі – брокер және (немесе) дилер маркет-мейкер функцияларын орындауға ниет білдірген күн.
      Қор биржасының маркет-мейкер мәртебесін беру туралы жазбаша хабарламасы Ереженің 43-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтінішті берген қор биржасының мүшесі – брокерге және (немесе) дилерге маркет-мейкер міндеттерін орындау жүктелетін күн туралы мәліметтерді қамтиды.
      Маркет-мейкер міндеттерін орындау қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің өзіне бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және қор биржасының ішкі құжаттарымен маркет-мейкерлерге қойылатын барлық талаптарды орындау (маркет-мейкерлерге жүктелетін барлық функцияларды орындау) міндеттемелерін қабылдауын білдіреді.
      43-2. Қор биржасы мынадай негіздердің бірі туындаған кезде қор биржасының мүшесі – брокерге және (немесе) дилерге маркет-мейкер мәртебесін беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды:
      қор биржасының мүшесі – брокер және (немесе) дилер өтінішінің Ереженің 43-1-тармағының талаптарына сай келмеу;
      қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қор биржасы ішкі құжаттарының нормаларын сақтамау;
      қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің басқа атаулы қаржы құралдары бойынша өзінің маркет-мейкер міндеттерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамау.»;
      4445 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Маркет-мейкерлер мынадай талаптарды орындайды:
      1) оларға қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес маркет-мейкер мәртебесі берілген қаржы құралдары бойынша екі жақты (сауда күні ішінде) баға белгілеуді жариялайды және ұстап тұрады. Баға белгілеуді жариялау және ұстап тұру маркет-мейкерлердің өз есебінен де, сондай-ақ олардың клиенттерінің есебінен де (клиенттердің тапсырмаларына сәйкес) жүргізіледі.
      Көрсетілген баға белгілеу қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген шамадан асатындай болып, осы қаржы құралдарымен сауда жүйесінде бұрын жасалған мәмілелердің бағаларынан өзгешелене алмайды;
      2) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген шамадан аспайтын маркет-мейкер мәртебесі берілген қаржы құралдарының өздері жариялаған сатып алу және сату бағасының арасындағы спрэдтерін (өзгешеліктерін) қамтамасыз етеді;
      3) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген өзге де талаптарды сақтайды.
      45. Маркет-мейкер мәртебесі берілген қаржы құралдары бойынша өзі жариялаған екі жақты баға белгілеуді маркет-мейкердің қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен сауда сессиясының кез келген сәтінде өзгертуіне жол беріледі.
      46. Маркет-мейкер мәртебесін беру:
      1) қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге өзіне маркет-мейкер мәртебесі берілгендерінен басқа олармен қатысуға құқылы сауда-саттықтағы өзге қаржы құралдарына қатысты қандай да бір міндеттер мен шектеулер қоймайды;
      2) қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге өзіне маркет-мейкер мәртебесі берілгендерінен басқа олармен қатысуға құқылы сауда-саттықтағы өзге қаржы құралдарына қатысты қандай да бір құқықтар бермейді.»;
      мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
      «46-1. Қор биржасы мынадай негіздердің бірі туындаған кезде өзінің мүшесін қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдайды:
      1) қор биржасының мүшесі – осы брокердің және (немесе) дилердің маркет-мейкер ретіндегі одан кейінгі қызметіне бөгет болатын бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қор биржасы ішкі құжаттарының өзгеруі;
      2) қаржы құралдарының қор биржасының сауда жүйесінде одан әрі айналысын мүмкін болдырмайтын жағдайлардың туындауы;
      3) қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, қор биржасы ішкі құжаттарының нормаларын сақтамау;
      4) қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің кез келген атаулы қаржы құралдары бойынша өзінің маркет-мейкер міндеттерін орындамау;
      5) қор биржасының мүшесі – брокердің және (немесе) дилердің маркет-мейкер мәртебесінен ерікті түрде бас тартуы және оның қор биржасына ерікті түрде бас тарту туралы тиісті жазбаша өтінішті беруі.
      Қор биржасы күнтізбелік үш күн ішінде осы мүшесінің Ереженің 47-тармағында белгіленген талаптарды орындау талабымен ғана осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша өзінің мүшесін маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдайды.
      Қор биржасы қор биржасының мүшесі – брокерді және (немесе) дилерді маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы қор биржасының шешімін жазбаша хабарлама түрінде ресімдейді және ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қор биржасының мүшесі – осы брокерге және (немесе) дилерге жібереді.
      Қор биржасының мүшесі – брокерді және (немесе) дилерді маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы қор биржасының жазбаша хабарламасы қор биржасының мүшесі – осы брокер және (немесе) дилер қаржы құралы бойынша маркет-мейкер міндеттерін орындаудан босатылатын күн туралы мәліметтерді қамтиды.»;
      4748 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Қор биржасының мүшесі – брокер және (немесе) дилер қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесінен ерікті түрде бас тартқан жағдайда қор биржасы оны қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесінен айыру туралы шешімді, бірақ осы қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге осы қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілген күннен бастап отыз сауда күні өткеннен бұрын емес қабылдайды.
      48. Қор биржасы уәкілетті органды және осы қор биржасының мүшелері - басқа брокерлерді және (немесе) дилерлерді қор биржасының осы мүшесіне маркет-мейкер мәртебесін беру (айыру) туралы тиісті хабарлама жіберген күні қор биржасының мүшесі - брокердің және (немесе) дилердің маркет-мейкер функцияларын орындауды бастағаны (тоқтатқаны) туралы хабардар етеді.
      49. Сауда жүйесінің жұмысында болған іркіліс сауда-саттыққа қатысушының сауда жүйесінен алып тасталуға тиісті баға белгілеуді (өтінімдерді) көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген міндеттемелерден босату қажеттігі туралы хабарламаны сауда жүйесінің басқарушысына ұсыну талабымен іркіліс пайда болғанға дейін өзі жариялаған баға белгілеуден (өтінімдерден) туындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер жасау міндеттемелерінен босату үшін негіз болып табылады. Осы хабарлама жазбаша түрде ресімделеді, сауда-саттыққа қатысушының жіберілетін құжаттамасының журналында тіркеледі және почтамен (және) немесе қолма-қол, және (немесе) электрондық почтамен және (немесе) факсимильді және (немесе) телекс және (немесе) телеграф хабарламасымен немесе осындай хабарламаны жіберу негізі туындаған сәттегі өзге де ықтимал байланыс түрлерімен жіберіледі.
      Сауда-саттыққа қатысушыны міндеттемелерінен босатудан бас тарту немесе босату туралы шешімді сауда жүйесінің басқарушысы қабылдайды.
      Босату туралы шешім қабылданған жағдайда сауда жүйесінің басқарушысы сауда жүйесінен осы сауда-саттыққа қатысушының хабарламада көрсетілген барлық баға белгілеулерін (өтінімдерін) алып тастайды.»;
      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қор биржасының растау жүйесі»;
      5354 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Жинақтаушы зейнетақы қорларына, инвестициялық қорларға, Қазақстан Республикасының арнайы қаржы компанияларына қызмет көрсететін кастодиандар қор биржасының растау жүйесіне көрсетілген клиенттердің активтерін нысаналы орналастыруға (пайдалануға) бақылау жасау мақсатында қосылады.
      54. Зейнетақы активтері, акционерлердің немесе инвестициялық қор пайларын ұстаушылардың активтері, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері мүддесімен және есебінен мәмілелер жасауға арналған сауда шоты бойынша жасалған және қызмет көрсетуші кастодиан растамаған (кастодианның растаудан бас тартуы келіп түскен не растау қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде түспеген) қаржы құралдарымен мәміле жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық қордың немесе арнайы қаржы компаниясының көрсетілген активтері есебінен орындалуға жатпайды.
      Растау жүйесіне қызмет көрсететін пайдаланушы растамаған (растаудан бас тарту келіп түскен не растау қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде түспеген) қаржы құралдарымен мәміле оны жасаған қор биржасы мүшесінің меншікті активтері есебінен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және талаптарда орындалады.
      55. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау тәртібі оның ішкі құжаттарында айқындалады, онда өзге ықтимал талаптардан басқа қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша мынадай талаптар қамтылады:
      1) бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді орындау бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген тәртіпте орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жүзеге асырылады;
      2) қаржы құралдарын сатып алу-сату мәмілелерін орындау мынадай тәсілдердің бірімен «төлемге қарсы жеткiзiлiм» принципі бойынша жүзеге асырылады:
      олардың сауда жүйесінде тіркелу кезектілігі тәртібімен қор биржасы мүшелерінің басқа мәмілелері бойынша талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке жазуды жүргізбестен әрбір жекелеген мәміле негізінде нақты уақыт режимінде;
      қор биржасының жекелеген мүшесі бұрын жасаған мәмілелер бойынша талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке жазуды жүзеге асыру нәтижелері бойынша айқындалған және ағымдағы күні орындалуға тиіс таза позициялар (нетто-талаптар және (немесе) нетто-міндеттемелер) негізінде сауда-саттық қорытындылары бойынша;
      3) қаржы құралдарын сатып алу-сату мәмілелерін орындау қор биржасына қызмет көрсететін клиринг ұйымы қолданатын өзге принциптер, әдістер мен тәсілдер бойынша жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 октября 2008 года № 170 "Об утверждении Правил осуществления деятельности организатора торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 июня 2013 года № 159. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 августа 2013 года № 8608

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 октября 2008 года № 170 «Об утверждении Правил осуществления деятельности организаторов торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5406, опубликованное 14 января 2009 года в газете «Юридическая газета» № 5 (1602) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах осуществления деятельности организатора торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. В Правилах осуществления деятельности организаторов торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами (далее – Правила) используются основные понятия, указанные в Законе Республики Казахстан от 2 июля 2003 года «О рынке ценных бумаг», а также следующие понятия:
      1) информационная система котировочной организации внебиржевого рынка ценных бумаг (далее - котировочная организация) - система обмена котировками ценных бумаг, эксплуатацию и поддержание которой осуществляет котировочная организация;
      2) котировка двусторонняя - котировка, включающая в себя как цену покупки, так и цену продажи финансового инструмента;
      3) исполнение сделки с финансовым инструментом (исполнение сделки) - осуществление расчетов по сделке с финансовым инструментом путем исполнения сторонами этой сделки вытекающих из нее обязательств;
      4) система подтверждения фондовой биржи (система подтверждения) - программно-технический комплекс фондовой биржи, позволяющий подключенным к нему лицам получать сведения о сделках с финансовыми инструментами, заключаемых или заключенных в торговой системе от имени данных лиц, по поручению данных лиц либо в интересах данных лиц или их клиентов, и на основе обработки полученных сведений передавать фондовой бирже подтверждения таких сделок (сообщения о соответствии условий заключаемых или заключенных сделок условиям, на которых или при которых такие сделки должны или могли быть заключены) либо отказы от подтверждения таких сделок;
      5) официальный список фондовой биржи (официальный список) - часть списка фондовой биржи, для включения в который и нахождения в котором финансовые инструменты и эмитенты данных финансовых инструментов соответствуют листинговым требованиям;
      6) торговая система фондовой биржи - комплекс материально-технических средств, внутренних документов фондовой биржи и иных необходимых активов и процедур, с использованием которых заключаются сделки с эмиссионными ценными бумагами и иными финансовыми инструментами между членами данной фондовой биржи;
      7) трейдер фондовой биржи - физическое лицо, уполномоченное на заключение сделок и выполнение иных действий от имени члена фондовой биржи с использованием торговой системы данной фондовой биржи;
      8) лот - это:
      единица торговли финансовым инструментом;
      количество финансового инструмента, которому равен или кратен размер заявки по данному финансовому инструменту;
      9) маркет-мейкер - член фондовой биржи, признанный фондовой биржей в качестве маркет-мейкера и принявший на себя обязательство объявлять и поддерживать котировки по финансовому инструменту в соответствии с внутренними документами фондовой биржи;
      10) инициатор допуска - организация, по инициативе которой финансовые инструменты допускаются к обращению в торговой системе фондовой биржи или в информационной системе котировочной организации;
      11) торговая площадка - часть торговой системы фондовой биржи, отличающаяся от ее других частей специфическими требованиями к участникам торгов и обращающимся финансовым инструментам, а также условиями заключения сделок с финансовыми инструментами и их исполнения;
      12) обращение в торговой системе - возможность того или иного финансового инструмента быть предметом сделки, заключаемой в торговой системе фондовой биржи;
      13) торговый день - установленный фондовой биржей период для всех финансовых инструментов или для их отдельных групп в пределах календарного дня, в течение которого могут заключаться сделки с финансовыми инструментами в ее торговой системе;
      14) участник торгов - член фондовой биржи, допущенный к заключению сделок с использованием торговой системы данной фондовой биржи и принимающий участие в организованных ею торгах;
      15) торговая сессия - часть торгового дня;
      16) организатор торгов - фондовая биржа или котировочная организация;
      17) поставка против платежа - метод исполнения сделок с финансовыми инструментами, при котором исполнение обязательств одной стороной сделки по поставке финансового инструмента невозможно без исполнения другой стороной сделки встречных обязательств по поставке денег и (или) иных финансовых инструментов, либо при котором исполнение обязательств стороной сделки по поставке финансовых инструментов невозможно без исполнения ее встречных требований по получению денег и (или) иных финансовых инструментов;
      18) уполномоченный орган - Комитет по контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций Национального Банка Республики Казахстан.»;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. Помимо условий, предусмотренных пунктом 6 Правил, члены фондовой биржи:
      1) заключают сделки на проводимых фондовой биржей торгах с финансовыми инструментами только на принципах справедливой и равноправной торговли, не ущемляя интересы других членов фондовой биржи, эмитентов ценных бумаг и инвесторов;
      2) своевременно, полностью и наиболее оптимальным способом исполняют сделки, заключенные ими на проводимых фондовой биржей торгах с финансовыми инструментами, а также иные обязательства в соответствии с законодательством Республики Казахстан о рынке ценных бумаг и внутренними документами фондовой биржи;
      3) в своей деятельности руководствуются правилами этики фондовой биржи и принципами добросовестной конкуренции в отношении других членов фондовой биржи (их клиентов), своих клиентов и фондовой биржи, а также не оказывают прямого и косвенного воздействия на них в целях изменения их рыночного поведения.»;
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Внутренними документами фондовой биржи предусмотрены условия и порядок приостановления или прекращения членства. Внутренними документами котировочной организации предусмотрены условия и порядок временного или постоянного исключения из информационной системы котировок, объявленных клиентами данной котировочной организации.
      Приостановление или прекращение действия лицензии на осуществление брокерской и (или) дилерской деятельности на рынке ценных бумаг (далее - лицензия), ранее выданной данному брокеру и (или) дилеру, является основанием для приостановления или прекращения его членства на всех фондовых биржах, временного или постоянного исключения из информационных систем всех котировочных организаций объявленных им котировок.
      Уполномоченный орган уведомляет организатора торгов о приостановлении или прекращении действия лицензии в день принятия соответствующего решения.
      Фондовая биржа отстраняет брокера и (или) дилера от участия в проводимых ею торгах финансовыми инструментами с даты получения указанного уведомления уполномоченного органа, за исключением такого участия в целях исполнения ранее заключенных им сделок или исполнения ранее возникших его обязательств.
      Фондовая биржа приостанавливает или прекращает членство брокера и (или) дилера, действие лицензии которого было приостановлено или прекращено, с даты получения уведомления уполномоченного органа о доведении его решения до сведения указанного брокера и (или) дилера.
      Котировочная организация исключает из информационной системы все котировки, объявленные брокером и (или) дилером, действие лицензии которого было приостановлено или прекращено, с даты получения указанного уведомления.»;
      пункт 43 изложить в следующей редакции:
      «43. По каждому отдельному финансовому инструменту статус маркет-мейкера присваивается одному или нескольким брокерам и (или) дилерам – членам фондовой биржи.
      Порядок присвоения брокеру и (или) дилеру - члену фондовой биржи статуса маркет-мейкера включает следующие требования и процедуры:
      1) рассмотрение вопроса о присвоении члену фондовой биржи статуса маркет-мейкера осуществляется на основании письменного заявления данного члена фондовой биржи о присвоении статуса маркет-мейкера;
      2) решение о присвоении статуса маркет-мейкера или мотивированный отказ в присвоении такого статуса оформляется в виде письменного уведомления в течение трех календарных дней со дня получения заявления, указанного в подпункте 1) настоящего пункта, и доводится фондовой биржей до сведения члена фондовой биржи, подавшего данное заявление.»;
      дополнить пунктами 43-1 и 43-2 в следующей редакции:
      «43-1. Письменное заявление члена фондовой биржи о присвоении статуса маркет-мейкера содержит:
      1) наименование финансового инструмента (из числа финансовых инструментов, сделки с которыми он имеет право заключать на проводимых фондовой биржей торгах согласно категории его членства на фондовой бирже), по которому брокер и (или) дилер - член фондовой биржи намерен выполнять функции маркет-мейкера;
      2) дату, начиная с которой брокер и (или) дилер - член фондовой биржи намерен выполнять функции маркет-мейкера.
      Письменное уведомление фондовой биржи о присвоении статуса маркет-мейкера содержит сведения о дате, начиная с которой на брокера и (или) дилера - члена фондовой биржи, подавшего заявление, указанное в подпункте 1) пункта 43 Правил, возлагается исполнение обязанностей маркет-мейкера.
      Исполнение обязанностей маркет-мейкера означает принятие брокером и (или) дилером - членом фондовой биржи на себя обязательств по соблюдению всех требований, предъявляемых к маркет-мейкерам (выполнению всех функций, возлагаемых на маркет-мейкеров) законодательством Республики Казахстан о рынке ценных бумаг и внутренними документами фондовой биржи.
      43-2. Фондовая биржа принимает решение об отказе брокеру и (или) дилеру - члену фондовой биржи в присвоении ему статуса маркет-мейкера, при возникновении одного из следующих оснований:
      1) несоответствие заявления брокера и (или) дилера - члена фондовой биржи требованиям пункта 43-1 Правил;
      2) несоблюдение брокером и (или) дилером - членом фондовой биржи норм законодательства Республики Казахстан о рынке ценных бумаг и (или) внутренних документов фондовой биржи;
      3) систематического (два и более раза в течение двенадцати последовательных месяцев) неисполнения брокером и (или) дилером - членом фондовой биржи его обязанностей маркет-мейкера по финансовым инструментам других наименований.»;
      пункты 4445 и 46 изложить в следующей редакции:
      «44. Маркет-мейкеры соблюдают следующие требования:
      1) объявляют и поддерживают двусторонние (в течение торгового дня) котировки по финансовым инструментам, по которым им присвоен статус маркет-мейкера в соответствии с внутренними документами фондовой биржи. Котировки могут объявляться и поддерживаться как за собственный счет маркет-мейкеров, так и за счет их клиентов (в соответствии с поручениями клиентов).
      Указанные котировки не могут отличаться от цен ранее заключенных в торговой системе сделок с данными финансовыми инструментами более чем на величину, установленную внутренними документами фондовой биржи;
      2) обеспечивают спрэды (различия) между объявленными ими ценами покупки и продажи финансовых инструментов, по которым им присвоен статус маркет-мейкера, не превышающие величины, установленной внутренними документами фондовой биржи;
      3) соблюдают иные требования, установленные внутренними документами фондовой биржи.
      45. Допускается изменение маркет-мейкером объявленных им двусторонних котировок по финансовым инструментам, по которым ему был присвоен статус маркет-мейкера, в любой момент торговой сессии в порядке, определенном внутренними документами фондовой биржи.
      46. Присвоение статуса маркет-мейкера:
      1) не накладывает на брокера и (или) дилера – члена фондовой биржи каких-либо обязанностей и ограничений в отношении иных финансовых инструментов, помимо тех, по которым ему присвоен статус маркет-мейкера, в торгах, с которыми он имеет право принимать участие;
      2) не предоставляет брокеру и (или) дилеру - члену фондовой биржи каких-либо прав в отношении иных финансовых инструментов, помимо тех, по которым ему присвоен статус маркет-мейкера, в торгах, с которыми он имеет право принимать участие.»;
      дополнить пунктом 46-1 следующего содержания:
      «46-1. Фондовая биржа принимает решение о лишении ее члена статуса маркет-мейкера по финансовому инструменту, при возникновении одного из следующих оснований:
      1) изменения законодательства Республики Казахстан о рынке ценных бумаг и (или) внутренних документов фондовой биржи, препятствующее дальнейшей деятельности данного брокера и (или) дилера - члена фондовой биржи в качестве маркет-мейкера;
      2) возникновение ситуаций, которые делают невозможным дальнейшее обращение финансовых инструментов в торговой системе фондовой биржи;
      3) несоблюдение брокером и (или) дилером - членом фондовой биржи норм законодательства Республики Казахстан о рынке ценных бумаг, внутренних документов фондовой биржи;
      4) неисполнение брокером и (или) дилером - членом фондовой биржи его обязанностей маркет-мейкера по финансовым инструментам любого наименования;
      5) добровольного отказа брокера и (или) дилера – член фондовой биржи от статуса маркет-мейкера и предоставление им фондовой бирже соответствующего письменного заявления о добровольном отказе.
      Фондовая биржа в течение трех календарных дней принимает решение о лишении ее члена статуса маркет-мейкера по основанию, предусмотренному подпунктом 5) настоящего пункта только при условии выполнения данным членом требования, установленного пунктом 47 Правил.
      Решение фондовой биржи о лишении брокера и (или) дилера - члена фондовой биржи статуса маркет-мейкера оформляется в виде письменного извещения и в течение трех календарных дней со дня его принятия доводится фондовой биржей до сведения данного брокера и (или) дилера - члена фондовой биржи.
      Письменное извещение фондовой биржи о лишении брокера и (или) дилера - члена фондовой биржи статуса маркет-мейкера содержит сведения о дате, начиная с которой данный брокер и (или) дилер - член фондовой биржи освобождается от исполнения обязанностей маркет-мейкера по финансовому инструменту.»;
      пункты 4748 и 49 изложить в следующей редакции:
      «47. В случае добровольного отказа брокера и (или) дилера – члена фондовой биржи от статуса маркет-мейкера по финансовому инструменту фондовая биржа принимает решение о его лишении статуса маркет-мейкера по финансовому инструменту, но не ранее чем по истечении тридцати торговых дней со дня присвоения данному брокеру и (или) дилеру – члену фондовой биржи статуса маркет-мейкера по данному финансовому инструменту.
      48. Фондовая биржа уведомляет уполномоченный орган и других брокеров и (или) дилеров – членов данной фондовой биржи о начале (прекращении) выполнения брокером и (или) дилером - членом фондовой биржи функций маркет-мейкера, в день направления соответствующего уведомления о присвоении (лишении) статуса маркет-мейкера данному члену фондовой биржи.
      49. Сбой в работе торговой системы является основанием для освобождения участника торгов от обязательств по заключению сделок с финансовыми инструментами, вытекающих из котировок (заявок), объявленных им до наступления сбоя, при условии представления им администратору торговой системы уведомления о необходимости его освобождения от вышеуказанных обязательств, с указанием котировок (заявок), подлежащих удалению из торговой системы. Данное уведомление оформляется в письменном виде, регистрируется в журнале исходящей документации участника торгов и отправляется почтой и (или) нарочно, и (или) электронной почтой, и (или) факсимильным, и (или) телексным, и (или) телеграфным сообщением или иными возможными видами связи в момент возникновения основания отправки такого уведомления.
      Решение об отказе в освобождении или освобождении от обязательств участника торгов принимается администратором торговой системы.
      В случае принятия решения об освобождении администратор торговой системы удаляет из торговой системы все котировки (заявки) данного участника торгов, указанные в уведомлении.»;
      заголовок главы 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Система подтверждения фондовой биржи»;
      пункты 5354 и 55 изложить в следующей редакции:
      «53. Кастодианы, обслуживающие накопительные пенсионные фонды, инвестиционные фонды, специальные финансовые компании Республики Казахстан, подключаются к системе подтверждения фондовой биржи с целью осуществления контроля за целевым размещением (использованием) активов указанных клиентов.
      54. Сделка с финансовыми инструментами, которая была заключена по торговому счету, предназначенному для заключения сделок в интересах и за счет пенсионных активов, активов акционеров или держателей паев инвестиционного фонда, выделенных активов специальной финансовой компании, и которая не была подтверждена обслуживающим кастодианом (по которой поступил отказ кастодиана от подтверждения либо подтверждение не поступило в сроки, установленные внутренними документами фондовой биржи), не подлежит исполнению за счет указанных активов накопительного пенсионного фонда, инвестиционного фонда или специальной финансовой компании.
      Сделка с финансовыми инструментами, которая не была подтверждена обслуживающим пользователем системы подтверждения (по которой поступил отказ от подтверждения либо подтверждение не поступило в сроки, установленные внутренними документами фондовой биржи), исполняется за счет собственных активов заключившего ее члена фондовой биржи в порядке и на условиях, установленных гражданским законодательством Республики Казахстан и внутренними документами фондовой биржи.
      55. Порядок исполнения сделок с финансовыми инструментами, заключенных в торговой системе фондовой биржи, определяется ее внутренними документами, которые содержат, помимо иных возможных условий, следующие условия по сделкам с финансовыми инструментами:
      1) исполнение сделок с ценными бумагами осуществляется в системе учета центрального депозитария в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан о рынке ценных бумаг и сводом правил центрального депозитария;
      2) исполнение сделок купли-продажи финансовых инструментов осуществляется по принципу «поставка против платежа» одним из следующих способов:
      в режиме реального времени, на основании каждой отдельной сделки без проведения взаимозачета требований и обязательств по другим сделкам членов фондовой биржи в порядке очередности их регистрации в торговой системе;
      по итогам торгов, на основании чистых позиций (нетто-требований и (или) нетто-обязательств), определенных по результатам осуществления взаимозачета требований и обязательств по ранее заключенным отдельным членом фондовой биржи сделкам, и подлежащих исполнению в текущий день;
      3) исполнение сделок купли-продажи финансовых инструментов осуществляется по иным принципам, методам и способам, применяемым клиринговой организацией, обслуживающей фондовую биржу.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Акционерному обществу «Казахстанская фондовая биржа» в течение шестидесяти календарных дней со дня введения в действие настоящего постановления привести свои внутренние документы в соответствие с требованиями настоящего постановления.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко