Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а 12.12.2014 № 83 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Орналастыру орындарының қызметi туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0951102, индексi 2-туризм, кезеңдiлiгi тоқсандық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Орналастыру орындарының қызметi туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 0951102, индексi 2-туризм, кезеңдiлiгi тоқсандық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0962104, индексi Н-050, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 0962104, индексi Н-050, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Келушiлердi зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0972103, индексi Н-060, кезеңдiлiгi жартыжылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Келушiлердi зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 0972103, индексi Н-060, кезеңдiлiгi жартыжылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. «Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 212 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7902 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтардағы № 34-38 (27977) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 186 бұйрығына 1-қосымша |
||||||||||||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Приложение 1 к приказу Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 12 августа 2013 года № 186 |
||||||||||||||||||||||
Аумақтық статистика органына тапсырылады |
|
||||||||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады |
|||||||||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады. |
|||||||||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 0951102 |
Орналастыру орындарының қызметі туралы есеп |
||||||||||||||||||||||
2-туризм |
Отчет о деятельности мест размещения |
||||||||||||||||||||||
Тоқсандық |
Есепті кезең |
Тоқсан |
жыл |
||||||||||||||||||||
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің – 55 кодына сәйкес тұратын орынды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсiпкерлер тапсырады. |
|||||||||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 25-күні. |
|||||||||||||||||||||||
БСН коды |
1. Орналастыру орындары туралы жалпы мәліметтер
Общие сведения о месте размещения
1.1 Орналастыру орындарының нақты орналасқан жерін көрсетіңіз (ауыл, аудан, қала) көрсетіңіз
Укажите фактическое местонахождение места размещения (село, район,
город)
ӘАОЖ1 коды (статистикалық нысанды қағаз тасығышта тапсыру кезінде статистика органының қызметкерлері толтырады) |
||||||||||
1.2 Орналастыру орнының бірегей коды2 |
||||||||||
1.3 Сіздің орналастыру орныңыз жататын курорттық аймақтың реттік нөмірін көрсетіңіз3 |
||||||||||
2. Орналастыру орындарының сипаттамасы |
||||||||||
«v» белгісімен жауаптың тиісті нұсқасы белгіленеді |
А. Орналастыру орнының түрі: |
2.1 мейрамханасы бар қонақ үй |
2.2 мейрамханасы жоқ қонақ үй |
2.3 демалыс үйі |
||||||
2.4 мотель |
2.5 демалыс пансионаты |
2.6 балалар лагері |
|||||||
2.7 бірқабатты бунгало, ауылдық үйлер (шале), коттедждер, шағын үйлер және пәтерлер |
|||||||||
2.8 трейлерлік парктер, ойын-сауық қалашықтары, қысқа мерзімді орналастыру үшін аң аулайтын және балық аулайтын жерлер |
|||||||||
2.9 туристік база |
2.10 кемпинг |
2.11 баспананың өзге түрлері |
|||||||
Б. Қонақ үй дәрежелері: |
1.1 * (1 жұлдызды) |
1.2 ** (2 жұлдызды) |
1.3 *** (3 жұлдызды) |
||||||
1.4 **** (4 жұлдызды) |
1.5 ***** (5 жұлдызды) |
1.6 санаты жоқ қонақ үй |
___________________
1 ӘАОЖ – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші.
КАТО – Классификатор административно-территориальных объектов, размещенный на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по статистике www.stat.gov.kz
2 Орналастыру орнының тіркеліміне (тізіліміне) сәйкес.
Согласно регистра (реестр) мест размещения.
3 Курорттық аймақтың реттік нөмірі осы статистикалық нысанның қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
Порядковый номер курортной зоны указывается согласно приложению к настоящей статистической форме.
3. Орналастыру орындары туралы келесі ақпаратты көрсетіңіз
Укажите следующую информацию по местам размещения
|
|
4. Келушілер сапарының мақсаттары және келушілердің болу ұзақтығы4
Цели поездок посетителей и продолжительность пребывания посетителей
Елдердің атауы |
Барлығы, адам |
Соның ішінде сапар мақсаттары бойынша: |
1-бағаннан туристтер (түнеуші келушілер) |
Ұсынылған тәулік-төсек, тәулік-төсек |
|||
жеке |
іскерлік және кәсіби |
жұмысқа орналасу |
|||||
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Барлығы |
||||||
1.1 |
Резиденттер (Қазақстан Республикасы) |
||||||
1.1.1 |
одан жергілікті тұрғындар |
Х |
Х |
Х |
Х |
||
1.2 |
Резидент еместер |
||||||
________________________
4 Қажет болған жағдайда қосымша парақтарда жалғастырыңыз.
При необходимости продолжите на дополнительных листах.
5. Маусымдық орналастыру орындары үшін маусымның ашылу және жабылу күні мен айы (егер Сіз осы тоқсанда жұмыстың маусымдылығына байланысты орналастыру орнының жұмысын тоқтата тұруды жоспарласаңыз, онда 5.1-тармақта орналастыру орнының жабылуының болжамды күнін, ал 5.2-тармақта орналастыру орнының жұмысының қайтадан бастаудың болжамды күнін көрсетіңіз. Егер осы тоқсанда Сіздің орналастыру орныңыз таратылса, онда 5.3-тармақта таратудың болжамды күнін көрсетіңіз.
Дата и месяц закрытия и открытия сезона для сезонных мест размещения (если в текущем квартале Вы планируете временно приостановить работу места размещения, в связи с сезонностью работы, то укажите, пожалуйста, примерную дату закрытия места размещения в пункте 5.1., а в пункте 5.2 укажите примерную дату возобновления работы места размещения. Если в текущем квартале Ваше место размещения будет ликвидировано, то укажите примерную дату ликвидации в пункте 5.3)
5.1 маусымның жабылуы |
күні |
айы |
||||
5.2 маусымның ашылуы (болжамды күні) |
күні |
айы |
||||
5.3 орналастыру орындарын тарату |
күні |
айы |
Атауы Мекенжайы
Наименование ______________________ Адрес ___________________________
___________________________________ Телефон _________________________
Телефон ___________________________
Электрондық почта мекенжайы
Адрес электронной почты _____________________________________________
Орындаушы
Исполнитель __________________________ ______________________________
аты-жөні телефон
фамилия
Басшы
Руководитель ______________________________ _________________________
тегі, аты және әкесінің аты қолы
фамилия, имя и отчество подпись
Бас бухгалтер
Главный бухгалтер ___________________________ _______________________
тегі, аты және әкесінің аты қолы
фамилия, имя и отчество подпись
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
Место для печати (при наличии)
«Орналастыру орындарының
қызметі туралы есеп» статистикалық
нысанына (коды 0951102, индексі
2-туризм, кезеңділігі тоқсандық)
қосымша
Қазақстанның курорттық аймақтары
1) Шортанды-Бурабай курорттық аймағы;
2) Алматы курорттық аймағы;
3) Баянауыл курорттық аймағы;
4) Қарқаралы курорттық аймағы;
5) Кендірлі курорттық аймағы;
6) Сарыағаш курорттық аймағы;
7) Қостанай курорттық аймағы;
8) Алтай курорттық аймағы;
9) Алакөл курорттық аймағы;
10) Зеренді курорттық аймағы;
11) Балқаш көлінің жағалық аймағы;
12) Бұқтырма курорттық аймағы;
13) Улан курорттық аймағы:
13.1) Сібі көлдері;
13.2) "Окуньки" демалыс аймағы
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2013 жылғы 12 тамыздағы
№ 186 бұйрығына
2-қосымша
«Орналастыру орындарының қызметі туралы есеп»
(коды 0951102, индексі 2-туризм, кезеңділігі тоқсандық)
жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық
нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Орналастыру орындарының қызметі туралы есеп» (коды 0941104, индексі 2-туризм, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Орналастыру орындарының қызметі туралы есеп» (коды 0941104, индексі 2-туризм, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының толтырылуын нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;
2) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
3) маусымдық қызметкерлер - табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкiл күнтiзбелiк жылда емес, алты айдан аспайтын белгiлi бiр кезең (маусым) iшiнде жұмыс атқаратын қызметкерлер;
4) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
5) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға.
3. Статистикалық нысан бухгалтерлік құжаттар мен алғашқы есепке алу құжаттары деректерінің негізінде толтырылады.
4. Келушіге өзінің әдетте тұратын жерінің шегінен тыс орналасқан қандай-да бір негізгі орынға бір жылдан аз мерзімге кез-келген мақсатта (іскерлік сапар, демалыс немесе өзге де жеке мақсат) сапар жасайтын саяхатшы жатады.
Келуші (ішкі, келу және шығу) турист (немесе түнеуші) және біркүндік келуші (немесе экскурсант) ретінде жіктеледі.
Сондықтан келушілер турист (немесе түнеуші келуші) және біркүндік келуші (немесе экскурсант) болып бөлінеді.
Соның ішінде келушілердің ішінен келесі тұлғаларды алып тастау ұсынылады:
1) болу елінде тіркелінген, кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатымен шекарадан өту кезінде;
2) шетелге қатынайтын көлік құралдарына қызмет көрсететін персонал;
3) өз тұрақты тұратын елін ауыстыратындар.
5. 2-бөлімнің А-тармағының 2.3-тармақшасындағы демалыс үйіне регламенттелген режимдегі сауықтыру - алдын-алу сипатындағы қызметтерді ұсынумен демалысқа арналған жағдайды қамтамасыз ететін, рекреациялық аймақта орналасқан орналастыру орны жатады.
2.4-тармақшасындағы мотель ретінде автостраданың бойында орналасқан немесе туристік орталықтың құрамына кіретін автотуристерге арналған қонақ үй танылады.
2.5-тармақшасында жайлылығы едәуір аз, әдетте демалысқа арналған жағдайды қамтамасыз ететін, рекреациялық аймақта орналасқан, маусымдық сипатта жұмыс істейтін орналастыру орны көрсетіледі.
2.6-тармақшасында балалардың белсенді демалуына арналған маусымдық сипатта жұмыс істейтін орналастыру орны көрсетіледі.
2.7-тармақшасында асхана жабдығы бар немесе толықтай ас үймен жабдықталған, тамақтануға, тұруға және ұйықтауға арналған, толық жабдықталған бөлмелерден тұратын жеке оқшауланған үй-жайлар көрсетіледі.
2.9-тармақшасындағы туристік база ретінде туристерге түнейтін орындардың жоспарлы бағыттарын (бос орындар болғанда және жолдамасы жоқ туристерге), тамақтандыруды ұсынатын және оларға туристік-экскурсиялық, мәдени-тұрмыстық және денешынықтыру-сауықтыру қызметін көрсетуді қамтамасыз ететін орналастыру орны танылады.
2.10-тармақшасында кемпинг автотуристер үшін тұрақпен, дәретханамен және шатырларға арналған орындармен немесе жеңіл типтегі үйлермен жабдықталған орнын білдіреді.
2.11-тармақшасына жаз маусымы кезінде келушілерге берілетін, бір орындық немесе жалпы бөлмедегі немесе жатақханалардағы уақытша баспана қосылады.
6. 2-бөлімнің Б-тармағының 1.1-тармақшасында 1 жұлдызды санатындағы қонақ үй тұратындарды орналастыру үшін ең қажет деген қызмет түрлері ғана қарастырылған шағын мекемелер, мекеменің өзі ұйымдастырған, келушілерді орналастыру мен тамақтандыру сияқты базалық қызмет түрлерін ұсынуды білдіреді.
1.2-тармақшасындағы 2 жұлдызды санатындағы қонақ үйге тұратындарға қызметтердің стандартталған жиынтығын ұсынатын, соның ішінде қонақ үй аумағында мейрамханалар немесе кафелерде тамақтандыру қызметімен қоса, дербес сантораптармен жабдықталған бөлмелерді ұсынатын шағын және орта мекемелер жатады.
1.3-тармақшасында 3 жұлдызды санатындағы қонақ үй тұратындарға қызметтердің кең ауқымды жиынтығын көрсететін, соның ішінде мейрамхана (қонақ үйде орналасқан меймандардан басқа да тұтынушыларға ұсынады) мен бар, бизнес-орталық қызметтерін көрсетумен қатар, жеке телефонмен және дәретханалық керек-жарақтар ұсынылған, дербес сантораптарымен жабдықталған бөлмелерді тазалау қызметтерін көрсететін орта мекемені есептейді.
1.4-тармақшасында 4 жұлдызды санатындағы қонақ үй сапалы жиһазбен жабдықталған, бірыңғай дизайнмен безендірілген; кең жатын бөлмелері бар нөмірлерге тәулік бойы қызмет көрсету; химиялық тазарту мен такси; жоғары деңгейлі асханасы бар мейрамхана қызметтері қызмет түрлерін жоғары деңгейде көрсететін орта және ірі мекемелерін көрсетеді.
1.5-тармақшасында 5 жұлдызды санатындағы қонақ үй халықаралық стандарттар деңгейінде қызметтер ұсынатын, жайлы жағдайда тұруға толығымен жабдықталған бөлмелері бар, жаттығу залдары, жүзу бассейндері, жеке кабинеттері мен банкет және мәжіліс-залдары қызметтерін ұсынатын, арнайы дайындықтан өткен үздіксіз қызмет көрсетуді және мейрамхананың жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз ететін қызметкерлері бар орта және ірі мекемелерді білдіреді.
1.6-тармақшасында келушілерді орналастырудан басқа қызмет түрлерін ұсынбайтын, қызметі шектеулі шағын мекеме есепке алынады.
7. 3–бөлімнің 1-жолында орташа алғанда бір тоқсандағы қызметкерлердің тізімдік саны ұйымның орташа алғанда тоқсандағы жұмыс істеген барлық айларындағы қызметкерлердің тізімдік санын қосу және алынған санды үшке бөлу жолымен анықталады.
3-жолдың орналастыру орындарын ұсыну бойынша көрсетілген қызмет көлемі көрсетіледі. Егер тұру құны келуші таңғы асты пайдаланған немесе пайдаланбағанына байланыссыз, тұру құны таңғы асты тиісті тарифтің ажырамас бөлігі ретінде қамтыса, онда таңғы ас ұсынумен тұру бойынша көлемді қосылған құнға салықты (бұдан әрі – ҚҚС) ескерусіз, бір ондық белгімен, мың теңгеде келтіріледі.
4-жол бойынша қонақ үй бөлмесі бір, екі және одан да көп бөлмеден тұратын, оқшауланған, жиһазбен жабдықталған, уақытша тұруға тапсырылатын тұрғын үй-жайды білдіреді.
4.1-жол бойынша апартамент негізінде алаңы 40 шаршы метрден кем емес, екi не одан да көп (қонақ үй (асхана), жатын бөлме) бөлмеден тұратын, асхана жабдығы бар орналастыру орнындағы нөмiр танылады.
4.2-жол бойынша люкс классты бөлме алаңы 35 шаршы метрден кем емес, екі тұрғын бөлмеден (қонақ бөлмесі және жатын бөлме) тұратын, бір (екі) адамның тұруына арналған орналастыру орнындағы нөмірді білдіреді.
4.3-жол бойынша стандарт бөлмеге бір тұрғын бөлмеден, бір (екі) төсегі бар, толық санитарлық тораппен (ванна/душ, қолжуғыш, унитаз) қамтылған бір (екі) адам тұруға есептелген орналастыру орнындағы бөлме жатады.
4.4-жол бойынша жайлылығы жоқ бөлмелерге тұру бойынша ең төмен қызмет пакеттерін ұсынатын, жайлылығы төмен деңгейдегі бөлмелер жатады.
5-жол бойынша бір жолғы сыйымдылық барлық бөлмелердегі белгіленген тұрақты төсек саны бойынша анықталады. Бөлмелердегі уақытша (қосымша) орындар мен тікелей мақсатта үнемі пайдаланылмайтын орындар есепке алынбайды.
6-жолда «өткізілген бөлмелер саны» көрсеткіші есепті кезеңде өткізілген бөлмелер санын білдіреді - қонақ үйде 5 бөлме бар, 2 жанұялық жұп 2 бөлмені 7 күнге жалға алды, бұл жағдайда өткізілген бөлмелер саны 2 бөлмені 7 күнге беруіне көбейтіледі, ол 14 өткізілген бөлмеге тең.
7-жолда таңғы аспен тәулік-төсектің орташа құны көрсеткіші - орналастыру орындарында ұсынылған бөлмелерден түскен табыстың жалпы сомасының тәулік-төсек санына қатынасы (ондық сансыз ҚҚС есебімен теңгеде). Егер тәулік-төсектің орташа құнына таңғы ас кірсе тиісті тарифтің ажырамас бөлігі ретінде қамтыса, пайдаланған немесе пайдаланбағанына байланыссыз, онда тәулік-төсектің орташа құнын таңғы аспен көрсету керек.
8. 4-бөлімнің 2-бағанындағы жеке мақсаттарға іскерлік және кәсіби мақсат ретінде жіктелмейтін, туристік сапардың барлық мақсаттары жатады. Оған сапардың келесі мақсаттары жатады: демалыс және бос уақыт, достар мен туыстарға бару, білім алу және кәсіби дайындық, емдік және сауықтыру емшаралары, дін (қажылық), дүкендерді аралау, транзит, өзге де мақсаттар.
3-бағанындағы іскерлік және кәсіби мақсаттар егер келген елінде немесе орнында өндіруші-резидентпен анық немесе тұспалданатын еңбек жалгерлік қатынастардың белгілері болмаса, өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалардың және жалдамалы жұмыскерлердің қызметі, инвесторлардың, бизнесмендердің қызметін көрсетеді. Оған жатады: кеңестерге, конференцияларға немесе конгрестерге, сауда жәрмеңкелеріне, көрмелерге қатысу, дәрістер оқу, концерттер, қойылымдар мен спектакльдер қою, ғылыми қолданбалы немесе іргелі зерттеулерге қатысу, туристік саяхаттар бағдарламаларын құрастыру, орналастыру және көлік қызметтері бойынша қызметтерді ұсынуға шарттар жасау, резидент еместер агенттіктер мүддесінде (келген елінің немесе орынның) гидтердің немесе туризм саласының басқа қызметкерлері ретіндегі жұмыс, кәсіби спорттық іс-шараларға қатысу, ресми немесе бейресми кәсіби дайындық курстарына өндірістен қол үзбей қатысу, жеке көлік құралдарына (корпоративті ұшақ, яхта) экипаж/команда құрамында жұмыс және тағы басқа.
4-бағанында жұмысқа орналасу негізгі мақсаты кәсіпорынға жұмысқа орналасу және жұмыс шығындарына өтемақыны алу болып табылатын саяхатшы жасаған сапар ретінде танылады.
6-бағанында тұрақты орындардың қолданылған саны көрсетіледі және тұратындарды есепке алу кітабы негізінде анықталады.
1.1.1-жолында жергілікті тұрғын бұл белгілі бір орында бір немесе одан да көп болған немесе болуды жоспарлаған тұлға.
Тоқсан ішінде деректерді жинаудың дәйектілігі үшін орналастыру орындарына қонақтардың орналастыру орнына келген кезде қонақтарды есепке алу карточкасын толтыруын немесе тұратындарды есептеу үшін күнделікті есепке алу кітабын неғұрлым келесі деректер бойынша жүргізу тәжірибеге енгізуді ұсынамыз: келушінің ТАӘ, бөлмеде тұратындар саны, олардың тұрғылықты тұратын орны/елі, сапардың мақсаты, келушінің келу және шығу күні және уақыты.
9. Осы нысанды тапсыру қағаз тасығышта және электронды форматта жүзеге асырылады. Нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Интернет-ресурсының (www.stat.gov.kz) «On-line есептер» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 186 бұйрығына 3-қосымша |
||||||||||||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Приложение 3 к приказу Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 12 августа 2013 года № 186 |
||||||||||||||||||||||
Аумақтық статистика органға тапсырылады |
|
||||||||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады |
|||||||||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 0962104 |
Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған
|
||||||||||||||||||||||
Н-050 |
Анкета обследования домашних хозяйств о расходах на поездки |
||||||||||||||||||||||
Жылдық |
Есепті кезең |
жыл |
|||||||||||||||||||||
Үй шаруашылығының мүшелерінен сұралады |
|||||||||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі – 30 наурыз. |
|||||||||||||||||||||||
1. Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша коды |
|||||||||||||||||||||||
2. Елді мекеннің түрі (қала, ауыл) |
|||||||||||||||||||||||
3. Үй шаруашылығының № |
|||||||||||||||||||||||
4. Үй шаруашылығының № |
|||||||||||||||||||||||
6. Сұхбат жүргізу күні |
күні |
айы |
жыл |
Құрметті респонденттер, келесі сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз.
Уважаемые респонденты, пожалуйста, ответьте на нижеследующие вопросы.
1. Сапар туралы жалпы деректер
Общие сведения о поездке
1.1. Сіз есепті кезеңде сапарға шықтыңыз ба? |
1) иә |
1.3 |
||||||||||
2) жоқ |
1.2 |
|||||||||||
1.2. Сіз есепті кезеңде қандай себептермен сапарға барған жоқсыз |
1) қаржылық себептер бойынша по финансовым причинам |
|||||||||||
2) отбасылық міндеттемелерге байланысты бос уақыттың болмауынан |
конец опроса |
|||||||||||
3) жұмыс немесе оқуға байланысты бос уақыттың болмауынан |
||||||||||||
4) денсаулыққа байланысты немесе қозғалудың шектеулігіне байланысты |
||||||||||||
1.3. Сапарға неше адам шыққанын көрсетіңіз |
1) барлығы |
1.4 |
||||||||||
1.1) оның ішінде әйелдер |
||||||||||||
1.2) «барлығы» тармағынан 15 жасқа дейінгі балалар |
||||||||||||
1.4. Сіз қайда сапарда болдыңыз |
1) ел ішінде (ауыл, аудан, қаланың атауын жазыңыз) |
1.5 |
||||||||||
2) шетелге (елдің атауын жазыңыз) |
1.6 |
|||||||||||
1.5. Бару орнына (бір жаққа) дейінгі шамалап алғандағы арақашықтықты көрсетіңіз, км |
1.6 |
|||||||||||
1.6. Сапарда болу ұзақтығы |
1) түнеумен (болған түндер санын көрсетіңіз) |
1.7 |
||||||||||
2) түнеусіз |
1.7 |
|||||||||||
1.7. Сіздің сапарыңыздың бір негізгі мақсатын көрсетіңіз. Егер сапар бірлескен болса (демалыс және дүкен аралау), онда осы үшін Сіз сапар жасаған мақсат – негізгі болып табылады. |
1) еңбек демалысы және демалыс |
1.8 |
||||||||||
2) туыстар мен достарға бару |
1.8 |
|||||||||||
3) білім алу және кәсіби дайындық |
1.8 |
|||||||||||
4) емдік және сауықтыру емшаралары |
1.8 |
|||||||||||
5) дін және қажылық |
1.8 |
|||||||||||
6) дүкендерді аралау |
1.8 |
|||||||||||
7) транзит |
1.8 |
|||||||||||
8) іскерлік және кәсіби мақсаттар |
1.8 |
|||||||||||
9) өзге де мақсаттар |
1.8 |
|||||||||||
1.8. Көліктің негізгі түрін көрсетіңіз (көліктің негізгі түрі – бұл Сіз көбірек жол жүріп өткен көлік) |
1) әуе көлігі |
1.9 |
||||||||||
2) су көлігі |
1.9 |
|||||||||||
3) теміржол көлігі |
1.9 |
|||||||||||
4) қалааралық автобус |
1.9 |
|||||||||||
5) жеке меншік автокөлік |
1.9 |
|||||||||||
6) жалға алынған автокөлік құралдары |
1.9 |
|||||||||||
7) көлік құралдарының өзге де түрлері |
1.9 |
|||||||||||
1.9. Халықаралық тасымалдарға көлік шығыстарының сомасын көрсетіңіз (туристік жолдама жоқ болған жағдайда), теңге |
1.10 |
|||||||||||
1.10. Сіз Қазақстан көлік компаниясының қызметін пайдалануыңыз ба? |
1) иә |
1.11 |
||||||||||
2) жоқ |
1.11 |
|||||||||||
1.11. Сіз тоқтаған негізгі орналастыру орнын көрсетіңіз. Егер Сіз бірнеше орналастыру орнында тоқтасаңыз, онда көбірек болған бір ғана орналастыру орнын көрсетіледі. |
1) қонақ үй |
1.12 |
||||||||||
2) мотель |
1.12 |
|||||||||||
3) санаторий |
1.12 |
|||||||||||
4) туристік база |
1.12 |
|||||||||||
5) демалыс үйі |
1.12 |
|||||||||||
6) қала сыртындағы үй |
1.12 |
|||||||||||
7) туыстар немесе таныстармен тегін ұсынылған орналасу |
1.12 |
|||||||||||
8) жалға алынған пәтер (үй) |
1.12 |
|||||||||||
9) өзге де орналастыру орны (өзге де орналасу орнының атауын көрсетіңіз) |
1.12 |
|||||||||||
1.12. Сіз осы сапарға туристік жолдаманы сатып алдыңыз ба? |
1) иә |
1.13 |
||||||||||
2) жоқ |
2 |
|||||||||||
1.13. Барлық туристік пакеттің құнын көрсетіңіз, теңге |
1.14 |
|||||||||||
1.14. Туристік жолдамаға кіретін қызмет көрсетулерге Сіздің шығыстарыңызды көрсетіңіз, теңгемен |
1) виза |
2 |
||||||||||
2) сақтандыру |
||||||||||||
3) көлік |
||||||||||||
4) орналастыру |
||||||||||||
5) өзге де қызметтер (саяхаттар, курстар, кіруге төлем, сауықтыру бағдарламалары және тағы басқалар) |
2. Туристік жолдама құнына кірмейтін шығыстарды көрсетіңіз, теңгемен
Укажите расходы, не включенные в стоимость туристкой путевки, в теңге
Атауы |
Сапарға дейін |
Сапар кезінде |
Барлығы |
|
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
1. |
Барлығы |
|||
1.1 |
Сіз паспорт, виза және өзгелерін алуға қанша ақша жұмсадыңыз? |
|||
1.2 |
Сапар кезіндегі сақтандыру Сізге қаншаға түсті? |
|||
1.3 |
Орналастыру орындарында тұруға Сіз қанша төледіңіз? |
|||
1.4 |
Көлік қызметтеріне Сіз қанша төлем төледіңіз? |
|||
1.5 |
Сіз тамақтануға қанша сома жұмсадыңыз? |
|||
1.6 |
Дүкендерде сауда жасауға Сіз қанша сома жұмсадыңыз? |
|||
1.7 |
Белгілі бір құндылығы бар бұйымдар: асыл металдар және тастар (гауһар тас, алтын, күміс және тағы басқа), антиквариат, көркем өнер туындылары және басқа құндылықтарды сатып алуға Сіз қанша төледіңіз? |
х |
||
1.8 |
Рекреациялық, мәдени және спорттық іс-шараларға Сіз қанша сома жұмсадыңыз? |
х |
||
1.9 |
Егер Сіз сапар кезінде емдік және сауықтыру емшараларын қабылдасаңыз, онда олардың құнын көрсетіңіз? |
х |
||
1.10. |
Өзге де шығыстар |
х |
Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасының 2013 жылғы
12 тамыздағы № 186 бұйрығына
4-қосымша
«Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы
зерттеу сауалнамасы» (коды 0962104, индексі Н-050, кезеңділігі
жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық
нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» (коды 0962104, индексі Н-050, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» (коды 0962104, индексі Н-050, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының толтырылуын нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
2) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға.
3. Зерттеу үй шаруашылықтарын немесе үй шаруашылығы мүшелерінен сұрау және мәліметтерді осы статистикалық нысанға жазу жолымен жүргізіледі.
Сұхбат тікелей респондентпен жүргізіледі. Сауалнама сұрақтарына 18 жастан үлкен респондент жауап береді. Сауалнама іріктемеге түскен әрбір жеке алынған үй шаруашылығына толтырылады.
Егер үй шаруашылығы бір жыл ішінде бірнеше сапарда болса, онда әрбір сапарға бөлек сауалнама толтырылады. Егер үй шаруашылығының мүшелері бір бірінен бөлек сапарда болса, онда әрбір сапарға бөлек сауалнама толтырылады.
Отбасының барлық мүшелерінің шығыстар көлемі (оның ішінде 15 жасқа дейінгі балалар) қосынды түрде көрсетіледі.
4. 1-бөлімнің 1.4-тармақта ішкі туризм кезінде 1-тармақшаны, ал шығу туризмінде 2-тармақшаны толтырады. Егер сапарда респонденттер екі немесе одан да көп орындарда болса немесе бірнеше елге барса, онда көбірек түнеген орын негізгі болу орны болып саналады. Ал барған жерлеріне бірдей күн түнеген болса, онда негізгі болу орны болып, респонденттің тұрғылықты тұру жерінен анағұрлым қашық орын саналады.
Келушіге өзінің әдетте тұратын жерінен тыс орналасқан қандай-да бір негізгі орынға бір жылдан аз мерзімге елде тіркелінген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатынан басқа, кез-келген мақсатта (іскерлік сапар, демалыс немесе өзге де жеке мақсат) сапар жасайтын саяхатшы жатады.
Келуші (ішкі, келу және шығу) турист (немесе түнеуші) және біркүндік келуші (немесе экскурсант) ретінде жіктеледі.
Сондықтан келушілер турист (немесе түнеуші келуші) және біркүндік келуші (немесе экскурсант) болып бөлінеді.
Келушілер санынан келесі тұлғаларды алып тасталынады:
1) болу елінде тіркелінген, кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатымен шекарадан өту кезінде;
2) шетелге қатынайтын көлік құралдарына қызмет көрсететін персонал;
3) өз тұрақты тұратын елін ауыстыратындар.
1.7-тармақтың 1-тармақшасындағы еңбек демалысы және демалыс көрнекті орындарды тамашалау, табиғи және көркемөнер объектілеріне, спорт немесе мәдени іс-шараларға бару, спорт түрлерімен кәсіби емес тұрғыдан (шаңғы, атпен серуендеу, гольф, теннис, су астында жүзу, серфинг, жаяу жорықтар, бағдарлар, альпинизм және тағы да басқалар) айналысу, жағажайларда демалу, жүзу бассейндерін және демалу мен ойын-сауықтың кез-келген орындарын пайдалану, круиздер, құмарлық ойындар, жастардың жазғы лагерьлеріне бару, демалыс үйлері, бал айын өткізу, таңдаулы мейрамханаларға бару, меншігіндегі немесе үй шаруашылығынан жалға алынған саяжай үйлерінде болу және тағы басқаларды қосады.
1.7-тармақтың 2-тармақшасындағы туыстар мен туыстарға баруда туыстар мен достарға бару, үйлену тойларына, жерлеу немесе кез-келген басқа отбасылық іс-шараларға бару, науқастарды немесе қарттарды қысқа мерзімді күту көрсетіледі.
1.7-тармақтың 3-тармақшасындағы білім алу және кәсіби дайындыққа жұмыс беруші немесе басқа да ұйымдар (тұлғалар) төлейтін қысқа мерзімді курстарға (бір жылдан аз) бару; (оқудың нақты бағдарламасынан өту (ресми немесе бейресми) немесе) ақылы оқу, тілді меңгеру, кәсіби немесе басқа да арнайы курстар, ғылыми демалыстар және тағы басқаларды қоса, ресми курстар көмегімен арнайы дағдыларды үйрену жатады.
1.7-тармақтың 4-тармақшасындағы емдік және сауықтыру емшараларына ауруханадан кейінгі емдеуді аяқтау үшін және медициналық пен әлеуметтік мекемелердің неғұрлым жалпы спектрі үшін аурухана, клиника, шипажай қызметтерін алу, медициналық жабдықтар мен қызметтерді қолдану арқылы косметологиялық хирургияны қоса, медициналық кеңес беруге негізделген, медициналық қызметтерді алу үшін теңіз, -спа және басқа курорттарға, сондай-ақ басқа да мамандандырылған мекемелерге бару жатады.
Емдік және сауықтыру емшаралары емдеу мекемесінде бір жыл немесе одан көп болуды талап ететін ұзақ емделу туризм саласына жатпайтындықтан, бұл санат тек қысқа мерзімді емделуді қамтиды.
1.7-тармақтың 5-тармақшасында діни жиындар мен іс-шараларға қатысу, қажылық көрсетіледі.
1.7-тармақтың 6-тармақшасындағы қайта сату немесе келешекте қандай да бір өндірістік үдерісте пайдалану үшін (бұл жағдайда іскерлік және кәсіби мақсаттар айтылып отыр) тауарларды сатып алуды қоспағанда, жеке тұтыну немесе сыйлықтар үшін тұтыну тауарларын сатып алу көрсетіледі.
1.7-тармақтың 7-тармақшасындағы транзит басқа жерге барудың жалғасын қоспағанда, қандай да арнайы мақсатсыз кез-келген орынға тоқтау деп түсіндіріледі.
1.7-тармақтың 8-тармақшасындағы іскерлік және кәсіби мақсаттар өз бетімен жұмыспен қамтылған тұлғалардың және жолдамалы қызметкерлер қызметі, егер ол қызметте баратын елде немесе жерде өндіруші-резидентпен еңбек жалгерлік қатынастың нақты болуы немесе соны білдіретін белгілері болмаса, сондай-ақ инвесторлардың бизнесмендердің қызметін есепке алады.
Іскерлік және кәсіби мақсаттарға кеңестерге, конференцияларға, жәрмеңкелерге және көрмелерге қатысу, дәрістер оқу, концерттер, қойылымдар мен спектакльдер қою, ғылыми қолданбалы немесе түбегейлі зерттеулерге қатысу, тауарлар мен қызметтерді жарнамалау туристік саяхаттар бағдарламаларын құру, орналастыру және көлік қызметтері бойынша қызметтерді ұсынуға шарттар жасау, (кәсіби спорттық іс-шараларға қатысу, ресми немесе бейресми кәсіби дайындық курстарына өндірістен қол үзбей қатысу, жеке көлік құралдарында (корпоративті ұшақ, яхта) экипаж/команда құрамында жұмыс жатады.
1.7-тармақтың 9-тармақшасындағы сапарлардың өзге де мақсаттарына еріктілер ретінде (басқа санаттарға қосылмаған) жұмыс істеу, көші-қон және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін зерделеу, басқа санаттарға қосылмаған уақытша төленбейтін қызметтердің кез-келген басқа да түрлерін жүзеге асыру жатады.
5. Шығу туризмінде (келушілердің өз еліндегі шығарға дейінгі) баж салығы салынбайтын тауарларға шығыстары сыртқа шығатындардың шығыстары бойынша статистикалық деректерге енгізілмейді. Баж өзі тұрақты тұратын елінен тыс салығы салынбайтын тауарларды жерлерде сатып алған жағдайда, шығыстар сыртқа шығушылар шығыстары бойынша статистикалық деректерге енгізіледі.
Туристік сапардағы шығындарға әрбір тәсілмен жүргізілетін төлемдер жатады: қолма-қол ақшаға, кредиттік карта, жол немесе жеке чек, шотты тікелей ұсыну, электрондық аударым, сондай-ақ басқа тұлға немесе ұйым, мысалы, егерде осы тұлға (ұйым) келген елдің резиденті болмаса, сіздің жұмыс берушіңіз төлейтін шығындар.
Кейбір туристік сапарда орны бар кейбір сатып алулар туристік шығындардан алынып тасталынады:
1) коммерциялық мақсаттар үшін сатып алулар, яғни қайта сатуға немесе келушілердің кез-келген санаты жүзеге асыратын өндірістің факторы ретінде, сондай-ақ өз жұмыс берушісінің атынан іскерлік сапарда келуші жүргізген сатып алулар;
2) келушілер жүзеге асыратын және мысалы (жерге, тұрғын үйлерге, жылжымайтын мүлікке және өзге де маңызды сатып алынатын заттарға (автомашина, автофургон, катер, екінші үй сияқты) қатысты капитал салымдары немесе мәмілелер, егер олар болашақта туризм мақсатында пайдаланылса да);
3) қандай да бір туристік тауарға немесе қызметті төлеуге кірмейтін, демалыс сапары кезінде туыстарға немесе таныстарға берілетін қолма қол қаражат; сондай-ақ қайырымдылық жарналар.
6. 1-бөлімнің 1.8 және 1.9-тармақтарында халықаралық тасымалдарға көлік түрлері және көлік шығындары, яғни Қазақстанға кіру немесе Қазақстаннан шығу кезінде респондент қандай көлік түрін пайдаланғаны. Егер туристік жолдама сатып алынса, онда туристік жолдамаға кіретін қызмет көрсетулерге шығыстар 1.14-тармақта көрсетіледі, ал барлық басқа шығыстар – 2-бөлімде көрсетіледі. Халықаралық тасымалдарға туристік сапарды өздігінен ұйымдастырған келушілердің көлік шығыстары тек қана 1.9-тармақта көрсетілуі тиіс.
7. 2-бөлімнің 1-бағаны сұрақтарын республикадан тыс демалуға шыққан респонденттермен толтырылады. Бұл шетелге сапар шегу кезінде Қазақстан аумағындағы шығыстар (Қазақстан аумағында әуежайға дейін көлік, қонақ үйде немесе туыстарда тұру, жолда тамақтану және тағы басқалар).
2-бағанның шығу туризмі бойынша сапар кезіндегі шығыстарға Қазақстан аумағынан тыс қалыптасатын шығыстар жатады, ал ішкі туризм шығыстарына тұрақты тұру орнынан тыс қалыптасатын шығыстар жатады.
1.4-жолдағы көлік шығыстарына келушінің тұрғылықты орнынан баратын жеріне дейінгі және кері саяхатын қоса алғанда туристік сапар, болған елінен басталатын, болатын жердегі саяхат кезіндегі және басқа да шығыстар жатады. Осы санатқа мыналар жатады:
1) қоғамдық көлікте (ұшақ, теплоход, автобустар және таксиде) жол жүру билеті және ұқсас алымдар;
2) жеке меншік көлікпен байланысты сапар кезіндегі жанармай және басқа да пайдалану шығындары;
3) автокөлік құралдарын жөндеу және қосалқы бөлшектер сатып алу;
4) автокөлік құралдарын жалға алу;
5) тұрақ үшін төлем, ақылы автожолдардағы алым, әуежай және ұқсас алымдар.
Қоғамдық көлік құралына жол жүру билетінің құнына тамақтандыру енгізілген жағдайда, онда толық құнды көліктік шығысқа жатқызу қажет (1.4-жолы). Тамақтану бөлек төленген жағдайда, оның құнын тамақтану және сусын ішу шығысына және 1.5-жолына жатқызу керек.
Коммерциялық орналастыру құнына келушінің таңғы асты пайдаланғанына немесе пайдаланбағанына қарамастан, таңғы ас тиісті тарифтің ажырамас бөлігі ретінде кірсе, жалпы құнды орналастыру шығысы деп есептеу қажет және 1.3-жолында көрсетіледі.
Бірақ, тамақтану үшін түпкілікті шотқа енгізілетін, бөлек төлем алынған жағдайда, онда тамақтану шығыстарына және 1.5-жолына қосылады.
1.5-жолында тамақтану шығыстарына келушілердің туристік сапары кезінде туындайтын тамақтану және сусын ішу қажеттілігін қамтамасыз ететін шығыстар жатады. Бұл санат барда, кафеде, мейрамханада, қонақ үйде, кафетерийлерде және тағы басқаларда тамақтану және сусын ішу шығыстарын, сондай-ақ супермаркеттерде, дүкендерде және тағы басқаларда тамақтану және сусын ішу шығыстарын қамтиды.
1.6-жолында дүкендерде сатып алу шығыстарына тамақтану және сусын ішуге шығыстарды қоспағанда, тұтыну тауарларын, дайындық және сапар кезіндегі барлық шығыстар жатады және өзіне киімдер, кәсіптік бұйымдар, кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, газеттер, кітаптар, аудиовизуальды материалдар, косметика және жеке қолдану тауарлары, дәрілер, сонымен қатар ұзақ қолданатын тауарлар (шабадан, шатырлар) және көп мақсаттағы тауарлар (фотоаппараттар, камералар) және бұдан басқада шығыстар жатады. 1.6-жолда «Дүкендерді аралауға» өзіне тауарларға (бірақ, қызмет көрсетулер емес) жұмсалған шығыстар жатады.
1.7-жолдың белгілі бір құндылығы бар бұйымдарға өндіру немесе қолдану мақсатында қолданылмайтын, бірақ құндық запас ретінде арнайы уақыт сақталатын туристік сапар кезінде жеке қолдану немесе сыйлық ретінде алынған айтарлықтай құнды тауарларға шыққан шығындар жатады.
1.8-жолдың демалу, мәдени және спорт іс-шараларына кеткен шығыстарға театр көрсетіліміне, концерттерге, демалыс саябақтарына, мұражайларға, тарихи объектілерге және ғимараттарға, жаппай спортпен айналысу имараттарына, құмар ойындар мекемелеріне, ойынханаларға, спорт объектілеріне, көрмелерге, фестивальдарға, конгресс-орталықтарға, конференц-орталықтарға және басқаларға бару жатады.
1.10-жолдың өзге де шығыстарға жүкші, вокзалдардағы ақылы анықтамалар, сақтау камерасы, пленканы айқындау, фотографияларды шығару байланыс қызметі, интернет-кафе, елді мекеннің ішінде жүріп-тұру құны, вакцинация, медициналық бақылау және тағы басқа қызметтер жатады.
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 186 бұйрығына 5-қосымша |
||||||||||||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Приложение 5 к приказу Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 12 августа 2013 года № 186 |
||||||||||||||||||||||
Аумақтық статистика органға тапсырылады |
|
||||||||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады |
|||||||||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 0972103 |
Келушілерді зерттеу сауалнамасы |
||||||||||||||||||||||
Н-060 |
Анкета обследования посетителей |
||||||||||||||||||||||
Жылына 2 рет |
Есепті кезең |
жарты жылдық |
жыл |
||||||||||||||||||||
Қазақстаннан шығу сәтінде әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автостанцияларда және автомобильді өткізу бекеттерінде келушілерден (резидент еместерден) пікіртерім алынады. |
|||||||||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі – 13 қаңтар және 5 шілде. |
|||||||||||||||||||||||
6. Сұхбат жүргізу күні |
күні |
айы |
жыл |
Құрметті респондент!
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі сауалнамаға қатысқаныңыз үшін Сізге алдын-ала алғысын білдіреді және осы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруіңізді сұрайды. Сізден алынған деректер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жария етілмейді және тек статистикалық көрсеткіштерді есептеу үшін пайдаланылады.
Уважаемый респондент!
Агентство Республики Казахстан по статистике заранее благодарит Вас за участие в опросе и убедительно просит ответить на вопросы настоящей анкеты. Полученные от Вас данные, согласно действующему законодательству Республики Казахстан, не разглашаются и будут использованы только для расчета статистических показателей.
Құрметті респонденттер келесі сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінеміз.
Уважаемые респонденты, пожалуйста, ответьте на нижеследующие вопросы.
1. Сапар туралы жалпы деректер
Общие сведения о поездке
1.1. Байқау жүргізілген орынды көрсетіңіз |
1) әуежай |
1.2 |
||||||||||
2) теміржол вокзалы |
1.2 |
|||||||||||
3) автостанция |
1.2 |
|||||||||||
4) автомобильді өткізу бекеті |
1.2 |
|||||||||||
1.2. Сапарға неше адам баратынын көрсетіңіз |
1) барлығы |
1.3 |
||||||||||
1.1) оның ішінде әйелдер |
1.3 |
|||||||||||
1.2) «барлығы» тармағынан 15 жасқа дейінгі балалар |
||||||||||||
1.3. Сіз соңғы 12 немесе одан көп айлар аралығында тұрған елді көрсетіңіз |
1.4 |
|||||||||||
1.4. Қазақстанға келген жерді (ауыл, аудан, қала) көрсетіңіз |
1.5 |
|||||||||||
1.5. Сапарда болу ұзақтығы |
1) түнеумен (болған түндер санын көрсетіңіз) |
1.6 |
||||||||||
2) түнеусіз |
1.6 |
|||||||||||
1.6. Сіздің сапарыңыздың бір негізгі мақсатын көрсетіңіз. Егер сапар бірлескен болса (демалыс және дүкен аралау), онда осы үшін Сіз сапар жасаған мақсат – негізгі болып табылады. |
1) еңбек демалысы және демалыс |
1.7 |
||||||||||
2) туыстар мен достарға бару |
1.7 |
|||||||||||
3) білім алу және кәсіби дайындық |
1.7 |
|||||||||||
4) емдік және сауықтыру емшаралары |
1.7 |
|||||||||||
5) дін және қажылық |
1.7 |
|||||||||||
6) дүкендерді аралау |
1.7 |
|||||||||||
7) транзит |
1.7 |
|||||||||||
8) іскерлік және кәсіби мақсаттар |
1.7 |
|||||||||||
9) кәсіпорынға жұмысқа орналасу |
1.7 |
|||||||||||
10) өзге де мақсаттар |
1.7 |
|||||||||||
1.7. Көліктің негізгі түрін көрсетіңіз (көліктің негізгі түрі – бұл Сіз көбірек жол жүріп өткен көлік) |
1) әуе көлігі |
1.8 |
||||||||||
2) су көлігі |
1.8 |
|||||||||||
3) теміржол көлігі |
1.8 |
|||||||||||
4) қалааралық автобус |
1.8 |
|||||||||||
5) жеке меншік автокөлік |
1.8 |
|||||||||||
6) жалға алынған автокөлік құралдары |
1.8 |
|||||||||||
7) көлік құралдарының өзге де түрлері |
1.8 |
|||||||||||
1.8. Көлік шығыстарының сомасын көрсетіңіз, теңге? |
1.9 |
|||||||||||
1.9. Сіз Қазақстан көлік компаниясының қызметін пайдаландыңыз ба? |
1) иә |
1.10 |
||||||||||
2) жоқ |
1.10 |
|||||||||||
1.10. Сіз тоқтаған негізгі орналастыру орнын көрсетіңіз. Егер Сіз бірнеше орналастыру орнында тоқтасаңыз, онда көбірек болған бір ғана орналастыру орнын көрсетіледі. |
1) қонақ үй |
2 |
||||||||||
2) мотель |
2 |
|||||||||||
3) санаторий |
2 |
|||||||||||
4) туристік база |
2 |
|||||||||||
5) демалыс үйі |
2 |
|||||||||||
6) қала сыртындағы үй |
2 |
|||||||||||
7) туыстар немесе таныстармен тегін ұсынылған орналасу |
2 |
|||||||||||
8) жалға алынған пәтер (үй) |
2 |
|||||||||||
9) өзге де орналастыру орны (өзге де орналасу орнының атауын көрсетіңіз) |
2 |
2. Сапар кезіндегі қызмет көрсетулерге кеткен шығыстарды көрсетіңіз, теңге*
Укажите расходы на услуги во время поездки, тенге
Атауы |
Қазақстан аумағындағы сапарға шығыстар |
|
А |
Б |
1 |
1. |
Барлығы |
|
1.1. |
Орналастыру орындарында тұруға Сіз қанша төледіңіз? |
|
1.2. |
Көлік қызметтері төлеміне Сіз қанша жұмсадыңыз? |
|
1.3. |
Сіз тамақтануға қанша сома жұмсадыңыз? |
|
1.4. |
Дүкендерде сауда жасауға Сіз қанша сома жұмсадыңыз? |
|
1.5. |
Белгілі бір құндылығы бар бұйымдар: асыл металдар және тастар (гауһар тас, алтын, күміс және тағы басқа), антиквариат, көркем өнер туындылары және басқа құндылықтарды сатып алуға Сіз қанша төледіңіз? |
|
1.6. |
Рекреациялық, мәдени және спорттық іс-шараларға Сіз қанша сома жұмсадыңыз? |
|
1.7. |
Егер Сіз сапар кезінде емдік және сауықтыру емшараларын қабылдасаңыз, олардың құнын көрсетіңіз |
|
1.8. |
Өзге де шығыстар |
______________________
* Инвестициялық, коммерциялық және қайырымдылық сипаттағы шығыстарды қоспағанда, Қазақстанда ғана сатып алынған тауарлар мен көрсетілген қызмет құнын көрсету.
Указывать стоимость купленных товаров и полученных услуг только в Казахстане, не включая расходы инвестиционного, коммерческого и благотворительного характера.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!
БЛАГОДАРИМ ЗА СОТРУДНИЧЕСТВО
Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасының 2013 жылғы
12 тамыздағы № 186 бұйрығына
6-қосымша
«Келушілерді зерттеу сауалнамасы» (коды 0972103,
индексі Н-060, кезеңділігі жылына 2 рет) жалпымемлекеттік
статистикалық байқаудың статистикалық нысанын
толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» (коды 0972103, индексі Н-060, кезеңділігі жылына 2 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» (коды 0972103, индексі Н-060, кезеңділігі жылына 2 рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының толтырылуын нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
2) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға.
3. Ақпаратты келушілерді жеке сұрастыру негізінде кездейсоқ іріктеме әдісімен осы зерттеуді жүргізуге уәкілетті тұлғалар жинайды.
4. Келушіге өзінің әдетте тұратын жерінен тыс орналасқан қандай-да бір негізгі орынға бір жылдан аз мерзімге елде тіркелінген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатынан басқа, кез-келген мақсатта (іскерлік сапар, демалыс немесе өзге де жеке мақсат) сапар жасайтын саяхатшы жатады.
Келуші (ішкі, келу және шығу) турист (немесе түнеуші) және біркүндік келуші (немесе экскурсант) ретінде жіктеледі.
Сондықтан келушілер турист (немесе түнеуші келуші) және біркүндік келуші (немесе экскурсант) болып бөлінеді.
Келушілер санынан келесі тұлғаларды алып тасталынады:
1) болу елінде тіркелінген, кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатымен шекарадан өту кезінде;
2) шетелге қатынайтын көлік құралдарына қызмет көрсететін персонал;
3) өз тұрақты тұратын елін ауыстыратындар.
1.6-тармақтың 1-тармақшасындағы еңбек демалысы және демалыс көрнекті орындарды тамашалау, табиғи және көркемөнер объектілеріне, спорт немесе мәдени іс-шараларға бару, спорт түрлерімен кәсіби емес тұрғыдан (шаңғы, атпен серуендеу, гольф, теннис, су астында жүзу, серфинг, жаяу жорықтар, бағдарлар, альпинизм және тағы да басқалар) айналысу, жағажайларда демалу, жүзу бассейндерін және демалу мен ойын-сауықтың кез-келген орындарын пайдалану, круиздер, құмарлық ойындар, жастардың жазғы лагерьлеріне бару, демалыс үйлері, бал айын өткізу, таңдаулы мейрамханаларға бару, меншігіндегі немесе үй шаруашылығынан жалға алынған саяжай үйлерінде болу және тағы басқаларды қосады.
1.6-тармақтың 2-тармақшасындағы туыстар мен туыстарға баруда туыстар мен достарға бару, үйлену тойларына, жерлеу немесе кез-келген басқа отбасылық іс-шараларға бару, науқастарды немесе қарттарды қысқа мерзімді күту көрсетіледі.
1.6-тармақтың 3-тармақшасындағы білім алу және кәсіби дайындыққа жұмыс беруші немесе басқа да ұйымдар (тұлғалар) төлейтін қысқа мерзімді курстарға (бір жылдан аз) бару; (оқудың нақты бағдарламасынан өту (ресми немесе бейресми) немесе) ақылы оқу, тілді меңгеру, кәсіби немесе басқа да арнайы курстар, ғылыми демалыстар және тағы басқаларды қоса, ресми курстар көмегімен арнайы дағдыларды үйрену жатады.
1.6-тармақтың 4-тармақшасындағы емдік және сауықтыру емшараларына ауруханадан кейінгі емдеуді аяқтау үшін және медициналық пен әлеуметтік мекемелердің неғұрлым жалпы спектрі үшін аурухана, клиника, шипажай қызметтерін алу, медициналық жабдықтар мен қызметтерді қолдану арқылы косметологиялық хирургияны қоса, медициналық кеңес беруге негізделген, медициналық қызметтерді алу үшін теңіз, -спа және басқа курорттарға, сондай-ақ басқа да мамандандырылған мекемелерге бару жатады.
Емдік және сауықтыру емшаралары емдеу мекемесінде бір жыл немесе одан көп болуды талап ететін ұзақ емделу туризм саласына жатпайтындықтан, бұл санат тек қысқа мерзімді емделуді қамтиды.
1.6-тармақтың 5-тармақшасында діни жиындар мен іс-шараларға қатысу, қажылық көрсетіледі.
1.6-тармақтың 6-тармақшасындағы қайта сату немесе келешекте қандай да бір өндірістік үдерісте пайдалану үшін (бұл жағдайда іскерлік және кәсіби мақсаттар айтылып отыр) тауарларды сатып алуды қоспағанда, жеке тұтыну немесе сыйлықтар үшін тұтыну тауарларын сатып алу көрсетіледі.
1.6-тармақтың 7-тармақшасындағы транзит басқа жерге барудың жалғасын қоспағанда, қандай да арнайы мақсатсыз кез-келген орынға тоқтау деп түсіндіріледі.
1.6-тармақтың 8-тармақшасындағы іскерлік және кәсіби мақсаттар өз бетімен жұмыспен қамтылған тұлғалардың және жолдамалы қызметкерлер қызметі, егер ол қызметте баратын елде немесе жерде өндіруші-резидентпен еңбек жалгерлік қатынастың нақты болуы немесе соны білдіретін белгілері болмаса, сондай-ақ инвесторлардың бизнесмендердің қызметін есепке алады.
Іскерлік және кәсіби мақсаттарға кеңестерге, конференцияларға, жәрмеңкелерге және көрмелерге қатысу, дәрістер оқу, концерттер, қойылымдар мен спектакльдер қою, ғылыми қолданбалы немесе түбегейлі зерттеулерге қатысу, тауарлар мен қызметтерді жарнамалау туристік саяхаттар бағдарламаларын құру, орналастыру және көлік қызметтері бойынша қызметтерді ұсынуға шарттар жасау, (кәсіби спорттық іс-шараларға қатысу, ресми немесе бейресми кәсіби дайындық курстарына өндірістен қол үзбей қатысу, жеке көлік құралдарында (корпоративті ұшақ, яхта) экипаж/команда құрамында жұмыс жатады.
1.6-тармақтың 9-тармақшасындағы жұмысқа орналасу негізгі мақсаты кәсіпорынға жұмысқа орналасу және жұмыс шығындарына өтемақыны алу болып табылатын саяхатшы жасаған сапар ретінде танылады.
1.6-тармақтың 10-тармақшасындағы сапарлардың өзге де мақсаттарына еріктілер ретінде (басқа санаттарға қосылмаған) жұмыс істеу, көші-қон және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін зерделеу, басқа санаттарға қосылмаған уақытша төленбейтін қызметтердің кез-келген басқа да түрлерін жүзеге асыру жатады.
5. Шығыстар бабын толтырғанда шамамен алғандағы соманы көрсетуге болады.
Келу туризмінде баж салығы салынбайтын тауарларға кететін шығыстарға туризмге кеткен шығыстар жатады, егер осы сатып алу Қазақстан аумағында жасалса. Қазақстанға кіруге дейін сатып алынған тауарларға кеткен шығыстар алып тасталады.
Туристік сапардағы шығындарға әрбір тәсілмен жүргізілетін төлемдер жатады: қолма-қол ақшаға, кредиттік карта, жол немесе жеке чек, шотты тікелей ұсыну, электрондық аударым, сондай-ақ басқа тұлға немесе ұйым, мысалы, егерде осы тұлға (ұйым) келген елдің резиденті болмаса, сіздің жұмыс берушіңіз төлейтін шығындар.
Кейбір туристік сапарда орын алған кейбір сатып алулар туристік шығыстардан алынып тасталады:
1) коммерциялық мақсаттар үшін сатып алулар, яғни қайта сатуға немесе келушілердің кез-келген санаты жүзеге асыратын өндірістің факторы ретінде, сондай-ақ өз жұмыс берушісінің атынан іскерлік сапарда келуші жүргізген сатып алулар;
2) келушілер жерге, тұрғын үйлерге, жылжымайтын мүлікке және өзге де маңызды сатып алынатын заттарға (автомашина, автофургон, катер, екінші үй сияқты) қатысты жүзеге асыратын капитал салымдары немесе мәмілелер, егер олар болашақта туризм мақсатында пайдаланылса да;
3) қандай да бір туристік тауарға немесе қызметті төлеуге кірмейтін, демалыс сапары кезінде туыстарға немесе таныстарға берілетін қолма қол қаражат; сондай-ақ қайырымдылық жарналар.
6. 1-бөлімнің 1.7 және 1.8-тармақтарда халықаралық тасымалдарға көлік түрлері және көлік шығындары, яғни Қазақстанға кіру немесе Қазақстаннан шығу кезінде респондент қандай көлік түрін пайдаланғаны көрсетіледі.
2-бөлімнің 1.2-жолында көлік шығыстарына Қазақстан аумағындағы туристік сапарлар барысында жұмсалған шығыстар жатады, мысалы келген жерінен бастап экскурсиялар; сондай-ақ баратын жерлерге саяхат және басқалары. Осы санатқа мыналар жатады:
1) қоғамдық көлікте (ұшақ, теплоход, автобустар және таксиде) жол жүру билеті және ұқсас алымдар;
2) жеке меншік көлікпен байланысты сапар кезіндегі жанармай және басқа да пайдалану шығыстары;
3) автокөлік құралдарын жөндеу және қосалқы бөлшектер сатып алу;
4) автокөлік құралдарын жалға алу;
5) тұрақ үшін төлем, ақылы автожолдардағы алым, әуежай және ұқсас алымдар.
Қоғамдық көлік құралына жол жүру билетінің құнына тамақтандыру енгізілген жағдайда, толық құнды көліктік шығысқа жатқызу қажет (1.2-жол). Тамақтану бөлек төленген жағдайда, оның құнын тамақтану және сусын ішу шығысына және 1.3-жолына жатқызу керек.
Коммерциялық орналастыру құнына келушінің таңғы асты пайдаланғанына немесе пайдаланбағанына қарамастан, таңғы ас тиісті тарифтің ажырамас бөлігі ретінде кірсе, жалпы құнды орналастыру шығысы деп есептеу қажет және 1.1-жолында көрсетіледі.
Бірақ, тамақтану үшін түпкілікті шотқа енгізілетін, бөлек төлем алынған жағдайда, онда тамақтану шығыстарына және 1.3-жолына қосылады.
1.3-жолында тамақтану шығыстарына келушілердің туристік сапары кезінде туындайтын тамақтану және сусын ішу қажеттілігін қамтамасыз ететін шығыстар жатады. Бұл санат барда, кафеде, мейрамханада, қонақ үйде, кафетерийлерде және тағы басқаларда тамақтану және сусын ішу шығыстарын, сондай-ақ супермаркеттерде, дүкендерде және тағы басқаларда тамақтану және сусын ішу шығыстарын қамтиды.
1.4-жолында дүкендерде сатып алу шығыстарына тамақтану және сусын ішуге шығыстарды қоспағанда, тұтыну тауарларын, дайындық және сапар кезіндегі барлық шығыстар жатады және өзіне киімдер, кәсіптік бұйымдар, кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, газеттер, кітаптар, аудиовизуальды материалдар, косметика және жеке қолдану тауарлары, дәрілер, сонымен қатар ұзақ қолданатын тауарлар (шабадан, шатырлар) және көп мақсаттағы тауарлар (фотоаппараттар, камералар) және бұдан басқада шығыстар жатады. 1.4-жолда «Дүкендерді аралауға» өзіне тауарларға (бірақ, қызмет көрсетулер емес) жұмсалған шығыстар жатады.
1.5-жолдың белгілі бір құндылығы бар бұйымдарға өндіру немесе қолдану мақсатында қолданылмайтын, бірақ құндық запас ретінде арнайы уақыт сақталатын туристік сапар кезінде жеке қолдану немесе сыйлық ретінде алынған айтарлықтай құнды тауарларға шыққан шығындар жатады.
1.6-жолдың демалу, мәдени және спорт іс-шараларына кеткен шығыстарға театр көрсетіліміне, концерттерге, демалыс саябақтарына, мұражайларға, тарихи объектілерге және ғимараттарға, жаппай спортпен айналысу имараттарына, құмар ойындар мекемелеріне, ойынханаларға, спорт объектілеріне, көрмелерге, фестивальдарға, конгресс-орталықтарға, конференц-орталықтарға және басқаларға бару жатады.
1.8-жолдың өзге де шығыстарға жүкші, вокзалдардағы ақылы анықтамалар, сақтау камерасы, пленканы айқындау, фотографияларды шығару байланыс қызметі, интернет-кафе, елді мекеннің ішінде жүріп-тұру құны, вакцинация, медициналық бақылау және тағы басқа қызметтер жатады.