«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4725 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылы, шілдеде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесiндегi:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ереже «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына сәйкес әзірленген және мұражайдың қор сақтамасындығы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу тәртібін белгілейді (әрі қарай - Ереже).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтау қоймасының әрбір ашылуы қор сақтаушының қол қоюымен ашу мақсаты көрсетіле отырып тігілетін, нөмірленетін, жауапты тұлғаның қолы қойылатын, мұражайдың мөрімен бекітілетін арнайы журналда белгіленеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қайта жаңғыртушылар мұражайдың сақтау қоймасына қайта қалпына келтiрудi талап ететiн мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын анықтау мақсатында ғана кiру құқығы бар. Мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын қайта жаңғырту жұмыстарына қабылдау-беру және оларды қайта жаңғырту жұмыстарынан алу осы Ереженiң 2-қосымшасында берілген формаға сәйкес актiлерімен рәсiмделедi.»;
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Министр М. Кұл-Мұхаммед
Мұражайдың сақтау қоймасындағы
мұражай жәдiгерлерi мен мұражай
коллекцияларына қол
жеткiзу ережесiне
1-қосымша
Нысан
______________________________________________________
(Мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.
Мұражай iшiндегi алу-беру АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____
Біз, төменде қол қойғандар ____________________________________
_____________________________________________________________________
(Мұражайдың бас қор сақтаушысы, қор сақтаушы, Т.А.Ә.)
тапсырды ____________________________________________________________
(тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
төмендегi мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын материалдық жауапкершiлiкті сақтауға уақытша қабылдап алды:
Түсiм кiтабы бойынша № инвентарлық № (түсiм кiтабының нөмiрi болмаған жағдайда) |
Атауы және қысқаша сипаттамасы |
Материалы, техникасы |
Өлшемi, салмағы бағалы металдар үшiн |
Сақталуы |
Ескерту |
Берiлу мақсаты: _____________________________________________________
Негiзi: _____________________________________________________________
Берген: _____________________________________________________________
Материалдық жауапкершiлiктi сақтауға уақытша қабылдап алды: _________
Қатысқандар: ________________________________________________________
Мұражайдың сақтау қоймасындағы
мұражай жәдiгерлерi мен мұражай
коллекцияларына қол
жеткiзу ережесiне
2-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(Мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.
Мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қайта
жаңғыртуға қабылдау-беру
АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____
Бiз, төменде қол қойғандар, ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
қайта жаңғыртуды қажет ететiн мұражай жәдiгерлерi мен (немесе)
мұражай коллекцияларын өткiзгендiгi, ал _____________________________
_____________________________________________________________________
(қайта жаңғыртушы/лар, Т.А.Ә.)
қайта жаңғырту жүргізу мақсатында төмендегi мұражай жәдiгерлер
мен (немесе) мұражай коллекцияларын материалдық жауапкершiлiкті
сақтауға уақытша қабылдап алғандығы туралы осы актi жасалды:
№ р/с |
Инв. № |
Атауы |
Сақталуы |
Ескерту |
Барлығы осы актi бойынша ____________ дана өткiзiлдi (сақтау бiрлiгi)
Өткiздi______________________________________________________________
Материалдық жауапкершiлiктi сақтауға уақытша қабылдап алды __________
Нысан
_____________________________________________________
(Мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.
Қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қабылдау-беру
АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____
Бiз, төменде қол қойғандар, қор сақтаушылар ___________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай
коллекцияларын қабылдап алғандығы, ал қайта жаңғыртушы/лар __________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
төмендегi мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай
коллекцияларын қайта жаңғыртылудан өткiзгендiгi туралы осы актiнi жасалды:
№ р/с |
Инв. № |
Атауы |
Қайта жаңғырту жұмыстарының түрлерi |
Ескерту |
Өткiздi_______________________ Қабылдап алды ___________________
Қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi және (немесе) мұражай
коллекциялары қайта жаңғырту жұмыстарынан соң қайтарып алынды.
«_____» __________ 20_____жыл.
Қор сақтаушының қолы_____________