"Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 қыркүйекте № 8706 тіркелді

      «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4725 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылы, шілдеде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
      ««Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесiндегi:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ереже «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына сәйкес әзірленген және мұражайдың қор сақтамасындығы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу тәртібін белгілейді (әрі қарай - Ереже).»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сақтау қоймасының әрбір ашылуы қор сақтаушының қол қоюымен ашу мақсаты көрсетіле отырып тігілетін, нөмірленетін, жауапты тұлғаның қолы қойылатын, мұражайдың мөрімен бекітілетін арнайы журналда белгіленеді.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қайта жаңғыртушылар мұражайдың сақтау қоймасына қайта қалпына келтiрудi талап ететiн мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын анықтау мақсатында ғана кiру құқығы бар. Мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын қайта жаңғырту жұмыстарына қабылдау-беру және оларды қайта жаңғырту жұмыстарынан алу осы Ереженiң 2-қосымшасында берілген формаға сәйкес актiлерімен рәсiмделедi.»;
      1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    М. Кұл-Мұхаммед

Мұражайдың сақтау қоймасындағы
мұражай жәдiгерлерi мен мұражай
коллекцияларына қол     
жеткiзу ережесiне      
1-қосымша          

Нысан           

______________________________________________________
(Мұражайдың атауы)

Мұражайдың бас қор сақтаушысы 
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.   

Мұражай iшiндегi алу-беру АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____

      Біз, төменде қол қойғандар ____________________________________
_____________________________________________________________________
          (Мұражайдың бас қор сақтаушысы, қор сақтаушы, Т.А.Ә.)
тапсырды ____________________________________________________________
                        (тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
төмендегi мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын материалдық жауапкершiлiкті сақтауға уақытша қабылдап алды:

Түсiм кiтабы бойынша № инвентарлық № (түсiм кiтабының нөмiрi болмаған жағдайда)

Атауы және қысқаша сипаттамасы

Материалы, техникасы

Өлшемi, салмағы бағалы металдар үшiн

Сақталуы

Ескерту













Берiлу мақсаты: _____________________________________________________
Негiзi: _____________________________________________________________
Берген: _____________________________________________________________
Материалдық жауапкершiлiктi сақтауға уақытша қабылдап алды: _________
Қатысқандар: ________________________________________________________

Мұражайдың сақтау қоймасындағы
мұражай жәдiгерлерi мен мұражай
коллекцияларына қол     
жеткiзу ережесiне      
2-қосымша          

Нысан           

_____________________________________________________
(Мұражайдың атауы)

Мұражайдың бас қор сақтаушысы 
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.   

Мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қайта
жаңғыртуға қабылдау-беру
АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____

      Бiз, төменде қол қойғандар, ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
      қайта жаңғыртуды қажет ететiн мұражай жәдiгерлерi мен (немесе)
мұражай коллекцияларын өткiзгендiгi, ал _____________________________
_____________________________________________________________________
                        (қайта жаңғыртушы/лар, Т.А.Ә.)
      қайта жаңғырту жүргізу мақсатында төмендегi мұражай жәдiгерлер
мен (немесе) мұражай коллекцияларын материалдық жауапкершiлiкті
сақтауға уақытша қабылдап алғандығы туралы осы актi жасалды:

№ р/с

Инв. №

Атауы

Сақталуы

Ескерту


























Барлығы осы актi бойынша ____________ дана өткiзiлдi (сақтау бiрлiгi)
Өткiздi______________________________________________________________
Материалдық жауапкершiлiктi сақтауға уақытша қабылдап алды __________

Нысан           

_____________________________________________________
(Мұражайдың атауы)

Мұражайдың бас қор сақтаушысы 
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.   

Қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қабылдау-беру
АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____

      Бiз, төменде қол қойғандар, қор сақтаушылар ___________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
      қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай
коллекцияларын қабылдап алғандығы, ал қайта жаңғыртушы/лар __________
_____________________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.)
      төмендегi мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай
коллекцияларын қайта жаңғыртылудан өткiзгендiгi туралы осы актiнi жасалды:

№ р/с

Инв. №

Атауы

Қайта жаңғырту жұмыстарының түрлерi

Ескерту































Өткiздi_______________________ Қабылдап алды ___________________
Қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi және (немесе) мұражай
коллекциялары қайта жаңғырту жұмыстарынан соң қайтарып алынды.
«_____» __________ 20_____жыл.
Қор сақтаушының қолы_____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады