"Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 07 қазанда № 8787 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2015 № 56 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 8128 тіркелді, 2013 жылғы 26 қаңтарда № 30-31 (27304-27305) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы;»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы адамдарды қызметте қолдану қағидасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері;»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымдарының санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (М.Т. Есенбаев) заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 406 бұйрығына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің   
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 468 бұйрығына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған
қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы

      1. Осы Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 46-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған (бұдан әрі – қарамағында тұру) қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін айқындайды.
      2. Қызметкерді қарауға есепке алу үшін негіз Заңның 46-1-бабының 2-тармағы болып табылады.
      3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату және қарамағына қабылдау қызметкерді лауазымға тағайындайтын және босататын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің немесе кеден органы басшысының бұйрығымен күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ресімделеді.
      Ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды жүргізу мерзімі ұзартылғандықтан, бос лауазымның болмауынан, сондай-ақ өзге ерекше жағдайларда қызметкерді тағайындау туралы мәселені шешу мүмкін емес жағдайда бұл мерзім Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің немесе кеден органы басшысының бұйрығымен екі айға дейін ұзартылады.
      Қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады.
      4. Қарамағына қабылдау туралы бұйрық қызметкерге оны шығарған күннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде қол қою арқылы жарияланады. Бір уақытта қарамағына қабылданған қызметкер бұйрықпен осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағына қабылданған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасымен танысқандығы туралы қолхатқа қол қояды.
      5. Қызметкер қарамағында тұрған кеден органының кадр бөлімшесі осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарамағында тұрған қызметкерлерді тіркеу журналында көрсетілген адамдардың тиісті есебін жүргізеді.
      6. Қызметкердің Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi кеден органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша білім алатын адамдар үшін – бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша қысқартылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамауға алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуымен байланысты қамауда болған уақыты қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.
      7. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенiң шешілуі кешiктiрiлген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы берiледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақыты үшiн ақшалай қаражат, қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнге негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.
      8. Қарамағында тұрған қызметкерге Заңның 55 және 56-баптарымен көзделген көтермелеу шаралары және оған тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.
      9. Қызметкердiң қарамағында тұрған уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.
      10. Қарамағында тұрған қызметкерге кеден органында белгiленген күн тәртiбi толық көлемде қолданылады.
      Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарамағында тұрған қызметкердің келу және кету уақытын есепке алу журналына қызметкер қарамағына қабылданған кеден органының кадр бөлімшесі күн сайын қызметкердің қызметке келу және кету уақытын есепке алуды жүргізеді.
      11. Баланы бағып-күту бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамды қоспағанда, қарамағында тұрған қызметкер қарамағында тұрған кеден органының кадр бөлімшесін өзінің орналасқан жері туралы күн сайын ақпараттандырады. Жыл сайынғы еңбек демалысында, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу уақыты, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi кеден органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты, бiлiм беру ұйымдарының сырттай оқу бөлімшелерінің оқу-емтихан сессияларында болу уақыты, қылмыстық жауаптылыққа тартылуымен байланысты қамауда болған уақыты құжатпен дәлелденуі тиіс.
      12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі немесе кеден органының басшысы Заңның талаптарын сақтай отырып, қарамағында тұрған қызметкерге жазбаша нысанда лауазым ұсынуға міндетті.
      Кадр бөлімшесі қарамағында тұрған қызметкерді лауазым ұсыну туралы хабарламаға қол қою арқылы таныстырады.
      13. Қызметкер ол хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылып отырған лауазымға тағайындалуға келісу/келіспеу туралы кадр бөлімшесіне жазбаша хабарлайды.
      Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде кадр бөлімшесі қызметкердің жеке ісіне қосылатын осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акті ресімдейді.
      Қызметкер ұсынылатын лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол қызметтен шығарылуға жатады.

Қазақстан Республикасы
кеден органдарының  
қарамағында тұрған  
қызметкерлердің қызмет
өткеру қағидасына   
1-қосымша       

Нысан

Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған
қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасымен танысқандығы туралы
ҚОЛХАТ

Мен, ________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
______________________________________________ қарамағында тұрған,
              кеден органының атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2012 жылғы ________ № ____
бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының
қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасының
талаптарын сақтауға міндеттенемін.

____________________________________
Қарамағында тұрған тұлғаның Т.А.Ә.

Тұратын мекен-жайы: _______________________
Тіркеу орны:        _______________________
Байланыс телефондары: _____________________

Қазақстан Республикасы
кеден органдарының 
қарамағында тұрған 
қызметкерлердің қызмет
өткеру қағидасына  
2-қосымша      

Нысан

__________________________________________
кеден органының атауы
қарамағында тұрған қызметкерлерді тіркеу журналы

р/н

Т.А.Ә.

Бұрын атқарған лауазымы

Қарамағына қабылдау бұйрығының № және күні

Қарамағында тұрған қызметкерге ұсынылған еңбек демалыстарының кезеңі

Қарамағында тұруды ұзарту туралы бұйрықтың № және күні, ұзартудың себебі

Тағайындау немесе жұмыстан босату туралы бұйрықтың № және күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

Қазақстан Республикасы
кеден органдарының  
қарамағында тұрған  
қызметкерлердің қызмет
өткеру қағидасына  
3-қосымша       

Нысан

_______________________________________________
кеден органының атауы
қарамағында тұрған қызметкерлердің келу және кету уақытын
есепке алу журналы

р/н

Т.А.Ә., қарамағына қабылдау бұйрығының № және күні

Айы, жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

*































1



**































____________________________________________
* қызметкердің жұмысқа келу уақыты және қолы
** қызметкердің жұмыстан кету уақыты және қолы

Қазақстан Республикасы
кеден органдарының  
қарамағында тұрған  
қызметкерлердің қызмет
өткеру қағидасына   
4-қосымша      

Нысан

АКТ

Астана қаласы                                 20___ж. «__»_______

Осы акт 20___ жылғы «__»_______№____ бұйрығымен _____________________
                                            кеден органының атауы
қарамағына қабылданған ______________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

ұсынылған ________________________ лауазыммен келіспегенін жазбаша
           лауазымы және бөлімше
баяндаудан бас тартады.

Кадр бөлімшесінің
басшысы              __________________  ____________________________
                             қолы               Т.А.Ә.

Кадр бөлімшесінің
лауазымды адамы      __________________  ____________________________
                             қолы               Т.А.Ә.

Ішкі қауіпсіздік
бөлімшесінің қызметкері _______________  ____________________________
                             қолы               Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 406 бұйрығына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 468 бұйрығына   
3-қосымша      

Тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ, арнаулы
атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар
берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар
санаттары үшін шекті мәндері

      1. Осы Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттарын, шекті мәндерін айқындайды.
      2. Тестілеуді өткізудің мақсаты – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бос лауазымға тағайындау үшін кандидаттарды тестілеу бағдарламасына және аттестаттауға жататын қызметкерлерді тестілеу бағдарламасына сәйкес аттестаттауға жататын кеден органы қызметкерінің (бұдан әрі – қызметкер) және кеден қызметіне тұратын азаматтың (бұдан әрі – кандидаттың) біліміне және логикалық ойлау қабілетіне объективті баға беру.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тест тапсырмаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшелері әзірлейді.
      4. Тестілеуді өткізу орны кеден органы басшысының шешімі бойынша айқындалады.
      5. Кеден органының кадр қызметі бөлімшесі жауапты үйлестіруші болып табылады. Тестілеу процесін техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін ақпараттық технологиялардың мамандары тартылады. Қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің мамандары тартылуы мүмкін.
      6. Тестілеу тестілеуден өтетін адамның таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
      7. Тестілеуге кеден органының басшысы бекіткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес аттестаттауға жататын қызметкерлер тізіміне енгізілген қызметкер және конкурстық комиссиясының шешімі негізінде - кандидат жіберіледі.
      8. Қызметкер және кандидат лауазымның санатына қойылатын біліктілік талаптарына байланысты тестілеудің тиісті бағдарламасынан өтеді.
      9. Қызметкерлерге және кандидаттарға тестілеу уақытында әңгімелесуге және тестілеу жүргізіліп жатқан үй-жайды тастап кетуге рұқсат етілмейді. Электрондық құрылғылар (оның ішінде қалталы дербес компьютерлер, ұялы телефондар және басқа электрондық құрылғылар) тестілеу уақытында сөндірулі болуы тиіс.
      10. Кадр қызметінің және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің лауазымды адамдары:
      1) тестілеудің алдында тестілеуден өту және алда болатын рәсімдер бойынша қызметкерлермен және кандидаттармен егжей-тегжейлі нұсқама жүргізеді;
      2) осы Қағидалардың талаптарын бұзған қызметкерлердің және кандидаттардың тестілеуден өтуін тоқтатады.
      11. C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, С-ТКО-1 (кеденнің бастығы), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 бос лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың тестілеу бағдарламасы 110 сұрақтан және логикалық ойлануға 20 сұрақтан, ал СТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 бос лауазымдарына - 70 сұрақтан және логикалық ойлануға 20 сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі. Тестілеуден өту уақыты сәйкесінше 90 немесе 60 минутты құрайды.
      C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, С-ТКО-1 (кеденнің бастығы), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 лауазымдары аттестациялауға жататын қызметкерлердің тестілеу бағдарламасы 130 сұрақтан және логикалық ойлануға 20 сұрақтан, ал СТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 лауазымдары үшін - 90 сұрақтан және логикалық ойлануға 20 сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі. Тестілеуден өту уақыты сәйкесінше 105 немесе 75 минутты құрайды.
      12. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тест бойынша шекті мәндері C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, С-ТКО-1 (кеденнің бастығы), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 лауазымдар санаттары үшін кем дегенде 70 %, С-ТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 санаттары үшін кем дегенде 60 % дұрыс жауаптарды құрайды.
      Логикалық ойлануға тест бойынша шекті мәндер белгіленбейді.
      13. Тестілеу уақытының өтуі бойынша бағдарлама автоматты түрде жабылады.
      14. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарлама көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Нәтижелер принтерден екі данада басып шығарылады және қызметкерге немесе кандидатқа танысу үшін беріледі. Танысқаннан кейін қызметкер немесе кандидат және кадр қызметінің лауазымды адамы нәтижелер парағына қол қояды.
      Бірінші данасы тестілеуден өткен адамға беріледі, екінші данасы аттестаттау, конкурстық комиссиясының тиісті хаттамасымен бірге Комитетте және сәйкесінше оның аумақтық бөлімшелерінде сақталады.
      15. Тестілеуден өту кезінде шекті мәнінен төмен баға алған қызметкер әңгімелесуге жіберілмейді және Заңмен белгіленген тәртіппен аттестаттау комиссиясының шешімімен қайта аттестаттауға жатады.

Арнаулы атақтар мен оларға  
сәйкес шекті арнаулы атақтар 
берілетін Қазақстан Республикасы
кеден органдарының лауазымдар 
санаттары үшін тестілеуден өту 
қағидасы мен шарттары, сондай-ақ
шекті мәндеріне        
қосымша           

Бос лауазымға орналасу үшін кандидаттардың тестілеу
бағдарламасы

      1. C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, С-ТКО-1 (кеденнің бастығы), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 лауазымдарының санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест 110 сұрақтан тұрады және сұрақтардың мынадай санын белгілейді:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы – 20;
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы - 15;
      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 15;
      «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» - 15; Қазақстан Республикасының Заңы
      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
      Логикалық ойлау бойынша тест – 20 (сұрақтардың жалпы санына кірмейді).
      2. С-ТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 лауазымдарының санататтары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест 70 сұрақтан тұрады және сұрақтардың мынадай санын белгілейді:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы – 20;
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10;
      «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
      Логикалық ойлау бойынша тест – 20 (сұрақтардың жалпы санына кірмейді).

Аттестациялауға жататын қызметкерлердің тестілеу бағдарламасы

      1. C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, С-ТКО-1 (кеденнің бастығы), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 лауазымдарының санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест 130 сұрақтан тұрады және сұрақтардың мынадай санын белгілейді:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы – 20;
      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі – 20;
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы - 15;
      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 15;
      «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» - 15; Қазақстан Республикасының Заңы
      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
      Логикалық ойлау бойынша тест – 20 (сұрақтардың жалпы санына кірмейді).
      2. С-ТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 лауазымдарының санататтары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест 90 сұрақтан тұрады және сұрақтардың мынадай санын белгілейді:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы – 20;
      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі – 20;
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10;
      «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» - 10; Қазақстан Республикасының Заңы
      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
      Логикалық ойлау бойынша тест – 20 (сұрақтардың жалпы санына кірмейді).

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 октября 2012 года № 468 "О некоторых вопросах прохождения службы в таможенных органах Республики Казахстан"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 августа 2013 года № 406. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 октября 2013 года № 8787. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 29 января 2015 года № 56

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 29.01.2015 № 56 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 мая 2013 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам правоохранительной службы», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 октября 2012 года № 468 «О некоторых вопросах прохождения службы в таможенных органах Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8128, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 26 января 2013 года № 30-31 (27304-27305)) следующие изменения:
      подпункт 1) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      «1) Правила прохождения службы сотрудниками, находящимися в распоряжении таможенных органов Республики Казахстан согласно приложению 1 к настоящему приказу;»;
      Правила прохождения службы сотрудниками, находящимися в распоряжении таможенных органов Республики Казахстан, утвержденные указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;
      подпункт 3) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      «3) Правила и условия прохождения тестирования, а также пороговые значения для категорий должностей таможенных органов Республики Казахстан, которым присваиваются специальные звания и соответствующие им предельные специальные звания согласно приложению 3 к настоящему приказу;»;
      Правила и условия прохождения тестирования, а также пороговые значения для категорий должностей таможенных органов Республики Казахстан, которым присваиваются специальные звания и соответствующие им предельные специальные звания, утвержденные указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.
      2. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан (Есенбаев М.Т.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жамишев

Приложение 1       
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан  
от 27 августа 2013 года № 406

Приложение 1      
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан 
от 23 октября 2012 года № 468

Правила
прохождения службы сотрудниками, находящимися
в распоряжении таможенных органов Республики Казахстан

      1. Настоящие Правила прохождения службы сотрудниками, находящимися в распоряжении таможенных органов Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 46-1 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О правоохранительной службе» (далее - Закон) и определяют порядок прохождения службы сотрудниками, находящимися в распоряжении таможенных органов Республики Казахстан (далее - распоряжение).
      2. Основаниями зачисления сотрудника в распоряжение предусмотрены пунктом 2 статьи 46-1 Закона.
      3. Освобождение от должности и зачисление сотрудника в распоряжение оформляется приказом Министра финансов Республики Казахстан или руководителя таможенного органа, которые назначают и освобождают от должности сотрудника, на срок, не превышающий пятнадцати календарных дней.
      В случаях невозможности решения вопроса о назначении сотрудника в виду продления срока проведения организационно-штатных мероприятий, отсутствия вакантной должности, а также иных исключительных случаях, этот срок продлевается приказом Министра финансов Республики Казахстан или руководителя таможенного органа до двух месяцев.
      За сотрудником, зачисленным в распоряжение, сохраняется денежное содержание по последней должности.
      4. Приказ о зачислении в распоряжение объявляется сотруднику под роспись, в течение трех рабочих дней со дня его издания. Одновременно с приказом сотрудник, зачисляемый в распоряжение, подписывает расписку об ознакомлении с Правилами прохождения службы сотрудниками, находящимися в распоряжении таможенных органов Республики Казахстан по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      5. Кадровое подразделение таможенного органа, в котором сотрудник находится в распоряжении, ведет соответствующий учет указанных лиц в журнале регистрации сотрудников, находящихся в распоряжении по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      6. В срок пребывания в распоряжении не засчитываются период нахождения сотрудника в установленных Законом отпусках, на лечении (обследовании по направлению военно-врачебной комиссии) в организациях здравоохранения, время нахождения в пути следования от места прежней службы до места нахождения таможенного органа; для лиц, обучающихся по заочной или вечерней форме обучения, – время нахождения на учебно-экзаменационных сессиях организаций образования; время нахождения под арестом в связи с привлечением к уголовной ответственности, в случаях прекращения уголовного дела по реабилитирующим основаниям или вынесения оправдательного приговора со дня ареста и по день освобождения включительно.
      7. В случаях задержки решения вопроса о дальнейшем использовании на службе сотрудников, освобожденных от занимаемых должностей и находящихся в распоряжении, не использовавших оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск им предоставляется неиспользованный отпуск. За время оплачиваемого ежегодного трудового отпуска денежное содержание им выплачивается в размере, получаемом по основной должности ко дню зачисления в распоряжение, независимо от срока пребывания в распоряжении.
      8. К сотруднику, находящемуся в распоряжении, могут применяться меры поощрения и на него могут налагаться дисциплинарные взыскания, предусмотренные статьями 55 и 56 Закона.
      9. Время нахождения сотрудника в распоряжении засчитывается в стаж правоохранительной службы, в выслугу лет для присвоения специального звания.
      10. На сотрудника, находящегося в распоряжении, в полном объеме распространяется распорядок дня, установленный в таможенном органе.
      Учет времени прибытия и убытия сотрудника на службу ведется ежедневно кадровым подразделением таможенного органа, в распоряжение которого зачислен сотрудник, в журнале учета времени прибытия и убытия сотрудников, находящихся в распоряжении, по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      11. Сотрудник, находящийся в распоряжении, за исключением лиц, находящихся в отпуске без сохранения заработной платы по уходу за ребенком, ежедневно информирует кадровое подразделение таможенного органа, в распоряжении которого он находится о месте своего нахождения. Время пребывания в ежегодном трудовом отпуске, на лечении (обследовании по направлению военно-врачебной комиссии) в организациях здравоохранения, время нахождения в пути следования от места прежней службы до места нахождения соответствующего таможенного органа, время нахождения на учебно-экзаменационных сессиях заочных отделений организаций образования, время нахождения под арестом в связи с привлечением к уголовной ответственности должны документально подтверждаться.
      12. Министр финансов Республики Казахстан или руководитель таможенного органа в письменной форме предлагают сотруднику, находящемуся в распоряжении, должность с соблюдением требований Закона.
      Кадровое подразделение под роспись ознакамливает сотрудника, находящегося в распоряжении, с уведомлением о предложении должности.
      13. Сотрудник в течение трех дней со дня получения им уведомления письменно сообщает в кадровое подразделение о согласии/несогласии на назначение на предлагаемую должность.
      При отказе сотрудника письменно изложить несогласие с предложенной должностью, кадровым подразделением оформляется соответствующий акт по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам, который приобщается к личному делу сотрудника.
      В случае отказа сотрудника занять предлагаемую должность он подлежит увольнению в соответствии с Законом.

Приложение 1      
к Правилам прохождения 
службы сотрудниками, 
находящимися в распоряжении
таможенных органов   
Республики Казахстан 

Форма           

                         РАСПИСКА
      об ознакомлении с Правилами прохождения службы
      сотрудниками, находящимися в распоряжении таможенных
                    органов Республики Казахстан

      Я, ___________________________________________________________,
          Фамилия, имя и отчество (при наличии) (далее - Ф.И.О.)
зачисленный (-ая) в распоряжение ___________________________________,
                                   наименование таможенного органа
обязуюсь соблюдать требования Правил прохождения службы сотрудниками,
находящимися в распоряжении таможенных органов Республики Казахстан,
утвержденных приказом Министра финансов Республики Казахстан от
___________ 2012 года № ______.

                           __________________________________________
                            Ф.И.О. лица, находящегося в распоряжении

      Место проживания: _______________________
      Место регистрации: ______________________
      Контактные телефоны: ____________________

Приложение 2      
к Правилам прохождения 
службы сотрудниками, 
находящимися в распоряжении
таможенных органов   
Республики Казахстан 

Форма           

          Журнал регистрации сотрудников, находящихся в
                         распоряжении
_____________________________________________________________________
                  наименование таможенного органа

п/н

Ф.И.О.

Ранее занимаемая должность

№ и дата приказа зачисления в распоряжение

Период отпусков, представленных сотруднику, находящегося в распоряжении

№ и дата приказа о продлении нахождения в распоряжении, причина продления

№ и дата приказа о назначении либо увольнении

примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

Приложение 3      
к Правилам прохождения 
службы сотрудниками, 
находящимися в распоряжении
таможенных органов   
Республики Казахстан 

Форма           

         Журнал учета времени прибытия и убытия сотрудников,
                     находящихся в распоряжении
_____________________________________________________________________
                   наименование таможенного органа


Ф.И.О., № и дата приказа зачисления в распоряжении

Месяц, год

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

1



*































**































      _______________________________
      * время прибытия на службу и подпись сотрудника
      ** время убытия со службы и подпись сотрудника

Приложение 4      
к Правилам прохождения 
службы сотрудниками, 
находящимися в распоряжении
таможенных органов   
Республики Казахстан 

Форма           

                                  АКТ

г. Астана                                     «___» _______ 20 ___ г.

      Настоящий акт составлен о том, что
____________________________________________________________________,
        Фамилия, имя и отчество (при наличии) (далее - Ф.И.О.)
зачисленный(-ая) в распоряжение _____________________________________
                                 наименование таможенного органа
приказом от «__» _______ 20 ___ года № ____ отказывается письменно
изложить несогласие с предложенной должностью ______________________.
                                           должность и подразделение

      Руководитель кадрового
      подразделения      ______________      ________________________
                            подпись                    Ф.И.О.

      Должностное лицо
      кадрового подразделения  ______________ _______________________
                                   подпись             Ф.И.О.

      Сотрудник подразделения
      внутренней безопасности ______________ ________________________
                                  подпись              Ф.И.О.

Приложение 2       
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан  
от 27 августа 2013 года № 406

Приложение 3      
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан 
от 23 октября 2012 года № 468

Правила и условия прохождения
тестирования, а также пороговые значения для категорий
должностей таможенных органов Республики Казахстан, которым
присваиваются специальные звания и соответствующие им
предельные специальные звания

      1. Настоящие Правила и условия прохождения тестирования, а также пороговые значения для категорий должностей таможенных органов Республики Казахстан, которым присваиваются специальные звания и соответствующие им предельные специальные звания (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 48 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О правоохранительной службе» (далее - Закон) и определяют порядок и условия прохождения тестирования, пороговых значений для категорий должностей таможенных органов Республики Казахстан, которым присваиваются специальные звания и соответствующие им предельные специальные звания.
      2. Цель проведения тестирования - объективная оценка знаний и способности к логическому мышлению сотрудника таможенного органа, подлежащего аттестации (далее – сотрудник), и гражданина, поступающего на таможенную службу (далее – кандидат) в соответствии с программой тестирования кандидатов на занятие вакантной должности и программой тестирования сотрудников, подлежащих аттестации, согласно приложению к настоящим Правилам.
      3. Тестовые задания на знание законодательства Республики Казахстан разрабатываются структурными подразделениями Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан (далее - Комитет).
      4. Место проведения тестирования определяется по решению руководителя таможенного органа.
      5. Ответственным координатором является подразделение кадровой службы таможенного органа. Для организации технического обеспечения процесса тестирования привлекаются специалисты информационных технологий. В целях недопущения коррупционных действий со стороны участников могут быть привлечены специалисты подразделений внутренней безопасности.
      6. Тестирование проводится на государственном или русском языках по выбору тестируемого лица.
      7. К тестированию допускается сотрудник, включенный в список сотрудников, подлежащих аттестации, утвержденный руководителем таможенного органа в соответствии с номенклатурой должностей, и кандидат – на основании решения конкурсной комиссии.
      8. Сотрудник и кандидат в зависимости от квалификационных требований, предъявляемых к категории должности, проходят соответствующую программу тестирования.
      9. Сотрудникам и кандидатам во время тестирования не разрешается разговаривать и покидать помещение, в котором проводится тестирование. Электронные устройства (в том числе карманные персональные компьютеры, сотовые телефоны и иное электронное оборудование) должны быть отключены на время тестирования.
      10. Должностные лица кадровой службы и подразделения информационных технологий:
      1) перед началом тестирования проводят подробный инструктаж сотрудников и кандидатов по прохождению тестирования и предстоящей процедуре;
      2) приостанавливают тестирование сотрудников и кандидатов, нарушивших требования настоящих Правил.
      11. Программа тестирования кандидатов на занятие вакантных должностей C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, C-ТКО-1 (начальник таможни), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 включает 110 вопросов и тест на логическое мышление 20 вопросов, а для занятие вакантных должностей С-ТК-6, С-ТК-7, C-ТКО-8, C-ТКО-9, C-ТКО-10, С-ТКО-11 - 70 вопросов и тест на логическое мышление 20 вопросов, выбираемые для них с помощью компьютерной программы методом отбора случайных чисел, установленных для теста. За каждый правильный ответ начисляется один балл. Время прохождения тестирования составляет 90 минут и 60 минут соответственно.
      Программа тестирования сотрудников, подлежащих аттестации, должностей C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, C-ТКО-1 (начальник таможни), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 включает 130 вопросов и тест на логическое мышление 20 вопросов, а для должностей С-ТК-6, С-ТК-7, C-ТКО-8, C-ТКО-9, C-ТКО-10, С-ТКО-11 - 90 вопросов и тест на логическое мышление 20 вопросов, выбираемые для них с помощью компьютерной программы методом отбора случайных чисел, установленных для теста. За каждый правильный ответ начисляется один балл. Время прохождения тестирования составляет 105 минут и 75 минут соответственно.
      12. Пороговые значения по тесту на знание законодательства Республики Казахстан для категорий должностей C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, C-ТКО-1 (начальник таможни), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 составляют не менее 70 %, для категории С-ТК-6, С-ТК-7, C-ТКО-8, C-ТКО-9, C-ТКО-10, С-ТКО-11 - не менее 60 % правильных ответов.
      Пороговые значения по тесту на логическое мышление не устанавливаются.
      13. По истечении времени, отведенного на прохождение теста, программа автоматически закрывается.
      14. Подсчет правильных ответов компьютерного тестирования производится автоматически, при помощи заложенной компьютерной программы. Результаты распечатываются на принтере в двух экземплярах и предоставляются сотруднику или кандидату для ознакомления. После ознакомления сотрудник или кандидат и должностное лицо кадровой службы расписываются на листе с результатами.
      Первый экземпляр передается тестируемому лицу, прошедшему тестирование, второй экземпляр с соответствующим протоколом аттестационной, конкурсной комиссии хранится в Комитете и его территориальных подразделениях соответственно.
      15. Сотрудник, получивший при прохождении тестирования оценку ниже пороговых значений, к собеседованию не допускается и решением аттестационной комиссии подлежит повторной аттестации в порядке, определенном Законом.

Приложение           
к Правилам и условиям прохождения
тестирования, а также пороговых
значений для категорий должностей
таможенных органов     
Республики Казахстан, которым 
присваиваются специальные звания и
соответствующие им предельные
специальные звания      

Программы
тестирования кандидатов на занятие вакантной должности

      1. Тест на знание законодательства Республики Казахстан для категорий должностей C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, C-ТКО-1 (начальник таможни), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 включает 110 вопросов и устанавливает следующее количество вопросов:
      Конституция Республики Казахстан – 20;
      Закон Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией» - 15;
      Закон Республики Казахстан «О государственной службе» - 15;
      Закон Республики Казахстан «О правоохранительной службе» - 15;
      Закон Республики Казахстан «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» - 15;
      Закон Республики Казахстан «Об административных процедурах» - 15;
      Закон Республики Казахстан «О нормативных правовых актах» - 15;
      Тест по логическому мышлению - 20 (не входит в общее количество вопросов).
      2. Тест на знание законодательства Республики Казахстан для категорий должностей С-ТК-6, С-ТК-7, C-ТКО-8, C-ТКО-9, C-ТКО-10, С-ТКО-11 включает 70 вопросов и устанавливает следующее количество вопросов:
      Конституция Республики Казахстан – 20;
      Закон Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией» - 10;
      Закон Республики Казахстан «О государственной службе» - 10;
      Закон Республики Казахстан «О правоохранительной службе» - 10;
      Закон Республики Казахстан «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» - 10;
      Закон Республики Казахстан «Об административных процедурах» - 10;
      Тест по логическому мышлению – 20 (не входит в общее количество вопросов).

Программы
тестирования сотрудников, подлежащих аттестации

      1. Тест на знание законодательства Республики Казахстан для категорий должностей C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, C-ТКО-1 (начальник таможни), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 включает 130 вопросов и устанавливает следующее количество вопросов:
      Конституция Республики Казахстан – 20;
      Кодекс Республики Казахстан «О таможенном деле в Республике Казахстан» - 20;
      Закон Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией» - 15;
      Закон Республики Казахстан «О государственной службе» - 15;
      Закон Республики Казахстан «О правоохранительной службе» - 15;
      Закон Республики Казахстан «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» - 15;
      Закон Республики Казахстан «Об административных процедурах» - 15;
      Закон Республики Казахстан «О нормативных правовых актах» - 15;
      Тест по логическому мышлению - 20 (не входит в общее количество вопросов).
      2. Тест на знание законодательства Республики Казахстан для категорий должностей С-ТК-6, С-ТК-7, C-ТКО-8, C-ТКО-9, C-ТКО-10, С-ТКО-11 включает 90 вопросов и устанавливает следующее количество вопросов:
      Конституция Республики Казахстан – 20;
      Кодекс Республики Казахстан «О таможенном деле в Республике Казахстан» - 20;
      Закон Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией» - 10;
      Закон Республики Казахстан «О государственной службе» - 10;
      Закон Республики Казахстан «О правоохранительной службе» - 10;
      Закон Республики Казахстан «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» - 10;
      Закон Республики Казахстан «Об административных процедурах» - 10;
      Тест по логическому мышлению – 20 (не входит в общее количество вопросов).