Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2015 № 56 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 8128 тіркелді, 2013 жылғы 26 қаңтарда № 30-31 (27304-27305) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы адамдарды қызметте қолдану қағидасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымдарының санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (М.Т. Есенбаев) заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 406 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 468 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған
қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 46-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған (бұдан әрі – қарамағында тұру) қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін айқындайды.
2. Қызметкерді қарауға есепке алу үшін негіз Заңның 46-1-бабының 2-тармағы болып табылады.
3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату және қарамағына қабылдау қызметкерді лауазымға тағайындайтын және босататын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің немесе кеден органы басшысының бұйрығымен күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды жүргізу мерзімі ұзартылғандықтан, бос лауазымның болмауынан, сондай-ақ өзге ерекше жағдайларда қызметкерді тағайындау туралы мәселені шешу мүмкін емес жағдайда бұл мерзім Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің немесе кеден органы басшысының бұйрығымен екі айға дейін ұзартылады.
Қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады.
4. Қарамағына қабылдау туралы бұйрық қызметкерге оны шығарған күннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде қол қою арқылы жарияланады. Бір уақытта қарамағына қабылданған қызметкер бұйрықпен осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағына қабылданған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасымен танысқандығы туралы қолхатқа қол қояды.
5. Қызметкер қарамағында тұрған кеден органының кадр бөлімшесі осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарамағында тұрған қызметкерлерді тіркеу журналында көрсетілген адамдардың тиісті есебін жүргізеді.
6. Қызметкердің Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi кеден органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша білім алатын адамдар үшін – бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша қысқартылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамауға алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуымен байланысты қамауда болған уақыты қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.
7. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенiң шешілуі кешiктiрiлген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы берiледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақыты үшiн ақшалай қаражат, қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнге негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.
8. Қарамағында тұрған қызметкерге Заңның 55 және 56-баптарымен көзделген көтермелеу шаралары және оған тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.
9. Қызметкердiң қарамағында тұрған уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.
10. Қарамағында тұрған қызметкерге кеден органында белгiленген күн тәртiбi толық көлемде қолданылады.
Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарамағында тұрған қызметкердің келу және кету уақытын есепке алу журналына қызметкер қарамағына қабылданған кеден органының кадр бөлімшесі күн сайын қызметкердің қызметке келу және кету уақытын есепке алуды жүргізеді.
11. Баланы бағып-күту бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамды қоспағанда, қарамағында тұрған қызметкер қарамағында тұрған кеден органының кадр бөлімшесін өзінің орналасқан жері туралы күн сайын ақпараттандырады. Жыл сайынғы еңбек демалысында, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу уақыты, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi кеден органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты, бiлiм беру ұйымдарының сырттай оқу бөлімшелерінің оқу-емтихан сессияларында болу уақыты, қылмыстық жауаптылыққа тартылуымен байланысты қамауда болған уақыты құжатпен дәлелденуі тиіс.
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі немесе кеден органының басшысы Заңның талаптарын сақтай отырып, қарамағында тұрған қызметкерге жазбаша нысанда лауазым ұсынуға міндетті.
Кадр бөлімшесі қарамағында тұрған қызметкерді лауазым ұсыну туралы хабарламаға қол қою арқылы таныстырады.
13. Қызметкер ол хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылып отырған лауазымға тағайындалуға келісу/келіспеу туралы кадр бөлімшесіне жазбаша хабарлайды.
Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде кадр бөлімшесі қызметкердің жеке ісіне қосылатын осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акті ресімдейді.
Қызметкер ұсынылатын лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол қызметтен шығарылуға жатады.
Қазақстан Республикасы
кеден органдарының
қарамағында тұрған
қызметкерлердің қызмет
өткеру қағидасына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған
қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасымен танысқандығы туралы
ҚОЛХАТ
Мен, ________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
______________________________________________ қарамағында тұрған,
кеден органының атауы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2012 жылғы ________ № ____
бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының
қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасының
талаптарын сақтауға міндеттенемін.
____________________________________
Қарамағында тұрған тұлғаның Т.А.Ә.
Тұратын мекен-жайы: _______________________
Тіркеу орны: _______________________
Байланыс телефондары: _____________________
Қазақстан Республикасы
кеден органдарының
қарамағында тұрған
қызметкерлердің қызмет
өткеру қағидасына
2-қосымша
Нысан
__________________________________________
кеден органының атауы
қарамағында тұрған қызметкерлерді тіркеу журналы
р/н |
Т.А.Ә. |
Бұрын атқарған лауазымы |
Қарамағына қабылдау бұйрығының № және күні |
Қарамағында тұрған қызметкерге ұсынылған еңбек демалыстарының кезеңі |
Қарамағында тұруды ұзарту туралы бұйрықтың № және күні, ұзартудың себебі |
Тағайындау немесе жұмыстан босату туралы бұйрықтың № және күні |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Қазақстан Республикасы
кеден органдарының
қарамағында тұрған
қызметкерлердің қызмет
өткеру қағидасына
3-қосымша
Нысан
_______________________________________________
кеден органының атауы
қарамағында тұрған қызметкерлердің келу және кету уақытын
есепке алу журналы
р/н |
Т.А.Ә., қарамағына қабылдау бұйрығының № және күні |
Айы, жылы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
* |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
1 |
** |
____________________________________________
* қызметкердің жұмысқа келу уақыты және қолы
** қызметкердің жұмыстан кету уақыты және қолы
Қазақстан Республикасы
кеден органдарының
қарамағында тұрған
қызметкерлердің қызмет
өткеру қағидасына
4-қосымша
Нысан
АКТ
Астана қаласы 20___ж. «__»_______
Осы акт 20___ жылғы «__»_______№____ бұйрығымен _____________________
кеден органының атауы
қарамағына қабылданған ______________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
ұсынылған ________________________ лауазыммен келіспегенін жазбаша
лауазымы және бөлімше
баяндаудан бас тартады.
Кадр бөлімшесінің
басшысы __________________ ____________________________
қолы Т.А.Ә.
Кадр бөлімшесінің
лауазымды адамы __________________ ____________________________
қолы Т.А.Ә.
Ішкі қауіпсіздік
бөлімшесінің қызметкері _______________ ____________________________
қолы Т.А.Ә.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 406 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 468 бұйрығына
3-қосымша
Тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ, арнаулы
атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар
берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар
санаттары үшін шекті мәндері
1. Осы Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттарын, шекті мәндерін айқындайды.
2. Тестілеуді өткізудің мақсаты – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бос лауазымға тағайындау үшін кандидаттарды тестілеу бағдарламасына және аттестаттауға жататын қызметкерлерді тестілеу бағдарламасына сәйкес аттестаттауға жататын кеден органы қызметкерінің (бұдан әрі – қызметкер) және кеден қызметіне тұратын азаматтың (бұдан әрі – кандидаттың) біліміне және логикалық ойлау қабілетіне объективті баға беру.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тест тапсырмаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшелері әзірлейді.
4. Тестілеуді өткізу орны кеден органы басшысының шешімі бойынша айқындалады.
5. Кеден органының кадр қызметі бөлімшесі жауапты үйлестіруші болып табылады. Тестілеу процесін техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін ақпараттық технологиялардың мамандары тартылады. Қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің мамандары тартылуы мүмкін.
6. Тестілеу тестілеуден өтетін адамның таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
7. Тестілеуге кеден органының басшысы бекіткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес аттестаттауға жататын қызметкерлер тізіміне енгізілген қызметкер және конкурстық комиссиясының шешімі негізінде - кандидат жіберіледі.
8. Қызметкер және кандидат лауазымның санатына қойылатын біліктілік талаптарына байланысты тестілеудің тиісті бағдарламасынан өтеді.
9. Қызметкерлерге және кандидаттарға тестілеу уақытында әңгімелесуге және тестілеу жүргізіліп жатқан үй-жайды тастап кетуге рұқсат етілмейді. Электрондық құрылғылар (оның ішінде қалталы дербес компьютерлер, ұялы телефондар және басқа электрондық құрылғылар) тестілеу уақытында сөндірулі болуы тиіс.
10. Кадр қызметінің және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің лауазымды адамдары:
1) тестілеудің алдында тестілеуден өту және алда болатын рәсімдер бойынша қызметкерлермен және кандидаттармен егжей-тегжейлі нұсқама жүргізеді;
2) осы Қағидалардың талаптарын бұзған қызметкерлердің және кандидаттардың тестілеуден өтуін тоқтатады.
11. C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, С-ТКО-1 (кеденнің бастығы), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 бос лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың тестілеу бағдарламасы 110 сұрақтан және логикалық ойлануға 20 сұрақтан, ал СТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 бос лауазымдарына - 70 сұрақтан және логикалық ойлануға 20 сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі. Тестілеуден өту уақыты сәйкесінше 90 немесе 60 минутты құрайды.
C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, С-ТКО-1 (кеденнің бастығы), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 лауазымдары аттестациялауға жататын қызметкерлердің тестілеу бағдарламасы 130 сұрақтан және логикалық ойлануға 20 сұрақтан, ал СТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 лауазымдары үшін - 90 сұрақтан және логикалық ойлануға 20 сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі. Тестілеуден өту уақыты сәйкесінше 105 немесе 75 минутты құрайды.
12. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тест бойынша шекті мәндері C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, С-ТКО-1 (кеденнің бастығы), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 лауазымдар санаттары үшін кем дегенде 70 %, С-ТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 санаттары үшін кем дегенде 60 % дұрыс жауаптарды құрайды.
Логикалық ойлануға тест бойынша шекті мәндер белгіленбейді.
13. Тестілеу уақытының өтуі бойынша бағдарлама автоматты түрде жабылады.
14. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарлама көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Нәтижелер принтерден екі данада басып шығарылады және қызметкерге немесе кандидатқа танысу үшін беріледі. Танысқаннан кейін қызметкер немесе кандидат және кадр қызметінің лауазымды адамы нәтижелер парағына қол қояды.
Бірінші данасы тестілеуден өткен адамға беріледі, екінші данасы аттестаттау, конкурстық комиссиясының тиісті хаттамасымен бірге Комитетте және сәйкесінше оның аумақтық бөлімшелерінде сақталады.
15. Тестілеуден өту кезінде шекті мәнінен төмен баға алған қызметкер әңгімелесуге жіберілмейді және Заңмен белгіленген тәртіппен аттестаттау комиссиясының шешімімен қайта аттестаттауға жатады.
Арнаулы атақтар мен оларға
сәйкес шекті арнаулы атақтар
берілетін Қазақстан Республикасы
кеден органдарының лауазымдар
санаттары үшін тестілеуден өту
қағидасы мен шарттары, сондай-ақ
шекті мәндеріне
қосымша
Бос лауазымға орналасу үшін кандидаттардың тестілеу
бағдарламасы
1. C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, С-ТКО-1 (кеденнің бастығы), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 лауазымдарының санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест 110 сұрақтан тұрады және сұрақтардың мынадай санын белгілейді:
Қазақстан Республикасының Конституциясы – 20;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы - 15;
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 15;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» - 15; Қазақстан Республикасының Заңы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
Логикалық ойлау бойынша тест – 20 (сұрақтардың жалпы санына кірмейді).
2. С-ТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 лауазымдарының санататтары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест 70 сұрақтан тұрады және сұрақтардың мынадай санын белгілейді:
Қазақстан Республикасының Конституциясы – 20;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
Логикалық ойлау бойынша тест – 20 (сұрақтардың жалпы санына кірмейді).
Аттестациялауға жататын қызметкерлердің тестілеу бағдарламасы
1. C-ТК-3, C-ТК-4, C-ТК-5, С-ТКО-1 (кеденнің бастығы), C-ТКО-2, C-ТКО-5, С-ТКО-6, С-ТКО-7 лауазымдарының санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест 130 сұрақтан тұрады және сұрақтардың мынадай санын белгілейді:
Қазақстан Республикасының Конституциясы – 20;
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі – 20;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы - 15;
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 15;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» - 15; Қазақстан Республикасының Заңы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 15;
Логикалық ойлау бойынша тест – 20 (сұрақтардың жалпы санына кірмейді).
2. С-ТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 лауазымдарының санататтары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест 90 сұрақтан тұрады және сұрақтардың мынадай санын белгілейді:
Қазақстан Республикасының Конституциясы – 20;
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі – 20;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» - 10; Қазақстан Республикасының Заңы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10;
Логикалық ойлау бойынша тест – 20 (сұрақтардың жалпы санына кірмейді).