Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 239 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қазанда № 8792 тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және пайлық инвестициялық қорлардың құрамына кіретін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7540 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 369-374 (27448) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Басқарушы компания брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде не Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялық қор активтерінің есебінен мәмілелер жасаған кезде) заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлғалардың қызметтерін пайдалана отырып, инвестициялық басқаруға қабылданған инвестициялық қорлар активтерінің есебінен мәмілелерді дербес жасайды.
      Басқарушы компания инвестициялық басқаруға қабылдаған инвестициялық қор активтерінің есебінен бастапқы ұйымдастырылмаған нарықтағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен (оларды орналастырған кезде), сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналысқа жіберілмеген бағалы қағаздармен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерімен мәмілелерді басқарушы компания дербес жасайды.».
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7853 тіркелген, 2012 жылғы 26 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде № 622-630 (27701) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұстаушылардың жеке шоттарына мұраға алу тәртібімен аударылатын, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару парақтарын орындау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, номиналды ұстаушы және (немесе) тіркеуші білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын білікті инвесторлар болып табылмайтын ұстаушылардың жеке шоттарына аудармайды.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                           Г. Марченко

О внесении изменения и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2013 года № 239. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 октября 2013 года № 8792

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 60 «Об утверждении Правил инвестирования финансовых инструментов и иного имущества, входящего в состав активов инвестиционного фонда, и перечня финансовых инструментов, которые могут входить в состав акционерных и паевых инвестиционных фондов» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7540, опубликованное 4 июля 2012 года в газете «Казахстанская правда» № 211-212 (27030-27031)) следующее изменение:
      в Правилах инвестирования финансовых инструментов и иного имущества, входящего в состав активов инвестиционного фонда, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Управляющая компания заключает сделки за счет активов инвестиционных фондов, принятых в инвестиционное управление, самостоятельно при наличии лицензии на осуществление брокерской и (или) дилерской деятельности либо с использованием услуг юридических лиц, обладающих правом заключать сделки с финансовыми инструментами в соответствии с законодательством Республики Казахстан или иностранного государства (при заключении сделок за счет активов инвестиционного фонда за пределами Республики Казахстан).
      Сделки за счет активов инвестиционного фонда, принятых управляющей компанией в инвестиционное управление, с негосударственными ценными бумагами на первичном неорганизованном рынке (при их размещении), а также с ценными бумагами, не допущенными к обращению на организованном рынке ценных бумаг, и долями участия в уставном капитале юридических лиц совершаются управляющей компанией самостоятельно.».
      2. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 июля 2012 года № 228 «Об установлении перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению только за счет средств квалифицированных инвесторов» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7853, опубликованное 26 сентября 2012 года в газете «Казахстанская правда» № 326-327 (27145-27146)) следующее дополнение:
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      «2-1. Номинальный держатель и (или) регистратор не осуществляет зачисление ценных бумаг и (или) иных финансовых инструментов, разрешенных для приобретения только за счет средств квалифицированных инвесторов, на лицевые счета держателей, не являющихся квалифицированными инвесторами, за исключением случаев, когда указанные в пункте 1 настоящего постановления ценные бумаги и (или) иные финансовые инструменты зачисляются на лицевые счета держателей в порядке наследования, а также при исполнении исполнительных листов, выдаваемых на основании судебных актов.».
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко