Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.05.2015 № 183 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мұрағат ісі және құжаттамалық басқару саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2013 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 216 бұйрығымен бекітілген
Мұрағат ісі және құжаттамалық басқару саласындағы
салалық біліктілік шеңбері 1. Салалық біліктілік шеңберінің төлқұжаты
1. Экономикалық қызмет саласы - мұрағат ісі және құжаттамалық басқару.
2. Саланың кәсіби қызметтік шегі:
Ұлттық мұрағат қоры құжаттары мен басқа да мұрағат құжаттарын есепке алу және сақтау, сонымен қатар Мемлекеттік сақтандыру қоры құжаттар көшірмелері мен ғылыми-ақпарат құралдарын құру;
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ерекше құндылығы бойынша мемлекеттік сараптама өткізу және жинақтау;
мемлекет, қоғам және азаматтар сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында, Ұлттық мұрағат қоры құжаттары мен басқа да мұрағат құжаттар негізінде ақпараттық қызметтер көрсету;
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ведомстволық және жекеше сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету.
3. Еңбек қызметінің түрлері:
құжаттардың толықтығын, физикалық жай-күйін тексеру бойынша жұмыстары;
қазіргі бар ережелер мен нормативтерге сәйкес құжаттардың сақталуын және есепке алуын бұзбау қажет;
мұрағат құжаттарын көшіру және микрофилимдеу;
мұрағат құжаттарын цифрлы өлшемдерге өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
мұрағат құжаттарына ғылыми анықтамалық құралдарына әзірлеу;
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік сақталуына қабылдау;
Орталық сараптау-тексеру комиссиясы немесе сараптау-тексеру комиссиясының ерекше құнды құжаттарды анықтау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
мұрағат құжаттарының көшірмелерін және мұрағаттық анықтама беру;
тақырыптық және генеалогиялық сұраныстарды орындау;
уақытша қолдануға оқу залдарына мұрағат істерін беру және олардың мұрағат қоймаларына қайтып келуін;
көрмелер, семинарлар, экскурсиялар ұйымдастыру, соның ішінде интернет көрмелер;
жылдық жоспар, мұрағат төлқұжатын және жұмыс бойынша есепті құру;
мұрағат құжаттарын жариялау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар және мұрағат құжаттарының анықтамалығын;
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ведомстволық және жекеше сақталу сұрақтары бойынша толықтыру көздеріне кеңес (ақпарат) беру;
мұрағаттану, археография мен құжаттану салалары бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу;
мемлекет ішінде және шетелде мұрағат құжаттарын анықтау;
мұрағат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық келісім шарттарын жасасу.
2. Жалпы ережелер
4. Мұрағат ісі және құжаттамалық басқару саласындағы салалық
біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-4-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.
5. Ұлттық, орталық мемлекеттік мұрағаттарда және облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдарында (бұдан әрі — мемлекеттік мұрағаттар) жұмыс істейтін, басшылардың, басшы орынбасарларының, бас қор сақтаушылардың, мұрағат қоймасы мен зертхана меңгерушілерінің, ғылыми редакторлардың, ғылыми қызметкерлердің, консультанттардың, бөлім басшыларының, жоғарғы және орта деңгейдегі білікті мамандар мен шаруашылық (техникалық) орындаушылардың (бұдан әрі - қызметкерлер) кәсіби деңгейін осы СБШ айқындайды.
6. СБШ атқарылатын жұмыстың күрделілігі және қолданатын білімінің, іскерлігінің және хабардарлығының сипатына қатысты деңгейі бойынша мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерінің біліктілігіне талаптарды жіктейді.
7. Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) - еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейінің құрылымдандырылған сипаттамасы.
8. Салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) - сала бойынша танылатын біліктілік деңгейінің құрылымдандырылған сипаттамасы.
9. Сала-нақты еңбек функцияларын орындаудың жалпы мақсаты болатын, ұйымның кәсіби қызметінің шеңбері.
10. Біліктілік - Ұлттық және салалық біліктілік шеңберімен (білім деңгейі, анықталған қызметтіне тиісті алынған кәсібі, мамандығы бойынша құзыретті орындауға дайындалған) айқындалатын, қызметкердің кәсіби деңгейі.
11. Кәсіби қызметтің саласы - салалық еңбек қызметтерінің түрлер жиынтығы, жалпы интеграциялық негізі бар (ұқсас немесе жақын белгіленген, объектілік, технологиялық, соның ішінде еңбек құралдарыда) және күрделі еңбек функциясының жинағын болжамдау мен оларды орындау үшін құзыреттілігі.
12. Еңбектік қызмет түрі - еңбектік функциялар жиынтығының тұтастығы құрылған және оларды орындауға арналған қажетті құзыреттердің, кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі.
3. Құрылым бойынша біліктілік деңгейлер
ҰБШ деңгейі |
СБШ деңгейі |
Санаты |
Құрылымдық тиесілігі |
Позициясы (лауазымы) |
1 |
1.1 |
- |
- |
|
2 |
2.1 |
- |
өндірістік |
Шаруашылық (техникалық) орындаушылар |
3 |
3.1 |
өндірістік |
Орта деңгейдегі білікті маман (архивариус, іс жүргізуші, оператор) |
|
4 |
4.1 |
жоғарғы |
өндірістік |
Орта деңгейдегі аға білікті маман (мұрағатшы, құжаттанушы, кітапхана және мұрағат құжаттарын қалпына келтіруші, көшіру және микрофилимдеу операторы) |
4.2 |
бірінші |
|||
4.3 |
екінші |
|||
4.4 |
санатсыз |
|||
5 |
5.1 |
жоғарғы |
өндірістік |
Жоғарғы деңгейдегі білікті маман (мұрағатшы, археографшы, палеографшы, кітапхана және мұрағат құжаттарын қалпына келтіруші, көшіру және микрофилимдеу операторы) |
5.2 |
бірінші |
|||
5.3 |
екінші |
|||
5.4 |
санатсыз |
|||
6 |
6.1 |
оперативтік басқару |
Бас қор сақтаушысы, бөлім басшысы, мұрағат қоймасының меңгерушісі, зертхана меңгерушісі |
|
7 |
7.1 |
әкімшілік басқару |
Директор, директор орынбасарлары (ұлттық, орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік мұрағаттардың және олардың филиалдарының) |
|
8 |
8.1 |
ғылыми-стратегиялық басқару |
Ғылыми редактор, ғылыми қызметкер, мұрағат саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша консультант |
4. Біліктілік деңгейін сипаттау
ҰБШ |
Позициясы (лауазымы) |
Біліміне талаптар |
Санаты |
Дағдысы мен іскерлігіне талаптар |
2.1 |
Шаруашылық (техникалық) орындаушылар |
Жалпы негізгі орта білімі бар, кәсіби дайындық кезінде алынған тәжірибелік білімі және нұсқама алу кезіндегі білімі бар, еңбек өтілі бойынша талаптарды талап етусіз |
- |
жұмыс уақыты барысында стандартты, тәжірибелік тапсырмаларды орындауды |
3.1 |
Орта деңгейдегі білікті маман (архивариус, іс жүргізуші, оператор) |
Жалпы негізгі орта білімі бар, мұрағат ісі саласында кәсіби дайындық кезінде алынған тәжірибелік білімі бар, еңбек өтілі бойынша талаптарды талап етусіз |
- |
1) жұмыс уақыты барысында |
4.1 |
Орта деңгейдегі аға білікті маман (мұрағатшы, құжаттанушы, кітапхана және мұрағат құжаттарын |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, рестовратор, автоматтандыру және басқару мамандықтары бойынша арнайы кәсіби білімі бар, мұрағат ici саласында кәсіби дайындық кезінде алынған тәжірибелік білімі бар, мұрағат ісі саласында кем дегенде 3 жыл еңбек өтілі болуы |
жоғарғы |
1) теориялық және тәжірибелік |
4.2 |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, рестовратор, автоматтандыру және басқару мамандықтары бойынша арнайы кәсіби білімі бар, мұрағат ісі саласында кәсіби дайындық кезінде алынған тәжірибелік білімі бар, мұрағат ісі саласында кем дегенде 2 жыл еңбек өтілі болуы |
бірінші |
||
4.3 |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, рестовратор, автоматтандыру және басқару мамандықтары бойынша арнайы кәсіби білімі бар, мұрағат ici саласында кәсіби дайындық кезінде алынған тәжірибелік білімі бар, мұрағат ісі саласында кем дегенде 1 жыл еңбек өтілі болуы |
екінші |
||
4.4 |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, рестовратор, автоматтандыру және басқару мамандықтары бойынша арнайы кәсіби білімі бар, мұрағат ісі саласында кәсіби дайындық кезінде алынған тәжірибелік білімі бар, еңбек өтілі бойынша талаптарды талап етусіз |
санатсыз |
||
5.1 |
Жоғарғы деңгейдегі білікті маман (мұрағатшы, археографшы, палеографшы, кітапхана және мұрағат құжаттарын қалпына келтіруші, көшіру және микрофилимдеу операторы) |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, тарих, құқықтану мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, мұрағат ісі саласында кем дегенде 3 жыл еңбек өтілі болуы |
жоғарғы |
1) мұрағат құжаттарының ерекше |
5.2 |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, тарих, құқықтану мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, мұрағат ісі саласында кем дегенде 2 жыл еңбек өтілі болуы |
бірінші |
||
5.3 |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, тарих, құқықтану мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, мұрағат ісі саласында кем дегенде 1 жыл еңбек өтілі болуы |
екінші |
||
5.4 |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, тарих, құқықтану мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, еңбек өтілі бойынша талаптарды талап етусіз |
санатсыз |
||
6.1 |
Бас қор сақтаушысы |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, тарих, құқықтану мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, мұрағат ісі саласында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі болуы |
- |
1) мемлекеттік сақтаудағы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, қазіргі бар ережелер мен нормативтерге сәйкес құжаттарды қабылдауды және есепке алуды ұйымдастыруға; |
Бөлім басшысы |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, тарих, құқықтану, экономика мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, мұрағат ісі саласында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі болуы |
1) бөлім (бөлімше) қызметінің бағыты бойынша басшылықты жүзеге асырады, бөлім жұмысы туралы жылдық жоспарлар мен есептерді жасауды; |
||
Мұрағат қоймасының меңгерушісі |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, тарих, биотехнология мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, мұрағат ісі саласында кем дегенде 3 жыл еңбек өтілі болуы |
1) мемлекеттік сақтауға мұрағаттық қорлар мен құжаттарды қабылдау жұмысын жүргізу; |
||
Зертхана меңгерушісі |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету,автоматтандыру және басқару, биотехнология мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, мұрағат ісі саласында кем дегенде 3 жыл еңбек өтілі болуы |
1) құжаттар көшірмелерінің Мемлекеттік сақтандыру қорын құру, құжаттарды шағынфильм жасау, көшірмелеу, залалсыздандыру және дәрілеу, таралымдау, қалпына келтіру жөніндегі зертхананың (цехтың) жұмысын ұйымдастыруды; |
||
7.1 |
Директор, директор орынбасарлары (ұлттық, орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік мұрағаттардың және олардың филиалдарының) |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, тарих, құқықтану, экономика мамандықтары бойынша жоғары білімі немесе магистр дәрежесі бар, мұрағат ісі саласында басшы лауазымында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі болуы |
- |
1) мемлекеттік мұрағаттың өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасауды; |
8.1 |
Ғылыми редактор, ғылыми қызметкер, мұрағат саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша консультант |
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, тарих, құқықтану, автоматтандыру және басқару, биотехнология мамандықтары бойынша магистр дәрежесі бар, ғылыми-зерттеу ұйымдарында немесе мемлекеттік мұрағаттарда басшы лауазымында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі, сонымен қатар ғылыми дәрежесі: ғылым докторы, PhD докторы, ғылым кандидаты болуы |
- |
1) архивоведениялық, археографиялық және құжаттамалық қамтамасыз ету саласы бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу, ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыруды; |
5. Келісім парағы
Ұйым атауы |
Келісім құжатының нөмірі мен күні |
Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының республикалық кеңесі |
2013 жылғы 2 шілдедегі № 99 хаты |
6. Салалық біліктілік шеңберінің тіркеу парағы
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің СБШ-нің тізіліміне енгізілген.
Тіркеу нөмірі мен күні: _______________________________________
_____________________________________________________________________