"Мұрағат ісі және құжаттамалық басқару саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 216 бұйрығының күші жойылды деп шешу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 183 бұйрығы

     «Ңормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мұрағат ісі және құжаттамалық басқару саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8807 болып тіркелген» «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 31 қазанда 243 (28182) болып жарияланған) күші жойылды ден танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауын;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт
      министрі                                         А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады