Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 629 бұйрығымен.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
138-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және мемлекеттік интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 30 қыркүйектің
№ 769 бұйрығымен бекітілген
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
салалық біліктілік шеңбері
1. Жалпы ережелер
1. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8022 тіркелген «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-п-м бірлескен бұйрығымен бекітілген, Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) негізінде әзірленді және орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен қолданылатын білім, дағды, құзырет сипатына байланысты деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласында жіктейді.
2. СБШ еңбек нарығын және нақты салада білім беру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға, тарифтік жүйелер құруға, еңбекақы төлеу жүйесінің ашықтығы мен басқарушылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
3. Біліктіліктің тұтас ұлттық жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету мақсатында СБШ әзірлеу кезінде біліктілік деңгейлерін белгілеу мақсатында кәсіптік қызмет салаларына түгендеу жүргізуге мүмкіндік берген қызметтік тәсіл қолданылды.
4. СБШ негізгі пайдаланушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік жүйесін құру шеңберінде саланың кәсіби стандарттарын әзірлеумен айналысатын сарапшылар, әзірлеушілер, жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кәсіби қызметі саласындағы жұмыс берушілер, басшылар және мамандар болып табылады.
5. СБШ мақсаты – кәсіптік, сертификаттау және білім беру стандарттарын кейіннен әзірлеу үшін саланың технологиялық талаптарын ескере отырып, БҰШ-тың деңгейлік біліктілік құзыреттерін сипаттау.
6. СБШ-та саланың қолданылатын және перспективті технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің қызметтік, машықтарына және біліміне қойылатын талаптар сипатталады.
7. СБШ мына қағидаттарды ескере отырып, БҰШ негізінде әзірленеді:
1) салалардың қолданыстағы және болашақтағы технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің қызметтеріне (қызметтік), машықтарына және біліміне қойылатын БҰШ-тың біліктілік деңгейлерінің талаптарын нақтылау;
2) саланың басымдықтарын айқындау және компанияның бизнес-мүдделерін есепке алу;
3) төменгі біліктілік деңгейлерінен жоғарғыларына өткен кездегі қызметтердің ауыспалылығы және үздіксіздігі;
4) барлық тұтынушылар үшін біліктілік деңгейлер сипатының ашықтығы;
5) біліктілік деңгейлері иерархиясының еңбек бөлінісі құрылымына және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне сәйкестігі;
6) кәсіби қызмет көрсеткіштері арқылы БСШ-ның біліктілік деңгейлерін сипаттау;
7) қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерді емес, олардың еңбек қызметінің түрлерін және олардың лауазымдық міндеттерді орындау сапасын сипаттау.
8. СБШ:
1) нақты салада еңбек нарығын және білім беру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға, оның ішінде нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, карьералық өсуге әкелетін білім берудің әр түрлі аймақтарын жоспарлауға;
2) көлемді еңбек ұтқырлығын қалыптастыруға;
3) кәсіби және білім беру стандарттарын, кәсіби білім беру бағдарламаларын әзірлегенде қызметкерлер мен түлектердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;
4) білім беру және біліктілікті сертификаттау нәтижелерін бағалау рәсімдерін әзірлеуге, сертификаттар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
9. Саланың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері:
1) мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;
4) отандық ақпараттық кеңістікті дамыту;
5) мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін сәулеттік тәсілді енгізу;
6) азаматтардың, бизнестің және қоғамның ақпараттағы құқықтарын және заңды мүдделерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын және есептілігін арттыру;
7) «электрондық үкіметті» мемлекетті ақпараттандыру құралы ретінде дамыту;
8) мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды пайдалану шығындарын оңтайландыру;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологияларын (бұдан әрі – АКТ) кеңінен енгізу арқылы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін және құқық қорғау органдарының және жедел қызметтердің жұмысының тиімділігін арттыру;
10) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарында қолжетімділігі;
11) ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық инфрақұрылымды және ғылыми-зерттеушілік қызметті дамыту арқылы АКТ-ның бәсекеге қабілетті отандық нарығын құру;
12) Қазақстанда ақпаратты қоғамды қалыптастырудың негізгі факторы ретінде адами капиталдың дамуы үшін шарттар жасау;
13) АКТ-ны енгізу арқылы Қазақстанның білім және ғылым салаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
14) АКТ-ны барынша қолдану арқылы халыққа медицина қызметтерін көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
15) электрондық коммерцияның отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
16) қосымша құн салығы жоғары бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи жоғары технологиялық өндірісті құру шарттарын қамтамасыз ету;
17) АКТ-ны енгізу арқылы көлік қызметтерінің қолжетімділігін, қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету үшін дамыған көлік инфрақұрылымын құру;
18) агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін заманауи, ықпалдастырылған және тиімділігі жоғары ақпараттық ортаны ұйымдастыру;
19) Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңашыл АКТ-ны енгізу есебінен қоршаған ортаны тұрақтандыру және спасын жақсарту;
20) АКТ-ны енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристтік бағыт ретінде тартымдылығын арттыру;
21) АКТ-ны жаттықтырушы құрамын, спортшыларды және мамандарды даярлау жүйесінің оқу-жаттықтыру процестеріне енгізу арқылы дене шынықтыру мен спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
22) отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
23) мемлекеттік органдардың мемлекет қызметін жарықтандыру және ілгерілету бойынша жұмысын үйлестірудің және жауапкершілігінің жүйесін жетілдіру.
2. СБШ паспорты
10. Әлемдік тәжірибені және қабылданған көзқарастарды ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) сала ретінде, яғни бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын, есептегіш техниканы, коммуникациялық жабдықты, тұрмыстық электроника мен оның құрамдастарын жобалаумен, өндірумен және сатумен, сондай-ақ жүйелік ықпалдастырумен, телекоммуникациялық және ақпараттық-технологиялық қызметтер ұсынумен байланысты экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы ретінде анықталады.
11. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) АКТ экономикалық қызмет түріне бөлінеді:
1) компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа ілеспелі қызметтер, бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару, олар осы СБШ 1-қосымша кестесінде анықталған;
2) компьютерлерді, электронды және оптикалық өнімнің өндірісі, ақпараттық және коммуникациялық жабдықтың көтерме саудада сату, компьютерлерді және байланыс жабдықтарын жөндеу, олар осы СБШ 2-қосымша кестесінде анықталған;
3) байланыс, осы СБШ 3-қосымша кестесінде анықталған.
12. Кәсіби қызметтің салаларын бөлу кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің нормативтік және құқықтық актілері пайдаланылды, сондай-ақ АКТ саласын анықтаудың халықаралық тәжірибесі ескерілді.
13. Еңбек қызметінің түрі мыналарға бөлінеді:
1) басқарушылық;
2) атқарушы-басқарушылық;
3) атқарушы.
14. СБШ осы СБШ 4-қосымша кестесінде келтірілген.
«Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар»
салалық біліктілік шеңберіне
1-қосымша
Кесте
Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа ілеспелі
қызметтер, бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару
ЭҚЖЖ коды |
Экономикалық қызмет түрінің атауы |
62.01 |
Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет |
62.02 |
Компьютерлік технологиялар саласындағы кеңес беру қызметтері |
62.03 |
Компьютерлік жабдықты басқару жөніндегі қызмет |
62.09 |
Ақпараттық технологиялар және компьютерлік жүйелер саласындағы қызметтің басқа түрлері (оның ішінде, автоматтандырылған жобалау жүйелерін (АЖОЖ) және автоматтандырылған басқару жүйелерін (АБЖ) жасауға арналған бағдарламалық аспаптық орталарды және құралдарды қолдану, роботтехникалық кешендер жасау) |
63.11 |
Деректерді орналастыру және өңдеу қызметтері |
63.12 |
Веб-порталдар |
58.21 |
Компьютерлік ойындар жасау |
58.29 |
Өзге бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару |
92.12 |
Коммуникация жабдықтарды жөндеу |
«Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар»
салалық біліктілік шеңберіне
2-қосымша
Кесте
Компьютерлердің, электрондық және оптикалық өнімнің өндірісі,
ақпараттық және коммуникациялық жабдықты көтерме саудада сату,
компьютерлерді және байланыс жабдықтарын жөндеу
ЭҚЖЖ коды |
Экономикалық қызмет түрінің атауы |
26.1 |
Электрондық бөлшектерді өндіру |
26.2 |
Компьютерлерді және перифериялық жабдықты өндіру |
26.3 |
Байланыс жабдығын өндіру |
26.4 |
Тұрмыстық электроника аспаптарын өндіру |
26.8 |
Ақпаратты таратудың магнитті және оптикалық құралдарын өндіру |
26.51 |
Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптарды өндіру |
46.5 |
Ақпараттық және коммуникациялық жабдықтың көтерме саудасы |
95.11 |
Компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеу |
95.12 |
Коммуникациялық жабдықты жөндеу |
«Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар»
салалық біліктілік шеңберіне
3-қосымша
Кесте
Байланыс
ЭҚЖЖ коды |
Экономикалық қызмет түрінің атауы |
61.1 |
Кабельдік телекоммуникациялық байланыс |
61.2 |
Сымсыз телекоммуникациялық байланыс |
61.3 |
Спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет |
61.9 |
Телекоммуникациялық қызметтердің басқа түрлері |
64.20 |
Электр байланыс (телекоммуникация) қызметтері |
53.0 |
Пошталық және жеткізу қызметтері |
«Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар»
салалық біліктілік шеңберіне
4-қосымша
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық
біліктілік шеңбері
БҰШ деңгейі |
СБШ деңгейі |
Кәсіби қызмет саласы: |
||
Жеке және кәсіби құзыреттіліктерге қойылатын талаптар |
Іскерлікке және машықтарға қойылатын талаптар |
Білімге қойылатын талаптар |
||
1 |
11 |
- |
- |
- |
2 |
21 |
Ақпараттық-коммуникациялық жабдықты сүйемелдеу және қызмет көрсету барысында шектеулі жауапкершілікті және өздігімен жұмыс істеудің белгілі бір дәрежесін ұйғаратын басшылық қарауында нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет. |
Нұсқаулық негізінде жұмыс істеу тәсілін таңдайды және күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау дағдыларын көрсетеді және қарапайым өндірістік жағдайлардағы әрекет түрлерін өздігінен түзету жұмыстарының тәсілдерін таңдайды. |
Еңбек пәні, қарапайым үлгілі міндеттерді орындауда нәтижелерге қол жеткізу құралдары мен тәсілдері туралы, атқарушылық қызмет рефлексиясы туралы негізгі білім. Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе жұмыстардың орындалатын алгоритміне сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру. |
3 |
31 |
Қойылған тапсырмаларды орындау үшін дербес жауапкершілікті және құрылымданған, болжанатын ортада шектеулі тәуелсіздікті ұйғаратын басшылық қарауында нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет. |
Бағдарламалаудың және бағдарламалық кодты тестілеудің негізгі машықтарын көрсетеді, алынған білімді тәжірибеде қолдана білу, техникалық құжаттаманы оқи білу, қойылған міндет үшін алгоритмді іске асыра білу. |
Базалық деңгейде бағдарламалау тілдерінің бірін, деректерді өңдеудің негізгі алгоритмдерін білу. БҚ-ны әзірлеудің өмірлік циклы, оны тестілеудің теориясы туралы жалпы білім. |
4 |
41 |
Белгіленген қызметтерді іске асыру барысында жеткізілген нәтиже үшін жауапкершілікті көздейтін ортада басшылықтың жалпы қарауында нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет; қойылған мақсатты ескере отырып, өздігімен жоспарлау және құрылымданған, болжамсыздықтың азғана ықтималдылығына ие ортада туындайтын мәселелерді шеше білу. |
Қарапайым әдістер мен ақпараттарды пайдалану негізінде мақсаттар мен міндеттерді шешуге қажетті тәжірибелік машықтары мен іскерлігінің кең ауқымды жиынтығын көрсетеді. |
Кәсіби қызмет саласындағы тәжірибелік және теориялық білімдер. Кәсіби міндеттерді қою барысында және шешу кезінде оған қажетті әдістер, қағидаттар мен тәсілдер туралы білім. |
5 |
51 |
Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын технологиялық процесс учаскесі шеңберіндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару. |
Заманауи ой-қабілет машықтарының, жобалау тобының ішінде жұмыс істей білу машықтарының кең жиынтығын көрсетеді, жұмыс процесін басқара білу, логикалық, жүйелік және бірізді тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерге шешім таба білу. |
Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау және жобалау әдістемесі, басқарушылық шешімдер қабылдау тәсілдері, ұжым мен топ құру туралы білім. |
6 |
61 |
Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын кәсіпорын қызметі стратегиясының шеңберінде атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару. |
Жұмыс процесін басқару машықтарының жиынтығын көрсетеді, нәтижелер алу үшін бағалаудың әдістерін, әдістемесі мен критерийлерін таңдай білу, құзыреттерді бөліп тарату және құқық беру, тиімді топтар қалыптастыра білу, сондай-ақ өндірістік процесс барысында шешім қабылдай білу. |
Күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда бірлескен талдау жасау, жобалау және шешім қабылдау әдістемесі туралы білу, қатынас және көзқарастарды келістіру тәсілдерін, талдамалы және жобалық құжаттаманы рәсімдеуді және оны көрсете білу. |
62 |
Құрылымданған болжамсыз ортада өз қызметі үшін және топ жұмысының нәтижелігі үшін жауапкершілік қабылдаумен топты немесе бөлімше деңгейінде басшылық етуді ұйғаратын кәсіпорын қызметінің стратегиясы аясындағы басқарушылық қызмет. |
Жоспарлау, міндеттер қою және тарату, еңбек сыйылымдығын бағалау, топ қалыптастыру, қатынастарды ұйымдастыру және көзқарастарды келістіру, анықталмағандығы жоғары деңгейдегі кәсіби жағдайларда шешім қабылдау машықтарын көрсетеді. |
БҚ-ны әзірлеу әдістемесін, БҚ-ны тестілеу қағидаттары мен құралдарын, жобалау менеджментін, қызмет көрсетуді басқаруды білу. |
|
7 |
71 |
Қосымшалардың, БҚ мен бизнес-логиканың сәулетін жобалауды ұйғаратын атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданбаған болжамсыз ортада бөлімше деңгейінде өнімді, техникалық сәулетті немесе технологияны дамытудың стратегиялық бағыттары үшін толық жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлердің жұмысына басшылық ету. |
Жүйенің, техникалық интерфейстердің сәулетін жобалау/үлгілеу машықтарын көрсетеді, тұжырымдама негіздемелерін қалыптастыра білу және оларды көрсете білу, күрделі техникалық мәселелер үшін сараптамалар жүргізу және қызметтілік бойынша неғұрлым оңтайлы сәулеттік шешімдерді енгізуді қамтамасыз ету. |
Тұжырымдамаларды, стратегияларды, қызметтің және өзара іс-қимылдың қызметтік үлгілерін, міндеттер мен мәселелер қою және оларды жүйелік шешу әдістерін құрастыру әдістемесі туралы білу. |
72 |
Бөлімше қызметінің стратегиясын анықтауды ұйғаратын ұйым немесе бөлімше деңгейіндегі нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдайтын ұйым немесе құрылымданбаған болжамсыз ортадағы ұйым қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. |
Нарық үрдістеріне қарай отырып, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау машықтарын көрсетеді. Бизнес ортадағы өзгерістерді жорамалдап, өз бөлімшесі дамуының стратегиялық бағытын анықтай білу. |
Жобалау қызметінің өмірлік циклын, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу ережелерін, компанияның негізгі бизнес-процестерін, қызметшілерді басқару негіздерін, өндірісті, менеджментті, басқару психологиясын, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін білу. |
|
8 |
82 |
Болжамсыз және құрылымданбаған орта шартындағы ірі институционалдық құрылым деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып, процесті және қызметті басқару стратегиясын анықтауды ұйғаратын басқарушылық қызмет. |
Кәсіпорын қызметінің, өзгеріс пен болжамсыздық стратегиясын әзірлеу машықтарын көрсетеді, ынталандырудағы шығынсыз және сапа үшін зарасыз ұзақ мерзімді және көп еңбекті міндеттерді орындау, әр текті ақпаратты талдау, тәуекелдерді бағдарлау қабілеті. Әр түрлі деңгейдегі топтарды қалыптастырып, дамыта алады. |
Кәсіптік қызмет, сондай-ақ қаржы, маркетинг, халықаралық нарық саласындағы ең терең және толық білім. |
Ескертпе: 1 – басқарушылық қызметпен байланысты мамандықтар;
2 – өндірістік қызметпен байланысты мамандықтар.
БҰШ деңгейі |
СБШ деңгейі |
Кәсіби қызмет саласы: |
||
Жеке және кәсіби құзыреттіліктерге қойылатын талаптар |
Іскерлікке және машықтарға қойылатын талаптар |
Білімге қойылатын талаптар |
||
1 |
1 |
Күрделі емес жабдықты құрастыруға және бөлшектеу дайындағанда қарапайым қызметтерді іске асыру бойынша тікелей басшылықтағы атқарушылық әрекеттер. Әрекеттердің кеңістікті-уақытша, физиологиялық немесе қызметтік сипаттамаларын анықтайтын жұмыс беруші алдын ала белгілеген критерийлермен өз әрекеттерін салыстыра отырып, жұмыс беруші алдын ала әзірлеген алгоритмдер бойынша қарапайым әрекеттер орындау. |
Үлгілі күрделі емес тәжірибелік тапсырмаларды тыңдайды, түсінеді және орындайды, өзін өзі қадағалау және өзін өзі тәртіптеу машықтарын көрсетеді. |
Еңбек мәні, оны түрлендіру процесі және тиісті атқарушылық әрекеттер циклы туралы негізгі білім. |
2 |
2 |
Технологиялық жабдықтардың күрделі емес жекелеген тораптарын өндіру, құрастыру және бөлшектеу кезінде шектеулі жауапкершілік пен дербестіліктің белгілі бір дәрежесін көздейтін басшылықпен нормаларды іске асыру жөніндегі атқарушылық қызмет. |
Нұсқаулықтар негізінде жұмыстардың тәсілін таңдайды және күрделі емес практикалық тапсырмалар орындайды, жай өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі түзету дағдыларын көрсетеді. Персоналға бірінші деңгейдегі тапсырмаларды беру және олардың орындалуын бақылау. Жұмыстардың орындалатын алгоритмі шеңберінде өз іс-қимылын және персоналды үйлестіру. Жоғары деңгейдегі персоналмен дайындалған реттеуші шешімдердің орындалуын келісу. |
Еңбек пәні, қарапайым үлгілі міндеттерді орындауда нәтижелерге қол жеткізу құралдары мен тәсілдері туралы, атқарушылық қызмет рефлексиясы туралы негізгі білім. Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе жұмыстардың орындалатын алгоритміне сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге беру. |
3 |
3 |
Өздігімен жоспарлауды көздейтін басшылық нормаларын іске асыру жөніндегі атқарушылық қызмет, жабдықтарды құрастырғаны, бөлшектегені және өндіргені үшін жауапкершілік. |
Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді. Қойылған норманың орындалу тәсілін, еңбек мәні мен құралын дербес анықтайды. |
Затты қайта жасау, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, кәсіби қызметтің үлгілік жағдайларында міндеттерді дербес орындау технологиялары туралы білім. |
4 |
4 |
Міндеттердің дербес айқындалуын, ұйымдастырылуын және қарамағындағы қызметкерлерге нормаларды іске асыруды бақылауды көздейтін басшылықпен нормалардың іске асырылуы жөніндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, күрделі жабдықтарды құрастыру, бөлшектеу және өндіру кезіндегі жауапкершілік. |
Өзін-өзі анықтау және өзін-өзі нормалау машықтарын көрсетеді. Алған тапсырмаларын нақтылайды, қарамағындағыларға міндеттер қояды, қызмет нәтижелерін бағалайды, білімі мен машығының жетіспейтіндігін айқындайды, қызметкерлердің кәсібилігін арттыруды ынталандырады. |
Кәсіби міндеттерді қою және шешу тәсілдері, қағидаттары мен амалдары туралы, этика және қарым-қатынас психологиясы, ойлау және қызмет рефлексиясы, уәждеу және еңбекті ынталандыру тәсілдері туралы білімінің болуы. |
5 |
5 |
Жабдықтарды өндіргені, құрастырғаны және бөлшектегені үшін жауапкершілікті көздейтін кәсіпорын қызметінің технологиялық процесі учаскесі мен стратегиясы шеңберінде басқарушылық қызмет. |
Тапсырысты түсіну, жағдайды талдау, өзін-өзі талдау, шешімдер қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты арттырудың алдын алатын командалық жұмыс контекстінде қызметті бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді. |
Ұжым және топ құру туралы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың кәсіби ахуалдары, тәсілдерін жүйелі талдау және жобалау әдіснамасы туралы білімі болуы. |
6 |
6 |
Жұмыстарды басқа учаскелермен келісуді көздейтін кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберінде басқарушылық қызмет, қызметкерлердің кәсібилігін арттырғаны, жабдықтарды жасағаны, құрастырғаны және бөлшектегені үшін жауапкершілік. |
Екі ұштылықтың жоғары болуының әлеуметтік және кәсіби жағдайларында шешімдерді жобалау және қабылдау машықтарын, өзін-өзі басқару, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарасын келісу, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану мәдениетін көрсетеді. |
Күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда бірлескен талдау жасау, жобалау және шешім қабылдау әдістемесі туралы білу, қатынас және көзқарастарды келістіру тәсілдерін, талдамалы және жобалау құжаттамасын рәсімдеуді және оны көрсете білу. |
7 |
7 |
Сала құрылымдарының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды, жеке бөлшектерді, жинақтауыштарды және жабдықтардың тораптарын өндіруді және сатуды көздейтін басқарушылық қызмет. |
Инновациялық әдістерді, қызметтің тұжырымдамалары мен стратегияларын құру әдістерін қолдана отырып проблемалық және өздігінен проблемаландыру дағдыларын көрсетеді. |
Тұжырымдамаларды, стратегияларды, қызметтің және өзара іс-қимылдың қызметтік үлгілерін, міндеттер мен мәселелер қою және оларды жүйелік шешу әдістерін құрастыру әдістемесі туралы білу. |
8 |
8 |
Мемлекеттік деңгейдегі ірі институционалды құрылымдар саласын дамыту және олардың жұмыс істеуіне ықпал етуге негізделген басқарушылық қызмет, жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, өндіріс үшін жауапкершілікте болу және жағдай жасауды ұйымдастыру. |
Экологиялық және стратегиялық шешімдерді, логикалық әдістерді пайдалана отырып, өзара пайдалы шешімдерді қабылдай алу дағдысын, кәсіби қызмет және өзара әрекет модельдерін құру және жүзеге асыру әрекеттерін көрсетеді. |
Қызметтің кооперативтік жүйелерін құру және өзара іс-қимылы, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді модельдеу және басқару әдіснамасы туралы білім. |
БҰШ деңгейі |
СБШ деңгейі |
Кәсіби қызмет саласы: |
||
Жеке және кәсіби құзыреттіліктерге қойылатын талаптар |
Іскерлікке және машықтарға қойылатын талаптар |
Білімге қойылатын талаптар |
||
1 |
11 |
Күрделі емес жабдықты орнатуға және бұзуға дайындау кезінде қарапайым функцияларды іске асыру бойынша тікелей басшылықпен орындаушылық іс-әрекеттер. |
Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды тыңдайды, түсінеді және орындайды, өзін-өзі қадағалау және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын көрсетеді. |
Еңбек нысаны, оны қайта жасау процесі және тиісті орындаушылық іс-әрекеттердің циклі туралы базалық білім. |
2 |
21 |
Байланыс құралдарының жабдықтарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әзірлеуші және қорытынды функцияларды орындауда шектелген жауапкершілікті және дербестіктің белгілі бір деңгейін көздейтін норманы іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызмет. |
Нұсқаулықтардың негізінде жұмыс жасаудың әдісін таңдайды және қиын емес практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және іс-әрекетін өздігінен түзету дағдыларын көрсетеді. Бірінші деңгейдегі қызметкерлерге тапсырма беру және олардың орындалуын бақылау. Өзінің іс-әрекетін және орындайтын жұмыстарының алгоритмі аясында бірінші деңгейдегі қызметкерлердің іс-әрекетін үйлестіру. Әзірленген реттеуші шешімдердің орындалуын жоғары тұрған деңгейдегі қызметкерлермен келісу. |
Еңбек нысаны, қарапайым үлгілік міндеттерді орындау кезінде нәтижеге жету құралдары мен әдістері туралы, орындаушылық қызмет рефлексиясы туралы базалық білім. Еңбек нысандары мен құралдарының жағдайы туралы бастапқы ақпарат жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе орындалатын жұмыстың алгоритмдеріне сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге өткізу. |
3 |
31 |
Өздігінен жоспарлауды, жабдықтарды профилактикалық тексеру, байланыс құралдарының жабдықтарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әзірлеуші және қорытынды функцияларды орындау кезінде, сондай-ақ техникалық тапсырманы талдау, жергілікті жерлерде іздеу жұмыстары кезінде, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауда қойылған міндеттерді орындау үшін жауапкершілікті көздейтін норманы іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызмет. |
Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді. Қойылған норманы орындаудың әдісін, еңбек ету негізі мен құралдарын өздігінен анықтайды. |
Затты технологиялық қайта жасау, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, кәсіби қызметтің үлгілік жағдайларында міндеттерді дербес орындау туралы білу. |
4 |
41 |
Міндеттерді өздігінен анықтауды, бағынысты қызметкерлердің норманы іске асыруын ұйымдастыруды және бақылауды, ақпаратты сенімді және сапалы беру, қабылдау, өңдеу және сақтауды қамтамасыз ететін технологияны, әдістерді, тәсілдерді және құралдарды әзірлеу, жабдықтарды профилактикалық тексеру, байланыс құралдарының жабдықтарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әзірлеуші және қорытынды функцияларды орындау кезінде, сондай-ақ бизнес-жоспарларды әзірлеу, техникалық тапсырманы талдау, жергілікті жерлерде іздеу жұмыстары кезінде, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін норманы іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызмет. |
Өзін-өзі анықтау және өзін-өзі нормалау дағдыларын көрсетеді. Алынған тапсырмаларды нақтылайды, бағыныстыларына міндеттер қояды, қызмет нәтижелерін бағалайды, білім және дағдының жеткіліксіздігін анықтайды, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыруды дәлелдейді. |
Кәсіби міндеттерді қою және шешудің тәсілдері, қағидаттары және әдістері туралы, қарым-қатынас жасаудың этикасы және психологиясы, ойлау және қызмет ету рефлексиясы, еңбекті уәждеу және ынталандыру әдістері туралы білу. |
5 |
51 |
Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын технологиялық процесс учаскесі шеңберіндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару. |
Тапсырысты түсіну, жағдайды талдау, өзін-өзі талдау, шешімдер қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты арттырудың алдын алатын командалық жұмыс контекстінде қызметті бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді. |
Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау және жобалау, басқарушылық шешім қабылдау әдістемесі туралы, ұжым және команда құру туралы білу. |
6 |
61 |
Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын кәсіпорын қызметі стратегиясының аясындағы атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару. |
Жұмыс процесін басқару машықтарының жиынтығын көрсетеді, нәтиже алу үшін бағалау әдістерін, әдістемелерін және критерийлерін таңдай білу, құзыреттерді тарату және құқық беру, тиімді топтар құру, сондай-ақ өндірістік процесс барысында шешім қабылдау. |
Күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда бірлескен талдау жасау, жобалау және шешім қабылдау әдістемесі туралы білу, қатынас және көзқарастарды келістіру тәсілдерін, талдамалы және жобалық құжаттаманы рәсімдеуді және оны көрсете білу. |
62 |
Басқа учаскелердегі жұмысты келістіруді ұйғаратын кәсіпорын қызметі стратегиясының аясындағы басқарушылық қызмет, жұмысшылардың кәсібилігін арттыру үшін, желілердің (байланыс жүйелерінің) үздіксіз жұмысы үшін, ақпаратты сенімді және сапалы таратуды, қабылдауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ететін технологияларды, тәсілдерді, әдістерді және құралдарды әзірлеу үшін, сондай-ақ байланыстың желілік және станциялық ғимараттарын сапалы жобалау үшін жауапкершілік. |
Жоғары деңгейде анықталмаған әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда жобалау және шешім қабылдау машықтарын, өзін өзі басқару мәдениетін, қатынасты ұйымдастыру және көзқарастарды келістіру машықтарын, нәтижелерді ресімдеу және көрсете білу, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану машықтарын көрсетеді. |
Күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда бірлескен талдау жасау, жобалау және шешім қабылдау әдістемесі туралы білу, қатынас және көзқарастарды келістіру тәсілдерін, талдамалы және жобалау құжаттамасын рәсімдеуді және оны көрсете білу. Құрылымдық бөлімше қызметшілерінің қызметін ағымдық және перспективті айлық жоспарлау, жоспарланатын іс-шараларды әзірлеу және орындалуын ұйымдастыру. |
|
7 |
71 |
Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын технологиялық процесс учаскесі шеңберіндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару. |
Тапсырысты түсіну, жағдайды талдау, өзін өзі талдау, шешім қабылдау және оларға іске асыруға шарт жасау, топтық жұмыс барысында қызметті бақылау және түзету, басқарушылық және орындаушылық кәсібилікті арттырудан озатын машықтарды көрсетеді. |
Кәсіптік жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдістемесі, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері туралы, ұжымдық және топ қалыптастырушылық туралы білу. |
72 |
Құрылымдық бөлімше немесе құрылымданбаған болжамсыз ортадағы ұйым деңгейінде нәтиже үшін жауапкершілік қабылдай отырып, құрылымдық бөлімше немесе ұйым қызметінің стратегиясын ұйғаратын және анықтайтын ұйым қызметінің стратегиясы аясындағы басқарушылық қызмет. |
Нарық үрдесіне қарай отырып, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау машықтарын көрсетеді. Бизнес ортадағы өзгерістерді жорамалдап, өз бөлімшесі дамуының стратегиялық бағытын анықтай білу. |
Жобалау қызметінің өмірлік циклын, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу ережелерін, компанияның негізгі бизнес-процестерін, қызметшілерді басқару негіздерін, өндірісті, менеджментті, басқару психологиясын, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін білу. |
|
8 |
82 |
Болжамсыз және құрылымданбаған орта шартындағы ірі институционалдық құрылым деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып, процесті және қызметті басқару стратегиясын анықтауды ұйғаратын басқарушылық қызмет. |
Кәсіпорын қызметінің, өзгеріс пен болжамсыздық стратегиясын әзірлеу машықтарын көрсетеді, ынталандырудағы шығынсыз және сапа үшін зарасыз ұзақ мерзімді және көп еңбекті міндеттерді орындау, әр текті ақпаратты талдау, тәуекелдерді бағдарлау қабілеті. Әр түрлі деңгейдегі топтарды қалыптастырып, дамыта алады. |
Кәсіптік қызмет, сондай-ақ қаржы, маркетинг, халықаралық нарық саласындағы ең терең және толық білім. |
Ескертпе: 1 – басқарушылық қызметпен байланысты мамандықтар;
2 – өндірістік қызметпен байланысты мамандықтар.