Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
Әлеуметтік қорғау министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы 9 қазан
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2013 жылғы
26 қыркүйектегі № 751
бұйрығымен бекітілген
«Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару»
кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):
еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды анықтауға;
қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған;
2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары:
білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
кәсіптік даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.
4. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы.
3) еңбек қызметінің түрі – кәсіптік қызметтің негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін құрамдас бөлігі;
4) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
5) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
6) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
7) жұмыс (кәсіп) тобы – жұмыстың ұқсас түрлерін біріктіретін кәсіби жұмыстар саласы;
8) кәсіптік қызмет саласы – біріккен ортақ негізі бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер жинағы бар сала қызметі түрлерінің жиынтығы негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін сала қызметінің бір бөлігі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;
11) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік жүйесіндегі функционалдық орын;
13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
14) сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
15) салалық біліктілік шеңбері – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіптік қызметтер саласында немесе шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын қызмет түрлерінің, атқарымдары мен міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.
5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
КҚ – кәсіптік қызмет;
ҚТ – қызмет түрі;
КС – кәсіби стандарт;
ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;
СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;
БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы;
ҚР МЖ 01-99 – «Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші;
ҮБС – Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары;
Ф – функциялар;
М – міндеттер.
2. КС паспорты
6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызмет саласы): «Көлік және жинақтау».
7. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: тасымалдарды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару.
Кәсіби стандарт «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» кәсіптік қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.
8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілді.
Стандарт талаптары осы саланың мынадай қызмет түрлері мен кәсіптеріне қатысты қолданылады: тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор және метрополитен бойынша кезекші.
3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкалары
Параграф 1. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор
9. СБШ – 3 бойынша біліктілік деңгейі.
10. Мүмкін болатын лауазым атауы: тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор.
11. «Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор» кәсібі субъектіні көлік құралдарының пайдалану қызметін жедел есепке алу бойынша жұмыстар, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жоғалған жүктерді іздестіру, құжаттарды сату және ресімдеу сияқты негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.
12. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператордың еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілді.
13. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.
14. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторының орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілді.
15. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператордың құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілді.
Параграф 2. Метрополитен бойынша кезекші
16. СБШ – 3 бойынша біліктілік деңгейі.
17. Мүмкін болатын лауазым атауы: метрополитен бойынша кезекші.
18. «Метрополитен бойынша кезекші» кәсібі субъектіні поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу, поездардың жүру кестесінің орындалуын жүзеге асыру және метрополитен станцияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.
19. Метрополитен бойынша кезекшінің еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілді.
20. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 3 Қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.
21. Метрополитен бойынша кезекшінің орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілді.
22. Метрополитен бойынша кезекшінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілді.
Тасымалдауды ұйымдастыру және
көліктегі қозғалысты басқару
кәсіби стандартына 1-қосымша
1-Кесте. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
Реттік № |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы |
01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіп атауы |
СБШ сәйкес біліктілік деңгейі |
1. |
Көлік құралдарының пайдалану қызметін жедел есепке алу бойынша жұмыстар; жоғалған жүктерді іздестіру; құжаттарды сату және ресімдеу |
Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор |
Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор |
3 |
2. |
Поездарды қабылдау, жөнелту және өткізуді, поездардың жүру кестесінің орындалуын жүзеге асырады және метрополитен станцияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді |
Метрополитен бойынша кезекші |
Метрополитен бойынша кезекші |
3 |
Тасымалдауды ұйымдастыру және
көліктегі қозғалысты басқару
кәсіби стандартына 2-қосымша
1-Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
«Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші (ҚР МЖ 01-99) |
|
Базалық топ |
4133 |
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҮБС) |
|
ҮБС бойынша лауазым |
Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор |
СБШ біліктілік деңгейі |
3 |
2-Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Қызметі көлікпен және тасымалдаумен байланысты ұйымдар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы |
Жоқ |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты |
Жоқ |
||
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
3 |
Практикалық тәжірибесіз техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген деңгейі |
Талап етілмейді |
3-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (кәсіптің еңбек функциялары)
Еңбек функциясының № |
Еңбек функциясының атауы |
1 |
Ақша қаражатымен байланысты операциялар |
2 |
Жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу және сату |
3 |
Жүкті, багажды жөнелтуді бақылау |
4-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (функционалдық карта)
Еңбек функциясының № |
Еңбек мәні |
Еңбек құралдары |
Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) |
1 |
Қаржылық есептеулер |
Ақша |
1-1) Ақша қаражатын қабылдау, есепке алу және сақтау бойынша операцияларды жүргізу |
3 |
Жүк (жолаушылар) |
Көлік құралы |
3-1) Тасымалдау кезінде жүктердің дұрыс бекітілуін және орналастырылуын тексеру |
3-2) Жүктерді тасымалдау кезінде еңбекті қорғау талаптарының орындалуын бақылау |
|||
2 |
Жүк (жолаушылар) |
Компьютер, принтер, бланкілер және қағаз |
2-1) Теміржол көлігіне жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу және сату |
2-2) Жүктерді сақтандыруды ресімдеу |
5-Кесте. СБШ 3-деңгейі бойынша тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператордың құзыретіне қойылатын талаптар
Міндет шифры |
Жеке және кәсіптік құзыреттері |
Дағдылары мен біліктері |
Білімі |
1-1) |
Ақша аударымдарын тексеру үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет |
Ақша аударымдарымен жұмыс жасау |
Бухгалтерлік есеп, жүк пен багажды ресімдеу нысандары |
2-1) |
Тасымалдау және басқа қажетті құжаттардың ресімделуін орындау үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет |
Іс жүргізу |
Қажетті құжаттаманы толтыру (нысандар бойынша) |
3-1) |
Жүкті (жолаушыларды) тасымалдауды бақылау үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет |
Жүкті көлікке бекіту дағдысы |
Жүкті көлікпен тасымалдау ережелері (көлік түрлері бойынша) |
Тасымалдауды ұйымдастыру және
көліктегі қозғалысты басқару
кәсіби стандартына 3-қосымша
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Базалық топ |
4133 |
Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (БТБА) |
|
БТБА шығарылымы, тарауы |
- |
БТБА бойынша кәсіп |
Метрополитен бойынша кезекші |
СБШ біліктілік деңгейі |
БТБА бойынша разрядтар |
3 |
- |
2-Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
метрополитен |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы |
Электр өрісінің жоғарғы кернеуі; статикалық электр деңгейінің жоғарылығы |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты |
жоқ |
||
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
3 |
Практикалық тәжірибесіз техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген деңгейі |
Талап етілмейді |
3-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (кәсіптің еңбек функциялары)
Еңбек функциясының № |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі) |
1 |
Электрлік орталықтандыру аппаратында поездарды қабылдау, жөнелту маршруттарын дайындау және техникалық-басқару актісінің, стрелкалардың өзара бірігіп жұмыс істеу кестесіне, сигналдар мен маршруттарға және электрлік орталықтандыру құрылғыларын пайдалану тәртібі туралы жергілікті нұсқаулыққа сәйкес маневрлік жұмыстарды орындау бойынша операцияларды уақытылы орындайды. |
2 |
Жарықтық табло мен барлық бақылау аспаптарының көрсеткіштерін, поездардың жөнелтілуін, маневрлік құрамдардың қозғалысын бақылайды. |
3 |
Поездарды қабылдау және жөнелту жөніндегі кезекшілердің, автоматты өткізу пункттері операторларының, өндірістік жайлар жинаушыларының жұмыстарына басшылық жасау. |
4-кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (функционалдық карта)
Еңбек функциясының № |
Еңбек мәні |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
1 |
ДОБ құрылғылары |
Пульт - табло |
1-1) Станция құрылғылары мен жабдығының дұрыс жұмыс жасауын бақылау (стрелкалы ауыстыру, бақылау аспаптары және т.б.) |
1-2) Поездарды қабылдау мен жөнелту маршруттарын дайындау бойынша электрлік орталықтандыру аппаратында жұмыс істеу |
|||
3 |
Жұмысшылар, жолаушылар |
Байланыс және қатты дауысты хабарландыру құрылғысы |
3-1) Станция бойынша кезекшілер мен операторлардың жұмысын басқарады |
3-2) Жолаушыларға қатты дауысты хабарландыру арқылы ақпарат береді |
|||
3-3) Станциялар мен аралықта тұрғаннан кейін құрамдарды қабылдауға локомотив бригадаларының (машинистердің) уақытылы келуін бақылайды |
|||
2 |
Поездар |
Пульт - табло |
2-1) Жарықтық табло мен барлық бақылау аспаптарының көрсеткіштерін, поездардың жөнелтілуін, келуін бақылау |
2-2) Поездардың қозғалысы мен маневрлардың үстел журналына орталықтандыру бекеті операторының жазбажазуын бақылайды және өзі жазады |
|||
2-3) Поезд диспетчерінің поездардың қозғалысын реттік бойынша нұсқауларын орындайды, машинистерге ескерту рәсімдейді және береді, диспетчердің бұйрық көшірмелерін және басқа жол жүру құжаттарын рәсімдейді және береді |
5-кесте. СБШ 3-деңгейінің метрополитен бойынша кезекшісінің құзыретіне қойылатын талаптар
Міндет шифры |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Дағдылары мен біліктері |
Білімі |
1-1) |
Метрополитеннің дұрыс жұмыс жасауы үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет |
Орнықтылық, тілтапқыштық |
Дабылдама, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының жұмысын білу |
2-1) |
Жоғары тұрған басшылықтың нұсқаулары мен бұйрықтарын орындау үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет |
Сауатты сөйлей білу |
Іс жүргізу |
3-1) |
Метрополитендегі поездардың қозғалу кестесін орындау үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет |
Орнықтылық, тіл тапқыштық |
Метрополитен бойынша поездардың қозғалу ережелері, станция ТРА |
4. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттар
түрлері
5. Кәсіби стандартты әзірлеушілер
PRC «Career-Holdings»
6. Келісу парағы
Ұйым атауы |
Келісілген күні |
Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігінің техникалық және кәсіптік білімді және кадрлар даярлауды дамыту бойынша салалық кеңес |
7. Кәсіптік стандарттың сараптамасы және тіркелуі
Осы кәсіптік стандарт ________________ бекітілді және тіркелді.
Кәсіптік стандарттар тізіліміне енгізілді. Тіркеу № ___________
Хат (хаттама) № __________________ Күні _______________________