«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Білім басқармаларының басқарушылары, жоғары оқу орындарының ректорлары жыл сайын 20 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және инвестициялық жобалар департаментіне осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша «Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) жыл сайын 28 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Статистика агенттігіне осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша «Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің
төрағасы
_________ Ә. А. Смайылов
2013 жылғы 09 қазан
Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме Білім беру ұйымдарында оқитындарға республикалық және
жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төленген мемлекеттік
стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер
1. Жалпы ережелер
1. Осы Түсіндірме білім беру ұйымдарында оқитындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төленген мемлекеттік стипендиялардың сомасы туралы нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды және ұсынымдық сипатқа ие.
2. Нысанды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің білім басқармалары толтырады және жыл сайын 20 ақпанға дейін ұсынады.
3. Нысанға жоғары оқу орындарының ректорлары, атқарушы органдардың басшылары, олар жоқ болған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. «Республикалық бюджеттен (мақсатты трансферттер есебімен)» бағанында білім беру ұйымдарында оқитындарға ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғандағы республикалық бюджет есебінен төленген стипендия сомасы көрсетіледі.
5. «Жергілікті бюджеттен (мақсатты трансферттер есебінсіз)» бағанында білім беру ұйымдарында оқитындарға ағымдағы нысаналы трансферттер есебінсіз жергілікті бюджет есебінен төленген стипендия сомасы көрсетіледі
6. «Барлығы Қазақстан Республикасы бойынша» деген жолда жалпы республика бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтық сомасы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 9 қазандағы № 415
бұйрығына қосымша
приложение к приказу
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 9 ноября 2013 года № 415
Білім мекемелерінде оқитындарға республикалық және жергілікті
бюджеттердің қаражаты есебінен төленген мемлекеттік
стипендиялардың сомасы туралы мәліметтер
Сведения о суммах государственных стипендий, выплаченных
обучающимся в организациях образования, за счет средств
республиканского и местных бюджетов
Есепті кезең 20 ___ ж.
Отчетный период 20 ___ г.
Индексі: ТС1
Индекс: ВС1
Кезеңділігі: Жылдық
Периодичность: Годовая
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары, Астана және Алматы қалаларының, облыстар әкімдіктерінің Білім басқармалары тапсырады.
Представляют: Высшие учебные заведения Республики Казахстан, Управления образования акиматов областей, городов Астаны и Алматы.
Тапсыру мерзімі 20 ақпанға дейін
Срок представления – до 20 февраля
Облыс атауы |
соның ішінде қаражаттан төленгендер, мың теңге: |
|
Республикалық бюджеттен (мақсатты трансферттер есебімен) |
Жергілікті бюджеттен |
|
Ақмола |
||
Ақтөбе |
||
Алматы |
||
Атырау |
||
Батыс Қазақстан |
||
Жамбыл |
||
Қарағанды |
||
Қостанай |
||
Қызылорда |
||
Маңғыстау |
||
Оңтүстік Қазақстан |
||
Павлодар |
||
Солтүстік Қазақстан |
||
Шығыс Қазақстан |
||
Астана қаласы |
||
Алматы қаласы |
||
Барлығы Қазақстан Республикасы бойынша: |
Атауы: Мекен-жайы
Наименование:__________________ Адрес ___________________________
__________________ Тел _____________________________
Электрондық почта мекенжайы
Адрес электронной почты _________
Орындаушының тегі және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя ____________ тел. _______________
Басшы (Т.А.Ә. қолы)
Руководитель _______________ (Ф.И.О. подпись)_________________
М.О.
М.П.