Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 қарашада № 8918 тіркелді.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 184 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6188 болып тіркелді, 2010 жылғы 1 маусымдағы № 135 (26196) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды).

      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған органы қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Н. Қаппаров

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 313-ө бұйрығымен
бекітілген

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидалар "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).

      Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Ереженің күші сарқынды суларды жинақтағышты, балық питомнигі су айдындарын, уылдырық шашу-өсіру су айдындарын, тоғандық және көл-тауар шаруашылықтарының су айдындарын, сондай-ақ балық және басқа су жануарларын өсіру үшін пайдаланылатын басқа да жасанды су айдындарын қоспағанда, барлық балық шаруашылық су айдындарына таралады.

      3. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кеме – Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауындағы, ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздiгiнен жүзетiн немесе өздiгiнен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде "өзен-теңiзде" жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар);

      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде су көлігі қозғалысының тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Су көлігінің қозғалысы балық және басқа да су жануарларының ортасына және мекендейтін жағдайына кері әсер етпеуді есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      5. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау және олардың уылдырық шашу көші-қоны кезінде балық ресурстарына теріс әсер етуді төмендету мақсатында:

      1) түптереңдету және түптазарту жұмыстарын жүргізуге;

      2) тіркелмеген және есепте тұрмаған шағын көлемді кемелердің, сондай-ақ борттық нөмірлері жоқ кемелердің жүзуі;

      3) белгіленген балықтардың уылдырық шашу орындарында, олардың көбею кезеңінде және суда жүзетін құстардың жаппай ұя салу орындарында катерлердің, моторлы қайықтардың және моторы қосылған басқа да кемелермен жүруге;

      4) қоныстану аялдамаларын, бакен орнатуға арналған балық қабылдау бекеттерін және өте қажет жағдайларды (дауыл, апат) қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған шекараларда су көлігінің тоқтауына рұқсат етілмейді.

      6. Осы Ереженің 5-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптары ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыратын кемелерге, авариялық-құтқару жұмыстарын, тұрақты жүк-жолаушылар тасымалын (паром), балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды, кеме қатынайтын жолдарда навигациялық белгілерді орнатуды және қызмет көрсетуді, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды орындайтын кемелерге қолданылмайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 17.02.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Балық және басқа да су жануарларының уылдырық шашуына қолайлы жағдайлар туғызу үшін балық шаруашылығы су айдындарында кемелердің, шағын көлемді флоттардың және басқа да су көлігі құралдарының қозғалысына кемелерді пайдалануға және кемелерді жөнелту санына шектеу қою арқылы, олардың тиістілігіне тәуелсіз уылдырық шашу кезеңі жарияланғаннан бастап, оның аяқталуына дейін шектеу қойылады.

      8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға мынадай шектеулер қойылады:

      1) кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан көп емес;

      2) жеке және заңды тұлғалар үшін жеке меншік құқығындағы кемелердің аспалы және статционарлық моторларының қуаты 20 ат күшінен (бұдан әрі – а.к.) көп емес;

      Жайық-Каспий бассейндерінде кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілері үшін – 40 а.к. көп емес;

      бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі үшін - 100 а.к. көп емес;

      ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін - аспалы моторлар 55 а.к. көп емес, стационарлық моторлар 150 а.к. көп емес;

      кеме қатынайтын су жолдарындағы навигациялық белгілерді орнату және қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың Ертіс бассейнінде стационарлы қозғалтқыштары бар кемелермен тұрақты жүк-жолаушылар тасымалын (паром) жүзеге асыруы, заңды тұлғалардың Өскемен ГЭС-нен ағыс бойынша төмен қарай 23 км учаскесінде шағын көлемді кемелерді қоспағанда, "Р" сыныпты жазық тонналы кемелермен, стационарлық су лақтыратын қозғағыштары бар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, көліктік бақылауды, полиция департаменттерінің табиғат қорғау полициясы бөлімшелерін шектеу қойылмайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді жөнелту санын шектеу кеме иесіне және кеме жүргізушіге осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісімді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Көрсетілген қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды және балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісім береді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" жолданады және сонда сақталады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер осы Қағидалардың 3-қосымшасында мазмұндалған.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті берушілердің кеме қатынасы режимін келісуден бас тартуы көрсетілететін қызметті алушылардың дәлелді бас тартуда көрсетілген барлық ескертулерді жойғаннан кейін қайталама өтінім беру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 2-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Уылдырық шашу кезеңінде
балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға тыйым
салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі
қозғалысының ережесіне
1-қосымша
  Нысан

      Нөмірі:_______                        Берілген күні_________

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Берілді:_________________________________________________________________________

      (заңды/жеке тұлғаның атауы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Кеменің атауы___________________________________________________________________

      Кеменің тіркеу нөмірі_____________________________________________________________

      Кеменің техникалық параметрлері: __________________________________________________

      Ұзындығы (метрмен) _____________________________________________________________

      Ені (метрмен) ____________________________________________________________________

      Шөгуі (сантиметрмен, метрмен) ____________________________________________________

      Кемедегі ескіш бұрандалардың айналу жылдамдығы (айн/мин) __________________________

      Кеменің типі ____________________________________________________________________

      Кеменің маркасы _________________________________________________________________

      Қозғалтқышының қуатты __________________________________________________________

      Кеме қатынасының мақсаты _______________________________________________________

      Қозғалыс мерзімі 20__жылғы _______ бастап ________дейін

      Қозғалыс бағдары ________________________________________________________________

      Тұрақ орны ______________________________________________________________________

      Қосымша шарттар ________________________________________________________________

      Аталған келісімнің көшірмесі бақылау үшін жіберіледі

      Аумақтық бөлімше басшысы: ______________________________ ________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Уылдырық шашу кезеңінде
балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға
тыйым салынған су
айдындарында және (немесе)
учаскелерінде су көлігі
қозғалысының ережесіне
2-қосымша

      (кімге) ______________________
(уәкілетті орган ведомствосы
аумақтық бөлімшесінің
толық атауы)
(кімнен) ____________________
(өтініш берушінің толық атауы)
мекенжайы __________________
(индексі, қала, аудан, облыс,
көше, үй №, пәтер
№ (бар болса), телефон)
өтініш берушінің
деректемелері _______________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу туралы өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Заңды немесе жеке тұлғаның атауы, аты, әкесінің аты (бар болса)

      тегі)_______________________________________________________

      Кеме жүргізушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________

      Кеменің атауы _________________________________________

      Кеменің тіркеу нөмірі ______________________________________

      Кеменің техникалық параметрлері (ұзындығы, ені, шөгуі):

      Ұзындығы (метрмен) _______________________________________

      Ені (метрмен) _____________________________________________

      Шөгуі (сантиметрмен) _____________________________________

      Кемедегі ескіш бұрандалардың айналу жылдамдығы (айналу/минут) __

      Кеменің типі _________________________________________________

      Кеменің маркасы __________________________________________

      Қозғалтқышының қуаты ____________________________________

      Кеме қатынасының мақсаты _________________________________

      Қозғалыс мерзімі 20____жылғы _________ бастап __________ дейін

      Қозғалыс бағдары_____________________________________________

      Тұрақ орны __________________________________________________

      Кеме билетінің немесе кеме куәлігінің нөмірі және күні_____________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініштің берілген күні 20__жылғы "__"_____________

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Уылдырық шашу кезеңінде
балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға тыйым
салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі
қозғалысының ережесіне
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме жүргізу режимін келісу немесе дәлелді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақысыз түрде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа.
2) Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Кодекске және Заңның 5-бабына сәйкес жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті алушы үшін ұсынылады: Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – денпортал) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режимін келісу туралы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, кеме билеті немесе кеме куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады. Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" құралы бойынша қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, интернет-ресурстарынан, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

     

Об утверждении Правил движения водного транспорта в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках

Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 16 октября 2013 года № 313-Ө. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 ноября 2013 года № 8918.

      В соответствии с подпунктом 21) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 13.10.2020 № 255 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила движения водного транспорта в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 184 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6188, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 1 июня 2010 года № 135 (26196)).

      3. Комитету рыбного хозяйства Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра охраны окружающей среды Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Министр

Н. Каппаров


  Утверждены
приказом Министра охраны
окружающей среды
Республики Казахстан
от 16 октября 2013 года № 313-Ө

Правила
движения водного транспорта в запретный для рыболовства
нерестовый период, а также в запретных для рыболовства
водоемах и (или) участках

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 22.04.2019 № 166 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с подпунктом 21) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон о государственных услугах) определяют порядок движения водного транспорта в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках (далее – Правила).

      Государственная услуга "Согласование режима судоходства в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках" (далее – государственная услуга) оказывается территориальными подразделениями Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа и.о. Министра экологии и природных ресурсов РК от 15.06.2023 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Действие настоящих Правил распространяется на все рыбохозяйственные водоемы, за исключением накопителей сточных вод, водоемов рыбопитомников, водоемов нерестово-выростных, водоемов прудовых и озерно-товарных хозяйств, а также других искусственных водоемов, используемых для выращивания рыб и других водных животных.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) судно - судно внутреннего водного плавания, самоходное или несамоходное плавучее сооружение, используемое в целях судоходства, в том числе судно плавания "река-море", паром, судно технического флота (дноуглубительный и дноочистительный снаряды, плавучий кран и другие технические сооружения подобного рода), находящиеся под техническим наблюдением Регистра судоходства;

      2) уполномоченный государственный орган в области охраны, воспроизводства и использования животного мира (далее - уполномоченный орган) - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, а также в пределах своих полномочий межотраслевую координацию.

Глава 2. Порядок движения водного транспорта в запретный для рыболовства нерестовый период

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 22.04.2019 № 166 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      4. Движение водного транспорта осуществляются с учетом исключения оказания негативного воздействия на среду и условия обитания рыб и других водных животных.

      5. С целью сохранения объектов животного мира и снижения отрицательного воздействия на рыбные запасы в период их нерестовой миграции, не допускается:

      1) проведение работ по дноуглублению и дноочищению;

      2) движение плавательных средств с незарегистрированными и необозначенными регистрационными номерами;

      3) езда на катерах, моторных лодках и других судах с включенными моторами в обозначенных местах нерестилищ рыб в период их размножения и местах массового гнездования водоплавающих птиц;

      4) останавливаться водному транспорту в пределах запретных для рыболовства мест, за исключением остановок у селений, рыбоприемных пунктов, для установки бакенов и в случаях крайней необходимости (шторм, авария).

      6. Требования подпунктов 3) и 4) пункта 5 настоящих Правил не распространяются на суда, осуществляющие научные исследования, на суда выполняющие аварийно-спасательные работы, регулярные грузопассажирские перевозки (паромы), охрану рыбных ресурсов и других водных животных, установку и обслуживание навигационных знаков на судоходных путях, а также государственный контроль и надзор в области охраны, воспроизводства и использования животного мира.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 17.02.2020 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Для создания благоприятных условий для нереста рыбы и других водных животных, на рыбохозяйственных водоемах ограничивается движение судов, маломерного флота и других водных транспортных средств вне зависимости от их принадлежности, с начала объявления нерестового периода и до его окончания путем установления ограничений эксплуатации судов и количества отправлений судов.

      8. В нерестовый период устанавливаются следующие ограничения к эксплуатации судов:

      1) скорость вращения гребного винта судов не более 1000 об/мин;

      2) мощность моторов подвесных и стационарных двигателей судов для физических и юридических лиц на правах личной собственности не более 20 лошадиных сил (далее - л.с.);

      для субъектов рыбного хозяйства осуществляющих промысловое рыболовство на Жайык-Каспийском бассейне - не более 40 л.с.;

      для егерских служб субъектов рыбного хозяйства осуществляющих охрану на закрепленных рыбохозяйственных водоемах и (или) участках - не более 100 л.с.;

      для осуществления научно-исследовательских работ - подвесные моторы не более 55 л.с, стационарные моторы не более 150 л.с.;

      для выставления и обслуживания навигационных знаков на судоходных водных путях, осуществления физическими и юридическими лицами судами со стационарными двигателями регулярные грузопассажирские перевозки (паромы) на Ертисском бассейне, осуществления юридическими лицами пассажирских рейсовых и туристических маршрутов на участке 23 км ниже по течению от Усть-Каменогорской ГЭС плоскодонными судами класса "Р", за исключением маломерных судов, со стационарными водометными движителями, уполномоченных государственных органов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, транспортного контроля, подразделений природоохранной полиции департаментов полиции – без ограничения.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 13.01.2022 № 7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Ограничение количества отправлений судов в период нереста осуществляется путем предоставления судовладельцам и судоводителям согласования режима судоходства в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      10. Для получения государственной услуги физические и (или) юридические лица (далее – услугополучатель) подают заявление услгодателю через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал), по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Услугодатель в течение трех рабочих дней с даты утверждения нормативного правового акта о внесении изменений и (или) дополнений в настоящие Правила направляет информацию о внесенных изменениях и (или) дополнениях оператору информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" и в Единый контакт-центр.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, изложены в приложении 3 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа и.о. Министра экологии и природных ресурсов РК от 15.06.2023 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Канцелярия услугодателя в день поступления документов осуществляет их прием, регистрацию и направляет на рассмотрение услугодателю.

      При обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан, прием документов осуществляется следующим рабочим днем.

      Работник услугодателя в течение 1 (одного) рабочего дня с момента регистрации документов проверяет полноту представленных документов.

      Услугодатель в течение 1 (одного) рабочего дня рассматривает заявление на предмет соответствия требованиям настоящих Правил и выдает согласование режима судоходства в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги.

      Результат оказания государственной услуги направляется и хранится в "личном кабинете" услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 13.01.2022 № 7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Основания для отказа в оказании государственной услуги установленные законодательством Республики Казахстан изложены в приложении 3 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 13.10.2020 № 255 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Отказ услугодателям в согласовании режима судоходства не исключает возможности подачи услугополучателями повторной заявки после устранения всех замечаний, отраженных в мотивированном отказе.

      Сноска. Пункт 13 - в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 13.10.2020 № 255 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействий) услугодателя и (или) его должностных лиц, по вопросам оказания государственных услуг

      Сноска. Глава 3 - в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 13.10.2020 № 255 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее трех рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом административный орган, должностное лицо, чьи административный акт, административное действие (бездействие) обжалуются, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение трех рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон), подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено Законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 13.01.2022 № 7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам движения водного
транспорта в запретный для рыболовства
нерестовый период, а также в запретных
для рыболовства водоемах и (или) участках

      Сноска. Приложение 1 в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 22.04.2019 № 166 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

  Форма

      Номер: ___________             Дата выдачи: ____________
Согласование
режима судоходства в запретный для рыболовства
нерестовый период, а также в запретных для рыболовства
водоемах и (или) участках
Выдано: _____________________________________________________________
            (наименование юридического или фамилия, имя, отчество
                  (при его наличии) физического лица)
Наименование судна __________________________________________________
Регистрационный номер судна __________________________________________
Технические параметры судна:
Длина (в метрах) _____________________________________________________
Ширина (в метрах) ____________________________________________________
Осадка (в сантиметрах, метрах) _________________________________________
Скорость вращения гребных винтов на судах (оборотов в минуту) ___________
Тип судна ___________________________________________________________
Марка судна _________________________________________________________
Мощность движителя _________________________________________________
Цель судоходства _____________________________________________________
Сроки движения с __________ по ___________ 20__ года
Маршрут движения ___________________________________________________
Место стоянки _______________________________________________________
Дополнительные условия ______________________________________________
Копия данного согласования направляется для контроля ____________________
Руководитель территориального подразделения: __________________________
____________________________________________________________________
            (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)

  Приложение 2 к Правилам
движения водного транспорта в
запретный для рыболовства
нерестовый период, а также в
запретных для рыболовства
водоемах и (или) участках
  Форма
  в___________________________
(полное наименование
территориального подразделения ведомства
уполномоченного органа)
от__________________________
  (полное наименование заявителя)
адрес_______________________
(индекс, город, район, область,
улица, № дома, № квартиры
(при его наличии), телефон)
реквизиты заявителя
___________________________
(бизнес-идентификационный
номер, индивидуальный
  идентификационный номер)

      Заявление о согласовании режима судоходства в запретный для рыболовства
нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках

      Сноска. Приложение 2 - в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 13.10.2020 № 255 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня дней после дня его первого официального опубликования).

      Наименование юридического или фамилия, имя, отчество (при его наличии)
физического лица ________________________________________________________________
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) судоводителя_______________________________
________________________________________________________________________________
Наименование судна _____________________________________________________________
Регистрационный номер судна______________________________________________________
Технические параметры судна (длина, ширина, осадка):

      Длина (в метрах) ___________________________________________________________
Ширина (в метрах) _______________________________________________________________
Осадка (сантиметрах) ____________________________________________________________
Скорость вращения гребных винтов на судне (обороты/минуты) _______________________
Тип судна ______________________________________________________________________
Марка судна ___________________________________________________________________
Мощность двигателя ____________________________________________________________
Цель судоходства _______________________________________________________________
Сроки движения с ___________ по ____________20____года

      Маршрут движения _______________________________________________________
Место стоянки _________________________________________________________________
Номер и дата судового билета или судового свидетельства ___________________________

      Подтверждаю достоверность представленной информации и осведомлен об ответственности за представление недостоверных сведений в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.

      Дата подачи заявления "___" ______________ 20___года.

      ________________________________________________________________________
                  (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)

  Приложение 3 к Правилам
движения водного транспорта
в запретный для рыболовства
нерестовый период, а также
в запретных для рыболовства
водоемах и (или) участках

      Сноска. Правила дополнены приложением 3 в соответствии с приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 13.10.2020 № 255 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня дней после дня его первого официального опубликования); в редакции приказа и.о. Министра экологии и природных ресурсов РК от 15.06.2023 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги
"Согласование режима судоходства в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках"

1.

Наименование услугодателя

Бассейновые инспекции рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан (далее – услугодатель).

2.

Способы предоставления государственной услуги

веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

3.

Срок оказания государственной услуги

2 (два) рабочих дня.

4.

Форма оказания государственной услуги

электронная (полностью автоматизированная).

5.

Результат оказания государственной услуги

Согласование режима судоходства в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках либо мотивированный отказ.

6.

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается бесплатно физическим и (или) юридическим лицам.

7.

График работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации

1) Услугодатель – с понедельника по пятницу включительно с 9.00 часов до 18.30 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов, за исключением воскресенья и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан (далее – Кодекс) и статье 5 Закона Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан" (далее – Закон).
2) Портал – круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни, согласно Кодексу и статьей 5 Закона, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем); Адреса мест оказания государственной услуги размещены на портале.

8.

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

Для получения государственной услуги представляется: Заявление о согласовании режима судоходства в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках в форме электронного документа, удостоверенное ЭЦП услугополучателя по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам. Сведения о документах, удостоверяющих личность, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, либо о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя, о судовом билете или судовом свидетельстве услугодатель получает из соответствующих государственных систем через шлюз "электронного правительства".
При подаче услугополучателем всех необходимых документов посредством портала – через "личный кабинет" услугополучателя, отображается статус о принятии запроса для оказания государственной услуги.
На портале результат оказания государственной услуги направляется и хранится в "личном кабинете" услугополучателя в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя.

9.

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги требованиям, установленным настоящими Правилами;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги.
5) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10.

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги

Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа по средством "личного кабинета" в портале, а также единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе услугодателя. Единый контакт-центр 1414, 8 800 080 7777.