"Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26546 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8918 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға мынадай шектеулер қойылады:

      1) кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан көп емес;

      2) жеке және заңды тұлғалар үшін жеке меншік құқығындағы кемелердің аспалы және статционарлық моторларының қуаты 20 ат күшінен (бұдан әрі – а.к.) көп емес;

      Жайық-Каспий бассейндерінде кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілері үшін – 40 а.к. көп емес;

      бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі үшін - 100 а.к. көп емес;

      ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін - аспалы моторлар 55 а.к. көп емес, стационарлық моторлар 150 а.к. көп емес;

      кеме қатынайтын су жолдарындағы навигациялық белгілерді орнату және қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың Ертіс бассейнінде стационарлы қозғалтқыштары бар кемелермен тұрақты жүк-жолаушылар тасымалын (паром) жүзеге асыруы, заңды тұлғалардың Өскемен ГЭС-нен ағыс бойынша төмен қарай 23 км учаскесінде шағын көлемді кемелерді қоспағанда, "Р" сыныпты жазық тонналы кемелермен, стационарлық су лақтыратын қозғағыштары бар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, көліктік бақылауды, полиция департаменттерінің табиғат қорғау полициясы бөлімшелерін шектеу қойылмайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды және балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісім береді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" жолданады және сонда сақталады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 2-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 7 Бұйрығына
қосымша
Уылдырық шашу кезеңінде
балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға
тыйым салынған су
айдындарында және (немесе)
учаскелерінде су көлігі
қозғалысының ережесіне
3-қосымша

"Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме жүргізу режимін келісу немесе дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақысыз түрде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа.
2) Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Кодекске және Заңның 5-бабына сәйкес жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті алушы үшін ұсынылады: Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – денпортал) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режимін келісу туралы өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, кеме билеті немесе кеме куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" құралы бойынша қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар
Көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, интернет-ресурстарынан, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады