Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 16.10.2013 № 313-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Е.Р. Толқымбеков):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Марат Аблахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін анықтайды.
2. Осы Ереженің күші сарқынды суларды жинақтағышты, балық питомнигі су айдындарын, уылдырық шашу-өсіру су айдындарын, тоғандық, көл-тауар шаруашылықтарының су айдындарын, сондай-ақ балық және басқа су жануарларын өсіру үшін пайдаланылатын жасанды су айдындарын қоспағанда, балық шаруашылығы маңызы бар барлық су айдындарына таралады.
3. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) кеме - кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетін немесе өздігінен жүзбейтін жүзбелі құрылғы, оның ішінде «өзен-теңіз» суларында жүзетін кеме, паром, су түбін тереңдетуші және су түбін тазартушы снарядтар, жүзбелі кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Уылдырық шашу кезеңіндегі су көлігінің қозғалысы
4. Су көлігінің қозғалысы балық және басқа су жануарларының ортасына және мекендейтін жағдайына кері әсер етпеуді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
5. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау және балықтардың уылдырық шашу көші-қоны кезінде балық ресурстарына теріс әсер етуді төмендету мақсатында:
1) түптереңдету және түптазарту жұмыстарын жүргізуге;
2) тіркелмеген және тіркеу нөмірлерімен белгіленбеген жүзу құралдарының қозғалысы;
3) белгіленген балықтардың уылдырық шашу орындарында, олардың көбею кезеңінде және суда жүзетін құстардың жаппай ұя салу орындарында катерлердің, моторлы қайықтардың және моторы қосылған басқа да жүзу құралдарымен жүруге;
4) қоныстану аялдамаларын, бакен орнатуға арналған балық қабылдау бекеттерін және өте қажет жағдайларды (дауыл, апат) қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған шекараларда су көлігін тоқтатуға рұқсат етілмейді.
6. Балық және басқа су жануарларының уылдырық шашуына қолайлы жағдайлар туғызу үшін балық шаруашылығы су айдындарында кемелердің, шағын көлемді флоттардың және басқа да су көлігі құралдарының қозғалысына кемелерді пайдалануға және кемелерді жөнелту санына шектеу қою арқылы, олардың тиістілігіне тәуелсіз уылдырық шашу кезеңі жарияланғаннан бастап, оның аяқталуына дейін барлық жерлерде шектеу қойылады.
7. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға келесі шектеулер қойылады:
1) кемелердің ескіш бұрандасының жұмысын 1000 айналым/минутқа дейін шектеу;
2) еспелі қайықтарды қоспағанда, жеке меншік құқығындағы жеке тұлғалар үшін аспалы моторлардың 20 ат күшінен (бұдан әрі - а.к.) көп емес, кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін 40 а.к. көп емес, ғылыми аулауды жүзеге асыру үшін 55 а.к. көп емес, табиғат қорғау органдарының - 150 а.к. көп емес қуаттылығын шектеу.
8. 5-тармақтың талаптары басқа тұлғалардың заңсыз қимылын тоқтататын құтқару жұмыстарын атқарушы кемелерге қолданылмайды.
3. Кеме қатынасының режиміне келісім берудің шарттары мен тәртіптері
9. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді жөнелту санын шектеу кеме иесіне және кеме жүргізушіге осы Ереженің қосымшасына сәйкес кеме қатынасының режиміне келісімді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
10. Кеме қатынасының режимін келісу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне кемелердің қозғалысына арналған еркін нысанды өтінім береді, онда келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) кеменің атауы мен техникалық параметрлері (ұзындығы, ені, тұнуы);
2) жеке тұлғаның, кеме жүргізушінің (капитанның), кеме заңды иесінің тегі, аты, әкесінің аты;
3) кеменің түрі, маркасы және қозғалыстың қуаттылығы (а.к.);
4) кеме қатынасының мақсаты;
5) қатынастың мерзімі мен бағдары;
6) тоқтау орны;
11. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өтінімді 3 жұмыс күні ішінде қарайды, кеме қатынасының режимін келісуді жүргізеді немесе келісімге дәлелді бас тартуын жолдайды.
12. Келісім беруден бас тартуға мәліметтердің толық көлемде ұсынылмауы және кемені уылдырық шашу кезеңінде пайдалану үшін оның ұсынылған талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
13. Уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің кеме қатынасы режимін келісуден бас тартуы жеке және заңды тұлғалардың қайта өтінім беруіне тыйым салмайды.
4. Шағымдану тәртібі
14. Өтінім бойынша қабылданған шешімге және оны қарау тәртібін бұзуға келіспеген жағдайда, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің әрекетіне уәкілетті органға немесе аталған аумақтық бөлімшенің тікелей басшысына, сондай-ақ сотқа шағымдана алады.
Шағымды қарау нәтижелері өтінім берушіге жазбаша түрде хабарланады.
Уылдырық шашу кезеңінде балық
аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға тыйым
салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су
көлігі қозғалысының
Ережесіне қосымша
Нысан
_______________________________________________________________
(Уәкілетті органның аумақтық құрлымының атауы)
____________________________________ Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті
№ _____ Кеме қатынасының режиміне
КЕЛІСІМ
№ ___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________ берілді.
(кеме иесінің атауы, кеменің түрі, атауы, қозғалтқыш
қуаттылығы (а.к.)
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу туралы
Мақсаты ____________________________________________________________
Мерзімдері _________________________________________________________
Қозғалыс бағдары ___________________________________________________
____________________________________________________________________
Кеменің тұрағы _____________________________________________________
____________________________________________________________________
Жауапты ____________________________________________________________
Қосымша шарттар ____________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Осы келісімнің көшірмесі бақылау үшін ______________________________
_________________________________________________________ жіберіледі.
Инспекция бастығы _________________________________________
(аты-жөні, қолы)
М.О.