Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 629 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріп отырған «Химия өндірісі» саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрдің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар
министрінің 2013 жылғы
04 желтоқсандағы № 392
бұйрығымен бекітілген
«Химия өндірісі» саласындағы салалық біліктілік шеңбері
1. Жалпы ережелер
1. Химия саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі- СБШ) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестендірілген біліктілік деңгейлерді қамтиды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8022 тіркелген).
2. СБШ бірыңғай біліктілік деңгейлер межесін анықтайды, біліктіліктің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және кәсіби стандарттар үшін және химия саласы мамандары біліктілігінің сәйкестігі мен берілгенін растайтын жүйеге негіз болып табылады.
3. СБШ пайдаланушылардың әр топтарына арналған (жұмыс беруші, білім беру және азаматтарға):
1) кәсіби және білім стандарттарын әзірлеу кезінде барлық білім беру деңгейінің мамандары мен бітірушілерінің біліктіліктеріне қойылатын талаптарды бірыңғай ұстаныммен сипаттау;
2) химия саласындағы мамандардың және білім берудің барлық деңгейін бітірушілердің біліктілігінің сәйкестігі мен берілуін растайтын рәсімдерін өткізу және бағалау материалдарын әзірлеу;
3) тиісті біліктілікті меңгеруге апаратын, мансаптың жоғарылауын, біліктілік деңгейдің арттыруды жоспарлау.
4. СБШ-да қолданатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;
2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
3) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
4) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім мен білік;
5) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
7) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану).
5. СБШ СБШ-ның 1-қосымшасына сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылымды білдіреді.
СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:
1) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
пайдаланатын ақпараттың ауқымы мен күрделілігі;
білімнің инновациялығы;
олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы). Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқаулығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дамуының беймәлімдігі дәрежесі. Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
3) жеке және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметкердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және үш негізгі дәрежесі бар:
басшылықтың қоластындағы қызмет;
қызметті өз бетінше орындау;
басқаларды басқару.
Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды ынталандыру).
6. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.
7. Біліктілік белгілі бір білім бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар ұйымдарда оқуға болады.
Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
Білім беру мен оқытудың әр түрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелердің ішінде жүргізілетін болады.
Қызметкердің практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын және осы сияқтыларды ескеру арқылы жеке білім беру траекториясын құруға болады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы СБШ-ның 2-қосымшасында көрсетілген біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.
Химия саласындағы
салалық біліктілік шеңберінің
1-қосымшасы
Химия саласындағы
салалық біліктілік шеңберінің құрамы
ҰБШ деңгейі |
СБШ деңгейі |
Кәсіптік қызмет салалары: |
||
Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар |
Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар |
Біліміне қойылатын талаптар |
||
1 |
1.1 |
Дербестігі: өте төмен дербестік деңгейінде толық басшылық жасалатын жұмыс |
Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді |
Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы базалық білім |
2 |
2.1 |
Дербестігі: белгілі жағдайларда белгілі бір дербестік деңгейін білдіретін, басшылық жасалатын жұмыс; басшылық жасап оқыту |
Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді |
Еңбек мәні, бір үлгідегі қарапайым тапсырмаларды орындау кезінде нәтижеге қол жеткізу құралдары мен жолдары туралы базалық білім |
3 |
3.1 |
Дербестігі: бір үлгідегі жағдайларда және кәсіптік қызметтердің басшылық жасалатын күрделі жағдайларында дербес жұмыстарды жүзеге асыру, оқытуларды өз бетінше ұйымдастыру. |
Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін таңдай білу дағдыларын көрсетеді |
Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру туралы білім |
4 |
4.1 |
Дербестігі: |
Алынған тапсырмаларды нақтылайды, бағыныштылардың міндеттерін белгілейді, қызметтерінің нәтижесін бағалайды, білім және дағдылардың жетіспеуін анықтайды, қызметкерлерді кәсіпқойлығын жоғарылатуға ынталандырады |
Кәсіпқойлық міндеттерді шешу және белгілеу тәсілдері, қағидалары және амалдары, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері |
5 |
5.1 |
Дербестігі: кәсіпорын қызметтерінің технологиялық үдерістері мен стратегиясына қатысу шеңберіндегі басқарушылық қызмет |
Тапсырысты түсіне білу, жағдайды талдай алу, өзін-өзі тексере білу, шешім қабылдай білу және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылататын командалық жұмыста қызметтерді бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді |
Кәсіпқойлық жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым туралы білім |
6 |
6.1 |
Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды көздейтін, кәсіпорын қызметтерінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет |
Әлеуметтік және кәсіптік тұрлаусыз жағдайларды жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару білу, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді |
Әлеуметтік және кәсіптік күрделі жағдайларды бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, аналитикалық және жобалық құжаттамаларды ресімдеу және таныстыру туралы білім |
7 |
7.1 |
Дербестігі: сала құрылымын дамыту және оған жұмыс істетудің жағдайларды ұйымдастыруды көздейтін басқарушылық қызмет. |
Мәселелерді алға қоя білу және шешу, өз әрекетін шынайы бағалай білу, жаңа тәсілдерді, тұжырым құру тәсілдері мен қызмет ету стратегиясын қолдана отырып мәселелерді жүйемен шеше білу дағдыларын көрсетеді |
Қызмет ету және әрекеттесу тұжырымдарын, стратегиясын, функционалдық үлгілерін құру әдіснамасы, жоғары даму деңгейіне қол жеткізетін ғылыми прогрессивтік тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерді алға қоя білу және шешу тәсілдері туралы білім |
7.2 |
Дербестігі: сала құрылымын дамыту және оған жұмыс істету стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет |
|||
8 |
8.1 |
Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. |
Экологиялық және стратегиялық ойлай білу дағдысын, көшбасшылық дағдыларды, логикалық әдістерді, кәсіпқойлық қызметтер мен өзара қарым-қатынас үлгілерін құру әдістерін қолдана отырып өзара тиімді шешім қабылдау дағдыларын көрсетеді |
Қызметтер мен өзара әрекеттестіктің кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім |
8.2 |
Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. |
ҰБШ деңгейі |
СБШ деңгейі |
Кәсіптік қызмет салалары: |
||
Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар |
Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар |
Біліміне қойылатын талаптар |
||
1 |
1.1 |
Дербестігі: өте төмен дербестік деңгейінде толық басшылық жасалатын жұмыс. |
Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді |
Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы базалық білім |
2 |
2.1 |
Дербестігі: белгілі жағдайларда белгілі бір дербестік деңгейін білдіретін, басшылық жасалатын жұмыс; басшылық жасап оқыту. |
Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді |
Еңбек мәні, бір үлгідегі қарапайым тапсырмаларды орындау кезінде нәтижеге қол жеткізу құралдары мен жолдары туралы базалық білім |
3 |
3.1 |
Дербестігі: бір үлгідегі жағдайларда және кәсіптік қызметтердің басшылық жасалатын күрделі жағдайларында дербес жұмыстарды жүзеге асыру, оқытуларды өз бетінше ұйымдастыру. |
Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін таңдай білу дағдыларын көрсетеді |
Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру туралы білім |
4 |
4.1 |
Дербестігі: бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық- басқарушылық қызмет. |
Алынған тапсырмаларды нақтылайды, бағыныштылардың міндеттерін белгілейді, қызметтерінің нәтижесін бағалайды, білім және дағдылардың жетіспеуін анықтайды, қызметкерлерді кәсіпқойлығын жоғарылатуға ынталандырады |
Кәсіпқойлық міндеттерді шешу және белгілеу тәсілдері, қағидалары және амалдары, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері |
5 |
5.1 |
Дербестігі: кәсіпорын қызметтерінің технологиялық үдерістері мен стратегиясына қатысу шеңберіндегі басқарушылық қызмет. |
Тапсырысты түсіне білу, жағдайды талдай алу, өзін-өзі тексере білу, шешім қабылдай білу және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылататын командалық жұмыста қызметтерді бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді |
Кәсіпқойлық жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым туралы білім |
6 |
6.1 |
Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды көздейтін, кәсіпорын қызметтерінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. |
Әлеуметтік және кәсіптік тұрлаусыз жағдайларды жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару білу, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді |
Әлеуметтік және кәсіптік күрделі жағдайларды бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, аналитикалық және жобалық құжаттамаларды ресімдеу және таныстыру туралы білім |
7 |
7.1 |
Дербестігі: сала құрылымын дамыту және оған жұмыс істету стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет |
Мәселелерді алға қоя білу және шешу, өз әрекетін шынайы бағалай білу, жаңа тәсілдерді, тұжырым құру тәсілдері мен қызмет ету стратегиясын қолдана отырып мәселелерді жүйемен шеше білу дағдыларын көрсетеді |
Қызмет ету және әрекеттесу тұжырымдарын, стратегиясын, функционалдық үлгілерін құру әдіснамасы, жоғары даму деңгейіне қол жеткізетін ғылыми прогрессивтік тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерді алға қоя білу және шешу тәсілдері туралы білім |
7.2 |
Дербестігі: сала құрылымын дамыту және оған жұмыс істету стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. |
|||
8 |
8.1 |
Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. |
Экологиялық және стратегиялық ойлай білу дағдысын, көшбасшылық дағдыларды, логикалық әдістерді, кәсіпқойлық қызметтер мен өзара қарым-қатынас үлгілерін құру әдістерін қолдана отырып өзара тиімді шешім қабылдау дағдыларын көрсетеді |
Қызметтер мен өзара әрекеттестіктің кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім |
8.2 |
Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. |
ҰБШ деңгейі |
СБШ деңгейі |
Кәсіптік қызмет салалары: |
||
Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар |
Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар |
Біліміне қойылатын талаптар |
||
1 |
1.1 |
Дербестігі: тапсырманы орындау барысында толық басшылық астында және өте төмен дербестікпен жұмыс істеу. |
Әдеттегі күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және тәртібін сақтау машықтарын көрсетеді |
Еңбек мәні, оның өзгеруі мен тиісті атқару әрекеттерінің кезеңдері туралы негізгі білімі |
2 |
2.1 |
Дербестігі: таныс жағдайларда біршама дербестікпен және басшылық астында жұмыс істеу; басшылық астында үйрену. |
Әдеттегі күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайда өз әрекеттерін бақылау және түзету машықтарын көрсетеді |
Еңбек мәні, қарапайым әдеттегі тапсырманы орындау барысында нәтижеге жету құралдары мен әдістері туралы негізгі білімі |
3 |
3.1 |
Дербестігі: әдеттегі жағдайларда дербес жұмыс істеу және күрделі кәсіптік қызмет жағдайларында басшылық астында жұмыс істеу; өз бетімен оқып үйренуді ұйымдастыру. |
Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған тапсырмаларды орындау тәсілдерін таңдау машықтарын көрсетеді |
Еңбектің технологиялық өзгеруі, жоспарлау және ұйымдастыру туралы негізгі білім |
4 |
4.1 |
Дербестігі: тапсырмаларды өз бетімен анықтау, нормаларды қол астындағы қызметкерлердің орындауын ұйымдастыру және бақылауды көздейтін басшылық астындағы нормаларды орындау жөніндегі атқарушылық – басқару қызметі. |
Алынған тапсырмаларды пысықтайды, қол астындағы жұмысшыларға тапсырма береді, қызмет нәтижелерін бағалайды, білім мен дағды жетіспеушілігін анықтайды, жұмысшылардың кәсіптілігін көтеруге ынталандырады. |
Кәсіптік тапсырмаларды қою және шешу амалдары, қағидалары және әдістері туралы, қарым-қатынастардың этикасы мен психологиясы туралы, еңбекті ынталандыру және уәждеу тәсілдері туралы білімі |
5 |
5.1 |
Дербестігі: технологиялық үдеріс аумағының және мекеменің қызмет стратегиясы шеңберінде басқару қызметі. |
Тапсырысты түсіну, жағдайды және өз әрекеттерін талдау, шешім қабылдау және оны жүзеге асыру жағдайларын жасау, топтық жұмысты бақылау және түзету, басқару және атқарушылық кәсіптілікті арттыру машықтарын көрсетеді |
Кәсіптік жағдайларды жүйелік талдау және жобалау тәсілдері, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым мен топты құру туралы білімдері |
6 |
6.1 |
Дербестігі: жұмыстарды басқа аумақтармен келістіруді талап ететін мекеменің қызмет стратегиясы шеңберінде басқару қызметі. |
Аса көмескі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда шешімдерді жобалау және қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениетін, көзқарастарды байланыстыру және келістіруді ұйымдастыру, нәтижелерді рәсімдеу және баршаға ұсыну, заманауи бағдарлама жиынтықтары мен техникалық құралдарды қолдану машықтарын көрсетеді. |
Біріккен талдау әдістемесі туралы, күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда шешімдерді жобалау және қабылдау, көзқарастарды байланыстыру және келістіру әдістері, талдамалы және жоба құжаттамасын рәсімдеу және ұсыну туралы білімі. |
7 |
7.1 |
Дербестігі: салалық құрылымдардың қызмет істеу және даму стратегиясын әзірлеуді тұспалдайтын басқару қызметі. |
Мәселелер мен проблемаларды қою, оларды инновациялық амалдармен жүйелі шешу, қызмет тұжырымдамалары мен стратегиясын құрастыру әдістерін білу машықтарын көрсетеді. |
Тұжырымдамаларды, стратегияларды, қызметтің және өзара әрекеттесудің функционалды нысандарын құрастыру әдістемелері туралы, мәселелер мен проблемаларды қою, оларды акмеологиялық амалдармен жүйелі шешу әдістері туралы білімі |
7.2 |
Дербестігі: салалық құрылымдардың қызмет істеу және даму стратегиясын құрастыруды тұспалдайтын басқару қызметі. |
|||
8 |
8.1 |
Дербестігі: мемлекеттік деңгейдегі ірі институционалдық салалық құрылымдардың қызмет істеу және даму стратегиясын құрастыруды тұспалдайтын басқару қызметі. |
Экологиялық және стратегиялық ойлау қабілетін, логикалық әдістерді қолдана отырып өзара тиімді шешімдерді қабылдау машықтарын, кәсіптік қызмет пен өзара қарым-қатынас нысандарын құрастыру және істе сынау машықтарын көрсетеді. |
Қызмет пен әрекеттесудің кооперативті жүйелерін құрастыру туралы, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді басқаруды үлгілеу және басқару әдістемесі туралы білімі |
8.2 |
Дербестігі: мемлекеттік деңгейдегі ірі институционалдық салалық құрылымдардың қызмет істеу және даму стратегиясын құрастыруды тұспалдайтын басқару қызметі. |
Химия саласындағы салалық
біліктілік шеңберіне
2-қосымша
Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші
Біліктілік деңгейі |
Тиісті деңгейдегі біліктілікке қол жеткізу жолдары |
1 |
Практикалық тәжірибе және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді оқыту (нұсқау) және/немесе бастауыштан кем емес орта білімі болған кезде қысқа мерзімді курстар. |
2 |
Практикалық тәжірибе және/немесе негізгі орта білімнен кем емес жалпы орта білімі болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізінде қысқа мерзімді курстар немесе корпоративті білім беру) және/немесе ересектерді қайта даярлау. |
3 |
Практикалық тәжірибе және/немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту). |
4 |
Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе. |
5 |
Техникалық және кәсіби білім (орта буын маманы), ортадан кейінгі білім, практикалық тәжірибе немесе жоғары білім. |
6 |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе. |
7 |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе. |
8 |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе. |