"Химиялық өндіріс" саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8975 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 629 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 629 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріп отырған «Химия өндірісі» саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрдің орынбасары –
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі                Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
орынбасары – Қазақстан  
Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар
министрінің 2013 жылғы
04 желтоқсандағы № 392
бұйрығымен бекітілген

«Химия өндірісі» саласындағы салалық біліктілік шеңбері

1. Жалпы ережелер

      1. Химия саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі- СБШ) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестендірілген біліктілік деңгейлерді қамтиды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8022 тіркелген).
      2. СБШ бірыңғай біліктілік деңгейлер межесін анықтайды, біліктіліктің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және кәсіби стандарттар үшін және химия саласы мамандары біліктілігінің сәйкестігі мен берілгенін растайтын жүйеге негіз болып табылады.
      3. СБШ пайдаланушылардың әр топтарына арналған (жұмыс беруші, білім беру және азаматтарға):
      1) кәсіби және білім стандарттарын әзірлеу кезінде барлық білім беру деңгейінің мамандары мен бітірушілерінің біліктіліктеріне қойылатын талаптарды бірыңғай ұстаныммен сипаттау;
      2) химия саласындағы мамандардың және білім берудің барлық деңгейін бітірушілердің біліктілігінің сәйкестігі мен берілуін растайтын рәсімдерін өткізу және бағалау материалдарын әзірлеу;
      3) тиісті біліктілікті меңгеруге апаратын, мансаптың жоғарылауын, біліктілік деңгейдің арттыруды жоспарлау.
      4. СБШ-да қолданатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;
      2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      3) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
      4) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім мен білік;
      5) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      7) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану).
      5. СБШ СБШ-ның 1-қосымшасына сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылымды білдіреді.
      СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:
      1) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      пайдаланатын ақпараттың ауқымы мен күрделілігі;
      білімнің инновациялығы;
      олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы). Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
      2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқаулығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
      жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дамуының беймәлімдігі дәрежесі. Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
      3) жеке және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметкердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және үш негізгі дәрежесі бар:
      басшылықтың қоластындағы қызмет;
      қызметті өз бетінше орындау;
      басқаларды басқару.
      Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды ынталандыру).
      6. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.
      7. Біліктілік белгілі бір білім бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
      Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар ұйымдарда оқуға болады.
      Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
      Білім беру мен оқытудың әр түрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелердің ішінде жүргізілетін болады.
      Қызметкердің практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын және осы сияқтыларды ескеру арқылы жеке білім беру траекториясын құруға болады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
      Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы СБШ-ның 2-қосымшасында көрсетілген біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.

Химия саласындағы     
салалық біліктілік шеңберінің
1-қосымшасы        

Химия саласындағы
салалық біліктілік шеңберінің құрамы

ҰБШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіптік қызмет салалары:
1. Химия өндірісі құралдарын дайындау және (немесе) жасау

Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар

Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

1

1.1

Дербестігі: өте төмен дербестік деңгейінде толық басшылық жасалатын жұмыс
Жауаптылығы: жұмыстардың орындалуы, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі.
Күрделілігі: нұсқаулық бойынша жұмыс істеу.
Аспаптарды, құрал-жабдықтарды, құбырларды, технологиялық желілерді орнату, тетіктерді майлау, қауіпсіздікті талап етпейтін жүктерді арбамен (вагонеткамен) немесе қолмен тиеу, түсіру, орнын ауыстыру және қатарлап жинау, аумақты, жолды, көлік жүретін жолды тазалау, цехтарды жинау, ыдысты, тетіктер мен бұйымдарды жуып-тазалау

Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы базалық білім

2

2.1

Дербестігі: белгілі жағдайларда белгілі бір дербестік деңгейін білдіретін, басшылық жасалатын жұмыс; басшылық жасап оқыту
Жауаптылығы: қарапайым жұмыс түрлерінің орындалу нәтижесі, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы.
Күрделілігі: қарапайым бір үлгідегі міндеттерді орындау.
Техникалық және көмекші құралдар мен құрал-саймандарды дайындау және әзірлеу, жабдықтарды орнату және баптау, сынамамен тестілеу, ақауларды анықтау және оларды жою, қауіпсіздікті талап ететін жүктерді, ұсақ материалдарды арбамен (вагонеткамен) немесе қолмен тиеу, түсіру және жинау, техникалық және көмекші құралдар мен құрал-саймандарды дайындау және орнатуға қатысу

Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді

Еңбек мәні, бір үлгідегі қарапайым тапсырмаларды орындау кезінде нәтижеге қол жеткізу құралдары мен жолдары туралы базалық білім

3

3.1

Дербестігі: бір үлгідегі жағдайларда және кәсіптік қызметтердің басшылық жасалатын күрделі жағдайларында дербес жұмыстарды жүзеге асыру, оқытуларды өз бетінше ұйымдастыру.
Жауаптылығы: жұмыс түрлерінің орындалу нәтижесі, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы.
Күрделілігі: бір үлгідегі практикалық тапсырмаларды орындау; білім және тәжірибе негізінде әрекет ету тәсілін таңдай білу
Жабдықтарды дайындау, техникалық қызмет жасау (техникалық, көмекші құралдарды жинау, жөндеу), оқшаулауға, саңылаусыздыққа тест жүргізу, аспаптардың үйлесімділігін талдау, жабдықтардың техникалық және метрологиялық сипаттамаларын бағалау, электронды тораптарды дәлдеу және ретке келтіру, жабдықтардың дайындау және тексеру, техникалық қызмет жасау (техникалық, көмекші құралдарды жинау, жөндеу, баптау)

Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін таңдай білу дағдыларын көрсетеді

Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру туралы білім

4

4.1

Дербестігі:
бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық- басқарушылық қызмет
Жауаптылығы: нормалардың орындалу нәтижесі, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы
Күрделілігі: жұмыс жағдайын өз бетінше талдауды талап ететін әр түрлі үлгідегі практикалық міндеттерді шешу.
Техникалық құралдарды дайындау үдерісін бақылау (өлшем құралдарын іске қосу-баптау, сервистік қызмет жасау), бағдарламалық қамсыздандыруды, автоматты басқару жүйелерін тексеру және баптау, жоғары вольтты жабдықпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Алынған тапсырмаларды нақтылайды, бағыныштылардың міндеттерін белгілейді, қызметтерінің нәтижесін бағалайды, білім және дағдылардың жетіспеуін анықтайды, қызметкерлерді кәсіпқойлығын жоғарылатуға ынталандырады

Кәсіпқойлық міндеттерді шешу және белгілеу тәсілдері, қағидалары және амалдары, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері

5

5.1

Дербестігі: кәсіпорын қызметтерінің технологиялық үдерістері мен стратегиясына қатысу шеңберіндегі басқарушылық қызмет
Жауаптылығы:
өз еңбегін бағалау және жетілдіру, өзі оқу және басқаларды оқыту, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы.
Күрделілігі: әр түрлі жұмыс жағдайында шешім табу тәсілдерін таңдап алу негізінде практикалық міндеттерді шешу
Техникалық және басқа құралдарды технологиялық үдеріске дайындау, өлшем құралдарын тексеру және калибрлеуді ұйымдастыру, жаңа және қолданыстағы технологиялық желілер мен жабдықтарды әзірлеу және енгізу және қолданыстағы технологиялық желілер мен жабдықтарды жаңарту бойынша қызметтерге қатысу

Тапсырысты түсіне білу, жағдайды талдай алу, өзін-өзі тексере білу, шешім қабылдай білу және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылататын командалық жұмыста қызметтерді бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді

Кәсіпқойлық жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым туралы білім

6

6.1

Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды көздейтін, кәсіпорын қызметтерінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет
Жауаптылығы: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын жоғарылату
Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерінің әр түрлілігін көздейтін міндеттерді шешуге бағытталған қызметтер
Жабдықтардың, аспаптардың, технологиялық желілердің дайын болуын қамтамасыз ету, жаңа және қолданыстағы технологиялық желілер мен жабдықтарды әзірлеу және енгізу және қолданыстағы технологиялық желілер мен жабдықтарды жаңарту бойынша қызметтеге қатысу

Әлеуметтік және кәсіптік тұрлаусыз жағдайларды жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару білу, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді

Әлеуметтік және кәсіптік күрделі жағдайларды бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, аналитикалық және жобалық құжаттамаларды ресімдеу және таныстыру туралы білім

7

7.1

Дербестігі: сала құрылымын дамыту және оған жұмыс істетудің жағдайларды ұйымдастыруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және оның нәтижелері
Күрделілігі: технологиялық үдерісті талдау және оны жетілдіру бойынша шешім қабылдау, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет.
Аралық химия өнімдерін ішкі нарықта өткізу

Мәселелерді алға қоя білу және шешу, өз әрекетін шынайы бағалай білу, жаңа тәсілдерді, тұжырым құру тәсілдері мен қызмет ету стратегиясын қолдана отырып мәселелерді жүйемен шеше білу дағдыларын көрсетеді

Қызмет ету және әрекеттесу тұжырымдарын, стратегиясын, функционалдық үлгілерін құру әдіснамасы, жоғары даму деңгейіне қол жеткізетін ғылыми прогрессивтік тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерді алға қоя білу және шешу тәсілдері туралы білім

7.2

Дербестігі: сала құрылымын дамыту және оған жұмыс істету стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет
Жауаптылығы: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және оның нәтижелері.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызметтер
Аралық химия өнімдерін сыртқы нарықта өткізу

8

8.1

Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және оның нәтижелері.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызметтер.
Дайын химия өнімдерін ішкі нарықта өткізу

Экологиялық және стратегиялық ойлай білу дағдысын, көшбасшылық дағдыларды, логикалық әдістерді, кәсіпқойлық қызметтер мен өзара қарым-қатынас үлгілерін құру әдістерін қолдана отырып өзара тиімді шешім қабылдау дағдыларын көрсетеді

Қызметтер мен өзара әрекеттестіктің кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім

8.2

Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және оның нәтижелері.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызметтер.
Жоғары қосылған құнмен жоғары технологиялық, инновациялық химия өнімдерін сыртқы нарықта өткізу

ҰБШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіптік қызмет салалары:
2. Өндіріс құралдарының көмегімен бастапқы материалды жасау

Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар

Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

1

1.1

Дербестігі: өте төмен дербестік деңгейінде толық басшылық жасалатын жұмыс.
Жауаптылығы: жұмыстардың орындалуы, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі.
Күрделілігі: нұсқаулық бойынша жұмыс істеу.
Технологиялық үдерістің жеке сатыларын жүргізу (кептіру, ұсақтау, шоғырландыру, қоспалардан тазарту, компоненттерін араластыру және басқ.), еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау, шикізат пен материалдарды тасымалдау, жеткізу, тиеу-түсіру жұмыстары

Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы базалық білім

2

2.1

Дербестігі: белгілі жағдайларда белгілі бір дербестік деңгейін білдіретін, басшылық жасалатын жұмыс; басшылық жасап оқыту.
Жауаптылығы: қарапайым жұмыс түрлерінің орындалу нәтижесі, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы.
Күрделілігі: қарапайым бір үлгідегі міндеттерді орындау.
Технологиялық үдерістің жеке сатыларын жүргізу (кептіру, ұсақтау, шоғырландыру, қоспалардан тазарту, компоненттерін араластыру және басқ.), шикізат пен материалдарды цехқа тасымалдау, материалдарды аппараттарға салу және алу, материалдарды әкелу, алаңдарды дайындау, газбен үрлеп тазарту, сынама іріктеу және басқалары.

Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді

Еңбек мәні, бір үлгідегі қарапайым тапсырмаларды орындау кезінде нәтижеге қол жеткізу құралдары мен жолдары туралы базалық білім

3

3.1

Дербестігі: бір үлгідегі жағдайларда және кәсіптік қызметтердің басшылық жасалатын күрделі жағдайларында дербес жұмыстарды жүзеге асыру, оқытуларды өз бетінше ұйымдастыру.
Жауаптылығы: жұмыстардың орындалу нәтижесі, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы.
Күрделілігі: бір үлгідегі практикалық тапсырмаларды орындау; білім және тәжірибе негізінде әрекет ету тәсілін таңдай білу.
Технологиялық үдерісті жүргізу (кептіру, ұсақтау, шоғырландыру, қоспалардан тазарту, араластыру, қыздыру және басқ.), бастапқы шикізат пен көмекші материалдарды тасымалдау, сынама іріктеу және талдау жасау.

Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін таңдай білу дағдыларын көрсетеді

Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру туралы білім

4

4.1

Дербестігі: бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық- басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: нормаларды іске асыру кезіндегі нәтижелер, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы.
Күрделілігі: жұмыс жағдайын өз бетінше талдауды талап ететін әр түрлі үлгідегі практикалық міндеттерді шешу
Технологиялық үдеріске қатысу және оны басқару (технологиялық режимді, бақылау-өлшеу аспаптарын бақылау), шикізат пен көмекші материалдарды өңдеу, су және сынамаларды дайындау, қауіпсіздік техникасын орындалуын, өндірістік қалдықтарды, қоқысты жоюды бақылау

Алынған тапсырмаларды нақтылайды, бағыныштылардың міндеттерін белгілейді, қызметтерінің нәтижесін бағалайды, білім және дағдылардың жетіспеуін анықтайды, қызметкерлерді кәсіпқойлығын жоғарылатуға ынталандырады

Кәсіпқойлық міндеттерді шешу және белгілеу тәсілдері, қағидалары және амалдары, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері

5

5.1

Дербестігі: кәсіпорын қызметтерінің технологиялық үдерістері мен стратегиясына қатысу шеңберіндегі басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: өз еңбегін бағалау және жетілдіру, өзі оқу және басқаларды оқыту, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы.
Күрделілігі: әр түрлі жұмыс жағдайында шешім табу тәсілдерін таңдап алу негізінде практикалық міндеттерді шешу.
Технологиялық үдерісті басқару, жаңа және қолданыстағы технологиялық желілер мен жабдықтарды әзірлеу және енгізу және қолданыстағы технологиялық желілер мен жабдықтарды жаңарту бойынша қызметтеге қатысу

Тапсырысты түсіне білу, жағдайды талдай алу, өзін-өзі тексере білу, шешім қабылдай білу және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылататын командалық жұмыста қызметтерді бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді

Кәсіпқойлық жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым туралы білім

6

6.1

Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды көздейтін, кәсіпорын қызметтерінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын жоғарылату
Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерінің әр түрлілігін көздейтін міндеттерді шешуге бағытталған қызметтер
Технологиялық үдерісті басқару, бөлімше арасындағы жұмыстарды келісу, қолданыстағы технологиялар мен технологиялық үдерістерді жаңарту, жаңасын әзірлеу және енгізу

Әлеуметтік және кәсіптік тұрлаусыз жағдайларды жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару білу, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді

Әлеуметтік және кәсіптік күрделі жағдайларды бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, аналитикалық және жобалық құжаттамаларды ресімдеу және таныстыру туралы білім

7

7.1

Дербестігі: сала құрылымын дамыту және оған жұмыс істету стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет
Жауаптылығы: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызметтер
Ішкі нарықта сұранысқа ие болып отырған химия өнімдерін өткізу

Мәселелерді алға қоя білу және шешу, өз әрекетін шынайы бағалай білу, жаңа тәсілдерді, тұжырым құру тәсілдері мен қызмет ету стратегиясын қолдана отырып мәселелерді жүйемен шеше білу дағдыларын көрсетеді

Қызмет ету және әрекеттесу тұжырымдарын, стратегиясын, функционалдық үлгілерін құру әдіснамасы, жоғары даму деңгейіне қол жеткізетін ғылыми прогрессивтік тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерді алға қоя білу және шешу тәсілдері туралы білім

7.2

Дербестігі: сала құрылымын дамыту және оған жұмыс істету стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызметтер.
Химия өнімдерін сыртқы нарықта өткізу

8

8.1

Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызметтер.
Ішкі нарықта сұранысқа ие болып отырған химия өнімдерін өткізу

Экологиялық және стратегиялық ойлай білу дағдысын, көшбасшылық дағдыларды, логикалық әдістерді, кәсіпқойлық қызметтер мен өзара қарым-қатынас үлгілерін құру әдістерін қолдана отырып өзара тиімді шешім қабылдау дағдыларын көрсетеді

Қызметтер мен өзара әрекеттестіктің кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім

8.2

Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді қолдануды көздейтін қызметтер.
Жоғары қосылған құнмен жоғары технологиялық, инновациялық химия өнімдерін сыртқы нарықта өткізу

ҰБШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіптік қызмет салалары:
3. Аралық және (немесе) дайын химиялық өнімді жасау және сату

Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар

Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

1

1.1

Дербестігі: тапсырманы орындау барысында толық басшылық астында және өте төмен дербестікпен жұмыс істеу.
Жауаптылығы: жұмыс істегені, өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі үшін.
Күрделілігі: нұсқаулық бойынша жұмыс істеу.
Материалдарды өңдеуге қосымша дайындау – қыздыру, құрамдастарын араластыру, қажетті желілерді, құбырларды қосуға көмек беру және т.б., еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының талаптарын орындау, тасымалдау, алдын ала өңделген шикізатты және қосалқы материалдарды жеткізу, тиеу-түсіру жұмыстары, алаңдарды дайындау және т.б.

Әдеттегі күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және тәртібін сақтау машықтарын көрсетеді

Еңбек мәні, оның өзгеруі мен тиісті атқару әрекеттерінің кезеңдері туралы негізгі білімі

2

2.1

Дербестігі: таныс жағдайларда біршама дербестікпен және басшылық астында жұмыс істеу; басшылық астында үйрену.
Жауаптылығы: қарапайым тапсырмаларды орындау нәтижелері үшін; өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды орындау үшін.
Күрделілігі: қарапайым әдеттегі мәселелерді шешу.
Аралық немесе дайын өнімді алу жөніндегі технологиялық үдерістердің жеке кезеңдерін енгізу (химиялық құрамдастардың өзара қатынасы, поли - және изомеризация, ыдырау, балқу, кристалдану және т.б.), алдын ала өңдеуден өткен шикізаты аппараттарға тиеу, ақтық өнімді шығару, жабдықтар мен желілерді тазару, сынамалар алу және т.б.

Әдеттегі күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайда өз әрекеттерін бақылау және түзету машықтарын көрсетеді

Еңбек мәні, қарапайым әдеттегі тапсырманы орындау барысында нәтижеге жету құралдары мен әдістері туралы негізгі білімі

3

3.1

Дербестігі: әдеттегі жағдайларда дербес жұмыс істеу және күрделі кәсіптік қызмет жағдайларында басшылық астында жұмыс істеу; өз бетімен оқып үйренуді ұйымдастыру.
Жауаптылығы: жұмыс нәтижелері үшін; өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды орындау үшін.
Күрделілігі: қарапайым әдеттегі мәселелері шешу; білім мен іс жүзіндегі тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдері ішінен тиістісін таңдап алу.
Химиялық өнімді өндіру жөніндегі технологиялық үдерісті, ақтық өнімді тазартуды бақылау, дайын шикізатты және материалдарды тасымалдау, дайын өнімнің сапасын бақылау, сынамаларды алу және талдау жасау.

Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған тапсырмаларды орындау тәсілдерін таңдау машықтарын көрсетеді

Еңбектің технологиялық өзгеруі, жоспарлау және ұйымдастыру туралы негізгі білім

4

4.1

Дербестігі: тапсырмаларды өз бетімен анықтау, нормаларды қол астындағы қызметкерлердің орындауын ұйымдастыру және бақылауды көздейтін басшылық астындағы нормаларды орындау жөніндегі атқарушылық – басқару қызметі.
Жауаптылығы: нормаларды орындау нәтижелері үшін, өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды орындау үшін.
Күрделілігі: жұмыс жағдайларын өз бетінше талдауды талап ететін түрлі әдеттегі мәселелерді шешу.
Аралық және ақтық өнімді алу және тазарту жөніндегі технологиялық үдерісті жүзеге асыру үшін жауаптылық (бақылау-өлшеу аспаптары арқылы технологиялық режимді бақылау), алынған өнімнің сапасын талдау кезінде нәтижелер үшін жауаптылық, қауіпсіздік техникасын сақтауды, шығарындыларды, өндіріс қалдықтарын пайдаға асыруды бақылау.

Алынған тапсырмаларды пысықтайды, қол астындағы жұмысшыларға тапсырма береді, қызмет нәтижелерін бағалайды, білім мен дағды жетіспеушілігін анықтайды, жұмысшылардың кәсіптілігін көтеруге ынталандырады.

Кәсіптік тапсырмаларды қою және шешу амалдары, қағидалары және әдістері туралы, қарым-қатынастардың этикасы мен психологиясы туралы, еңбекті ынталандыру және уәждеу тәсілдері туралы білімі

5

5.1

Дербестігі: технологиялық үдеріс аумағының және мекеменің қызмет стратегиясы шеңберінде басқару қызметі.
Жауаптылығы: өз еңбегін бағалау және жетілдіру үшін, өзінің және басқалардың оқып үйренуі үшін өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды орындау үшін.
Күрделілігі: түрлі өзгеріп тұратын жұмыс жағдайларында практикалық тапсырмаларды оларды шешу тәсілдерін таңдау негізінде шешу.
Аралық және ақтық өнімдерді алу кезеңінде технологиялық үдерісті басқару, жаңа технологияларды, технологиялық үдерістерді әзірлеуге және қолданыстағы технологияларды жаңартуға қатысу.

Тапсырысты түсіну, жағдайды және өз әрекеттерін талдау, шешім қабылдау және оны жүзеге асыру жағдайларын жасау, топтық жұмысты бақылау және түзету, басқару және атқарушылық кәсіптілікті арттыру машықтарын көрсетеді

Кәсіптік жағдайларды жүйелік талдау және жобалау тәсілдері, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым мен топты құру туралы білімдері

6

6.1

Дербестігі: жұмыстарды басқа аумақтармен келістіруді талап ететін мекеменің қызмет стратегиясы шеңберінде басқару қызметі.
Жауаптылығы: айтарлықтай өзгерістерге немесе дамуға себепші болатын қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу, жұмысшылардың кәсіпкерлігін арттыру үшін жауаптылық.
Күрделілігі: мәселелерді шешу тәсілдерінің таңдауы мен алуан түрлілігін жобалайтын мәселелерді шешуге бағытталған қызмет.
Аралық және ақтық өнімдерді алу кезеңінде технологиялық үдерісті басқару, жұмысты бөлімшелер арасында келістіру және жаңа технологияларды, технологиялық үдерістерді әзірлеу және енгізу және қолданыстағы технологияларды жаңарту.

Аса көмескі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда шешімдерді жобалау және қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениетін, көзқарастарды байланыстыру және келістіруді ұйымдастыру, нәтижелерді рәсімдеу және баршаға ұсыну, заманауи бағдарлама жиынтықтары мен техникалық құралдарды қолдану машықтарын көрсетеді.

Біріккен талдау әдістемесі туралы, күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда шешімдерді жобалау және қабылдау, көзқарастарды байланыстыру және келістіру әдістері, талдамалы және жоба құжаттамасын рәсімдеу және ұсыну туралы білімі.

7

7.1

Дербестігі: салалық құрылымдардың қызмет істеу және даму стратегиясын әзірлеуді тұспалдайтын басқару қызметі.
Жауаптылығы: жоспарлау, айтарлықтай өзгерістерге немесе дамуға себепші болатын қызмет үдерістерін әзірлеу және олардың нәтижелері үшін жауаптылық.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешуді, жаңа амалдарды әзірлеуді, сан алуан әдістерді қолдануды талап ететін қызмет.
Ішкі нарықта сұраныс тудыратын химиялық өнімді сату.

Мәселелер мен проблемаларды қою, оларды инновациялық амалдармен жүйелі шешу, қызмет тұжырымдамалары мен стратегиясын құрастыру әдістерін білу машықтарын көрсетеді.

Тұжырымдамаларды, стратегияларды, қызметтің және өзара әрекеттесудің функционалды нысандарын құрастыру әдістемелері туралы, мәселелер мен проблемаларды қою, оларды акмеологиялық амалдармен жүйелі шешу әдістері туралы білімі

7.2

Дербестігі: салалық құрылымдардың қызмет істеу және даму стратегиясын құрастыруды тұспалдайтын басқару қызметі.
Жауаптылығы: жоспарлау, айтарлықтай өзгерістерге немесе дамуға себепші болатын қызмет үдерістерін әзірлеу және олардың нәтижелері үшін жауаптылық.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешуді, жаңа амалдарды әзірлеуді, сан алуан әдістерді қолдануды талап ететін қызмет.
Ішкі нарықта сұранысқа ие химиялық өнімді сату.

8

8.1

Дербестігі: мемлекеттік деңгейдегі ірі институционалдық салалық құрылымдардың қызмет істеу және даму стратегиясын құрастыруды тұспалдайтын басқару қызметі.
Жауаптылығы: жоспарлау, айтарлықтай өзгерістерге немесе дамуға себепші болатын қызмет үдерістерін әзірлеу және олардың нәтижелері үшін жауаптылық.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешуді, жаңа амалдарды әзірлеуді, сан алуан әдістерді қолдануды талап ететін қызмет.
Ішкі нарықта сұранысқа ие химиялық өндіріс өнімдерін сату.

Экологиялық және стратегиялық ойлау қабілетін, логикалық әдістерді қолдана отырып өзара тиімді шешімдерді қабылдау машықтарын, кәсіптік қызмет пен өзара қарым-қатынас нысандарын құрастыру және істе сынау машықтарын көрсетеді.

Қызмет пен әрекеттесудің кооперативті жүйелерін құрастыру туралы, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді басқаруды үлгілеу және басқару әдістемесі туралы білімі

8.2

Дербестігі: мемлекеттік деңгейдегі ірі институционалдық салалық құрылымдардың қызмет істеу және даму стратегиясын құрастыруды тұспалдайтын басқару қызметі.
Жауаптылығы: жоспарлау, айтарлықтай өзгерістерге немесе дамуға себепші болатын қызмет үдерістерін әзірлеу және олардың нәтижелері үшін жауаптылық.
Күрделілігі: даму мәселелерін шешуді, жаңа амалдарды әзірлеуді, сан алуан әдістерді қолдануды талап ететін қызмет.
Жоғары қосылған құны бар жоғары технологиялық, инновациялық химиялық өнімдерді сыртқы нарыққа шығарып сату.

Химия саласындағы салалық
біліктілік шеңберіне 
2-қосымша      

Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші

Біліктілік деңгейі

Тиісті деңгейдегі біліктілікке қол жеткізу жолдары

1

Практикалық тәжірибе және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді оқыту (нұсқау) және/немесе бастауыштан кем емес орта білімі болған кезде қысқа мерзімді курстар.

2

Практикалық тәжірибе және/немесе негізгі орта білімнен кем емес жалпы орта білімі болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізінде қысқа мерзімді курстар немесе корпоративті білім беру) және/немесе ересектерді қайта даярлау.

3

Практикалық тәжірибе және/немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту).

4

Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе.

5

Техникалық және кәсіби білім (орта буын маманы), ортадан кейінгі білім, практикалық тәжірибе немесе жоғары білім.

6

Жоғары білім, практикалық тәжірибе.

7

Жоғары білім, практикалық тәжірибе және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе.

8

Жоғары білім, практикалық тәжірибе және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе.
Осы біліктілік деңгейінде жоғары білім «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейін алынған жоғары білімді, сондай-ақ осы заңда белгіленген білім деңгейіне сәйкес айқындалған жоғары білімнен кейінгі білімді қамтиды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады