Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 13.11.2014 № 47 бұйрығымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8645 болып енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
25), 26) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
25) «Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1001101, индексі 3-КҚБ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 25-қосымшасына сәйкес;
26) «Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1001101, индексі 3-КҚБ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 26-қосымшасына сәйкес».
«Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдерінің және өндірістік сипаттағы қызметтердің бағасы туралы есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта (коды 1031101, индексі 1-КБ, кезеңділігі айлық):
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Іріктеліп алынған өнімнің бір түріне баға оны өткізу арналары бойынша көрсетіледі. 1, 2-бағандарда өнімнің ел ішіне жеткізілген бағасы, 3 және 4-бағандарында – экспортқа өткізілген бағаны, 5 бағанда ел кодын көрсету арқылы толтырылады.
«Есепті ай» 1 және 3-бағандары бойынша өткен айдың 17 мен есепті айдың 15 аралығында өткізілген өндірілген өнімге баға тіркеледі.
«Өткен ай» 2, 4-бағандары міндетті түрде есепті жылдың тек қаңтар айында ғана толтырылады.
Есепті айда шағыл, мұнай жол битумдары, портландцемент, болаттан жасалған илек, болаттан жасалған өзектер мен шыбықтар бағасының жоғарылауы кезінде респондент алғашқы статистикалық деректердің дәйектілігін растау үшін статистикалық нысанмен статистика органдарына бір мезетте қосымша ақпаратты: келісімшарттар, төлем талаптары, тіркеме қағаздар, шот-фактуралар және басқа да құжаттарды тапсырады.
5 бағанда ел коды «Елдердің атауы және олардың аумақтық бірліктерін белгілеуге арналған кодтар жіктеуішіне» (бұдан әрі – Елдер жіктеуіші) сәйкес көрсетіледі. Егер өнім бірнеше елге экспортталатын жағдайда әр экспорт елі бойынша баға жеке жолда көрсетіледі.»;
бұйрықтың 25-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықтың (коды 1001101, индексі 3-КҚБ, кезеңділігі айлық):
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп» (коды 1001101, индексі 3-КҚБ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 1-бөлімде тіркелген жеріне қарамастан құрылыс қызметін нақты іске асыру орны көрсетіледі (облыс, қала, аудан).
2-бөлімде бағаларды байқау құрылыс өндірісінде пайдаланудың жалпы көлемінде басым, есепті жыл ішінде өзгермеген технологиялық сипаттамасы бар және бір жеткізушіден сатып алынған құрылыс материалдарының нақты түрлері бойынша жүргізіледі.
Нақты құрылыстық өкіл-материалдарын нақты сатып алу бағасы тіркеледі. Ол оны сатып алу бойынша барлық шығындарды (өндірістік-кәсіпорындардың бағасын, тасымалдау шығындарын, жабдықтау-өткізу шығындарын және т.б.) сонымен қатар қосылған құн салығын қамтиды.
Есепті айда шағыл, мұнай жол битумдары, портландцемент, болаттан жасалған илек, болаттан жасалған өзектер мен шыбықтар бағасының жоғарылауы кезінде респондент алғашқы статистикалық деректердің дәйектілігін растау үшін статистикалық нысанмен статистика органдарына бір мезетте қосымша ақпаратты: төлем талаптары, тіркеме қағаздар, шот-фактуралар, оларға материалдардың қымбаттауының мәнін ашатын және басқа да құжаттарды тапсырады.».
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Заң департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы Ж. Жарқынбаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
_______________ М.М. Оспанов
2013 жылғы 25 желтоқсан
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы |
||||||||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысан |
Приложение 25 |
||||||||||||||||||
Аумақтық статистика органына тапсырылады |
|
||||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады |
|||||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. |
|||||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 1001101 |
Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп |
||||||||||||||||||
3-КҚБ |
Отчет о ценах на приобретенные строительные материалы, детали и конструкции |
||||||||||||||||||
Айлық |
Есепті кезең |
ай |
жыл |
||||||||||||||||
Негiзгi және экономикалық қызметтің қосалқы түрі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды – 41-43 болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады. |
|||||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнің 20-шы күні |
|||||||||||||||||||
БСН коды |
1. Құрылыстағы қызметің нақты жүзеге асырылатын орнын қөрсетініз (қәсіпорынның тіркелген жеріне қарамастан) - облыс, қала, аудан, елді мекен |
|||||||||||
Аумақ коды Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрi ӘАОЖ) (статистика органының қызметкерімен толтырылады) |
2. Өкіл-тауар және оның өлшем бірлігінің бағасын, қосылған құн салығын және басқа сатып алу бойынша шығыстарды қоса алғанда, теңгемен көрсетіңіз
Укажите товар-представитель и его цену за единицу измерения, в тенге, включая налог на добавленную стоимость и другие расходы по приобретению
Өкіл-тауардың атауы |
БҮҚӨА1) бойынша коды |
Өлшем бірлігі |
Есепті айдағы баға |
Өткен айдағы баға2) |
А |
Б |
В |
1 |
2 |
_____________________
1)Мұнда және бұдан әрі: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Интернет-ресурсында орналастырылған Бағаларды байқау үшін құрылыс өндірісінде қолданылатын материалдар, бөлшектер және конструкциялар түрлерінің анықтамалығы.
Здесь и далее: Справочник видов материалов, деталей и конструкций, применяемых в строительном производстве, для наблюдения за ценами, размещенный на Интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по статистике.
2)Мұнда және бұдан әрі: есепті жылдағы қаңтарда ғана толтырылады.
Здесь и далее: заполняется только в январе отчетного года.
Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз
При необходимости продолжить на дополнительных листах
Атауы Мекенжайы
Наименование ____________________ Адрес _____________________________
____________________ _____________________________
Телефон _________________________
Электрондық пошта мекенжайы
Адрес электронной почты _________
Орындаушы
Исполнитель _____________________ _____________________________
аты-жөні телефон
фамилия
Басшы
Руководитель ____________________ _____________________________
тегі, аты және әкесінің аты қолы
фамилия, имя и отчество подпись
Бас бухгалтер
Главный бухгалтер _______________ _____________________________
тегі, аты және әкесінің аты қолы
фамилия, имя и отчество подпись
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
Место для печати (при наличии)
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2013 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 322 бұйрығына _ қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2013 жылғы «__» ___ ________
№ __ бұйрығына 26-қосымша
«Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен
конструкциялардың бағасы туралы есеп» (коды 1001101,
индексі 3-КҚБ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік
статистикалық байқауының статистикалық нысанын
толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп» (коды 1001101, индексі 3-КҚБ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп» (коды 1001101, индексі 3-КҚБ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) өкіл-тауар – тауарлардың (өнімнің) сапасы мен негізгі тұтынушылық қасиетіне әсер етпейтін және тұтынушылық белгісі бойынша біркелкі, бір-бірінен болмашы өзгешелігімен ерекшелінетін тауар тобындағы тауардың белгілі бір түрлерінің жиынтығы;
2) тіркеу бағасы – тауардың өнімнің немесе қызметтің нақты түріне, сапасына, сату шарттары және оған анық белгіленген уақыт кезеңіне төленген ақша бірлігінің саны.
3. 1-бөлімде тіркелген жеріне қарамастан құрылыс қызметін нақты іске асыру орны көрсетіледі (облыс, қала, аудан).
2-бөлімде бағаларды байқау құрылыс өндірісінде пайдаланудың жалпы көлемінде басым, есепті жыл ішінде өзгермеген технологиялық сипаттамасы бар және бір жеткізушіден сатып алынған құрылыс материалдарының нақты түрлері бойынша жүргізіледі.
Нақты құрылыстық өкіл-материалдарын нақты сатып алу бағасы тіркеледі. Ол оны сатып алу бойынша барлық шығындарды (өндірістік-кәсіпорындардың бағасын, тасымалдау шығындарын, жабдықтау-өткізу шығындарын және т.б.) сонымен қатар қосылған құн салығын қамтиды.
Есепті айда шағыл, мұнай жол битумдары, портландцемент, болаттан жасалған илек, болаттан жасалған өзектер мен шыбықтар бағасының жоғарылауы кезінде респондент алғашқы статистикалық деректердің дәйектілігін растау үшін статистикалық нысанмен статистика органдарына бір мезетте қосымша ақпаратты: төлем талаптары, тіркеме қағаздар, шот-фактуралар, оларға материалдардың қымбаттауының мәнін ашатын және басқа да құжаттарды тапсырады.
4. Бағандардағы кодтар ҚР Статистика агенттігінің Интернет-ресурсында орналасқан «Құрылыс өндірісінде қолданылатын материалдар, бөлшектер және конструкциялар түрлерінің анықтамалығына» (бұдан әрі -Анықтамалық) сәйкес өкіл-тауардың атауы, коды, өлшем бірлігі көрсетіледі.
Егер сатып алынған материал Анықтамалықта көрсетілген материалдардың ешқайсысына сәйкес келмесе, ол «Өзге» жолында көрсетіледі. Бұл жолда нақты сипаттамасы бар, есепті жылы өзгермейтін, нақты сипаттамасы бар жүйелі сатып алынатын бір материал байқалады.
5. Осы статистикалық нысанды тапсыру қағаз тасығышта және электронды форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Интернет-ресурсының (www.stat.gov.kz) «On-line есептер» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы іске асырылады.
6. Арифметикалық-логикалық бақылау:
егер 1 баған толтырылса, онда А, Б, В бағандары толтырылады.
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2013 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 322 бұйрығына _ қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2013 жылғы «__» ___ ________
№ __ бұйрығына 20-қосымша
«Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдерінің және
өндірістік сипаттағы қызметтердің бағасы туралы есебі»
(коды 1031101, индексі 1-КБ, кезеңділігі айлық)
жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық
нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдерінің және өндірістік сипаттағы қызметтердің бағасы туралы есебі» (коды 1031101, индексі 1-КБ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдерінің және өндірістік сипаттағы қызметтердің бағасы туралы есебі» (коды 1031101, индексі 1-КБ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) өндіруші бағасы – қосылған құн салығы және акциздерді, сауда және өткізудің үстеме бағасы және өнімнің өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысына байланысты көлік және басқа да шығыстардың есебінсіз, «кәсіпорын қақпасынан» шыққан сәттегі өткізілетін өнім бірлігінің бағасы;
2) өткізу арнасы – байқау үшін іріктеп алынған, өнім (өкіл-тауардың) түрінің өндірілген елеулі көлемін сол арқылы тұрақты өткізуді жүзеге асыратын өнім өткізу бағыты;
3) өкіл-тауар (қызмет) – тұтынушылық белгісі бойынша біркелкі және тауардың (қызметтің) сапасы мен негізгі тұтынушылық қасиетіне әсер етпейтін өзара болар-болмас өзгешелігімен (бөлшектермен) ерекшеленетін тауар тобындағы белгілі тауар түрлерінің жиынтығы;
4) тауар (қызмет) сипаттамасы – бағаны тіркеуге таңдап алынған жеке тауарды (қызметті) сәйкестендіруге арналған ажыратушы қасиеттері, ерекшеліктері.
3. 1-бөлімде өнеркәсіп өнімдерін өндірудің нақты (кәсіпорынның тіркелген жеріне қарамастан) аумағы (облыс, қала, аудан, елді мекен) көрсетіледі.
4. 2-бөлімде бағаны тіркеу үшін тұтынушылардың негізгі типтері және біркелкі сатылым жағдайындағы, жыл ішінде өзгермеген сипаттамадағы нақты өнімдер мен қызмет түрлері іріктелініп алынады.
А, Б, В бағандарында баға байқауы үшін таңдап алынған және Өнеркәсіптік өнімдердің статистикалық жіктеуішінің негізінде әзірленген өнім мен қызмет түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі - Өнеркәсіп өнімдерінің тізбесі) сәйкес атауы, өлшем бірлігі және өнім (қызмет) коды) көрсетіледі.
Г бағанында іріктеліп алынған өнім түрлері бойынша олардың ерекшеліктері (маркасы, сорты, құрамы, өлшенген орамасы, «Эко» түрі және басқалары), қызмет түрлері бойынша – қызметтің нақты түрі көрсетіледі. Экологиялық таза технология мен құрылғылардың көмегімен өндірілген және алынған, экологиялық таза өнім сәйкестігіне растаудан өткен өнім түрлерін «Эко» деп көрсету қажет.
5. Іріктеліп алынған өнімнің бір түріне баға оны өткізу арналары бойынша көрсетіледі. 1, 2-бағандарда өнімнің ел ішіне жеткізілген бағасы, 3 және 4-бағандарында – экспортқа өткізілген бағаны, 5 бағанда ел кодын көрсету арқылы толтырылады.
«Есепті ай» 1 және 3-бағандары бойынша өткен айдың 17 мен есепті айдың 15 аралығында өткізілген өндірілген өнімге баға тіркеледі.
«Өткен ай» 2, 4-бағандары міндетті түрде есепті жылдың тек қаңтар айында ғана толтырылады.
Есепті айда шағыл, мұнай жол битумдары, портландцемент, болаттан жасалған илек, болаттан жасалған өзектер мен шыбықтар бағасының жоғарылауы кезінде респондент алғашқы статистикалық деректердің дәйектілігін растау үшін статистикалық нысанмен статистика органдарына бір мезетте қосымша ақпаратты: келісімшарттар, төлем талаптары, тіркеме қағаздар, шот-фактуралар және басқа да құжаттарды тапсырады.
5 бағанда ел коды «Елдердің атауы және олардың аумақтық бірліктерін белгілеуге арналған кодтар жіктеуішіне» (бұдан әрі – Елдер жіктеуіші) сәйкес көрсетіледі. Егер өнім бірнеше елге экспортталатын жағдайда әр экспорт елі бойынша баға жеке жолда көрсетіледі.
6. Өнеркәсіп өнімдерінің тізбесі мен Елдер жіктеуіші респонденттерге статистика органдарымен беріледі.
7. Кәсіпорындармен бір жолғы тапсырыс, айырбас бойынша дайындалған өнім түрлеріне баға тіркеуге жатпайды.
8. Осы статистикалық нысанды тапсыру қағаз тасығышта және электронды форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Интернет-ресурсының (www.stat.gov.kz) «On-line есептер» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы іске асырылады.
9. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) есепті жылдың қаңтар айының есебінде «өткен ай» 2, 4-бағандарын толтырылу міндетті болып табылады.