"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 08-1-1-1/656 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 қаңтарда № 9098 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-1-4/633 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 12.11.2024 № 11-1-4/633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттары (бұдан әрі - Шарттар) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде штаттық дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметке тағайындаусыз, еңбек шарттары негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдардың еңбек шарттары мәселелеріне қатысты құқықтық қатынастарды реттейді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Штаттан тыс жұмыскерлер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) әкімшілік, техникалық және шаруашылық функцияларын орындау үшін қызметке қабылданады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Штаттан тыс жұмыскерлердің жалақысы шетелдік валютада:

      мерзімді (нақты жұмысты атқарған уақыты үшін);

      кесімді (белгілі бір жұмыс көлемін орындағаны үшін) төленеді.

      Штаттан тыс жұмыскердің шекті жалақысы Қазақстан Республикасының шет елдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі айлықақысының 30 пайызы көлемінде белгіленеді.

      Штаттан тыс жұмыскерлердің шет елде жұмыс істеген уақытына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жалақы төленбейді.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      9-1. Штаттан тыс қызметкерлер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі басшысы бұйрығының негізінде қысқа мерзімді іс сапарға жіберіледі.

      Іссапар шығыстарын өтеу "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісі болып табылатын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарының персоналы үшін белгіленген көлемде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта – қаржы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасы


Сыртқы істер министрі

Е. Ыдырысов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      "30" желтоқсан 2013 жыл

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2006 года № 08-2/83 "Об утверждении Условий труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы"

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 декабря 2013 года № 08-1-1-1/656. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 января 2014 года № 9098. Утратил силу приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 12.11.2024 № 11-1-4/633.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 12.11.2024 № 11-1-4/633 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2006 года № 08-2/83 "Об утверждении Условий труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4194) следующие изменения и дополнение:

      в Условиях труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие условия труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы (далее – Условия) разработаны на основании трудового законодательства Республики Казахстан и регулируют правоотношения, касающиеся вопросов условий труда лиц, осуществляющих трудовую деятельность в загранучреждениях Республики Казахстан на основании трудовых договоров без назначения на штатные дипломатические и административно-технические должности.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Внештатные работники (граждане Республики Казахстан, иностранцы и лица без гражданства) принимаются на работу для выполнения административных, технических и хозяйственных функций.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Оплата труда внештатных работников в иностранной валюте производится:

      повременно (за фактически отработанное время);

      сдельно (за выполнение определенного объема работы).

      Предельная заработная плата внештатного работника устанавливается в размере 30 процентов от оклада Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в стране пребывания.

      Заработная плата в национальной валюте Республики Казахстан внештатным работникам за время работы за границей не выплачивается.";

      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:

      "9-1. Внештатные работники направляются в краткосрочные командировки на основании приказа главы загранучреждения Республики Казахстан.

      Возмещение командировочных расходов осуществляется в размере, установленном для персонала органов дипломатической службы Республики Казахстан, являющегося административными государственными служащими корпуса "Б".".

      2. Валютно-финансовому департаменту Министерства иностранных дел Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование в средствах массовой информации в установленном законодательством порядке.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации и подлежит обязательному опубликованию.

Министр


иностранных дел


Республики Казахстан

Е. Идрисов

"СОГЛАСОВАНО"


Министр труда и социальной


защиты населения


Республики Казахстан


_______________ Т. Дуйсенова


30 декабря 2013 года