"Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 03 ақпанда № 9122 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 27.04.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жыл 23 сәуірде № 8434 тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымдағы № 198-199 (27472-27473) "Казакстанская правда" газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларында:

      2-тармақ:

      мына мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі.";

      3-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "3. Кепілдік мөлшері Кепілдік туралы өтінім берілген күнге дейінгі академиялық мерзімдегі (семестр) білім алушының үлгеріміне байланысты. Егер бұрынғы академиялық мерзімдегі (семестр) үлгерім туралы ақпарат болмаған жағдайда қабылдау емтихандарының қорытындысы не ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) нәтижелері пайдаланады. Егер білім алушының бұрынғы академиялық мерзім (семестр) үшін немесе бірнеше бұрынғы академиялық мерзімдер (семестр) үшін оқу ақысы бойынша қарыздары бар болса, оның үлгерімі кепілдік алуға өтініш түскен күнге соңғы академиялық мерзімнің (семестр) қорытындылары бойынша есептеледі.";

      6 және 7-тармақтар мына редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) магистратураға оқуға түсушілердің үлгерімі қабылдау емтихандары қорытындыларының пайыздық мазмұндағы орташа арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі. Қабылдау емтихандары әртүрлі білімді бағалау жүйелері (әріптік жүйе, пайыздық мазмұнда, дәстүрлі жүйе, балдардың цифрлік баламасы) бойынша бағаланған жағдайда үлгерім әр емтихан бойынша пайыздық мазмұнда бөлек есептеліп, алынған қорытындылардың орташа арифметикалық мәні анықталады.

      7. Жоғары білімі бар азаматтар қысқа мерзімді оқу түрлеріне түсетін жағдайда үлгерім жоғары білім туралы дипломға қосымшадағы қорытынды бағалардың арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі.";

      10-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "10. Кепілік мөлшері білім беру кредиттеріне кепілдік берудің тиісті бағдарламаларына байланысты осы Қағидаларға "Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау" 2-қосымшаға сәйкес 1-8 кестелері негізінде анықталады.";

      11-тармақ:

      4) тармақ алынып тасталсын;

      мына мазмұндағы 7), 8) тармақтармен толықтырылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерін Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жүз пайыздық кепілдікпен;

      8) Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда білім беру қызметтерін көп балалы, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардағы, жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған, мүгедек не ата-анасы мүгедек немесе зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттар үшін жеңілдікті шарттармен жүз пайыздық кепілдікпен.";

      12-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламалары бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға әр қайсысы бір академиялық кезең (семестр немесе жыл) үшін оқудың құнынан аспайтын бөлек транштармен беріледі, білім беру кредиті қолма-қол ақшасыз тәртіппен оқу орынның есепшотына аударылады. Осы қағидалардың 11-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға ЖОО-да оқудың барлық кезеңіне беріледі.";

      16-тармақ алынып тасталсын;

      мына мазмұндағы 19, 20-тармақтармен толықтырылсын:

      "19. Осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға "Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау" 2-қосымшаға сәйкес 7-кестенің негізінде негізгі қарыз сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды.

      Бұл бағдарлама Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде шарт жасасқан және жинақтаған сомасы оқудың ақысын толық төлеуге қажетті соманың кемінде елу пайызын құрайтын қарыз алушыларға қатысты қолданылады.

      20. Осы Қағидалардың 11-тармағының 8) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға "Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау" 2-қосымшаға сәйкес 8-кестенің негізінде білім беру кредитін нақты пайдалану мерзімі ішінде аударылған кредиттік желі мен сыйақының сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды.

      Жеңілдікті білім беру кредиттері Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде ақылы негізде оқитын және жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеріп жүрген, оның ішінде базалық медициналық білім, сондай-ақ магистратура бағдарламалары бойынша оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынылады;

      "Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын" 2-қосымшада:

      4-кесте алынып тасталсын;

      мынандай мазмұндағы 7,8 - кестелерімен толықтырылсын:

      "7-кесте. Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параметрлері

100%

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына түсетіндер үшін

ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім

30 балдан кем емес

2 пән – қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (негізгі орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін)

20 балдан кем емес

білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша түсушілер үшін 2 пән – қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін),

25 балдан кем емес

3 пән – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін)

30 балдан кем емес

білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша талапкерлер үшін 3 пән – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін)

35 балдан кем емес

жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін

ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім

50 балдан кем емес

Қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша үлгерім

50 балдан кем емес

Ағымдағы үлгерім

Емтихан сессиясы (бес балдық жүйе)

3,5 балдан кем емес

GPA қорытындысы бойынша

1,33 балдан кем емес

пайыздық мазмұнда

55 балдан кем емес


      8-кесте. Жеңілдікті шарттарда көп балалы, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған, мүгедек не ата-анасы мүгедек болып табылатын немесе зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттарға Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда білім беру қызметінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:

Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параметрлері

100%

ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім

65 балдан кем емес

Емтихан сессиясының қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерім (бес балдық жүйе)

Барлық оқу кезеңі үшін "жақсы" "өте жақсы" бағаларына сәйкес балама бағалар

GPA

Пайыздық мазмұндағы үлгерім


      ".

      2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Нұрғожаева Т.А.):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің директорына (Нұрғожаева Т.А.) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін


атқарушы

Т. Балықбаев


О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 марта 2013 года № 97 "Об утверждении Правил определения размера гарантии по образовательным кредитам, предоставляемым обучающимся финансовыми организациями"

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 декабря 2013 года № 517. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 февраля 2014 года № 9122. Утратил силу приказом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 27 апреля 2023 года № 189.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра науки и высшего образования РК от 27.04.2023 № 189 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 марта 2013 года № 97 "Об утверждении Правил определения размера гарантии по образовательным кредитам, предоставляемым обучающимся финансовыми организациями" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 23 апреля 2013 года № 8434, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 12 июня 2013 года № 198-199 (27472-27473)) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах определения размера гарантии по образовательным кредитам, предоставляемым обучающимся финансовыми организациями, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) государственная образовательная накопительная система - система денежных накоплений для оплаты образовательных услуг, регулируемая законодательством Республики Казахстан и основанная на привлечении банками-участниками вкладов населения и начислении на них вознаграждений и премий государства.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Размер гарантии зависит от успеваемости обучающегося за последний академический период (семестр) на день получения заявки на выдачу гарантии. В случае отсутствия информации об успеваемости за последний академический период (семестр) используются результаты вступительных экзаменов, либо результаты единого национального тестирования (далее - ЕНТ), либо комплексного тестирования (далее - КТ). В случае наличия задолженности обучающегося по оплате обучения за академический период (семестр) либо несколько академических периодов (семестр) успеваемость высчитывается по итогам последнего академического периода (семестр) на день получения заявки на выдачу гарантии.";

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Успеваемость поступающих на обучение в магистратуру в высшие учебные заведения (далее – ВУЗ) Республики Казахстан рассчитывается путем вычисления среднеарифметического значения результатов вступительных экзаменов в процентном содержании. В случае, если вступительные экзамены оценены разными системами оценки знаний (буквенная система, процентное содержание, пятибальная система, цифровой эквивалент баллов), то успеваемость рассчитывается отдельно по каждому экзамену в процентном содержании, и определяется среднеарифметическое значение полученных результатов.

      7. При поступлении граждан, имеющих высшее образование, на обучение с сокращенными сроками, успеваемость рассчитывается путем вычисления среднеарифметического значения итоговых оценок приложения к диплому о высшем образовании.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Размер гарантии определяется, исходя из таблиц 1 – 8, согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам, в зависимости от соответствующих программ гарантирования образовательных кредитов.";

      в пункте 11:

      подпункт 4) исключить;

      дополнить подпунктами 7), 8) следующего содержания:

      "7) образовательных услуг в организациях технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского (магистратуры) образования Республики Казахстан, под сто процентную гарантию в рамках Государственной образовательной накопительной системы;

      8) образовательных услуг в ВУЗ-ах, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан, на льготных условиях для студентов и магистрантов из числа многодетных, неполных и малоимущих семей, сирот и оставшихся без попечения родителей, инвалидов либо родители которых являются инвалидами или достигли пенсионного возраста, под сто процентную гарантию.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. По программам гарантирования образовательных кредитов, указанным в подпунктах 1) - 7) пункта 11 настоящих Правил, образовательный кредит предоставляется заемщику отдельными траншами, каждый не более чем стоимость обучения за один академический период (семестр или год), образовательный кредит переводится в безналичном порядке на расчетный счет учебного заведения. По программе гарантирования образовательных кредитов, указанной в подпункте 8) пункта 11 настоящих Правил, образовательный кредит предоставляется заемщику на весь период обучения в ВУЗ-е.";

      пункт 16 исключить;

      дополнить пунктами 19, 20 следующего содержания:

      "19. В случае, предусмотренном в подпункте 7) пункта 11 настоящих Правил, размер гарантии составляет 100 % (сто процентов) от суммы основного долга, исходя из таблицы 7 согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам.

      Данная программа распространяется на заемщиков, заключивших договор вклада в рамках Государственной образовательной накопительной системы, при накоплении суммы не менее пятидесяти процентов от суммы, необходимой для оплаты обучения в полном объеме.

      20. В случае, предусмотренном в подпункте 8) пункта 11 настоящих Правил, размер гарантии составляет 100 % (сто процентов) от суммы кредитной линии и вознаграждения, начисленного в течение срока фактического использования образовательного кредита, исходя из таблицы 8 согласно приложению 2 "Определение размера гарантии, рассчитываемой от суммы основного долга" к настоящим Правилам.

      Льготные образовательные кредиты предоставляются гражданам Республики Казахстан, обучающимся на платной основе по очной форме обучения в организациях образования Республики Казахстан и осваивающим профессиональную учебную программу высшего образования, в том числе базового медицинского образования, а также по программам магистратуры.";

      в приложении 2 к Правилам определения размера гарантии по образовательным кредитам, предоставляемым обучающимся финансовыми организациями:

      таблицу 4 исключить;

      дополнить таблицами 7, 8 следующего содержания:

      "Таблица 7. По программе гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями для оплаты образовательных услуг в организациях технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского (магистратуры) образования Республики Казахстан в рамках Государственной образовательной накопительной системы:

Параметры для определения размера процента гарантирования

100%

для поступающих в организации технического и профессионального, послесреднего образования

Успеваемость по результатам ЕНТ (казахский или русский язык (язык обучения), история Казахстана, математика и предмет по выбору)/ КТ

не менее 30 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 2 предметам - казахский или русский язык и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе основного среднего образования)

не менее 20 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 2 предметам - казахский или русский язык и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе основного среднего образования), поступающим по специальностям образования, права, экономики, медицины и фармацевтики

не менее 25 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 3 предметам - казахский язык или русский язык, история Казахстана и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе общего среднего образования)

не менее 30 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов по 3 предметам - казахский или русский язык, история Казахстана и предмет по профилю специальности (для поступающих на базе общего среднего образования), поступающим по специальностям образования, права, экономики, медицины и фармацевтики

не менее 35 баллов

для поступающих в организации высшего и послевузовского (магистратуры) образования

Успеваемость по результатам ЕНТ (казахский или русский язык (язык обучения), история Казахстана, математика и предмет по выбору)/ КТ

не менее 50 баллов

Успеваемость по результатам вступительных экзаменов

не менее 50 баллов

Текущая успеваемость

по результатам экзаменационной сессии (пятибалльная система)

не менее 3,5 баллов

по результатам GPA

не менее 1,33 баллов

в процентном содержании

не менее 55 баллов


      Таблица 8. По программе гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями для оплаты образовательных услуг в ВУЗ-ах, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан, на льготных условиях для студентов и магистрантов из числа многодетных, неполных и малоимущих семей, сирот и оставшихся без попечения родителей, инвалидов либо родители которых являются инвалидами или достигли пенсионного возраста:

Параметры для определения размера процента гарантирования

100%

Успеваемость по результатам ЕНТ (казахский или русский язык (язык обучения), история Казахстана, математика и предмет по выбору) / КТ

не ниже 65 баллов

Текущая успеваемость по результатам экзаменационной сессии (пятибалльная система)

Оценки, соответствующие эквиваленту оценки "хорошо" "отлично" за весь период обучения.

GPA

Успеваемость в процентном содержании


      ".

      2. Департаменту финансов и инвестиционных проектов (Нургожаева Т.А.):

      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на директора Департамента финансов и инвестиционных проектов (Нургожаева Т.А.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. министр

Т. Балыкбаев