Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы аудандарының және облыстық маңызы бар қалаларының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 455 қаулысы негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданы Бөгенбай ауылдық округінің жалпы көлемі 10711 гектар жерлерін, оның ішінде Бөгенбай ауылының 5363 гектар жерлері, Байқоныс ауылының 5348 гектар жерлері, сонымен қатар Бөгенбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларындағы Ақкөл ауданының басқа санаттағы жалпы көлемі 112289 гектар жерлерін Степногорск қаласының шекарасына беру арқылы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекаралары қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 18.06.2020 № А-6/316 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 18.06.2020 № 6С-45-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Степногорск қаласы және Ақкөл ауданы жерді-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының | |
әкімі | Қ.Айтмұхаметов |
Ақмола облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | В.Миронов |
Ақмола облыстық | |
мәслихатының хатшысы | Н.Дьячек |
Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № А-4/194 қаулысына қосымша Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 8 мамырдағы № 5С-13-2 шешіміне қосымша |
Степногорск қаласының шекарасына енгізілетін Ақкөл ауданы жерлерінің экспликациясы
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 18.06.2020 № А-6/316 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 18.06.2020 № 6С-45-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Өңірдің атауы | Барлық жерлер, гектар | Оның ішінде | ||||||
Ауыл шаруашылық алқаптары | Су астында | Жол астында | Құрылыс астында | Орман қоры жерлері | ||||
Егістік | Шабындық | Жайылым | ||||||
Бөгенбай ауылдық округі, соның ішінде: | 123000 | 17190 | 51 | 87332 | 3887 | 213 | 542 | 13785 |
Бөгенбай ауылы | 5363 | 23 | - | 4843 | 16 | 197 | 284 | - |
Байқоныс ауылы | 5348 | 17 | - | 5054 | 3 | 16 | 258 | - |
Басқа санаттағы жерлер | 112289 | 17150 | 51 | 77435 | 3868 | - | - | 13785 |