Ақмола облысы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекараларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № А-4/194 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 8 мамырдағы № 5С-13-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 мамырда № 3754 болып тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы аудандарының және облыстық маңызы бар қалаларының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 455 қаулысы негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақкөл ауданы Бөгенбай ауылдық округінің жалпы көлемі 10711 гектар жерлерін, оның ішінде Бөгенбай ауылының 5363 гектар жерлері, Байқоныс ауылының 5348 гектар жерлері, сонымен қатар Бөгенбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларындағы Ақкөл ауданының басқа санаттағы жалпы көлемі 112289 гектар жерлерін Степногорск қаласының шекарасына беру арқылы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекаралары қосымшаға сәйкес өзгертілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 18.06.2020 № А-6/316 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 18.06.2020 № 6С-45-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Степногорск қаласы және Ақкөл ауданы жерді-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.

      3. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақмола облысының


әкімі

Қ.Айтмұхаметов

Ақмола облыстық мәслихаты


сессиясының төрағасы

В.Миронов

Ақмола облыстық


мәслихатының хатшысы

Н.Дьячек


  Ақмола облысы әкімдігінің
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ А-4/194 қаулысына
қосымша
Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 5С-13-2 шешіміне
қосымша

Степногорск қаласының шекарасына енгізілетін Ақкөл ауданы жерлерінің экспликациясы

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 18.06.2020 № А-6/316 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 18.06.2020 № 6С-45-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Өңірдің атауы

Барлық жерлер, гектар

Оның ішінде

Ауыл шаруашылық алқаптары

Су астында

Жол астында

Құрылыс астында

Орман қоры жерлері

Егістік

Шабындық

Жайылым

Бөгенбай ауылдық округі, соның ішінде:

123000

17190

51

87332

3887

213

542

13785

Бөгенбай ауылы

5363

23

-

4843

16

197

284

-

Байқоныс ауылы

5348

17

-

5054

3

16

258

-

Басқа санаттағы жерлер

112289

17150

51

77435

3868

-

-

13785


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады