Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 31.01.2014 А-1/207 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 01.11.2013 № А-11/2064 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. 2013 жылы Көкшетау қаласындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсетіліп олардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) елу жастан асқан тұлғалар;
3) орта арнаулы (техникалық) және бастапқы кәсіби білім ұйымдардың бітірушілері;
4) ұзақ уақыт бойы (6 айдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар.
2. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды қосымша әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша шаралармен уақытылы қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Батырханов