Көкшетау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № А-1/19 "2013 жылы Көкшетау қаласындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсетуге олардың қосымша тізімін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № А-11/2064 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қарашада № 3892 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы А-1/207 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 31.01.2014 А-1/207 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № А-1/19 «2013 жылы Көкшетау қаласындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсетуге олардың қосымша тізімін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3636 болып тіркелген, 2013 жылдың 31 қаңтарында «Степной маяк» газетінде және 2013 жылдың 31 қаңтарында «Көкшетау» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ж.Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады