Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 05.11.2014 № 03-45ш/2838 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 жылға арналған, Степногорск қаласының аумағында тұратын, нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № А-1/68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3660 болып тіркелген, «Степногорск ақшамы», «Вечерний Степногорск» газеттерінде 2013 жылғы 28 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.В.Тарасоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев