Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № А-1/68 "2013 жылға арналған, Степногорск қаласының аумағында тұратын, нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/346 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 қазанда № 3817 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 03-45ш/2838 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 05.11.2014 № 03-45ш/2838 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 жылға арналған, Степногорск қаласының аумағында тұратын, нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № А-1/68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3660 болып тіркелген, «Степногорск ақшамы», «Вечерний Степногорск» газеттерінде 2013 жылғы 28 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.В.Тарасоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі                М.Тақамбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады