Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 05.11.2014 № 03-45ш/2838 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 06.09.2013 № А-9/346 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. 2013 жылға арналған, Степногорск қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін елу жастан үлкен жастағы ер адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін қырық бестен үлкен жастағы әйел адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
3) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер (үш айдан артық);
4) жиырма бір жастан бастап жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
5) орта және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
6) бұрын жұмыс істемегендер (жұмыс өтілі жоқтар);
7) емдеу курсынан өткен туберкулезбен ауыратын науқастар;
8) мүгедектік есебінен шығарылғандар;
9) медико-әлеуметтік сауықтырудан өткен нашақор науқастар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә.Сәдуақасоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев