РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданы әкімдігінің "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 наурызда "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе бөлімі жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2)-тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н.Т.Әбдірахмановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауданы әкімі | Т.Едігенов |