Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/49 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № А-9/407 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қазанда № 3861 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № А-4/104 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 04.04.2016 № А-4/104 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл ауданы әкімдігінің "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 наурызда "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе бөлімі жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2)-тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н.Т.Әбдірахмановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақкөл ауданы әкімі Т.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады