Ақкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштерін жойғандығын тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № А-4/104 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 тіркелген, 2013 жылғы 1 наурызда аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған);
      "Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/49 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № А-9/407 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3861 тіркелген, 2013 жылғы 22 қарашада аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады