Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 09.02.2015 № 5С 31/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-188 тіркелген, «Атбасар» және «Простор» газеттерінде 2012 жылғы 27 шілдеде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда баяндалсын:
«Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы»;
шешімнің 1 тармағы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін»;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің мемлекеттік тілдегі:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы»;
бірінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленген және Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Муратов Р.Р.
Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі Сағдиев Е.Б.