Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 13.02.2015 № 5С-40-7 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5С-4-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-174 тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымда аудандық № 21 «Маяк» газетінде жарияланған) шешімінің;
Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5С-4-3 «Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 қарашадағы № 5С-10-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3549 тіркелген, 2013 жылғы 15 қаңтарда аудандық № 2 «Маяк» газетінде жарияланған) шешімінің күштері жойылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының
сессия төрағасы Н.Сейілов
Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы В.Собеский
КЕЛІСІЛДІ
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов
Астрахан аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 5С-14-7 шешімімен
бекітілді
Астрахан ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ
Осы Астрахан ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне», 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулыларына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 353-ө «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.
Ескерту. Қағиданың кіріспесі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5С-36/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы қағидалар
1. Тұрғын үй көмегі Астрахан ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен төлеуге ұсынылады:
1) жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) аз қамтамасыз етілген отбасыларының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығындары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығындардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығындарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жергілікті жерде тұрақты тұратын адамдарға бюджеттік қаражат есебінен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін анықтайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер ақысын төлеу үшін, құнын төлеуге жеткізушілер ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі .
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 08.07.2014 № 5C-32-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Астрахан ауданы бойынша телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің 10 (он) % мөлшерінде белгіленсін.
3. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері және олардың өзгеру тарифтерін, уәкілетті органның сұранысы бойынша қызмет көрсетушілер ұсынады.
4. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушылар үшін есеп айырысуға қабылданатын шығындары, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ белгіленген тарифтер мен коммуналдық қызметтер тұтыну нормативтерінен аспайтын нақты шығындармен анықталады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
5. Жергілікті жылу берілетін меншікті үйлерде тұратын отбасыларына қатты отынды тұтынудың өтемақылық нормасы, өтініш берген тоқсанның от жағу кезеңіне 5 (бес) тонна белгіленсін. Қатты отын сатып алғандығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, көмірдің құны статистикалық деректер бойынша, өткен тоқсанда қалыптасқан орташа бағамен алынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 08.07.2014 № 5C-32-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
6. Келесі өтемақылық нормалар белгіленсін:
1) газ тұтынуға – отбасының әрбір мүшесіне айына 4 килограмм;
2) электр энергиясын тұтынуға - отбасының әрбір мүшесіне ай сайын 50 (елу) киловатт;
3) тұрғын үйдің пайдалы алаңын жылытуға төлемақы:
- бір адамға – 18 (он сегіз) шаршы метр;
- жалғыз тұратындарға – 30 (отыз) шаршы метр.
4) суды тұтынуға - отбасының әрбір мүшесіне 1,5 (бір жарым) текше метр.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 08.07.2014 № 5C-32-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
7. Белгіленген нормадан артық тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарын төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау өтініш берілген күніне байланыссыз, ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, сонымен қатар өткен тоқсандағы отбасының кірісі мен коммуналдық қызметтер шығыны есептеледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 08.07.2014 № 5C-32-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
9. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметіне, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін және отбасының кірісі өзгерген жағдайда, уәкілетті орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептейді.
10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) «Халыққа қызмет көрсету орталығына» немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына хабарласады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9 тармағының 2 бөлімімен анықталған құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5C-36-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
11. алынып тасталды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5C-36-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
12. алынып тасталды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5C-36-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
13. алынып тасталды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5C-36-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. алынып тасталды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 08.07.2014 № 5C-32-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15. Қажет болған жағдайда, тұрғын үй көмегін көрсетуге шешім қабылдау үшін, сәйкес уәкілетті органдардан мәлімет сұрастырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5C-36-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
16. Уәкілетті органға, тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз тағайындауға әкеліп соқтырған көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған жағдайда, тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушысы) заңсыз алынған соманы өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
17. алынып тасталды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5C-36-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
18. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешімді келесі жағдайларда қабылдайды, егер:
1) телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтерін тұтынуға шығатын шығындар отбасы бюджетінің тұтыну нормасы шегінде, оның жиынтық кірісінің осы мақсаттарға белгіленген он пайыздық үлесінен артық болмаса.
2) өтініш берушілер жалған мәліметтер берсе.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу
19. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын, уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығының негізінде және талаптарына сәйкес есептейді.
19-1. Он сегіз жасқа дейінгі ата-анасынан бөлек тұратын балалары ата-анасының отбасында есепке алынады. Егер ата-анасы ата-ана құқығынан айырылса, балалар қамқоршылардың (асыраушылар) отбасында деп есептеледі.
Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5C-36-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
20. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе пошта байланысы бөлімшелері арқылы, тағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасын қызмет алушылардың жергілікті жердегі жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
21. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 21-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5C-36-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.