Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 13.02.2015 № 5С-40-8 (қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 тіркелген, 2013 жылғы 24 мамырда аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Тұрғын үй көмегі Астрахан ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен төлеуге ұсынылады:
1) жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) аз қамтамасыз етілген отбасыларының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығындары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығындардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығындарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жергілікті жерде тұрақты тұратын адамдарға бюджеттік қаражат есебінен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін анықтайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер ақысын төлеу үшін, құнын төлеуге жеткізушілер ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі».
5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Жергілікті жылу берілетін меншікті үйлерде тұратын отбасыларына қатты отынды тұтынудың өтемақылық нормасы, өтініш берген тоқсанның от жағу кезеңіне 5 (бес) тонна белгіленсін. Қатты отын сатып алғандығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, көмірдің құны статистикалық деректер бойынша, өткен тоқсанда қалыптасқан орташа бағамен алынады».
6-тармақтың 1)-тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1) газ тұтынуға – отбасының әрбір мүшесіне айына 4 килограмм»;
8-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«8. Тұрғын үй көмегін тағайындау өтініш берілген күніне байланыссыз, ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, сонымен қатар өткен тоқсандағы отбасының кірісі мен коммуналдық қызметтер шығыны есептеледі.»;
10-тармақтың 3)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3) өтініш иесінің тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабының немесе мекенжайлық анықтамасының немесе селолық және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасының көшірмесін»;
14-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының
сессия төрағасы В.Мальков
Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы В.Собеский
КЕЛІСІЛДІ
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов