Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 22.06.2015 № а-6/264 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2013 жылғы 29 наурыздағы № 211 қорытындысы негiзiнде Есіл ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есіл ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкiмiнiң орынбасары А.А. Қалмұхамбетовқа жүктелсiн.
3. Есіл ауданы әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов
Есіл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ А-4/179 қаулысына
қосымша
Субсидия алушылардың тізіміне енгізуге мәлімдеме берудің мерзімдері және 2013 жылға Есіл ауданы бойынша субсидия берілетін басымдық ауыл шаруашылығы дақылдарының әр түрі бойынша себудің қолайлы мерзімдері
Рет № |
Басымдық ауыл шаруашылығы дақылдарының атаулары |
Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің қолайлы мерзімдері |
Субсидия алушылардың тізіміне енгізуге тапсырыс берудің мерзімдері |
1. |
Орташа кешеуілдеген жаздық бидай |
15 мамырдан 24 мамырға дейін |
25 мамырға дейін |
2. |
Орташа піскен жаздық бидай |
18 мамырдан 26 мамырға дейін |
27 мамырға дейін |
3. |
Орташа ерте піскен жаздық бидай |
23 мамырдан 30 мамырға дейін |
1 маусымға дейін |
4. |
Жазғы арпа |
29 мамырдан 5 маусымға дейін |
6 маусымға дейін |
5. |
Сұлы |
27 мамырдан 30 мамырға дейін |
1 маусымға дейін |
6. |
Қарақұмық |
25 мамырдан 5 маусымға дейін |
6 маусымға дейін |
7. |
Бұршақ |
15 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
8. |
Ноқат |
10 мамырдан 18 мамырға дейін |
19 мамырға дейін |
9. |
Майлы тұқымға арналған күнбағыс |
12 мамырдан 22 мамырға дейін |
23 мамырға дейін |
10. |
Зығыр |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
11. |
Қыша |
12 мамырдан 23 мамырға дейін |
24 мамырға дейін |
12. |
Мақсары |
11 мамырдан 15 мамырға дейін |
16 мамырға дейін |
13. |
Соя |
25 мамырдан 27 мамырға дейін |
28 мамырға дейін |
14. |
Сүрлеу жүгерісі |
20 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
15. |
Судан шөбі |
20 мамырдан 30 мамырға дейін |
1 маусымға дейін |
16. |
Азықтық тары |
25 мамырдан 3 маусымға дейін |
4 маусымға дейін |
17. |
Жасыл азыққа арналған астық қоспасы |
10 мамырдан-15 мамырға дейін |
16 мамырға дейін |
18. |
Көктемгі көпжылдық дәнді және бұршақ шөптерін себу |
10 мамырдан-15 мамырға дейін |
16 мамырға дейін |
19. |
Картоп |
11 мамырдан 20 мамырға дейін |
21 мамырға дейін |
20. |
Көкөністер |
11 маусымнан 15 маусымға дейін |
16 маусымға дейін |