Есіл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № а-6/264 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      «2014 жылға Есіл ауданында арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы» 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № а-12/553 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3964 тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы;
      «Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № а-1/10 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № а-12/484 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4562 тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы;
      «Есіл ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы» 2013 жылғы 19 сәуірдегі № а-4/179 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3724 тіркелген, 2013 жылғы 10 мамырда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы;
      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету төлемдерінің ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 29 тамыздағы № а-8/192 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-11-72 тіркелген, 2007 жылғы 8 қазанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы.
      2. Осы қаулының көшірмесі Ақмола облысының Әділет департаментіне жіберілсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Б. Есжановқа жүктелсін.
      4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады