2013 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 5С-15/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 ақпанда № 3643 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 03-2/73 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 11.03.2014 № 03-2/73 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 2 тармағына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2013 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Д.Меджидов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ұ.Ахметова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың ауданының әкімі                   Т.Хамитов

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2013 год

Решение Жаркаинского районного маслихата Акмолинской области от 15 января 2013 года № 5С-15/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 06 февраля 2013 года № 3643. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Жаркаинского районного маслихата Акмолинской области от 11 марта 2014 года № 03-2/73)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Жаркаинского районного маслихата Акмолинской области от 11.03.2014 № 03-2/73).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты» Жаркаинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить меры социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района, на 2013 год в виде подъемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю и бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        Д.Меджидов

      Секретарь
      районного маслихата                        У.Ахметова

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Жаркаинского района                   Т.Хамитов