Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 11.03.2014 № 03-2/73 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 2 тармағына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2013 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Д.Меджидов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ұ.Ахметова
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі Т.Хамитов