Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 сәуірде № 3705 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 5ВС-35-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 19.02.2015 № 5ВС-35-8 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Беріліп отырған Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Жақсы аудандық мәслихаттың "Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-4-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-13-156 тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымында "Жақсы жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жақсы аудандық мәслихатының
 
сессия төрайымы
Е.Алешина
Жақсы аудандық
 
мәслихатының хатшысы
Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН
 
Жақсы ауданының әкімі
И.Қабдуғалиев

      

  Жақсы аудандық мәслихатының
2013 жылғы 29 наурызда
№ 5С-14-3 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес әзірленді және Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ереже

      1. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен Жақсы ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 11 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 5ВС-27-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Жақсы ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған коммуналдық қызметтер ақысын төлеу.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 5ВС-27-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр болып қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу

      5. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), жеке меншігінде бір бірліктен артық үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын жайды жалға берген (қосымша жалға) отбасылар (азаматтар), сонымен қатар отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу орнының күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген (күтімге мұқтаж тұлғаларға күтім көрсететіндерден басқа) мүшелері бар отбасылардан басқаларға тағайындалады.
      6. Коммуналдық тұрғын үйде тұратындар үшін жылытуға шығын жоспарлы есептеу бойынша алынады, әрі нақты төлеген төлем бойынша қайта есептеледі.
      7. Пешпен жылытылатын жеке үйде тұратындарға тұрғын үй көмегі жылына бір рет көрсетіледі, сонда отын нормасы біржолғы деп алынады. Отын шығыны айына 1 квадраттық метрге 49,75 килограмм көлемінде есептеледі, алайда отбасыға жылына бес тонна көмірден артық емес.
      Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін алдағы тоқсанға тағайындау өткен тоқсандағы Жақсы ауданының статистика басқармасы ұсынған аудан бойынша орта бағасы пайдаланылады.
      8. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты есептелген төлеу сомасынан артық болуы мүмкін емес.
      Тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу тарифі өзгергенде, отбасының кірісі өзгергенде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
      9. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      Қажетті құжаттардың тізбесі 2 бөлімдегі 9 тармақтағы Стандарт бойынша анықталады.
      Ескерту. 9-тармаққа жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 5ВС-27-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      15. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады.
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешімді "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгіленген шығыстарының жол берілетін шекті деңгейінен аспайтын болса шығарады.
      18. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға өтініш білдіреді. "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жолдаушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      19. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банк арқылы, алушының өзі таңдаған екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректерін көрсете отырып берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу

      20. "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Бұйрығы негізінде есептеледі.

Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жаксынском районе

Решение Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 29 марта 2013 года № 5С-14-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 18 апреля 2013 года № 3705. Утратило силу решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 19 февраля 2015 года № 5ВС-35-8

      Сноска. Утратило силу решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 19.02.2015 № 5ВС-35-8 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Жаксынский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жаксынском районе.
      2. Признать утратившим силу решение Жаксынского районного маслихата "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи проживающим в Жаксынском районе" от 24 апреля 2012 года № 5С-4-3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-13-156, опубликовано 1 июня 2012 года в районной газете "Жаксынский вестник").
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Председатель сессии
Жаксынского районного
маслихата
Е.Алешина
      Секретарь Жаксынского
районного
маслихата
Б.Джанадилов

      СОГЛАСОВАНО
      Аким Жаксынского района И.Кабдугалиев

  УТВЕРЖДЕНЫ
решением Жаксынского
районного маслихата
от 29 марта 2013 года
№ 5С-14-3

ПРАВИЛА
предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жаксынском районе

      Настоящие Правила предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жаксынском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185 "Об утверждении стандартов государственной услуги в сфере жилищно-коммунального хозяйства" (далее - Стандарт) определяют размер и порядок назначения жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жаксынском районе.
      Сноска. Преамбула - в редакции решения Жаксынского районного маслихата от 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств районного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Жаксынском районе на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещения (квартирах) или являющихся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление
      коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за
      пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в
      частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, устанавливается в размере 11 процентов к совокупному доходу.
      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Жаксынского районного маслихата от 16.04.2014 № 5ВС-27-3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      2. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющий размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания).
      Сноска. Пункт 2 в редакции решения Жаксынского районного маслихата от 16.04.2014 № 5ВС-27-3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      3. Оплата содержания жилища и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается восемнадцать квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается тридцать квадратных метров.
      4. Уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района".

2. Назначение и выплата жилищной помощи

      5. Жилищная помощь назначается малообеспеченным семьям (гражданам), за исключением семей (граждан), имеющих в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающих жилые помещения в наем (поднаем), а также семей, трудоспособные члены которых не работают, не учатся по дневной форме обучения, не служат в армии и не зарегистрированы в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района" в качестве безработных (кроме осуществляющих уход за лицами, нуждающимися в уходе).
      6. Расходы на отопление для проживающих в коммунальном жилище берутся в плановом начислении с последующим перерасчетом по фактической оплате.
      7. Жилищная помощь проживающим в индивидуальном доме с печным отоплением предоставляется 1 раз в год, при этом норма топлива берется единовременно. Расход топлива на 1 квадратный метр учитывается в размере 49,75 килограммов в месяц, но не более пяти тонн угля на семью в год.
      Для расчета стоимости угля использовать средние цены по району, предоставляемые управлением статистики Жаксынского района по состоянию за квартал, предшествующий кварталу назначения жилищной помощи.
      8. Назначение жилищной помощи производится на текущий квартал с месяца обращения.
      Размер жилищной помощи не может превышать сумму фактически начисленной платы за содержание жилища и потребления коммунальных услуг.
      При изменении тарифов на оплату содержания жилья и коммунальных услуг, изменении доходов семьи, уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи производит перерасчет ранее начисленной жилищной помощи.
      9. Заявление об оказании жилищной помощи подается собственником, нанимателем (поднанимателем) жилья (либо представителем по доверенности) через республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Центр обслуживания населения" Комитета по контролю автоматизации государственных услуг и координации деятельности центров обслуживания населения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан или веб-портал "электронного правительства".
      Перечень необходимых документов определяется пунктом 9 раздела 2 Стандарта.
      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Жаксынского районного маслихата от 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      10. исключен решением Жаксынского районного маслихата от 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      11. исключен решением Жаксынского районного маслихата от 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      12. исключен решением Жаксынского районного маслихата от 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      13. исключен решением Жаксынского районного маслихата от 16.04.2014 № 5ВС-27-3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      14. исключен решением Жаксынского районного маслихата от 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      15. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района" в течение десяти календарных дней со дня принятия документов от заявителя рассматривает и выносит решение о назначении жилищной помощи или об отказе в назначении.
      16. Уведомление о назначении или об отказе в назначении осуществляется посредством личного посещения при обращении в государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района", либо посредством почтового сообщения.
      17. Государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района" выносится решение об отказе в назначении жилищной помощи в случае, если оплата на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем не превышает предельно допустимый уровень расходов семьи на эти цели.
      18. В случае возникновения сомнения в достоверности информации государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района" обращается в органы, уполномоченные производить проверки. При представлении в государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района" заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, собственник (наниматель) возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа - в судебном порядке.
      19. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района" через банки второго уровня по выбору получателя на основании его заявления с указанием реквизитов лицевого счета в выбранном им банке второго уровня или в организации, имеющей лицензию Национального Банка Республики Казахстан на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления денежных средств на личные счета получателей.

3. Исчисление совокупного дохода семьи (гражданина), претендующего на получение жилищной помощи

      20. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи исчисляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района" за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".